Ерте психикалық жас жайлы


Ерте психикалық жас.
Мазмұны.
1. Ерте жастағы психикалық процестердің қалыптасуының негізгі заңдылықтары.
2. Ерте жастағы баланың алғашқы тұлғалық формалары.
3. Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы.
4. Үш жастағы психологиялық дағдарыс.
1. Сәбилік шақтағы балалар алдымен затпен іс-әрекет жасайды да, оның ойын кезіндегі мәнін кейін ұғады. Мұндай жағдайда бала бір заттың орнына қолданған сол заттың баламасымен нақты сол заттың өзіндей-ақ іс-әрекет жасауы тиіс. Әзірге олардың түсінің, формасының, көлемінің материалының ұқсас болуы талап етілмейді.
Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.
Әдетте, баланың өзін үлкендердің есімімен атауы ерте балалық шақта іс-әрекеттен кейін болады. Бала әуелі ойнайды, сосын өзін бір үлкен кісінің есімімен атайды, өйткені жасаған іс-әрекетін соған ұқсатады.
Рольдік ойынның алғышарттары-заттың атын өзгертуі, баланың өз іс-әрекетін үлкендердің іс-әрекетімен теңестіру өзін басқа біреудің есімімен атауы, басқа біреудің іс-әрекетін қайталауы - үлкендердің басшылығымен үйренеді.
2. Көбіне-көп бала айқын шатпақтарды сызуға әуес. Оған қысқа түзу сызықтар (көлденең немесе тік), нүктелер, қисық белгілер, серіппе тәрізді иір сызықтар жатады. Бұл сызықтарды еш нәрсеге ұқсатуға, одан еш нәрсе түсінуге болмайды. Сондықтан да оларды бейнелеуге дейінгі сызықтар деп атайды. Баланың бейнелеуге дейінгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен-бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді:әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық табады, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады.
Өзінің бейнелеу іс-әрекетін қалыптастыру үшін сызық сызудың «техникасын» меңгеру және қабылдау мен елестетуді байыту жеткіліксіз. Графикалық бейнені қалыптастыру қажет, ол үлкендердің үнемі әсер етуі нәтижесінде ғана асуы мүмкін.
3. Ерте сәбилік шақ- сөйлеуге үйренуге қолайлы кезең. Сөз үйренуге интенсивті әзірлік, біздің жоғары байқағанымыздай, нәрестелік кезеңнен-ақ басталады:балада фонематикалық естудің негізі қалыптасады, сөз дыбыстарын қайталау дағдыға айналады, ақырында, алғашқы сөздерді түсіну және айту пайда болады. Мұның өзі олардың үлкендермен қарым-қатынасын кеңейтеді.
Сәбилік шақта сөйлеуді дамыту үшін балалардың заттық іс-әрекеттерді игеруіне байланысты пайда болатын үлкендермен қарым-қатынас формасындағы өзгерістерінің шешуші маңызы бар. Балаларға жетекшілік етудің «сақау» формасы (оларға іс-әрекеттерді көрсету. Олардың қимылдарын басқару. ымдау арқылы олардың іс-әрекетін қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіру) оларға затты ұстап-тұтуды үйрету үшін жеткіліксіз болады. Балалардың заттарға, олардың қасиетіне және сол арқылы іс-әрекет жасауға құштарлығының артуы үлкендермен үнемі қарым-қатынаста болуға итермелейді. Бірақ үлкендерге тілек білдіру үшін де, олардан көмек алу үшін де сөйлесе білу қажет. Бұл сөйлеп үйренуге итермелейтін басты қажеттілік болып табылады.
Сөйлеуді дамыту үшін сөзбен қатынас жасаумен бірге, заттық іс-әрекет кезіндегі жинақталған әсерлердің де маңызы бар. Солар арқылы сөздің маңызын түсінуге және оларды айналаны қоршаған заттармен, құбылыстармен байланыстыруға негіз қаланады.
Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүргізіледі:үлкендердің сөзін түсіну жетілдіріледі және баланың мүдірмей сөйлеуі қалыптасады.
Қарым-қатынас тікелей ахуалдың ауқымынан кеңірек хабарлардың өзін тыңдап, түсіну аса зор игілік болып табылады. Ол сөзді баланың өздігінен игеруіне қиын болмысты түсініп білудің негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Осыны, ескере отырып, тәрбиеші баланың қабілетін нақтылы көрнекі ахуалға жатпайтын сөздерді де тыңдап, түсінуге дұрыс бағыттауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz