Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы



1. Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері.
2. Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл.ойының дамуы.
3. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі.
Пайдаланған әдебиеттер
Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызады.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
1.Бауер Т. Психологическое развитие младенца. М., 1990
2.Возрастная психология/Под ред Л.Ф. Обуховой М, 1996
3.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ред басқарған А.В. петровский. А., 1987

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы.
Мазмұны.
1. Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері.
2. Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы.
3. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі.

1.Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі қашықтықтан өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызады.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің даму едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді.
Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа құйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние - мебель, киім- кешек, ыдыс - аяқ - заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
2. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуның алғ шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілердің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірбиесікейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Ерте сәбилік балалық шақ
Ерте сәбилік шақтың сипаттамалары
Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу
Ерте балалық шақ сипаттамасы
Психикалық даму және оқыту.Кәсіби білім беру психологиясы
Ерте сәбилік шақтыңң сипаттамасы
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Пәндер