Жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері


Жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
Мазмұны.
- Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу тарихынан.
- Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері.
- Жалпы психологияның құрылымы.
- Жас және педагогикалық психология дамымай тұрған кезінде жұрт балдарын оқытты, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына (мал бағу, егін айдау т. б. ) үйретті. Үйретпесе де кішілер үлкендердің жұмысына еліктеп, соған ие болуға тырысты. Осы кездегі туған - туысқандары жас мөлшерімен санасып, кім жасына қарай қаншалықты ақылды, не ақылсыз екені туралы мәліметтер таратты. Бірақ бұл мәліметтерді ғылым деп санауға болмайтынының себебі мынадан: И. Ньютон өзінің физикадан 1 жаңалықтарын ашпай тұрған дәуірлерде де, біздің санамыздан тыс, сол құбылыстарға байланысты физикалық заңдылықтар болып келді. Бірақ мұны физика ғылымы деп айтуға болмайды. Өйткені осыны ғылым деп атау үшін, сол фактілерді (физикалық құбылыстарды) жинап белгілі бағыт тұрғысынан қорытынды (теориялар, идеялар т. б. ) шығару қажет. Сол сияқты бұрын жұрт арасында таралынып келген, бірақ тиісті тұрғыдан таңдау жасалынбағандықтан, фактілерді ғылым деп санауға болмайды. Біз бұл жерде өткен заманғы баланың мінез - құлқы, ақыл - ойы туралы мағлұматтардың пайдасы жоқ демейміз. Бірақ соларды ғылым дәрежесіне айналдыру үшін, қазіргі бағыт тұрғысынан соларға талдау беру қажет екені жөнінде айтып отырмыз.
Шет елдегі жас психологиясы туралы мағлұматтарға көңіл бөлуге мүмкіндік жоқ болғандықтан, бір үстірт қарастырып отырмыз. Кейбір мағлұматтарға қарағанда балалар психикасын зерттей АҚШ - тағы Калифорния университетінің жанындағы психологиялық лабораторияда кеңінен дамыған. Бұлардың қолданатын зерттеу әдістерінің бірі - генетикалық (төркін, шығу деген сөзден) тәсіл. Генетикалық тәсілді, сол лабораторияда Лонгитюд әдісі деп атайды. Бұл зерттеулердің программасы көптеген жылдарға созылады. 1928 жылы бұлар 248 бөбекті (21 ай толғанда) зерттеп, сосын оларды 18 жас, кейін 30 және 40 жасқа толғанда зерттеді. АҚШ - тың басқа бір қаласында баланы 18 жыл үздіксіз зерттеп, кейін осындай зерттеулер Англиядағы Оксфорд университетінде де зерттелген. Нәресте жасына орай жасалынған зерттеулер арқылы табылған кейбір эксперименттердің қорытындысы орыс тіліне аударылған. Т. Баэрдің кітабында қамтылған.
Алғашқы кезде психологтар мен педагогтардың көпшілігі педагогикалық психологияның мәнін терең түсінбеген. Осылардың кейбіреулерінің (Ф. П. Каптеров т. б. ) айтуынша, педагогикалық психология мұғалімдерге көмекші ретінде арналған оқу құралы болуы тиіс. Бұл құралда ірі психологтардың мұғалімдер қауымына арналған кеңестері мен өсиеттері қамтылуы шарт. Өзгелерінің айтуынша (А. П. Нечаев, Н. Е. Румянцев) педагогикалық, тәжірибе саласына арнап ешқандай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Педагогикалық психологияның мақсаты жалпы психологияның қолы жеткен табыстарын оқыту, не тәрбие жұмысына әкеп қолдану; егер біз осы дәрежеге жете алсақ деді олар, - мектептегі тәлім - тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоя аламыз. Бұл да қате пікір. Өйткені педагогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін осы жөнінде зерттеу жұмысын жүргізу керек.
- Психологияның осы салаларының зерттеу әдістерінің азды - көпті өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде мынадай екі жолы бар: біріншісі -салыстыру жолы. Әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7, 11, 15, 18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолданып салыстырады. Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп - қашып зерттейді. Жас психологиясындағы мағлұматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді қолданып табылған.
Зерттеудің екінші жолы - генетикалық жол. Осыны қолданғанда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақытта (бір жыл, не үш жыл немесе одан да көп жылдарда) зерттейді. Осыны кейде Лонгитюд тәсілі деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі, себебі бір немесе топ баланы ұзақ жылдардың ішінде (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осыны қолданған жағдайда бұл тәсілді пайдалану үшін үлкен даярлық жасайды.
Бақылау - жас және педагогикалық психологияда жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті обьектілерге қарауы емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез - құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс - қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т. б. негізделеді. Балалардың осы іс - қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшеліктерін дәл байқауға болады.
Әңгімелесу бала психикасының сырын білудегі әдістің бір түрі. Бірақ кез - келген әңгіме сырды білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярларып, сөйлесетін кісіден жауап алуы үшін сұрақтар қандай болып келуі жөнінде ойлануы қажет. Әңгімеде көлденең сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мұның мәні мынада: егер бала тәрбиешіге шынын айтқаны үшін біреуден қорқатын болса, ұстаз оның ойламаған кезінде сұрақтар қояды. Бұл күтпеген сұрақ болғандықтан, бала аңдамай шынын айтып қоюы ықтимал. Қазіргі кезде әлеумет психологиясының тәсілдері жас және педагогикалық психологияға еніп келеді, сол амалдардың бірі - Австрияның психиатры Я. Морено ұсынған социометрия тәсілі. Бұл тәсіл топ адамдардың татулығын не наразылығын зерттеуге арналған. Социометрия тәсілі бастауыш мектеп жасындағыларға былайша жүргізіледі: егер кластағы оқушылар саны 40 бала болса, жаңа жыл алдында солардың әрқайсысына открытка алып, кейін оларды кластан шығарып, аудиторияға бір - бірлеп жібереді. Әр оқушының қолына 39 открытка беріп, кластағы әр оқушының орнына қажет десеңіздер бір - бір открыткадан, мейраммен құттықтау ретінде, қойыңыздар дейді. Мұны әр бала орындаған соң зерттеуші сол бала кімдердің орнына открытка қойды, кімдерге қойған жоқ осыларды есептейді. Кейін екінші бала осындай тапсырмамен класқа жіберіледі т. с. с. 40 бала осындай тапсырманы орындап өткен соң, солардың кімге открытка қойғанын не қоймағанын математикалық статистиканы қолданып, есептеп кім кіммен тату, кіммен наразы екенін біледі. Осы есептің қорытындысын кейін зерттеуші социограмма ретінде көрсетіп, белгілі тәртіпке келтіреді. Мұндай тәсілді студенттер педпрактика кезінде оқушылар арасында жүргізіп, социометрия арқылы балалардың достығын не дос еместігін біліп, солардың себебіне талдау жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz