Кіші мектеп психикалық жасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кіші мектеп психикалық жасы.

Мазмұны. 1. Кіші мектеп жанұядағы психологиялық қалыптасуы шарттарының жалпы сипаттамасы

2. Оқу іс-әрекетінің кіші мектеп жасындағы психологиялық қалыптасуына жетекші ретінде

3. Оқу мотивтерінің қалыптасуы.

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекет жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүосе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады.

Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден ұйыммен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өміріне жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланын кластағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғам дық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар:баланың класқа келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегіжәне қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер менгнормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам болуы үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейіе-ақ бойы үйрене бастайды сол кезде бала келешекте қажет болатынын білімдерін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайда қорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәнерді трдепоқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап -ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда бұл ынталықты дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттелігіжәне т. б. сияқты шын мәнінде ұзынсонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.

Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күьпеген, танқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде бала олардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өті-оны мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Жеті жасар балаың барлығы мұндай емес. Файлдың көпшілігі бастапқыда андай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Оқушылардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты(дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жүргізуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етілуі тапсырамаларын орындау қажет және т. б. ) Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жиі жастағы балалардын көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдиларды қалыптастыруға даяр болады. Тек ғана мұғалімдер ата -аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балаларды жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыру қажет.

Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, семьяда болған қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсыныс одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Мұғалімнің позициясы:бала оны алдында қандай да бір меншіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепке балалардың біреулері тым тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды. Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, озің жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалімдер барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылауы. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсіну көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғанаоларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл мақсаты саты барлық бірінші класс оқушыларын сабақ үстінде тыныштық ұстамды болу мінез әдетіне сабақтардың жалпы қарауды ескертулеріне іскерлікпен жасауы беруге тәрбиелеу болып табылады.

Мұғалім барлық балаларға, сыртқы өмір жағдайлары бойынша және т. б бойынша балалардың достық отырады. Бала мектепке келгеннен кейін алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының маңызды мақсаты -класс, содан соң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес; қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те қайырымды коллективі екендігін оның бойына дарыту.

Баланың мектепке баруымен оның семьядағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа праволары пайда болады. Сондықтан сол үй ішінде бірінші класс оқушысына көңіл бөлуді оған семьянын басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен амал қарекеті бар екенін көрсетумен ұштастыру. Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағамында өзінің мектептегі шамадан тыс көрсете бермеуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Д. Б. Элькониннің баланың психикалық даму теориясы
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz