Мектепке дейінгі психикалық жас


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі психикалық жас.

Мазмұны.

1. Мектепке дейінгі жастағы психикалық қалыптасуының жалпы сипаттамасы.

2. Мектепке дейінгілердің құрдастарымен ересектерімен өзара әрекеттестігі, қарым-қатынасы және іс-әрекетінің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы.

3. Ойын мектепке дейінгі іс-әрекеті, оның сипаттамасы және түрлері.

1. Балалардың жеке басының дамуына үлкендер ықпалының негізгі жолы-олардың адамдар қоғамындағы мінез-құлқын реттейтін мораль нормаларын игерулерін ұйымдастару. Бала бұл нормаларды мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалы арқылы игереді. Балалар үшін мінез-құлық үлгілері-үлкендердің өздері. олардың іс-қылығы, өзара қарым-қатынастары болмақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдардың мінез-құлқы айтарлықтай ықпал етеді. Бала ортаға еліктеуге, олардан үлгі алуға бейім тұрады. Әйтседе іс жақын адамдармен бітпейді. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендер өмірімен көптеген жолдармен:олардың еңбегін бақылау, әңгімелеу, өлеңдер, ертегілерді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметіне бөленген адамдар бала үшін үлгі болады. Құрдастарының балалар тобында қолдау тауып, кең тараған қылықтары да бала үшін үлгі болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мінез-құлық үлгілеріне қатты назар аударады. Мысалы, ертегіні немесе әңгімені тыңдағанда олар кімнің жақсы, кімнің жаман екенін екі ұштылыққа төзбейді және осы тұрғыдан тіпті жансыз заттарға да баға беруге тырысады. Тоғайда адасқан және ағаш кесуші шаруа құтқарып алған баланың тарихын тыңдаған бес жасар баланың айтатыны: «Ағай-жақсы кісі, ол баланы тауып алды, ал орман жаман, ол баланы адастырады».

Үлкендер балаға мінез-құлық ережелерін үйретеді. Мектепке дейінгі балалық шақ бойын күрделене беретін ережелер балалардың күнделікті мінез-құлқын қалыптастырады, жағымды қылықтар жаттығуларын қамтамасыз етеді. Балаларға талап қою және олардың қылықтарына баға беру арқылы үлкендер балалардың ережелердіорындауына қолдарын жеткізеді. Балалар өздері біртіндеп айналасындағылардың олардан қандай мінез-құлықты күтетіні жөніндегі түсініктерді негізге ала отырып, өз қылықтарын бағалай бастайды. Мектепке дейінгі естияр және әсіресе ересек шақта өзге балалармен қарым-қатынас ережелерін игеру бірінші орында болады. Балалар іс-әрекет күрделенуі жиі жолдасының көзқарасымен, оның праволары және мүдделерімен есептесу қажеттігінің пайда болуына әкеп соқтырады. Балаларға өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру оңайға түспейді және олар бастапқы кездерде берілген нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін түсінбестен осы ережелерді үстіртін қолданады. Өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру тек ғана осы ережелердің практикада, өзгеруінен, бұзылуынан, қалпына келуінен балалар алатын тәжірибенің нәтижесінде ғана болады.

Мектепке дейінгі жас ішінде балалар мінез-құлық ережелерін орындай бастаудың түсіну дәрежесі өзгеріп отырады. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлар мінез-құлық ережелерін орындауға әдеттеніп алады «шамадан тыс тәртіп сүюшілікті» көрсетедң және тәртәптің сәл ғана бұзылуына да келіспейді.

Мектепке дейінгі ересектердің ережелері дағды бойынша орындауы олардың мәнін түсінуге негізделген саналы орындаумен алмасады. Бұл кезеңде балалар ережеге тек өздері бағынып қана қоймайды, оны өзге балалардың да орындауын қадағалайды.

Мінез-құлықтың үлгілері мен ережелерін игеруде мектеп жасына дейінгі балалардағы мақтаныш пен ұят сезімдерінің үлкен мәні бар, олар балаларды, өз қылықтарын үлкендердің бағасы жіне үмітімен үйлестіруге жетелейді.

Мектеп жасына дейінгі бала тек үлкендер мақұлдайтын істі орындау себебінен ғана емес, сонымен қатар өз басының жағымды қасиеттерінің (батылдықтың, әділдіктің, өзгелермен бөлісуге әзірлігінің) себебінен де мақтаныш сезіміне ие болады. Ол дұрыс баға берілетін үлгілерге өзінің мінез-құлқын теңестіреді әрі оларға ұқсас болу оған өзін мақтан етуге негіз беретінін түсіне бастайды.

Ерте сәбилік шақта әдетте үлкендердің тікелек араласуымен пайда болатын ұялу сезімі мектеп жасына дейінгі балада өзгелердің одан күткен үмітін ақтамағанын, ережені бұзғанын, дұрыс бағаланатын үлгіні аттағанын түсінген жағдайларға пайда болады. Бала қорқақтық, дөрекілік, қараулық, әдепсіздіктің т. б көрсетуден ұялады.

2. Мектепке дейінгі баланың жеке басы дамуына құрдастар қарым-қатынас жасаудан тиетін ықпалы маңызды роль атқарады. Ерте сәбилік шақта өзге балаларға деген іш тартушылық мектепке дейінгі балада құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне айналады. Жаннында жоқ жолдасын алмастыруды ұсынған анасына қарсы болған алты жасар баласы бұл қажеттілікті: «Маған балалар керек, ал сен бала емессің!», -деген сөздермен жақсы сипаттап берді.

Араласу қажеттілігі балалардың ойындарында, еңбек тапсырмаларын орындаудан бірлескен іс-әрекеттер жасау негізінде дамиды.

Бала өзге балалармен үнемі бірге және әр түрлі қарым-қатынастарда болатынын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жағдайларында балалар қоғамы қалыптасады. Бұл қоғамда бала коллективтегі мінез-құлықтың төңірегіндегі ақылшылармен емес, өмір мен іс-әрекеттің өзіне тән қатысушыларымен бірге кең өзара қарым-қатынас жасаудың алғашқы дағдыларын игереді.

Қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекет балалардың дұрыс іс-қылыққа жаттығуын қамтамасыз етеді, ол балалардың мінез-құлық нормаларын біліп қана қоймай, оларды іс жүзінде пайдалана білу де мүлде қажет.

Балалар қоғамы ықпалының екінші жолы болып балалардың жеке басының дамуына олардың игерген мінез-құлық ережелерінің топта қалыптасқан қоғамдық пікірі саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Балалар психикасының даму сатылары
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Психологиялық қызметтің дамуы
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz