Мектепке дейінгі психикалық жас туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі психикалық жас.

Мазмұны.

1. Мектепке дейінгі жастағы әртүрлі іс-әрекетінің сипаттамалары(бейнелеу, құрастыру, оқу) .

2. Ойынның пайда болуының әлеуметтік -тарихи сипаты, оның генезисі мен қызметінің құрылымы.

1. Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес. Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады. Әшекейлер ояды, қашайды. Осы бала іс-әрекетінің барлық түріне ортақ нәрсе-олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шаққа жататынын көргенбіз. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.

Балалар бейнелейтін заттың графикалық формасы алдымен үш сәтке:баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау процесінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетіні, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді.

Сонымен баланың салған суретінде графикалық бейнелерді дамыту бағыты, осы бейнелерді нығайту, графикалық бұлжымас үлгіге айналдыру бағытымен ұшырасады. Бала суретінің тағдыры едәуір дәрежеде осы бағыттардың біреуінің басым келуіне байланысты. Ал мұның өзі негізіне үйрету ерекшеліктерімен анықталады. Дайын үлгілерді көшіре салуға негізделген үйрету бұлжымас үлгінің пайда болуына себепші болады. Бейнелеуде обьектінің қасиеттерін көрсете білудің әдістерін жетілдіруге бағытталған үйрету бұлжымас үлгілерді өшіреді, суреттердің графикалық формасын жетілдіреді. Сондықтан тәрбиешілер балалардың бейнелеу іс-әрекеттерінің дамуына ерекше назар аударулары қажет.

Құрастыру-белгілі бір мақсатқа бағыштаған процесс. Оның нәтижесінде белгілі бір шынайы зат алынады. Бұл тұрғыдан алғанда құрастыру жемісті іс-әрекеттің басқа түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге құрастырудың өзіндік талаптары бар. Осы іс-әрекет процесінде қандай да бір құрастырманы жасау үшін кез келген бөлшектерді өз қалауынша біріктіре салуға болмайтындығын бала түсіне басиайды. Тіректі бөлшектерді жеке бөлу керек, әйтпесе құрастырма орнықпайды.

Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді.

Құрастыру процесінде бала бала бөлшектерінің белгілі бір формасы мен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі.

Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:

1) үлгі бойынша құрастыру

2) шарттар бойынша құрастыру

3) ойлау арқылы құрастыру

Үлгі, шарт. Ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын кезеңдер емес. Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына байланысты кезектесіп отырады. Әйтседе құрастырудың әр типі баланың өзіне тән қабілеттерін дамытады.

2. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.

Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабараториялық тәжірибелер жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойланатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Қарым-қатынасқа эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Ойын әсіресе және баланың сюжетті рольді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.

Ойын әсіресе және баланың сюжетті рольді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жекебасының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Балалар психикасының даму сатылары
Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психологиялық қызметтің дамуы
Артпедагогика
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz