Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері


Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері.
Мазмұны: 1. Жаңа туған бала. 2. Нәресте мен үлкен адам. 3. Нәрестенің психикалық дамуы.
- Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез - құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай - ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарын қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез - құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез - құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлерінің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс - әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс - әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуымен көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыраңқы қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
2. Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші ассоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе - бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасындағы тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстық психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым - қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастады да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым - қатынасының негізгі формасы бірлескен іс - әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым - қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым - қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. екінші айда - ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым - қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндепдамиды(олардың ішінде қарым - қатынас жасау қажеттілігі - эмоциялық жұтаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білім құмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлыққа И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz