Абайдың поэмалары «Ескендір»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абайдың поэмалары «Ескендір»

Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.

Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгесінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуде ойлаған.

«Масғұт» поэмасы Абай, негізінен, осы аттас кейіпкердің іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парасаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлуметтік өмірдегі орның бағалау жағына көбірек қөңіл бөлінеді. Мұны Масғұттың қөзқарасынан айқын танимыз. Ұры танап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сары жесең, дәулетің саудай тасар.

Егерде қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, -дейді шал. Масғут ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды былайша сынайды:

Көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның қүйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздығымен қарайды.

Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы. Маған тиер.

Еркектің еркек адам болса қасы,

Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы.

Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?

Тегінде адам басы сау бала ма?

Ұйінде тексерілмесе дау бала ма?

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып

Отырса, бұрынғыдай жау бала ма?- дейді Масғұт өз таңдауын түсіндіргенде. Ол әйелмен достықты қадыр тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды.

Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны баяндауға құрылады. Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартысстан емес, ақынның ақылынан, айтайын деген ой-үлгесінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэма түрінде емес, шығыс дастандарды түрінде жазылуы да осыны байқатады.

«Әзім» - «әңгімесі Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.

Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да - «Ескендір».

«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі көшбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрыңғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұйлв саясатын сынауға ауысады. Соған орай, поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсетіп келіп, ақыл, әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді:

  • Бұл - адам көз сүйегі, дейді ханға,

Тоя ма адам көзі мың-мың санға?

Жеміт көз жер жүзінде тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді.

Поэма аңыз сюжетін сақтағанымен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе-беп кездесуіне құрылады да, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманығ бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Абайдың поэмалары
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Абай лирикасы
Абай шығармашылығы туралы
Абайдың табиғат лирикасы
Абай поэммалары
Абай оқыған шығыс шайырлары
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Абайдың оригиналдық поэмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz