Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың псиикалық дамуының негізгі жолдары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың псиикалық дамуының негізгі жолдары.

Мазмұны.

  1. Оқыту мазмұны және психикалық даму.
  2. Тәсілдер мен білімді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы.
  3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы

1. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Көптеген зерттеулерде ( Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов ) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есетелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді.

Пиаженің есебі бойынша 11-12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалық операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаға заттарды арнаулы белгі бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта құруға себепші болады.

Ғылымның белгілі бір пәніне сай келетін білімдер айрықша міндеттері, обьектілері, операциялары бар күрделі құрылыммен сипатталады. Балалар жаңа операцияларды олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция орындау құралы болатын іс-әрекетпен байланыстырылып игерілуі керек. Мысалы, арифметикалық амалдар арифметикалық есептерді орындау үшін қажетті операциялар жиынтығы есеп шығару тәсілін құрайды.

2. Іс-әрекеттің жалпы типін анықтайтын қайсібір біркелкі тәсілдерді балалар әртүрлі дәрежеде сәтті қолдануы мүмкін. Бұл нақтылы іс-әрекетті жүзеге асырудың негізіне жататын психологиялық механизмдердің ерекшелігіне байланысты болады. Психологиялық зерттеулерден алынған деректер бұл механизмдер жекеленген оқу пәндеріне тән операцилар мен қарым-қатынастар түрінде ғана болмай, жалпылама сипатта болатынын көрсетіп отыр. Мәселен, Д. И. Богоявленский, Е. Н. Кабанова-Миллер, Н. А. Менчинская және тағы басқа психологтар ақыл-ой іс-әрекетінің жалпылама тәсілдерінің (абстракция, салыстыру, анализ, синтез) балалар ақыл-ойы дамуының жалпы процесінде алатын маңызын көрсетіп берді. Мысалы, «бөлшек-бүтін» қатынасын арифметикалық есеп шығаруды қолдану үшін бала, бұл қарым-қатынас жөніндегі жалпы білімді есептің нақтылы шарттармен үйлестіріп және шарттардан осы қарым-қатынасқа сай келетін элементтерді (балада болған қарындаштар - бүтін, ал қалғандары мен оның бергендері - бөлшектері) бөліп шығаруы тиіс.

Тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын психологиялық механизмдердің даму типі немесе дәрежесі қайсібір оқушының дәл өзінде, ол түрлі іс-әрекет орындағанда да, тіпті түрлі пән оқығанда да көбінесе біркелкі болып шығады. Мысалы, негізінен мағлұматтың нақтылы мазмұнын бағдарлап, ал абстрактілік жалпылама маңызды бөліп шығаруға келгенде қиналатын балалар көбінесе бұларды математикада да, физикада да, тарихта да, әдебиетте де көрсетіп отырады. Сол сияқты, дәл осылай, формализмге үйір болу материалдың нақтылы ерекшеліктерін талдау және есепке алу орнына абстрактілі схеманы арттырып жіберу де балаларда әр түрлі іс-әрекеттерде көрініп отыруы мүмкін.

Сонымен тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын жалпылама психологиялық механизмдердің қалыптасуы балалардың даму поцесінің маңызды жағын құрайды.

3. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттері барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасды. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері; 2) оның іс-әрекетнің психологиялық құрылымының ерекшеліктері; 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.

Баланың даму процесінде қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімдердің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальді қарадүрсін сипатқа ие болады. Екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды. Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы - айналасымен өзара қарым-қатынас жасау.

Қандай да іс-әрекет бірқатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге іс-әрекетінің құрылымын сипаттайды. Ол осы іс-әрекет не үшін жасалынып отырғанын білдіретін - мотивті, іс-әрекетті орындау нәтижесінде алынуға тиіс деп елестетін - мақсатты , осы нәтижеге жетуге қажетті операциялар мен тәсілдерді, өзгеруі тиісті нәтижеге әкелетін материал - обьектіні құрайды. Мысалы, мектеп оқушылары балабақшадағы балаларға сыйлау үшін елка ойыншықтарын жасайды. Бұл іс-әрекеттің мотиві әр балада әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері сәбилерді қуанту үшін жасаса, екіншілері үлкендердің талабын орындау үшін жасайды, ал үшіншілерінде ойыншықтарды даярлау процесінің өзі қанағаттану сезімін туғызады.

Сананың даму процесінде баланың болмысты тамаша бейнелеуінің мазмұны, құрылымы мен механизмдері өзгеріп отырады. Бұл, нақтылап айтқанда, оның ойлау әрекеті ерекшеліктерінің өзгеруінен де байқалады. Мысалы, мектепке дейінгі бала үшін тұтас ситуация мен заттардың сыртқы қасиеттерін бейнелеу басым болса, кейінірек балалар заттардың функцияларын, ал одан соң олардың құрылысын т. б ерекшелей бастайды. Біртіндеп ұғым және ұғымдар жүйесі қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі психология ғылымы
Балалар психологиясының әдістері
Бақылау әдісі мен табиғи эксперимент
Қиын оқушылар тәрбиесі
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Дефектология негіздері
ПЕДАГОГ ПСИХОЛОГТЫҢ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz