Сәбилік психикалық жас


Сәбилік психикалық жас.
Мазмұны.
- Жаңа туылғандағы дағдарыс
- Сәбидің шартсыз рефлекстері мен атавизм рефлекстері.
- Сәбилік жастағы сенсорлық процестерінің қалыптасуының негізгі заңдылықтары.
1. Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы (ана организміндегі) вегетативтік, өсіп-өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын, сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл-есті адам болып өсетін дүниеге шығады.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Ол нерв системасының организмді сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тынысын, қан айналымын) қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.
Жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясын да байқауға болады. Олар бағдарлаурефлекстері. Нәресте дүниеге келген алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұратыны бақылаулар арқылы анықталған: мысалы, күн сәулесі түсіп тұрған кезде перзентханада жаңа туған балалардың көпшілігі, бастарын сол сәулеге қарай күнбағыстай бұрып алады. Сонымен қатар, туған алғашқы күннен бастап-ақ сәбилердің баяу жылжитын жарық көзін қадағалайтыны да дәлелденген. Бағдарлау-тамақтану рефлекстері де оңай пайда болды. Езуіне, бетіне жақындау қарны ашып жатқан баланың ізденіс реакциясын тудырады, бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, аузын ашады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа туған балаларда туа біткен бірқатар реакциялар болады: ему рефлексі - бала аузына салған нәрсені сора бастайды; жармасу рефлексі - алақанына бірдеңе тиіп кетсе, ол жармасу реакциясын қоздырады; итеру рефлексі (еңбектеу) - табанына жанасу, т. б. рефлекстер.
Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекке, тағамға, жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа біткен, инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі бірден-бір кезең болып табылады. Бұл органикалық қажеттіктер, дегенмен, психикалық дамудың негізі бола алмайды- олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар ролінен өзгешелігі осында. Ал, хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі жиынтығы қорғаныш, жемтік аулау, аналық қалыпты өмір сүруге қажетті тағы басқа реакциялар қалыптасқан малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік береді.
2. Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен ағзадан реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл- баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизмдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара-бар жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына, сыртқы дүниемен өзара әсер ету қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстары жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қармауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін осы қимылдарды үйретумен, жаттықтырумен қалыптасады.
3. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туылады. Жаңа туған нәресте сыртқы әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн-жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздігі емес, керісінше күштілігі болып табылады.
Нәрестенің негізгі ерекшелігі- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.
Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің әсерленуге әсірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын өзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоөтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда, үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уақытқа ғана аяқ- қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланың алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктері ажыратады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz