Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.тарау. Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу
құралдары .
1.1 Электронды оқу басылымдарына қойылатын
дидактикалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2 Электронды оқу құралдарын жасау технологиялары мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ІІ.тарау.Физика пәнінен электрондық оқулық
ІІІ.тарау. HTML гипермәтіндік белгілеу тілі
3.1 HTML тілінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2 HTML құжатының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
3.3 HTML тілінің тэгтері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... .30
IV.тарау. JavaScript сценарийлер тілі.
4.1 JavаScript тілінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
4.2 JavaScript айнымалылары мен функциялары ... ... ... ... ... ... ...47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.
"Жаңа ақпараттық технологиялар" дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары.
1. Хеслоп "HTML с самого начала", Санкт-Петербург, 1995.
2. Левин "Internet" для "чайников", Москва 1996.
3. Перри "Секреты Word Wide Web", Москва 1996.
4. Фролов А.В., Фролов Г.В., Глобальные сети компьютеров. М.: Диалог – Мифи, 1996
5. Рассохин, Лебедев "Word Wide Web - глобальная информационная паутина в сети Internet", Москва 1997.
6. Уолл "Использование WWW", Москва 1997.
7. Kevin Werbach. Перевод: Станислав Малишев. - Краткое пособие по HTML, Москва 1998.
8. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б, Бекбаев А. т.б. Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша –орысша сөздігі. Алматы, 1998 ж.
9. Шарф Д. HTML 3.2: Справочник. СПб Питер, 1998
10. Вуб Л. Web – графика.: Справочник. СПб: Питер, 1998.
11. Семакин, Хеннер. «Задачник практикум», Москва, 1999 .
12. «Домашний компьютер» журнал, 2002, №2
13. «Компьютер пресс» журнал, 2003, №9
14. Создание и использование информационных средств обучения. Учебное издание. - Изергин Н.Д.,Кудряшов А.А.,Руднев А.Ю., Тегин В.А.
15. HTML-Первые шаги. Алленова Наталья. http://postroika.ru.
16. Язык XML: практическое введение. Александр Печерский

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І-тарау. Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу
құралдары .
1.1 Электронды оқу басылымдарына қойылатын
дидактикалық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
1.2 Электронды оқу құралдарын жасау технологиялары мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
ІІ-тарау.Физика пәнінен электрондық оқулық
ІІІ-тарау. HTML гипермәтіндік белгілеу тілі
3.1 HTML тілінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2 HTML құжатының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
3.3   HTML тілінің тэгтері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... .30
IV-тарау. JavaScript сценарийлер тілі.
4.1 JavаScript тілінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
4.2 Java Script айнымалылары мен функциялары ... ... ... ... ... ... ...47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..49
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .51
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

Кіріспе

Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде.
Оларға электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға болады. Көп жағдайда
электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай
кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес
және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол
компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды
әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.
"Жаңа ақпараттық технологиялар" дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету
және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім,
қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып,
ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды
ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар
компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің
болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және
оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-
жабдықтық оқу ортасын құрайды.
Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде әртүрлі
ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл
көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің
шектілігімен түсіндіріледі. Ос сала бойынша объективті баға тек берілген
тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы
мүмкін.
Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты
үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық
қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды,
себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде
компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан
түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Оқу орындарында ЭОҚ-н жасау , енгізу, қолданудың бірегей
концепциясын құру:
• Оқушылар мен оқытушылардың қажет оқу құралымен қамтамасыз
етілуін жақсартады;
• Оқу процесін сапалы түрде жақсартатын, ақпаратты беру және
қорытудың қосымша жүйелерін қолданудың арқасында білім сапасын
көтеруге;
• Оқу және біліктілік деңгейін көтеру жүйесіне қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұстаздардың біліктілігін
арттыруға;
• Түрлі процестер мен құбылыстарды модельдеуге;
• Оқу процесін жетілдіру бойынша басқа білім ордаларымен сайысқа
түсіп, оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге;
• Интернет негізінде қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы білім беру
қызметінің аясын кеңейтуге;
• Әрбір оқушыға (студентке) жеке әдіс-тәсіл қолдануға;
• Оқушыны қатесін саралау және кері байланыс арқылы жедел
қадағалауға;
• Оқушы оқу -танымдық әрекетін өзіндік бақылаумен қамтамасыз
етуге;
• Оқу мәліметін визуальды демонстрациялауға және т.б.
мүмкіндік береді.
І-тарау.Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары

Ағарту ісінің информатизациясы батыста ертеде басталған. Ал Қазақстан
оған қазір ғана қосылды. Бұл процес көп жағдайда біртекті емес: егер
алдыңғы шепті оқу орындары осы жолға түсіп үлгерсе, басқалары бұл қадамды
әлі жасаған жоқ.
Оқу орындарының дүниежүзілік ақпараттық ортаға қосылудың бастапқы
қадамы жасалды, яғни қажет құрал-жабдықтар сатып алынды, комуникация
мүмкіндіктері бар. Алда жауапты кезең тұр- локальды білім жүйесін жасау
және оларды глобальды ақпараттық кеңістікке енгізу. Осындай білім жүйелерін
жасау оқыту процесінің тиімділігін арттырар еді. Осы тәріздес білім
жүйелерінің негізі ретінде электронды оқыту құралдары бола алады, соның
ішінде білім ордаларында оқыту тәжірибелерін жалпылауға және оны оқу
орындарының ақпараттық жүйесінде нығайтуға көмектесетін электронды оқу
басылымдары.
Қазіргі таңда электронды оқу басылымы (ЭОБ), электронды оқулық (ЭО),
немес электронды оқу құралы (ЭОҚ) түсініктерін қалыптасып қалған, кең
тараған деп айту қиын. "Электронды (компьютерлік, мультимедиялы) оқулық"
түсінігінің ресми анықтамасы еліміздің заңнамасында айқын көрсетілген. Бұл
құжаттарды қазіргі заманғы оқыту жүйесін жасаушыларға басшылыққа алу керек,
себебі онда электронды оқу басылымдарының түсініктердің анықтамалары,
техникалық, оқу-әдістемелік, эргономикалық және тақырыптық саралау
талаптары қамтылған.
"электронды оқулық" , "электронды оқу құралы" , "электронды оқу
басылымы" терминдеріне ресми түрде мынадай анықтамалар берілген:
Электронды оқулық - толық оқу курсын немесе оның бөлімінің жүйелі
мазмұнын қамтитын, көрсетілген басылым түрінің мемлекеттік орган
тағайындайтын ресми мәртебесіне ие электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы - көрсетілген басылым түрінің мемлекеттік орган
тағайындайтын ресми мәртебесіне ие, оқу курсының маңызды бөлімдерін
қамтитын электронды оқу басылымы , сонымен қоса есептер жинағы,
анықтамалық, энциклопедиялар, жаттықтыру сабағына , курстық, дипломдық
жобалауға нұсқаулар және т.б.
Электронды оқу басылымы - оқуды автоматтандыру және білім деңгейін
қадағалау үшін жасалған, оқу курсына немесе оның бөлігіне сәйкес келетін,
сонымен қоса оқу траекториясын таңдауға мүмкіндік беретін және де оқу
жұмыстарының түрлерін қамтамасыз ететін электронды басылым.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, мынадай толықтырылған анықтамалар
ұсынуға болады:
Электронды оқу басылымы - оқу (оқыту) мәліметінің магниттік
(оптикалық) мәлімет жинақтауышта немесе ЭЕМ желілерінде (локальды,
аймақтық, глобальды) орналастырылған электронды жазбасы болып табылатын
жоғары ғылыми-методикалық және техникалық деңгейде жасалған басылым.
Электронды оқу басылымының қағазға басылған көшірмесі болуы мүмкін.
Электронды оқу басылымы ондағы оқу материалының мазмұнының толықтығына
байланысты электронды оқулық және электронды оқу құралы болып бөлінеді.
Электронды оқулық - мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келетін
негізгі электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы - ішінара немесе толық түрде электронды оқулықты
алмастыратын немесе толықтыратын электронды оқу басылымы. Электронды оқу
құралының мазмұны белгіленген түрде бекітілген пәннің оқу бағдарламасының
талаптарына сай болуы керек.
ЭОБ –н оқу курсын толығымен немесе оның үлкен бөлігін өз бетімен
меңгеруге мүмкіндік беретін, құрамына жай оқулық, анықтамалық, есеп
жинағын және зертханалық практикум қасиеттерін біріктіретін бағдарламалық-
методикалық комплекс ретінде қарастыру қалыптасқан. Бірақ , қазіргі таңда
ЭОБ дәстүрлі оқу формаларына альтернатива емес, керісінше толықтауыш. Ол
әлі де оқушының кітаптармен, конспектілермен, есептер мен жаттығулар
жинағымен жұмысын аустыра алмайды, бірақ келешекте жағадай өзгеруі мүмкін.
Бұл электронды ұстаз кітаптың (оқу құралының) барлық жақсы қасиеттерін
сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар компьютер бере алатын ақпараттық
технологиялар, мультимедиялық мүмкіндіктерді толығымен қолдану үшін
жасалған. Сондай мүмкіндіктердің ішіне мыналарды жатқызуға болады:
• Физикалық, химиялық және т.б. процесстерді динамикада көрсету,
тікелей бақылаумүмкін болмайтын процестерді көрнекі көрсету
(өзіне тән өте ұзақ немесе өте қысқа уақыттық сипаттамалары бар
микроәлем мен космостағы процесстер және т.б.);
• Зерттеуге сирек немесе өте қымбат немесе адам өміріне қауіпті
құрал-жабдық, реогенттерді қажет ететін процесстерді және
объектілерді компьютерде модельдеу;
• Оқулық авторының аудиотүсіндірмелері, оқу материалына аудио және
видеосюжеттерді, анимацияны қосу;
• Контекстік сілтемелер, сыбыр сөз ұйымдастыру;
• Жан-жақты ойластырылған лездік навигация жүйесі (гипертекст);
• Күрделі есептеулерді жылдам атқару және нәтижелерін сандық
немесе графиктік түрде көрсету;
• Жаттығуларды немесе тест жұмыстарын орындау барысында білімді
жедел өзіндік тексеру;

ЭОБ-н классификациялау
ЭОБ-н классифифкациялаудың ресми сызбасы қазіргі таңда жоқ. Ол
біріншіден осы процесті басқаратын орталықтың жоқтығынан. Екіншіден ЭОБ-н
жасау, енгізу және қолдану салыстырмалы түрде бертін басталды және толық
қалыптасқан жоқ; қазір ол өте қарқынды және жақын арада түсініктердің берік
енуін күтуге болмайды.
Келесі жағынан , соңғы кезде компьютерлік технология және онымен
байланысты технология саласында гиппердинамикалық жетілу процесі
бақылануда, сондықтан қандай да бір айқын, түсінікті құрылым туралы айтуға
ерте.
Бірақ, ЭОБ-ң мынадай жалпы классификациясын ұсынуға болады:
Орындалу күрделілігіне қарай
• Күрделі (тәжірибелі менеджерлер, программист, психолог, педагог,
дизайнерлерді (жалдауды) қажет ететін);
• Қарапайым (оқу ордасының қызметкерлерінің қолынан келетін, қор
талғамайтын оқу басылымдары);
Қолдану әмбебаптығына қарай:
• Платформаға (аппараттық-программалық комплекстің жиынына)
тәуелсіз;
• Платформаға тәуелді;
Орналастырылуына қарай:
• Локальды (жалғыз қолданушыға арналған);
• Желілік (қолданушылар тобына арналған);
Қолданылған технологиялар құнына қарай:
• Ортақ (ақысыз қолданылатын) технологиялар негізінде жасалған;
• Арнайы технологиялар мен программалық жабдықтар негізінде
жасалған;
болып бөлінеді.
Қазіргі қолданыстағы ЭОБ-н және оның жасалу жолдарын саралау мынадай
оңтайлы және теріс тенденцияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар
кестеде көрсетілген. Сол бағанда ЭОБ-н жобалау және жасау кезінде сақталуы
қажет талаптар, оң бағанда ЭОБ-н жасау барысында аулақ болу керек
тенденциялар жинақталған.

ЭОБ-н жобалаудағы жағымды және жағымсыз тенденциялар

Оңтайлы Теріс
Қолдану жалғыз жобамен ғана Ақпаратты монитор экранынан
шектелмейтін әмбебап бағдарламалық қабылдаудың психо-физиологиялық
жабдықтарды жасау өте пайдалы ерекшелік-теріне көңіл бөлінбеуі

Қолданушыға жұмысқа тез кірісуіне Программалық құралдың сыртқы
мүмкіндік беретін жақсы пішін-келбетіне назар аудармау
ойластырылған анықтамалық жүйесінің(бағдарламаның ойластырылған сыртқы
болуы келбеті қолданушыға онымен жұмыс
істеу әдісін тез меңгеруге
ЭОБ-н жасау барысында "тегін" көмектеседі)
әмбебап технологияларды пайдалану
тиімді Оқулықтың әртүрлі жеке бөлімдерінің
арасында оңай ауысуға мүмкіндік
Күшті функционалдық мүм-кіндік пен беретін ойластырылған бағытбағдар
қолдануда қарапайымдылыққа ұмтылу жүйесінің болмауы

Толық қанды ЭОБ-н жасауда Қымбат технологияларға негізделу
программалық-техникалық талаптары
төмен , бірақ қуатты
технологияларды қолдану

Басылымның дизайнына да үлкен көңіл бөлу керек. Мұнда әртүрлі әдістер
қолданылуы мүмкін. Бастысы, дизайн қолданушының тез бейімделуіне септігін
тигізіп, интуитивті түрде түсінікті және оқулықтың логикалық құрылымына сай
, сонымен қоса қолданушыны негізгі тақырыптан ауытқытатын ұсақ-түйектен
аулақ болуы керек. ЭОБ-н ұйымдастырудың екі әдісін бөліп көрсетуге болады:
• Негізгі функционалдық мүмкіндіктер жеке қабықша-программа
көмегімен іске асырылады;
• Олар HTML кодына енгізіледі, ал қабықша -программа рөлін
қолданушы компьютерінде орнатылған браузер атқарады;
Бұл екі тәсілдің жағымды және жағымсыз жақтары төмендегі кестеде
көрсетілген:

ЭОБ-н ұйымдастыруда қолданылатын амалдардың негізгі оң және теріс жақтары

Қабықша-программасын Функционалдық
мүмкіндіктерді xHTML кодына
қолдану әдісі енгізуге негізделген әдіс
Жағымды жақтары

XHTML -файлдарға күш түспейді, Мұндай әдісті қолдану оқулықты
олардың көлемі шағын болады, желіде орналастыруға ыңғайлы.
жүктелуі жылдам жүреді.
xHTML-JavaScript мүм-кіндіктерімен XHTML мен JavaScript тілдерінен
іске асыру қиынға соғатын тесттік басқа қосымша білімді талап етпейді.
бақылау, бүктеме (закладка) жасау,
басқа бағдарламалармен байланыс
сияқты қосымша функцияларды
енгізуге қолайлы.
Қажет ақпаратты дискіде сақтауға , Қымбат программалық жабдықты, xHTML
журнал жүргізуге, әрбір қолданушы ,XML, JavaScript лицензияланбайтын
орнатқан параметрлер мәндерін программалық құрал болғандықтан
сақтауға болады. жабдыққа жұмсалатын қаржыны жоққа
шығарады.
Жағымсыз жақтары
Қабықша "жазылатын" Borland Delphi ЭОБ-мен жұмыс жайлылығын арттыратын
немесе MS Visual Studio және т.б. кейбір пайдалы функцияларды іске
cияқты программалық комплекстер асыруға болмайды.
сатып алу керек.
Қабықша-программаны таңдалған тілде
жасайтын программист мамандарды
шақыру керек.

1.1Электронды оқу басылымдарына қойылатын негізгі талаптар

ЭОБ-на қойылатын талаптар сұрағы өте күрделі. ЭОБ тағдыры оны қолдану
жайлылығы, жетілдіру және т.б. осы сұраққа жауап беруге байланысты болады.
Қойылатын талаптар тобының мынадай сызбасын ұсынуға болады:
Талаптар
• Техникалық
• Психологиялық
• Қолдану және дамыту
• Мазмұны және құрылымы
• Технологиялық
• Экономикалық
"Талап" сөзін бұл жерде ең алдымен бағдарламалық жабдықтың жасалу
процесімен немесе оның өмірлік циклының қандай да бір сатысымен қойылатын
шектеу ретінде түсіну керек. Кез-келген шектеу соңында қолданушылар
шеңберінің азаюына әкеледі. Қолданылуы мүмкін аппараттық -программалық
комплекс (құрылымын ықшам түрде аппараттық (техникалық) және бағдарламалық
бөліктердің жиыны түрінде көрсетуге болатын ЭЕМ) типтерінің өрісін
кеңейтуге тырысу керек. Және сол арқылы қолданушылар санын арттыруға
болады. Ол өз кезегінде әртүрлі жолдармен программалық жабдықтың
функционалдық мүмкіндіктерін шектемей -ақ жасалуы мүмкін.
Талаптар тобының әрқайсысынан ЭОБ-на қойылатын бірнеше талап көрсетуге
болады. Сонымен қоса, идеал жағдайда соңғы тұтынушы (қолданушы)
сұраныстарын да ескеру қажет. Себебі бағдарламалық жабдық соларға жасалады.
Техникалық талаптар тобында мыналарды көрсетуге болады:
• Компьютердің белгілі бір сипаттамасына қойылатын талаптар.
Мысалы, оқулық жұмыс істеуі үшін қолданушыда Рentium
процессорының негізінде жасалған , тактілік жиілігі 200МГц -тен
төмен емес компьютер, тышқан тетігі, CD-ROM және т.б. болуы
керек. Мұндай талаптар компьютердің аппараттық бөліміне қатысты.
• Перифериялық компоненттер мен шығару -енгізу құрылғыларын
қойылатын талаптар. Мысалға, қолданушыда шешуі кемінде 800*600
нүкте болатын түрлі-түсті монитор , принтер және Интернетке
қосылу үшін модем болуы керек.
• Шартты түрде ос топқа қолданушының программалық жабдығына
қойылатын талапты қосуға болады. Бағдарламалық жабдыққа шектеу
былай болуы мүмкін: Microsoft Windows 98SE2000MEXP2003,
Internet Explorer 5.0 немесе одан жоғары, т.б.
Аппараттық және программалық бөлімдеріне арналған талаптар өзара
байланысқан болуы керек: егер ЭОБ-ң дұрыс жұмыс істеуіне Internet Explorer
6.0 және одан кейінгісі қажет болса, онда техникалық талаптарда Pentium
133МГц -тен төмен процессорды жазуға болмайды, себебі Internet Explorer
-дің осы нұсқасы процессоры бұдан әлсіз компьютерде жұмыс істемейді, және
т.б.
Техникалық талаптар тобында қандай да бір технологияны программалық
жабдықты жасау барысында қолдану кезінде пайда болатын шектеулер
ескеріледі. Қандай да бір технологияны таңдау кезінде, оны қолданумен
байланысты көптеген сәттер мен сипаттамаларды ескерген дұрыс: ойластырылған
нәрсені таңдалған технологиямен қаншалықты жақсы іске асыруға болады,
қолданушыға ЭОБ-мен жұмыс істеу үшін қосымша басқа қымбат бағдарламалық
жабдық сатып алу қажет болмай ма, қолданушылар шеңберін көбейтуге бола ма,
яғни қандай да бір технологияны қолдану техникалық талаптарды көтеріп
жібермейді ме, технологиялардың қайсысының болашағы бар (жақын арада
ескіріп, қолданыстан шығатын технологияны қолданудың қандай қажеті бар?!),
бұл программалық жабдықты қаншалықты жеңіл қолдап тұруға, жаңартуға болады
және т.б. факторлар.
Кез-келген программаны, соның ішінде ЭОБ-н жасап, қолдануға енгізуге
қаржы мәселесі үлкен шектеулер қоюы мүмкін. Бұл жағдайда ЭОБ-н жасауға
жұмсалатын ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін "ақысыз", яғни тегін
таратылатын программалардың бар екенін айту керек.
Кез-келген өнімнің маңызды сипаттамасы оның психологиялық қабылдануы.
Адамның сезім ерекшеліктерін ескеру қажет. Ол:
• Оқу құралының көрнекілігін арттырады;
• Материалдың есте қалуына жәрдемдеседі;
• Қолданушының жаңа программаға, оқу пәніне үйренуіне көмектеседі;
• Монитор алдында жұмыс істегеннен шаршау деңгейін төмендетеді;
• Маңызды деген бөліктеріне зейін қойдыруға мүмкіндік береді;
Адамның ойлау ерекшеліктерін тиімді пайдалану арқылы оқу материалының
қабылдануын жақсартуға болады.
Сонымен, оқушының электронды оқулықта берілген материалды қабылдауы
тек материал мазмұны мен оның оқулықта берілу ретіне , оқулықтың жазылу
мәнері мен стиліне ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуіне де
байланысты болды.
Материал мазмұны, оның берілу реті, мәнері мен стилі алға қойылған
методикалық мақсатқа сай толығымен оқулық авторларымен анықталады.
Авторларға тек "қиын" ұзақ сөйлемдерден арылуын тілеуге болады.
Міне осылай электронды оқулықты жасау барысында оның мазмұны мен
сыртқы келбеті, оқулық құрылымы тең дәрежеде маңызды. Сыртқы келбет сән
қуу, оқу орнының даңқын асқақтату емес, бұл оқушының берілген материалды
қабылдауын жақсартатын әдіс-тәсілдердің бірі.
Мәтінді көрсету әдістері
Экранда көрсетілген мәтінді қабылдау (сонымен бірге түсіну) процесіне
мынадай факторлар әсер етеді:
• Мәтіндік аймақтың ені;
• Мәтінді туралау (выравнивание) әдісі;
• Оның экран парағында орналасуы;
• Шрифтің сызылымы, стилі, өлшемі;
Мәтінді қабылдау тиімділігі көз жеке сөздер мен сөз тіркестерін емес,
толық аяқталған бір фрагментті , тіпті абзацты толық қамти алған жағдайда
күрт өседі. Бұл факт баспа ісінде кітап парағының ұзындығын таңдағанда
шешуші рөл атқарады. Сондықтан да парақтың өлшемдері үлкен болғанда мәтін
бағандарға бөлінеді, ал альбомдық форматтағы парақтар ешқашан бір шетінен
екінші шетіне дейін толтырылмайды.
Осы айтылған ережелерді техникалық шектеулерді ескере отырып, экран
дисплейіндегі мәтінге қолдану мынаған әкеледі: текстік аймақ экран енін
толық алмауы керек, ал шрифт өлшемі 12 пункттен кем емес (14 пункт болса
тіптен жақсы) , үлкен мониторлар үшін 16 пункт.
Бұл шарттарды орындамау, әсіресе диагоналі 15 дюймнан үлкен
мониторларда , ұзын мәтін жолы көзді үлкен бұрыш аумағында қозғалуға, кейде
тіпті басты бұруға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, адам тез шаршайды, ол өз
кезегінде оқу материалын түсіну деңгейінің нашарлауына әкеледі.
Қарапайым болып көрінгенімен, тексті туралау - безендірудің тиімді
әдісі. Қандай да бір туралауды қолдану тек мәтіннің қажет бөлігіне назар
аудартып қоймай, сонымен бірге тексті оқу ырғағын белгілеп, оны керек жерде
жылдамдатуға немесе бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Алфавитті қолданатын тілдердің көбінде (араб, иврит сияқтылардан
басқа) текст солдан оңға қарай оқылады. Сондықтан тексті солға (немесе екі
жақ шетке бірдей) туралау ең оңтайлы және оқу барысында жеңіл қабылданады.
Бұл жағдайда барлық жолдар парақтың сол жағындағы бір тік сызықтан
басталады.
Текстік аймақтың оң жағына қарай туралау кейбір тақырыптарды, кесте
атауларын немесе жеке бір мағыналық топқа біріктіру керек болатын мәтінді
бөлектеу үшін қолданған абзал.
Ортаға туралау тақырыптарға жақсы келеді және де кейбір текстік
фрагменттерге қосымша мағына беру керек болғанда жақсы.
Қазіргі кезде пайда болған сан-алуан шрифтерді екі топқа бөлуге
болады: жармасы бар (Serif) және майда (San Serif). Біріншісіне (Serif)
Times New Roman типтес шрифтер, екіншісіне (San Serif) Arial- жатады.
Психологтардың айтуынша жармасы бар шрифтер жеңіл оқылады, себебі олар
көзге "ілінеді", жармалар әріптер бойымен бағыттауыш рөлін атқарады да, көз
талмайды.
Майда шрифтер оқу барысында көбірек зейін мен күш салуды талап етеді,
бірақ оқылған нәрсе есте жақсы қалады. Сонымен, оқушының назарын аудару
қажет оқулықтың кіші-гірім бөліктерінде (мысалы , анықтама) майда шрифтер
қолданған жөн.
Электронды оқулық шрифтер түрі шектеулі қолданушы компьютерінде дұрыс
көрінуін қамтамасыз ету керек. Осыны ескеріп, қолданылатын шрифтер тобын
таңдауда мұқият болып, оны алмастыру немесе ЭОБ-мен бірге тарату жолдарын
ойластыру қажет.
Оқулық мәтініне формулаларды енгізу жөнінде гі мәселе жеке шешімді
қажет етеді, себебі кез-келген формат түрлі формулаларды енгізуді
қолдамайды. Гипертекст тілі (xHTML) қолданылса, арнайы тілдерді (MathML,
ChML және т.б.) қолдануға болады. Бірақ, бұл жағдайда оқулық құрамына
мұндай мәліметті дұрыс көрсету үшін арнайы плеерді енгізу керек болады.
Назар аударту әдістері
Экрандағы тексті мынадай әдістермен бөлектеуге болады:
• Тұрған орнымен;
• Фонмен;
• Шрифтпен;
• Шрифт түсімен;
Басылымдардан бір ерекшелігі электронды кітаптарда қабылдау процесіне
түстер арқылы әсер етуге болады. Бірақ, мұнда шектен шықпау керек. Оқулық
мақсаты -оқыту, яғни адамға қажет мәліметті ең тиімді жолмен жеткізу.
Түрлі түстерді керек емес жерде қолдану оқулықты жасау барысындағы
барлық еңбекті жоққа шығаруы мүмкін.
Ең тиімдісі бір парақта тек 3-4 негізгі түсті қолдану және ортақ
тақырыппен байланысқан парақтар тобына бір түсті схема қолданылуы керек.
Бұл дегеніңіз қолданушы негізгі мазмұннан ауытқымас үшін оқулық толығымен
ортақ схемаға бағынуы қажет.
Ақ фондағы қара текст -стандарт, бірақ электронды оқулықтарға бұл
келмеуі мүмкін. Оқушыны шаршатқанынан басқа ол ештеңе әкелмейді.
Көзге түсетін күшті азайту үшін қолданушы дисплейдің айқындығын
төмендетеді, бұл өз кезегінде контрастылықтың жоғалуына әкеледі. Оны
көбейту керек болады. Соңында жұмыс жайлы болмайды, адам шаршап, ақпаратты
қабылдау дәрежесі томендейді. Мұндай жағдайды болдырмаудың жолы қарапайым :
текст-фон қосағын дұрыс үйлестіру.
Негізгі мәтін түсін әмбебап қарамен бояуға болады, басқадай да жасауға
болады (қара қоңыр, қара көк, т.б.). Ал, фон түсі таңдалған ортақ түс
гаммасына тәуелді, бірақ қашан да фонға тек жұмсақ бояу реңін қолданған
жөн.
Фонды бір түспен емес, текстурамен безендірген жақсы. Бір бөлім,
(тіпті , бүкіл оқулық) түсі және фон текстурасы барлық парақтар үшін
тұрақты болып қалуы керек.
Түспен мәтіннің қажет бөлігіне назар аударту үшін негізгі текстен
қатаң бөлектенетін түс қолдануға болмайды. Қанығу дәрежесі әртүрлі бір түс
қолданса жеткілікті. Керек фрагментті бөліп көрсету үшін тек шрифт және түс
емес, оның экрандағы орны мен (немесе) туралауын өзгертуге де болады. Бұл
туралы жоғарыда айтылған болатын.
Бөлектеудің бірнеше түрін қолдану ең жақсы нәтиже береді.
Қолдау мен дамыту және мазмұны мен құрылымдық талаптарды қарастырайық.
Бұлардың бірге қарастырылу себебі мынада: тек жақсылап ойластырылған
құрылым ғана басылымды қолдауға, өзгертуге, толықтыруға және қайта шығаруға
мүмкіндік береді. Мынадай маңызды талаптарды көрсетуге болады:
• Модульділік (негізі программалық қабықшаға оңай қосылатын жеке
программалық комплекс, файл және т.с.с. түріндегі ортақ принціп
бойынша жасалған оқулық бөліктерінің болуы);
• Оқу құралының құрылымына сай келетін анық, логикаға негізделген
бағыт-бағдар (навигация) жүйесі;
• Бағыт -бағдар жүйесімен біріктірілген иерархиялы құрылым
(оқырман үйренген қарапайым оқулықтардағыдай құрылым оған тез
дағдылануға көмектеседі);
• Икемділік (ЭОБ-н қысқа мерзімде жаңа сұраныстарға бейімдеуге
болатындай, құрылымын өзгерту мүмкіндігі. Мысалы, локальды
немесе глобальды желіге (интернет) орналастыру үшін немесе жеке
бір қолданушыға бейімдеу қажет болса);
Осы принціптерге сүйену және сәйкес технологияны таңдау ЭОБ-н қолдауды
жеңілдетеді. Қолдау термині мұнда оқу басылымын жасап, ендіргеннен кейін
басталатын өмірлік циклы деген мағына береді. Қолдау сөзін әдетте
программаны модернизациялау, сұранысқа икемдеу, қайта жасап шығару және
т.б. сол сияқты процестер деп түсінеді.
Егер құрылымдық талаптар жөнінде айтсақ, оқулық құрамына мыналарды
қосқан абзал:
• Кіріспе;
• Оқу бағдарламасы;
• Пәнді оқу мақсаты, міндеті;
• Бөлімдерге бөлінген негізгі мазмұн;
• Бақылау жаттығулары (тест, тапсырма);
• Негізгі және қосымша әдебиет тізімі;
• Автор (-лар) жөнінде мағлұмат (аты-жөні, тегі, шені, ұйым атауы,
жұмыс телефоны, электронды пошта жәшігі);
Жалпы талаптар төмендегі кетеде көрсетілген. Онда соңғы бағанда
қолданушылар қоюы мүмкін талаптар тізімі жазылған. Осыдан кейін талаптарға
сай электронды оқулықты жасауға арналған технологияны таңдау қажет:
ЭОБ-на қойылатын жалпы талаптар
Техникалық Технологиялық Қолдау және дамыту
Қолдану-шылар шеңберін ЭОБ-ң технологиялары ЭОБ-ы оқулықтың
кеңейту үшін ЭОБ-ы ар-зан, икемді, құрылымына сәйкес
оқушының аппараттық әмбебап, болашағы бар бағыт-бағдар жүйесі мен
–программалық және ойлас-тырылғанның қамтылған және
комплексіне жоғары бәрін іске асыра модульділік принціпіне
талап қоймауы керек. алатындай болуы керек. негізделген болуы
керек.

Экономикалық Құрылымдық Қолданушы талаптары
Арзан, әркімнің қолы Құрылым икемді, Көрнекілік, офистік
жететін технологиялар интуи-тивті түрде пакеттермен бірге жұмыс
арқасында ЭОБ-ң өзіндіктүсінікті, иерархиялық істейтіндігі, ақпарттың
құнын және оны қолдану болғаны дұрыс. толық болуы, өзі ықшам,
барысындағы шығындарды арзан, жұмыс істеу
азайту. жайлы болы керек.

1.2 Электронды оқу құралдарын жасау
технологиялары мен әдістемесі
Жоғары сапалы ЭОБ-н жасау тек көп қаражат қана емес, сонымен қатар
мілікті мамандардың қажырлы еңбегін қажет ететін ұзақ процесс.
Көп нәрсе таңдалған технология мен ЭОБ-н жасау әдісіне (технологиялық
процеске) тәуелді. Бұрыс таңдау сәті түссе жұмысты қиындатып, жобаның құнын
өсіруі мүмкін, сәтсіз жағдайда жаңа технология таңдап, жобаны қайта
бастауға тура келеді.
Сондықтан, технология таңдауға байыппен келу керек. Дұрыс таңдалған
технология автордың ойындағыны ең оңай жолмен өте жоғары деңгейде іске
асыруға мүмкінді береді.
Практикада ЭОБ-н жасаудың мынадай жолдары қолданылады:
• Аудио және видео лекциялар жазу;
• ЭОБ-н Adobe компаниясы шығарған pdf форматының негізінде жасау.
Сонымен қоса, ұқсас принціпте жұмыс істейтін DjVu (дежавю)
форматы бар;
• ЭОБ-н MS Office пакетінің құрама бөлігі MS Word программасының
көмегімен doc форматының негізінде жасау;
• ЭОБ-н Windows анықтамалық көмек жүйесінің негізінде (яғни, hlp
форматында) жасау;
• ЭОБ-н мультмедия мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген
гипертекстік белгілеу тілі (Hyper Text Markup Language) HTML -де
дайындау. HTML-Интернетте ақпаратты жариялаудың стандарты;
• Аралас әдіс.
Бұлардың бәрінің өз кемшіліктері бар. Және де ешқайсысы толық қанды
ЭОБ-н жасауға жарамайды. Оларды біріктіріп қолдану да кей жағдайда авторды
қанағаттандырмауы мүмкін.
ЭОБ-н жасау көп күшті қажет ететін қиын процесс. Оның құрамында
мынадай шартты сатыларды көрсетуге болады:
• ЭОБ-н жасауға жауапты топ құру;
• ЭОБ-ң құрылымы мен дизайнын жобалау;
• ЭОБ-на қойылатын талаптар тізімін құру;
• ЭОБ-н іске асыратын технологияны таңдау;
• ЭОБ-н жасау;
• ЭОБ-ң құнын есептеу;
• ЭОБ-н тестілеу;
• ЭОБ-н жаңарту;
• ЭОБ-н ұйымның (оқу орнының) ақпараттық қамтамсыз ету жүйесіне
енгізу;
Барлық сатыларды тиімді менеджменттің қажеттігін түсіну керек. Жобаның
сәттілігі көп жағдайда адамдар мен қорды басқару, менеджмент функциясын
икемді және жедел орындалуына тәуелді.
Идеал жағдайда ЭОБ-на жауап беретін топта менеджер, яғни жұмыстың
орындалуын бақылайтын, командаға бағыт-бағдар беретін, топ мүшелері
арасында жедел байланысты қамтамасыз ететін, қиын жағдайлар, шиеленіс және
т.б. жұмыс барысындағы сұрақтарды шешетін басшы, ЭОБ-ң материалын дұрыс
түсіндіру және көрсетуге жауап беретін методист, методикалық ойларды жүзеге
асыратын программист (немесе бірнеше программист), оқу басылымына
көрнекілік беретін дизайнер, материалды қабылдау дәрежесіне әсер ететін
тәсілдерді таңдап, оларды үйлестіруші психолог, сонымен қоса дыбыс және
видео материалға жауап беретін диктор болуы керек. Тәжірибеде көп жағдайда
методист рөлін , тексті психологиялық тұрғыдан өңдеуді және аудио, видео
материалды автордың өзі орындайды. Дизайнер және программист функцияларын
да бір адам атқаруы мүмкін, себебі білікті web-программист web-дизайнер
бола алады.
Топқа кіретін адамдар саны қойылған мақсатқа қарай үштен алтыға дейін,
одан да көп болуы мүмкін.
Оқулықтың құрылымы мен дизайнын жобалауға үлкен көңіл бөлу керек.
Құрылым оқушы шатаспайтындай және қажет кезде дайын оқу программасына
жаңа құрылымдық бірліктер қосуға болатындай модульділік талабына жауап
беруі керек. Көп жағдайда 3 фрейм негізінде жасалған икемді құрылым жақсы
таңдау болады.
Фрейм (frame-жақтау (ағылш.)) - парақта орналасқан тіктөртбұрышты
аймақ, web-парағын бір-бірінен тәуелсіз мәлімет көрсетіп тұратын бөліктерге
бөлуге мүмкіндік беретін HTML тілінің құралы.
HTML тілінің стандарттарына сай нөмір нөлден басталады. Мұндай
құрылымда нөлінші фреймде мазмұны орналасқан. Ережеге сәйкес, ол content-
frame (content-мазмұн (ағылш.)) деп аталады. Біріншісінде (main-frame)-
алғашында оқу басылымының негізгі (main) беті жүктеледі. Әдетте негізгі
бетте пән атауы, оқулық авторлары мен коллектив жөнінде ақпарат және де
байланыс нөмірі мен оқулық шыққан жыл көрсетіледі. Оқу барысында негізгі
фреймге жеке теориялық блоктар жүктеледі. Content-frame терезесінде
сілтемені шерткенде main-frame терезесінде сілтемеге сай текстік файл
ашылады. Нөмірі екінші фреймде оқу барысында негізгі бетте ашылған тексті
толықтыратын ақыл-кеңес, анықтама сияқты маңызды мәлімет көрсетіледі.
Құрылыммен жұмыс осымен аяқталмайды. Оқулық мәтінін мағынасына қарай
жеке блоктарға бөлу керек. Кейін әрбір блок мазмұн фреймінде сілтеме
түрінде орналасады. Бөлшектеу барысында психологиялық, техникалық және
методикалық талаптар орындалуы керек. Көлемді блок-файлдың жүктелуі ұзақ
уақыт алып, қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін, бірақ тексті ұсақтаудың да
қажеті жоқ. Мысалға, оқулық мәтінін жеке бөліктерге бөліп, lek1.htm,
lek2.htm, ... Lekn.htm файлдарына сақтап, содан әрбір файл ішінде
h2тақырып1h2 және h2тақырып2h2 тегтерімен файлішілік құрылым
ұйымдастыруға болады.
Файлішілік құрылымды, бағыт-бағдарды HTML және JavaScript тілдерінің
стандартты тәсілдерімен оңай ұйымдастырылады.

Мысалға мынадай жолды ұсынуға болады:
1. Әрбір екінші дәрежелі тақырыпта зәкір (ancor- байлау (ағылш.);
зәкір -гипертекстік сілтеме байланған сөз немесе сөз тобы)
жасалады. Ол былай орындалады: a name="lek2_1"h2екінші
лекцияның 2-ші дәрежелі тақырыбыh2a .
2. Осы тақырыпқа сілтеме жасау керек болғанда, дәл осы зәкірге
ауысып, оны негізгі (main) терезеде ашуға мүмкіндік беретін
келесі код қойылады: a href="lek2.htm#lek2_1"
target="main"екінші лекцияның 2-ші дәрежелі тақырыбыa.
Мұндағы lek2.htm#lek2_1 кодында # белгісіне дейін файл атауы,
белгіден кейін зәкір атауы, target="main" параметрі сілтемені
шерткенде парақ бас терезеде ашылуын анықтайды. Фреймдерге
атауды дәстүрлі түрде index.htm деп аталатын оқулықтың басты
файлында береді. Ол өте маңызды файл, себебі онда фрейм
атаулары, параметрлері және т.б. көрсетіледі.

Index.htm файлы мынадай болуы мүмкін

html
head
titleЭлектронды оқулық - ...title
head
frameset cols="190,75*"
frame name="content" scrolling="auto" target="rtop"
src="content.htm"
frameset rows="79*,15%"
frame name="main" target="rbottom" scrolling="auto"
src="main.htm"
frame name="status_" scrolling="auto" src="status.htm"
frameset
noframes
body
p
This page uses frames, but your browser doesn't
support them.
Бұл парақта фреймдар қолданылады, бірақ өкінішке орай
Сіздің брайзерінің оны қолдамайды.
p
body
noframes
frameset
html
Файлда атаулары "content","main","status_" болатын үш фрейм жазылады.
Статаус фреймге "status" атауын тағайындауға болмайды, себебі ол JavaScript
тілінің тіркелген сөзі. Сондықтан, "status" сөзінің соңына ( _ ) белгісі
қойылады. HTML ,xHTML, JavaScript тілдері бойынша қосымша ақпаратты арнайы
анықтамалықтардан алуға болады.
Тәжірибеде көбіне бағыт-бағдардың кейбір функцияларын xHTML мен
JavaScript коды атқаратын, қабықша-программалар жиі қолданылады.
Қабықша-программа түрінде жасалған ЭОБ-ң сырт пішіні жоғарыдағы
суретте көрсетілген.
Мұндай қабықша ЭОБ-н бірқатар функционалдық мүмкіндіктерімен
жабдықтауға жағдай жасайды:
• Ойластырылған бағыт-бағдар жүйесі:
• Бүктемелерді сақтау жүйесі;
• Интерфейс дизайнын өзгерту жүйесі;
• Білімді тексері жүйесі;
• Қолданушы компьютерін қажет талаптарға сәйкестігін тексеру
жүйесі;
• Мәтінді автоматты түрде айналдыру (автопрокрутка) жүйесі;
• Ақыл-кеңес беру жүйесі;
және т.б.
Қабықша-программаның бір ерекшелігі -ол әмбебап және үш фрейм
принціпіне негізделген әртүрлі пәндерге арналған электронды оқулықтарда
қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда дизайнға үлкен рөл артылады. Идеал
жағдайда әрбір қолданушы өз ойынша түзетуіне болатын дизайн программа мен
оқушы арасындағы интерактивті "диалогты" жақсартады.
Суреттегі ЭОБ-ң қабықшасын жасауға Delphi қолданылды. Бұл тілдің
қолданылу себебі оның жоғары жәрежелі функционалдығы мен программалаудың
қарапайым және логикалығында.
Delphi көмегімен Windows жүйесінде жұмыс істейтін прораммалар жасауға
болады және оның өзі программаларды жедел жобалау құралдары класына (Rapid
Application Development, RAD) жатады. Бұл жеделдік Delphi-дің мына екі
сипаттамасының арқасында: формаларды визуальды құрастыру және визуальды
компоненттерді (Visual Component Library, VCL) кеңінен қолдану. Визуальды
құрастыру программисті интерфейсті жобалаудың көптеген аспектілерінен
арылтады.
Визуальды компоненттер кітапханасы программистке программа шеңберінде
қолдануға болатын пішімдердің (заготовка) алуан түрін ұсынады. Пішімдер
мынадай маңызды қасиеттерге ие: программалық коды мен оның жұмыс істеуіне
қажет нәрсенің бәрі құрамында, программистке жазылған нәрсені қайта жазып
қажеті жоқ. Delphi-мен бірге әртүрлі қолданыс аясына арналған көптеген
компоненттер беріледі: қарапайым түсіндірме жазудан бастап күрделі текстік
процессорға дейін. Егер қандай да бір себептермен қажет функционалдық
мүмкіндіктерге ие пішім болмай қалса, онда оны Delphi құралдарымен-ақ
жасап, VCL құрамына енгізуге болады, тағы бір жолы Интернет ресурстарына
жүгініп, Delphi-ге арнайы жасалған тегін және ақылы пішімдер табу.
Пішімдерді қолдану тек программаны жасауға кететін уақытты бірнеше есе
азайтып қоймай, сонымен қоса қандай да болсын үлкен жобада болуы мүмкін
программалық қателердің алдын алады.
Қуаттылық пен икемділік Delphi программалау тілінің басқа RAD
программалық құралдарынан ерекшелейтін қасиеттер. Delphi ядросын 60 -шы
жылдардың соңында профессор Н.Вирт студенттерді программалауға үйрету үшін
жасаған Pascal құрайды. Оның студенттерінің арасында Филип Канн (Kahn) және
Андерс Хейлсберг (Heilsberg) болды. Біріншісі Borland компаниясының
негізін салды, екіншісі оның бас программисті болды. Бірнеше жыл ішінде
А.Хейлсберг және ол бастаған программистер тобы Паскальды қазіргі заманғы
кез-келген қиындықтағы программаны жасауға болатын тілге айналдырды.
Delphi-ді MS Visual Basic –тен компиляция барысында-ақ көптеген
қателерді табуға мүмкіндік беретін қатаң типтелу ерекшелейді.
С++ синтаксисі программа кодын күрделендіріп, біраз уқыттан кейін
автордың өзін шатастыруы мүмкін, ал Delphi синтаксисі қарапайым да
түсінікті.
Delphi құрамына салыстырмалы түрде шағын программалар жасауға
мүмкіндік беретін, сенімді және жылдам оптимизация жасайтын компилятор
кіреді. Сондықтан, қабықша программаны жасау үшін ол өте тиімді болады.
Оқу құралының мазмұндық модулін жасау үшін келесі құралдар қолданылуы
мүмкін:
Негізгі мәтін xHTML тілінде, XML және XSLT глоссари жүйесін
ұйымдастыруға, JavaScript бағыт-бағдар жүйесін жасауға қолданылады. Сонымен
қоса, дизайнды басқару үшін CSS (каскадты кестелер стилі) қолдануға болады.
Бір қарағанда xHTML құжаттары HTML құжаттарына өте ұқсас. Бірақ, SGML
(Standart Generalized Markup Language)- ге негізделген HTML –ден
айырмашылығы xHTML XML (eXtensible Markup Language)-ге негізделген. xHTML
web-тің ескіріп бара жатқан тілі HTML мен web-тің болашақ тілі XML
арасындағы өтпелі кезең ретінде жасалған. Өкінішке орай көптеген браузерлер
(browser (ағылш.) – түрлі web-құжаттарды көруге арналған графикалық
интерфейсі бар программалар) қазірге дейін XML–мен жұмыс істемейді. Бірақ,
бұл уақытша жағдай.
Графиктік материал ЭОБ-да jpeg,GIF және PNG форматтарында көрсетіледі.
JPEG –(“джейпег”) қозғалыссыз бейне суретті сығу (архивтеу) алгоритмі.
JPEG жұмыс тобы жасап шығарған бейнені шығынмен 25:1 және одан да жоғары
коэфициентпен сығу стандарты. Оны ақ-қара суреттерге қолдануға болмайды.
Шағын көлемі мен ойдан шығатын сапасының арқасында бұл формат web-
құжаттарда қолданыс тапты.
GIF (Graphics Interchange Format)-графикалық мәліметтермен алмасу
форматы -1987 жылы CompuServe ақпарат қызметі графиканы тиімді жөнелту үшін
жасады. Бір түсті аймақтары көп қарапайым растрлық суреттерді сақтау үшін
қолданылады. Бейне 256 түсті, өлшемі 65536*65536 пиксельге дейін жетуі
мүмкін. Қазіргі таңда анимацияланған суреттерді сақтауға болатын GIF89a
нұсқасы қолданыста.
PNG (Portable Network Graphics)- тасымалданатын желілік графика – GIF-
ке ұқсас , бірақ сығу алгоритмі күштірек, интернеттегі графикалық файлдарға
қолданылатын формат. Тегін таратылатын программаға (public domain) жатады
және көптеген броузерлер қолдайды. 1994 жылы CompuServe GIF патентпен
қорғалған сығу алгоритмін қолданатынын жарияланғаннан кейін, Интернет
қауымдастық жасай бастады. Сондықтан басқа атауы PNG’s Not GIF (PNG GIF
емес).
Оқытудың ажырамас элементі оны визуализациялау , статикалық және
анимацияланған графикамен бірге ЭОБ-н видео мәліметтермен де қамтамасыз
етуге болады.
Видео AVI әдетте форматында көрсетіледі.
AVI (Audio Video Interleaved) –форматын дыбыспен синхронизацияланған
видеофильмдерді сақтау үшін Microsoft корпорациясының Multimedia Systems
Group бөлімшесі жасап шығарған. Көру үшін қосымша арнайы аппараттық
жабдықты қажет етпейді. AVI файлдарының заты (түрі, типі) .avi.
Оқу басылымына видеофильмдер енгізгенде, онымен бірге қолданушы
компьютерінде болмауы мүмкін кодектерді де қосу керек.
Codec (Compressor-Decompressor) –мәліметті сығуқалпына келтіру
технологиясы , видео және (немесе) дыбыстық сигналды сығылған сандық
формаға түрлендіруге және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін аппараттық
немесе программалық механизм.
ЭОБ-ң құрамына тағы басқа бірқатар элементтер кіруі мүмкін.

ІІ-тарау.Физика пәнінен электрондық оқулық
1-сурет.Электронды оқулықтың басты беті.

2-сурет.Дәрістер терезесі.

3-сурет.Бейне материалдарды ойнату
терезесі.

4-сурет.Ережелер терезесі.

5-сурет.Тестілеу терезесі.

ІІІ-тарау. HTML гипермәтіндік белгілеу тілі

3.1 HTML тілінің шығу тарихы
XX ғасырдың 60 жылдарында IBM компаниясы құжаттарды әр түрлі
платформалар мен операциялық жүйелер арасында тасымалдаумен айналыса
бастады. Олардың жұмысының нәтижесі GML (GENERAL MARKUP LANGUAGE)- жалпы
белгілеу тілі болып табылды. Бұл тіл 1980 жылы кеңейтіліп халықаралық ұйым
стандартынан өтіп, SGML (Стандартты жалпы белгілеу) тіліне айналды.
Көптеген құжаттарға қатынауды жеңілдету үшін тәуелсіз түрде жұмыс істей
алатын әрі қарапайым, әрі әмбебап жүйе қажет болды. 1980 жылдың басында
бұл іспен Тим Бернерс-Ли айналысты. Барлық компьютерлерде барлық құжаттар
бірдей орындалатындай белгілеу тілдерін өңдей бастады. Жаңа тілдің аты
гипермәтінмен жұмыстың тәсілдерін қарастыратын HTML (Гипермәтінді белгілеу
) тілі деп аталды.
Гипермәтін – мәтінді, графиканы және басқа да мәліметтерді
ұйымдастырудың тәсілі. Бұл термин Ваневар Бум, Тед Нельсондармен ойластырып
табылған. 1989 жылы Бернерс-Ли құжаттардың өрмегі тәрізді сілтемелермен
байланысқан ақпараттық жүйені өңдеуді ұсынған. Бірақ бұл өте баяу дамыды.
Сондықтан Бернерс-Ли HTTP ( Гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталатын
хаттама ойлап тапты. Мұнда серверлер әртүрлі құжаттармен алмаса алатын
болды және web серверлер мен браузерлердің алғашқы бағдарламасын жазды.
1991 жылдан бастап алғашқы web тораптар құрыла бастады.
WWW немесе WEB - бұл интернетте тасымалдау каналдары ретінде
қолданылатын гипермәтіндік ақпараттарды тарататын ауқымды жүйе. Сонымен
HTML гипермәтіндік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide
Web гипермәтіндік жүйесін бөлуді өңдеу технологиясының компоненттерінің
бірі ретінде Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web – парақтарының бір
ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде web
– парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым бағдарламалау
тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі

мәтіндерді Web – парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын
анықтайды.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web –
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану
жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі
болып отырып, оның өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Электронды оқулықты пайдалану
Ақпараттық мәдениет
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Пәндер