Халықаралық дербес құқық түсінігі



1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ АТАУЫ
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ
4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Халықаралық дербес құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.
Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де XIX-XX ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік кауымдастық, оның қүрамына бірлескен кәспорындар мен өндірістер, бірлескен зерггеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қактығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
1. Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
2. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000.
3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ АТАУЫ
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ
4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
2. Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000.
3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984.

1. Халықаралық дербес құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.
Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де XIX-XX ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік кауымдастық, оның қүрамына бірлескен кәспорындар мен өндірістер, бірлескен зерггеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қактығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері аркасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының аркасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, теле-радио кұралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстін кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, коршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп кана коймайды.
Халықаралық дербес құқық, үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе - халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің - халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.
Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді.
Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді.
Халықаралық дербес құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.
Халықаралық дербес құқықтың мақсаты әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Қатынастардың екінші бір тобы - шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық дербес кұқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық дербес құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық дербес құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық дербес құқық нормалары Қазақстаңдағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.
Халықаралық дербес құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.
Халықаралық дербес құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық кұқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық дербес құқық өз бетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық дербес құқық болып табылады.
Халықаралық жария құқық пен халықаралық дербес құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық дербес құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.
Халықаралық дербес құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық кауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық дербес құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық дербес құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жария құқықтан халықаралық дербес құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық дербес құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар - бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық дербес кұқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық дербес кұқыкта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.
Халықаралық дербес құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.
Енді, халықаралық дербес құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді карастырған жөн.
Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық дербес құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениңдік түсінік - біз ешқандай жекөлікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы дербес кұқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды дербес және жария деп бөлуді ары қарай дамытып отыр. Бұны Ульпиниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал дербес құқық жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық дербес құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық дербес құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық дербес құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдады.
Сонымен қатар, осы халықаралық дербес кұқық деген түсінікке өзгертулер енгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В.М. Корецкий өзінің Очерки международного частного права деген кітабында осы пәнді қамтиды деген 50-ден астам пәннің атауын ұсынады. Олардың қатарына келесі пәндерді жатқызуға болады: 1) халықаралық азаматтық құқық; 2) халықаралық шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық қатынастардың халықаралық режимі; 4) халықаралық дербес құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) халықаралық құқық кағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің заңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шетелдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтілерінің теориясы; 12) кұқық конфликтісі т.б.
Халықаралық дербес кұқықтың мазмұнына аталған атаулардың қайсысы көбірек келетіндігін біз төменде көрсетілген бөлімдерден білетін боламыз, ал қазір біз халықаралық дербес құқық деген сөзді қолданған барынша дұрыс екендігін айта аламыз.

2. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық дербес құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да козғап өту керек.
Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:
1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, казақстандық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
2. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.
3. Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік қатынастар (зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.).
Отандық ілім халықаралық дербес құқық сонымен катар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де карастырды. Мұның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір туғызады.
Халықаралық дербес құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құраған. Шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудің басты ерекшелігі - көп жағдайда халықаралық дербес кұқық мәселелерін шешуде тікелей ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама қолданылуы керек екендігі туралы меңзейді. Мұндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.
Заң тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық дербес құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер қолданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық дербес құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды, бірақ коллизиялық сауалдар мен халықаралық дербес құқық мазмұны толығымен ашылмайды.
Халықаралық дербес құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс. Осындай түсініктен кейін халықаралық дербес құқық құрамына халықаралық қатынастар көмегімен унификациялауға көп мән берген жөн. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы сауда, көлік және басқа салалардағы материалдық құқықтардың унификациялануына алып келуде.
Халықаралық дербес құқықтың қолданылар кеңістігі мен оның мазмұны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусынын сауалы халықаралық дербес құқыққа бағытталған. Сонымен катар, осы тұста да бірқатар нюанстар бар. Мәселен, Францияда шетелдіктердің құқықтық жағдайы ешқандай сауалдарсыз халықаралық дербес кұқықтың реттеуіне енгізіледі, ал Англияда, Уэльсте және Нидерланта бұл халықаралық дербес құқықтың көрінісі деп танылады. Бірқатар жағдайларда халықаралық дербес құқықтың аясы туралы доктриналық көзқарастар халықаралық дербес құқық туралы заңнамада өз бекімін тапқан. Мәселен, Венгрияның халықаралық дербес кұқық туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқығының негіздері
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Сыртқы экономикалық келісімдер
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Сөз бостандық құқы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық іс-жүргізу
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалар
Пәндер