Халықаралық қылмыстық сот



1 Халықаралық қылмыстық сот жұмысының алғы шарттары
2 Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы
Пайдаланған әдебиеттер
Халықаралық қылмыстылықпен барлық хаплықаралық қауымдастық күресуге тиіс, ал халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі адамдардың жазасы халықаралық сипатта болуға тиіс. Әлемде ешбір мемлекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретін халықаралық қылмыстарды санамағанда, күннен күнге өсіп жатқан трансұлттық қылмыстылыққа өз бетінше қарсы тұра алмайды. Агрессия, геноцид, әскери қылмыстар және тағы басқа қылмыстар тәрізді айыр халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кәнілі адамдарды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда ғана әділеттілік халықтарын иибуналдымұндай қылмыстар жазаланбай қоймайтындығына сендіруге болады. Мұндай қылмыстар үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауаптылығы мемлекет атынан қызмет ететін, арнайы құрылған Халықаралық сот органымен жұзеге асырылуы мүмкін. Осы Халықаралық қылмыстық сот жасалған халықаралық қылмыстар үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасының орындалуының кепілі болып табылады.
1. Панов В.П. Международное уголовное право. Учебное пособие. –М., 1997
2. Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными преступлениями. — М., 1993
3. Сборник стандартов и норм ООН в облости предупреждения преступности и уголовного правосудия. Нью-Йорк., 1992
4. Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. – М. 1990
5. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. Құлжабаева Ж. О. Алматы – HAS баспа компаниясы, 2003

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Халықаралық қылмыстық сот

1 Халықаралық қылмыстық сот жұмысының алғы шарттары
2 Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы

Халықаралық қылмыстылықпен барлық хаплықаралық қауымдастық күресуге тиіс, ал халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі адамдардың жазасы халықаралық сипатта болуға тиіс. Әлемде ешбір мемлекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретін халықаралық қылмыстарды санамағанда, күннен күнге өсіп жатқан трансұлттық қылмыстылыққа өз бетінше қарсы тұра алмайды. Агрессия, геноцид, әскери қылмыстар және тағы басқа қылмыстар тәрізді айыр халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кәнілі адамдарды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда ғана әділеттілік халықтарын иибуналдымұндай қылмыстар жазаланбай қоймайтындығына сендіруге болады. Мұндай қылмыстар үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауаптылығы мемлекет атынан қызмет ететін, арнайы құрылған Халықаралық сот органымен жұзеге асырылуы мүмкін. Осы Халықаралық қылмыстық сот жасалған халықаралық қылмыстар үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасының орындалуының кепілі болып табылады.
Тұрақты негізде халықаралық қылмыстық сотты құру тарихы бірнеше онжылдықтардан тұрады. Алғашқы рет БҰҰ бұл мәселеге 1948 жылы көңіл бөлді. Ол кезде бұған Нюрнбергтік және Токиолық трибуналдардың құрылуы негіз болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 желтоқсан 1948 жылғы 260 (III) резолюциясында халықаралық құқық Комиссиясына халықаралық конвенциялар негізінде осы органның өкілеттілігіне жататын геноцид және тағы басқа қылмыстар жасағаны үшін айыпты адамдардың істерін қарау жүктелген халықаралық заң органын құрудың қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуді және Комиссияға осы мәселені қарауда Халықаралық Соттың қылмыстық камерасын құру мүмкіндігіне көңіл бөлуді ұсынды.
Аталған мәселе бойынша ұсынылған баяндамаларды талқылағаннан соң Комиссия геноцид және басқа да қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі адамдарды айыптау бойынша істі қарау жүктелген халықаралық заң органының құрылуы қажетті және мүмкін деген пікірге келді. Алайда Комиссия мұндай органды Халықаралық Соттың камерасы ретінде құруды жақтамады да, дербес сот органын құру жолын дұрыс деп санады.
Халықаралық қылмыстық юрисдикция туралы мәселе бойынша Комиссияның баяндамасын алдын ала тәртіппен қараудан соң Бас Ассамблея 12 желтоқсан 1959 жылғы 489 (V) резолюциясында Халықаралық қылмыстық сотты құруға қатысты нақты ұсыныстарды дайындау үшін он жеті мемлекеттер-мүшелер өкілдерінен құралған Комитетті бекітті. 1951 жылдың тамызында Комитет Халықаралық қылмыстық соттың Статутының жобасын дайындауды аяқтады. Статут жобасында мұдай соттың тұрақты құрылымы болады, ал оның қызметіоған ұсынылған істердің негізінде ғана жүргізіледі делінген.
Комитетің Баяндамасы және Халықаралық қылмыстық сот статутының жобасы БҰҰ мемлекеттер-мүшелерінің үкіметтеріне қарау және ескертпелер жасау үшін жіберілген. Бірақ мұндай ескертпелер тек бірнеше мемлекеттердің үкіметтерінен ғана алынды және осыған байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 1952 жылғы 687 (VII) резолюциясында бұрынғыша он жеті мемлекет-мүшелер өкілдерінен тұратын жаңа комитет құруды қаулы етті. Жаңа Комитеттің мәжілістері 1953 жылы жаз айларында БҰҰ Орталық мекемелерінде жүргізіліп отырды. Комитеттің қарау шеңберіне мыналар жатты: 1) халықаралық қылмыстық сотты құру аспектілері мен зардаптарын және осылардың көмегімен жүзеге асырылатын әр түрлі шараларды зерттеу; 2) осындай соттар мен БҰҰ және оның органдарының өзарақатынасы туралы мәселені зерделеу; 3) Статут жобасын қайта қарастыру. Комитет 1951 жылғы Статут жобасына бірқатар өзгерістер енгізді, ал бірқатар баптар бойынша балама мәтіндер дайындады, оның біреуі БҰҰ қарамастан сот органдарының әрекет ету жағдайына, ал екіншісі - Сот пен БҰҰ арасында тығыз байланыстар орнату туралы шешімдер қабылдау жағдайына арналған. Комитет баяндамасы 1954 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының қарауына ұсынылды. Алайда аталған баяндаманы және басқа да құжаттарды қарау әр түрлі себептермен кейінге қалдырылды.
1994 жылы ғана халықаралық құқық комиссиясы өзінің 46-сессиясында Халықаралық қылмыстық сот Жарғысының жобасы бойынша Жұмысшы тобын қайта құруды қаулы етті. Жұмысшы топпен жарғының алдыңғы жобасы қайта қаралып, үкіметтердің ескертпелері мен 48-ші сессиясы кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Алтыншы комитетінде жарыссөздер барысында айтылған пікірлер ескерілген жарғының жаңа жобасы дайындалды.
Жарғының жобасы 60 баптан тұрды, олар өз кезегінде сегіз негізгі бөлімдерге бөлінді: 1 Соттың Құрылуы; 2 Сот Құрамы және сотты әкімшілік басқару; 3 Соттың юрисдикциясы; 4 Тергеу және қылмыстық құдалау; 5 Сотта іс қарау; 6 Шағым беру және қайта қарау; 7 Халықаралық әрекеттесу және соттық көмек; 8 Үкімдерді орындау.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен екі трибунал - 1991 жылдан бері бұрынғы Югославия аумағында халықаралық гуманитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі
Халықаралық қылмыстық сот қызметі
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Халықаралық құқық теориясы тұрғысынан Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін анықтау
Сот жүйесі (шетел)
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі куәлік иммунитет қағидасы
Халықаралық құқықта құқықбұзушылық жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін халықаралық-құқықтық реттеу
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі
Пәндер