Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың теориялық негіздері мен ролі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі болып табылатын оның қаржылық тұрақтылығының рөлін анықтау болып табылады. Әрине оның нәтижесін біз кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау негізінде анықтай аламыз.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бұл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.

Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: «КМК Мұнай» Акционерлік Қоғамы. Оның негізгі қызметі көмірсутек шикізатын іздеу, барлау және өндіру. Кәсіпорындар, ұйымдар және азаматтарға жұмыстар мен қызметтер көрсету болып табылады. «КМК Мұнай» АҚ Ақтөбе облысындағы мұнай өндіру және барлау қызметтері бойынша салалық қызмет ететін бірден бір кәсіпорындардың бірі. Ол жергілікті әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде және бюджет кірісін қалыптастыруда өзіндік орыны бар кәсіпорын болып табылады. Компанияның қызметі Қазақстан Республикасында жүзеге асады. Компания Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысында орналасқан Көкжиде, Құмсай және Мортук мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартына ие жеке акционерлік компания болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың теориялық аспектілерін зерттей отырып, зертеу объектісі болып табылатын «КМК Мұнай» АҚ-ң қаржылық жағдайын талдау. Аталмыш мақсатқа жету үшін алға келесідей міндеттер қойылды :

  • қаржылық талдау теориясы мен әдістемесіне шолу жасау;
  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау;
  • Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау;
  • Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және бағалау.

Осы міндеттерді орындау барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың жағдайы мен қозғалмасын бағалау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Дипломдық жұмысты орындау барысында «КМК Мұнай» АҚ-ң есеп беру формалары пайдаланылады. Атап атқанда 2010-2014 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Түсініктеме хат және «КМК Мұнай» Акционерлік Қоғамының Жарғысы.

Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жұмысына экономикалық тұрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бұл көбінесе оны талдай білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму тенденциясы зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең және жүйелі түрде зерттеледі, бизнес жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады, кәсіпорынның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың экономикалық стратегиясы жасалады.

Шаруашылық қызметке кешенді түрде талдау жүргізу - бұл бизнестегі басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми негізі. Оларды негіздеу үшін қазіргі және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылық тәуекелдерді анықтай және болжай білу керек, қабылданған шешімдердің шаруашылық жүргізуші субъектінің тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек. Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді түрде экономикалық талдау жасау әдісін игеруі олардың кәсіби дайындығының құрамды бөлігі болып табылады. Талдау техникасы мен технологиясын біле отырып, олар нарықтағы жағдайдың өзгерістеріне оңай бейімделе алады және дұрыс жауап пен шешімдер таба алатын болады. Осыған орай экономикалық талдаудың негіздерін игере білу: шешім қабылдауға қатысатындарға да, оларды қабылдау бойынша ұсыныстар беретіндерге де пайдалы болмақ.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектеріндегі іргелі және қолданбалы тұжырымдамалары алынған. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, стратегиялық даму бағдарламалары, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлары, сондай-ақ қабылданған мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі 3 тараудан, қорытынды және қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың теориялық негіздері мен ролі туралы теория негізінде жазылған. Осы тараудың теориялық базасы болып К. Ш. Дүйсенбаевтің, Т. Ж. Демесіновтың еңбектері болып табылады.

Екінші тарауда «КМК Мұнай» АҚ -ның қаржылық жағдайы және қаржылық саясатының даму қарқынына талдау жасалынған.

Үшінші тарауда АҚ «КМК Мұнай» компаниясын зерттеу нәтижесінде туындаған проблемаларды анықтау және олардың шешу жолдары көрсетілген.

1. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың теориялық негіздері мен ролі

  1. Шаруашылық қызметті талдаудың экономикалық мәні мен мазмұны

Шаруашылық қызмет және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т. б. Экономика саласының немесе жеке бір кәсіпорынның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды, процестерді және сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.

Шаруашылық қызметті талдау пәні экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға және соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді. Себеп-салдар байланыстарды топтастыру, жүйелендіру, моделдеу, шамалау басты әдістемелік мәселесі болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдау объектісі шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорында талдау объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т. б. жатады. Кәсіпорын экономикасын кешенді түрде зерделеу көрсеткіштердің жүйелендірілуін болжайды, себебі көрсеткіштердің жиынтығы олардың өзара байланысын және өзара бағыныштылығын ескермегенде шаруашылық қызметінің тиімділігі жөнінде дәл және анық көзқарас бере алмайды. Қызмет етудің әр түрлері жөніндегі нақты деректер өзара бір-бірімен бірыңғай кешендік жүйеде байланысуы тиіс(Қосымша 1) .

Шаруашылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым мен практикадан алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа алу керек.

Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибесінің жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы тиіс;

Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және кәсіпорын экономикасындағы себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді;

Талдау объективті, нақты, дәл болуы тиіс, нақты шындықты көрсететін дұрыс, тексерілген ақпаратқа негізделуі керек, ал оның тұжырымдары нақты талданған есептеулерге негізделуі тиіс. Осы талаптардан есептеулерді ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы аудитті, сондай-ақ талдау әдістемесін оның есептеулерінің дәлдігі мен дұрыстығын арттыру мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;

Талдау жарамды болуы керек, кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы жіберіп алған мүмкіндіктерді уақтылы анықтай отырып, олар туралы кәсіпорын басшыларына хабарлау керек, өндіріс барысы мен оның нәтижесіне белсенді түрде әсер етуі тиіс. Осы принциптен талдау материалдарын кәсіпорынды басқару үшін, нақты шараларды әзірлеу үшін, жоспардың деректерін негіздеу, түзету және анықтау үшін нақты түрде пайдалану қажеттігі туындайды. Басқаша жағдайда талдаудың мақсатына жетуі екіталай;

Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Бұл талаптан кәсіпорындағы талдау жұмысын жоспарлау, оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны жүргізуді бақылау қажеттігі туындайды;

Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам және нақты жүргізе білуді, басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге асыруды білдіреді;

Талдау принциптерінің бірі - бұл талдау жүргізуге кәсіпорын қызметкерлерінің көпшілігі катыса алатындығын пайымдайтын оның демократиялығы, бұл алдыңғы қатарлы тәжірибені толығырақ анықтауға және барлық ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді;

Талдау экономикалық құбылыстарды, процестерді, шаруашылық ету нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс. Басқаша айтканда, шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалай отырып олардың мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясат пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек;

Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе әсерін тигізуі керек.

Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік, жүйелілік, объективтілік, дәлдік, шындық, әрекеттілік, оперативтілік, демократизм, тиімділік жэне т. б. болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г. В., 2003) .

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға беру;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы керсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі жөне оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек жөне материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі көсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді(Дүйсенбаев К. Ш., және т. б., 2001 ) .

  1. Қаржылық жағдайды талдау - кәсіпорынның қаржылық саясатының ажырамас бөлігі

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бүл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорыныңның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын керсетеді».

В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.

М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады (Дүйсенбаев К. Ш. жэне т. б., 2001) .

С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж. Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын жүмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді (Дүйсенбаев К. Ш. жэне т. б., 2001) .

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».

В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жүмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жүмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

«Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» − деп жазады В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау
Қаржылық есеп беру және оның талдауы
ВИНЗАВОД ЖЕТІСУ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Қаржылық менеджмент
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz