Адамзат ақырзаманға күн санап жақындап келеді


Адамзат ақырзаманға күн санап жақындап келеді

Адам өмірі шексіз бе?

Жерден тыс тіршілік иелері бар ма?

Жүздік телефонның зияны

ЛАЗЕР ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙДЫ

Аң мен құсы жыртылған, Айналайын, Алтынемел атыңнан


Адамзат ақырзаманға күн санап жақындап келеді

Табиғат апаттарьның көпшілігі (зілзаладан басқасы) адамның әрекеттерінен болады. Болашақта жер шарында қандай ғаламат апаттар болуы мүмкін? Мысалы, ауадағы отгегінің азаюы, озонды кабаттардың бүлінуі, ғаламшардағы ауаның жылынып кетуінен мұхиттар мен өзен суларының тасуы және космостық апаттар болуы ғажап емес. Себебі, казір планета глобалды өзгерістерге ұшырауда. 19б0 жылдан бастап ауарайының орташа температурасы біртіндеп жоғарлауда, яғни жер шарының климаты жылынып барады. Соған байланысты құрылған мемлекетаралык көлемшардың деректері бойынша адамдардың отындарды көп жағуынан атмосфералық ауа біртіндеп жылынып барады. Ондағы ен басты қауіп миллиондаған автокөліктердің мыңдаған өндіріс орышарьшың ауаға көміртегінің қос тотығын бөліп шығаруы, атмосфераның тыс ластануынан озонды кабаттардың бүлінуі болып отыр. Әлемдегі эколог- ғалымдардың зерттеулсрі бойынша, ауа райы жыл сайьн экватордан екі полюске қарай 1, 5 шақырым жылдамдықпен жылынып барады. Жапонияның ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда, ауаға көмірқышқыл газы осы қарқынмен ұлғайя берсе, ауаның орташа жылдык температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градусқа жоғарлайды екен. Ал бұл мұхит суларының деңгейін едәуір көтеріп жібереді, өйткені, Солтүстік мұзды мұхиттың мұздары және биік таулардың басындағы калың карлар ериді. Содан су тасқындары болады.

Тек Америка Құрама Штаттарының ондіріс орындары жыл сайын ауаға 1 миллиард 200 миллион тонна молшерінде әртүрлі улы газдар бөліп шығады. Оның басты себебі, олар отын үшін тас көмірді, газды және мұнайды пайдаланады. Бұл мәліметті біз Ұлыбританияның экс-министрі Гаммердің айтқанынан жиып отырмыз.

Ал қазіргі кезде әлемде жыл сайын жер қойнауынан 5 млрд тонна тас көмір қазып алынады. Осы тас көмірді жаққанда олар оттегімен байланысқа түседі, көміркышқыл газын ауаға бөліп шығарады. Отын жанған кезде алынатын энергияға жылына ауадан 20 млрд тонна оттегі ысырап болады екен. Ал ауадағы оттегінің мөлшері төмендегідей әрбір шаршы см жер бетінде 200 г оттегі бар, ал жер бетінің көлемі 500 миллион шақырым. Сонда жер қойнауынан қазып алынатын тас көмірді жағуға жұмсалатын барлық оттегі 50 мың жылға ғана жетеді екен. Ал одан кейін ауада оттегі болмағандықтан тіршілік тоқтайды.

Бұл жұмсалатьн оттегінің орынын тек қана жасыл өсімдіктер ғана толтыра алады. Өйткені өсімдіктердің жапырақтары арқылы көміркышкыл газы жұтып, ауаға оттегі бөлініп шығарады. Соны біле тұра көптеген мемлекеттерде, соның ішінде біздің елде де орман алқаптары аяусыз кесілуде, басым бөлігі өрттін құрбаны болуда. Осының салдарынан ауаға жыл сайын 10-15 пайыз оттегі бөлінбейді. Ғалымдардың болжамы бойынша бірнеше онжылдықтардан кейін жер бетіндегі оттегі 15-20 пайызға кемиді екен.

Қазақстанда қазір ауаның орташа жылдық температурасы градусқа жоғарылады. Бұл процесс жыл өткен сайын жүре береді. Осыған байланысты біздін еліміз жақын жылдары энергия үнемдейтін тиімді технологияға көшсе жағдай күрт қыйндауы мүмкін. Ол үшін ауаны ластамайтын таза қуат көздерін (галио, жел жөне су эиергиясын) қолдану керек. Буған қоса ауадағы көміркышқыл газын жұтатын жасыл өсімдіктерді пайдалану кәжет. Ол үшін жайылымдарды қалпына келтіріп, егін шөптер егу, орман алқаптарын жасау, көше мен жол бойларына ағаштар отырғызу, орман мен тоғайларды өрттен корғау шараларын жүргізген жөн.

Егер ауадан химиялык элементтердің мөлшері көбейіп кетсе озонды қабат жойылады. Озонды қабат күннен жерге түсетін ультракүлгін сәулелерді ұстап калып отырады. БҮҮ-ның мәліметтері бойынша жақын жылдары озонды кабаттың калдығы 5-10 пайызға кемиді. Ал бұл қауіпті вирусты кеселдерді, терінің қатерлі ісігін көбейтеді. Сонымен қатар, жерде ультракүлгін радиациясының жоғарлауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез реакциясы баяулайды және протеин аз кұрылатындықтан ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге көп кедергі келеді. Озонды кабатқа ең қауіпті деп саналатын зат - өндірісте жүрген фреондар, оның құрамына фторхлоруглеродтар кіреді. Бұл заттар тоназытқыш техникаларында, аэрожолдарда, пенопласт жасағанда көп қолданылады. Бір жылда ауаға 10 млл тонна фреон бөлінеді. Олар жерден 20-30 шақырым биіктікке көтеріліп, озонның молекулаларымен байланысып, біртіндеп озонды кабаттарды жоя береді. Озонды қабаттарды ғарышқа ұшырылып жатқан ракеталар да бүлдіреді. Қазір қоғам мен адам табиғатты осылай ластауда.

Ал енді космостық апат туралы қыскаша тоқтала кетейін. Ғаламшар жаралғаннан бері (оған 6 млрд. жыл бойы) космостан жерге метеориттер, астероидтер және кометалар оқтын-оқтын түсіп жатыр. Мысалы, 1908 жылы Сібірге тунгус метеориті, ал 1947 жылы Сихотэ-Алиңді метеориті түсті. Тунгус меторитінің қуаты 12-20 МТ унитротомді болды. 1989 жылы 23 наурыз күні өте үлкен астероид (ұзындығы 800 метр) жерге өте жақын қашықтықта ағып өтті. Егер ол жерге түскенде (оның қуаты 1 мын сутегі бомбасының қуатына тең) миллиондаған адамдар қыруар өлер еді , ал мұхитке түскенде судың деңгейі 100 метрге көтеріліп, жойқын су тасқындары болар еді.

Жалпы жердегі ғаламат апаттар бұдан 65 миллион жыл бұрын болды. Соның салдарынан миллиоңдаған жан-жануарлар (оның ішінде динозаврлар түгел), өсімдіктер жойылып кеткен. Егер қазір жерге аспан әлеміндегі әртүрлі астрофизикалық құбылыстардың әсерінен ұзындығы 1, 5-2, 0 шақырым ғана космостық денелер (астероидтар, метеориттер немесе кометалар) түсетін болса, онда жер өз орбитасынан шығып кетеді. Сонда жер күнге қарай жақыңдауы немесс алыстауы мүмкін. Егер жер күнге жақындаса бүкіл тіршілік атаулы түгел күйіп кетеді, ал күннен алыстаса жер беті мұз болып қатып қалады.

Планетамызды космостық апаттардан қорғау - адамзат баласының ең басты проблемасы. Соған байланысты әрбір мемлекет космоста болып жатқан әртүрлі космофиэикалық құбылыстарды зерттеп, соны үзбей бақылаулары тиіс. Казіргі ғылыми-техникалық прогрестін дамуына байланысты ракеталы-ядролық қарулары бар елдер өзара бірігіп космосты зерттеу жұмыстарын жүргізбесе соңы ақырзаман алып келеді.

Қорыта келгенде, табиғат пен қоршаған ортаны ластауға жол бермейік дегім келеді. Өйткені, табиғат апаттарының бәрі де адамдардың теріс іс-әрекеттерінен болады. Егер табиғатты аялай қорғай білсек, ол да адамзатқа мейірімі мен шапағатын төгеді. Сонда табиғат апаттары да сирек болады.

Адам өмірі шексіз бе?

Далластағы Техасс университетінің ғалымдары генетикаға байланысты сенсациялық жаңалық ашты. Бұл әрбір адамға биологиялық мәңгі өмір сыйлай алатын көрінеді. Профессор Вудридж Райтгың басшылығымен зерттеу жүргізушілер тобы көптеген тәжірибе жасаудың барысында хромосомалық фермент бөлуге қол жеткізді. Хромосома дегеніміз - клетка ядросының бояғыш элементі, ал ферменті - тірі ағзаларда болатын, ағзада химиялық реакцияға көмектесетін күрделі органикалық заттар.

Жаңалық клеткалардың бөліну процесінің тоқтау (бұл биологиялық өлімге соқтырады) себептерін мейлінше тереңірек зерттеу барысында ашылды. Хромосоманың ұштарында арнайы қорғаныш ферменттер - теломераз болатыны анықталды. Міне, нақ осы теломераз клеткаларды бөлу тетігінің басты элементі екен. Оны жұмсап болған жағдайда клетка өздігінен өңіру қабілетін жоғалтады.

Ғалымдар әртүрлі тәжірибелер жасау барысыңда ағзаға теломераздың кажетті мөлшерін сақтау технологиясын жасады. Соның арқасыңда клетканың үнемі жасарту процесі жалғаса береді. "Бұл адам өмірінің шексіз жалғаса беруін қамтамасыз етуге қабілетті", -дейді тәжірибелер жасауға катысқан Джерри Шей.

Жерден тыс тіршілік иелері бар ма?

Жер бетінен тысқары жатқан планетаның бар екендігі туралы болжам расқа шығысымен бұл алемге деген қызығушылық арта түсті. Бұған "Хабл" деп аталатын ғарыш телескопының түрлі хабарларды да себепші болды, Соның нәтижесінде американың федеральдық бюджеті баска планеталықтарды іздестіру жөніндегі бесжылдык бағдарламаға арнап миллиард доллар бөлді. Әрине, бүл жерде сөз ақыл-ой иелері туралы ғана емес, әлемдегі тіршілік белгілері туралы да қозғальш отыр.

Казіргі уақытта бірқатар ғарыш кұпияларын зерттеуге әзірлік жұмыстарына екі мыңнан астам адам тартылған. Бұл бағытқа алғашқы қадам биылғы күзде жасалады, дәлірек айгқаңда, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелермен істейтін ең зовд жер орбитасында шығарылды. Қуаты ғарыш телескоптарымен барлау жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер жинақталғаннан кейін 2011 жылдан бастап футбол алаңынан асып түсетін алып қондырғы орбитаға жеткізілді. Ол адамзат тарихында алғаш рет күн жүйесінен табылған планеталарды суретке тусірді. Оның ар жағында әрбір планетаны жеке зерттеп, аспанда тіршілік ету мүмкіндігін неғұрлым дәл анықтайтын күн де атыс емес.

Американдық ғалымдар биологиялық тіршілік иелері бар планетаны таппай қоймайтындарына сенімді. Адамзатқа әлемде жалғыз еместігін сезінудің өзі неге тұрады, деп санайды олар.

Бірақ әзірге әлемнің шалғайдағы мүйістерінен ой иелерін іздестіру жүргізіле береді. Күн жүйесіндегі біздің жақын көршілеріміз де назардан тыс қалмайды. Бұл пікір Марс және Юпитердің таңғажайып серігі Еуропаға да қатысты. Марстан келіп түскен метеориттерден калып калған бактериялар табылды-мыс делінгелі де біраз уақыт өтті. Бұл проблемаларды шешу ұшін Марс топырағының сынамасынан аддыру керек, бірақ оны әлі де жеті-сегіз жыл күту кажет.

Осы кезде американдықтар Юпитер бойынша да тағы бір миссияны орындауға жедел әзір жүргізуде. Өткен жылы онда болған "Галилей" зоңды Еуропа серігінде калың мұз қабатымен жабьпқан мұхиттың бар екендігі туралы хабар әкелді. Сонымен катар, жандар тау қызметі белгілі болды. Демек, бұл үшеуі - су, жылу және органикалық зат бар жерде - тіршілік бар деп болжауға болады.

Жүздік телефонның зияны

Адамның ойлап тапкан құрал-жабдықтарының пайдасы көп қой, бірақ, оның зиянды жақтары да жетіп-артылады екен. Бұл кейінгі кезде алекзор байланыс жабдықтарына байланысты болып отыр. Дәрігерлер енді жүздік телефон дегенге орай қауіп айтуда. Оньщ электр-магнитті толқыны клеткалардың биологиялық құрылымын өзгертіп жүргізуге қауіпті екен. Мидың қызметін, ағзаның қорғаныштық жүйесін бұзып, кеселге ұшыратуы мүмкін. Ғалымдар осыңдай кауіп айтып, зерттей түсуде.

"Майкропид индастриз" деген лондондык, компания жүздік телефоңдар үшін арнайы никельді-палиэстерлі арнайы қапшық жасапты, ол элетр-магнитті сәуленің көп болігін ұстап калады екен. Бұл қапшық тегін жасалмаса керек. Өйткені ғалымдардың айтуынша, жүздік телефоннан шыққан электр-магниттік сәуле мидың торшаларының қызуын көтереді. Осыған байланысты Австралия мен Финляндияда тышкандарға тәжірибе жасалса, әлгі байғұстардың бірінде рак ісігі білініп, бірі бағыт-бағдарынан жаңылысып қалыпты.

Сондықтан да дәрігерлер 20 минуттан артық үзбей сөйлескен адамның өзі де миьн үнемі тексертіп тұруы керек дейді.

ЛАЗЕР ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙДЫ

Ауыл шаруашылығында қоршаған ортаның ластануының басты себебі химиялык, тынайтқыштарды және улы химикаттарды егістікке пайдаланудан болып отыр. Мысалы, егістікке қолданылған азотты тыңайтқыштарды өсімдіктер бойына толық сіңіре алмайды. Сондықтан олар жауын-шашынның әсерінен су кұбырларына, өзендер мен көлдерге ағып келіп суды ластайды. Химиялық ластау табиғатқа және адамның денсаулығына көп зиян шектіреді. Мамандардың есебі бойынша дүние жүзі бойынша табиғи ортада 7, 0-8, 5 млн әртүрлі химиялық заттардың бары анықталған. Сонымен катар олардың көбі концерогенді жөне мутагенді қасиеттермен бейнеленген. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерге минералды тынайтқыштарды қолдану және дәнді дақылдардың тұқымын улы химикаттарымен өндеу топырақты, суды жөне азык-түлік дақьлдарының өнімін ластайды және адамдармен жануарлардың өміріне зиянды әсер етеді. Ең бастысы, қоршаған ортаға қаіуіпті тағы бір зияндығы, бұл кымбат бағалы тыңайтқьштар мен улы химикаттарды кез-келген кәсіпкерлер сатып ала алмайды. Міне, осындай қиындықтардан шығудың бірі тиімді жолы бар - ол егістікке лазер технологиясын қолдану аркылы, яғни дәнді дақылдардың тұкымын гелий-неон лазерінің сөулесімен өндеу аркылы тұқымдық материалдардың сапасын жақсартуға болатындығы. Бұл көп жылдык ғылыми зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелері бойынша анықталып отыр. Казақтың ӘЛ-Фараби атындағы үлттық университетінің ғалымдары бидай мен арпа тұқымдарын лазер сәулесімен өндеу ақкылы астықтың жалпы және ұнтақты күйе кеселдерімен күресуге болатындығын анықтап берді. Бұл жұмыстар алғаш Алматы облысының Шслек пен Қарасай аудандарында жүргізілді. Онда дәнді дақылдардың тұқымдары құрғақ күйінде себуге 5-10 күн қалған кезде кл-І4 лазер қондырғысьның көмегімен 3-5 цикл мөлшерінде өңделді. Өңдслген тұқымдардың қара күйе тудыратын саңырауқұлақ спорларына беріктілігі айтарлықтай артатындығы байқалған . Соньң нәтижесінде ауру қоздыратын мицелидін өсіп-көбеюі күрт төмендеген ал тұқым өніп шыққан кезде кара күйе кеселін тудыратын спорлар есімдіктерге ешкдндай зиянды әсер етпеген. Себебі лазер сәулесі оларды толықжойып жіберген, сонымен лазер сәулесімен тұқымдық, материалдарды өндеу арқылы күздік және жаздық бидайдың, жаздық арпаның ұнтақты қара күйе кеселін 94-97 процент жоюга болады. Ал тұқымды өңдеуге ешкандай зиянды улы химикаттар қолданылмайды. Лазер сәулесі астықтың өнімін 20 процент арттырады, дәіннің сапасын да жақсартады.

Астықтан жоғары жоне тұрақты өнім алуда топырақтың қоректену рсжимінің атқаратын кызметі ерекше. Топырақтағы қоректік заттардың мөлшері және оларды өсімдіктердің пайдалануын топырақтағы қоректік заттардың жалпы қорларына және микроорганизмдердің , белсенділігіне тікелей байланысты. Өйткені топырақ микроорганизмдердің іс-әрекеттеріне қараи органикалық байланысты озот питраты түрге, ал сіңірілмейтін фосфор мен калий сіңірілетін түрге айналады. Осыған орай біздің ғалымдар "Топырактың қоректену режиміне лазер агротехникасының әсері" деген тақырып бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Алынған деректер боиынша лазер сәулесімен өңделгеннен кейін топырақтың құрамындағы нитраттардың, жылжымалы фосфор меп калийдің мөлшерлері жоғарлайды.

Суды лазермен өңдеген соң көптеген химиялық құбылыстардың жылдамдығы жәе еріген заттардьң

Кристалдануы артады, адсорбция құылыстар қарқынды жүреді, қоспадардың тұнбаға түсуі жақсарады. Ауыр металдардың иондары тотықтар түрінде суда ерімейтін, тұнбаға айналады. Ескере кететін жай

тұнбалар қоршағн ортаға ешқандагі зиянды әерін тигізбейді, себебі оларды өсімдіктер сіңірмейді. Суды резонансты лазерлі әдіспен өңдеу анаэробтық бактериялардың және вирустардың өмір сүруін тоқтады, эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін көбейтеді. Хлор және басқа

тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетін жоғарылатады. Сонымен бүл әдісті қолдануы арқылы өсімдіктерге, жануарларға жөне адамға қажетті биологиялық жогары сапалы судың алынуына жағдай жасады.

Аң мен құсы жыртылған, Айналайын, Алтынемел атыңнан

Елімізде табиғаты таң-қалдырарлық, аң мен құсы жыртылып айырылатын, көне ғасырлардан қалған тарихи ескерткіштерге бай жерлср баршылық Солардьщ бірі-Күрснбелдің көркі болған "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық қорығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дәстүрлі емдеу әдістері
Тәуелсіздік толғауы Медет етсек бір мезет
Әбубәкір Боранқұлұлының шығармалары
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Жетіқарақшы, Үркер жұлдыздарына байланысты мифтік сюжеттер
Аллаға шағыру (дағуат)
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Таблиғи жамағат ағымы
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz