Жорғалаушылардың эвалюциясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Жорғалаушылардың эвалюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Жорғалаушылардың шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазіргі жорғалаушылардың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Ежелдегі динозаврлардың өркендеуі және оның жойылуы ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Тұмсықбастылар отрядының шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Кесірткенің шығу тегін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Бауырмен жорғалаушылар – Пресмыкающиеся – Reptilia. Негізінен, қазіргі кездегі тасбақаларды, қолтырауындарды, тұмсықтыларды, амфисбендерді, кесірткелерді және жыландарды қосып алатын жерүсті омыртқалы жануарлардың класы немесе парафилетикалық тобы. Өте ертедегі жорғалаушылардаң қазба қалдықтары кейінгі тас көмір кезеңінде, яғни бұдан 300 млн жыл бұрын белгілі бола бастады. Жорғалаушылардың арғы тегі сірә ортаңғы тас көмір кезеңінде – ақ қосмекенділерден бөлініп шықты. Олар өзінің арғы тегі секілді суқоймалардан, ылғалды ортадан мүлде ажырап кете алмаған. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология деп атайды. Жорғалаушылар класы 8000 дай түрді қамтиды. Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Суда тіршілік ететін түрлері бар, яғни жер шарының түрлі экологиялық орта жағдайларында – құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік ететін жануарлар. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтан тұрады.
1. К. Б. Олжабекова, Б. Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы II. Алматы: «Қазақ университеті» 2007- 145 б.
2. Банников А.Г., Даревский И.С. и др. Земноводные и пресмыкающиеся СССР. Москва. « Мысль». 1977. 245 стр.
3. Жизнь животных / Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т. 1,2; зоологиипозвоночных. М.: « Высшая школа » ,1976 135 стр.
4. Керролл Р. Палеонтология и эвалюция позвоночных. Т. 1-3. Москва . «Мир» 1993. 121 стр.
5. Қайымов Қ. Биология және техника. Алматы, «Қайнар», 1977. 359 бет
6. Бекенов А. Қазақстанның бағалы аңдары. Алматы, «Білім», 1979. 246 бет
7.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных – Москва «Высшая школа», 1979. 465 стр
8. Параскин К. П. Пресмыкающиеся Казахстана. Алма – Ата, 19597 492 стр.
9. Беркінбай О., Мүталиев А. Жануарлар экологиясы. Шымкент, «Ғылым0», 1999. 536 бет.
10. Кузнецов Б. А. Оптеделитель позвоночных животных фауны СССР. Ч.З. – Москва: Просвещение, 1975. 244 стр.
11. Хардон Э., Венер Р. Общая зоология. Москва, «Мир»,1989. 531 стр.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Жорғалаушылардың эвалюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Жорғалаушылардың шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазіргі жорғалаушылардың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Ежелдегі динозаврлардың өркендеуі және оның жойылуы ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Тұмсықбастылар отрядының шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Кесірткенің шығу тегін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22



Кіріспе

Бауырмен жорғалаушылар - Пресмыкающиеся - Reptilia. Негізінен, қазіргі кездегі тасбақаларды, қолтырауындарды, тұмсықтыларды, амфисбендерді, кесірткелерді және жыландарды қосып алатын жерүсті омыртқалы жануарлардың класы немесе парафилетикалық тобы. Өте ертедегі жорғалаушылардаң қазба қалдықтары кейінгі тас көмір кезеңінде, яғни бұдан 300 млн жыл бұрын белгілі бола бастады. Жорғалаушылардың арғы тегі сірә ортаңғы тас көмір кезеңінде - ақ қосмекенділерден бөлініп шықты. Олар өзінің арғы тегі секілді суқоймалардан, ылғалды ортадан мүлде ажырап кете алмаған. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология деп атайды. Жорғалаушылар класы 8000 дай түрді қамтиды. Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Суда тіршілік ететін түрлері бар, яғни жер шарының түрлі экологиялық орта жағдайларында - құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік ететін жануарлар. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтан тұрады. Қазақстанда бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі кездеседі екен. Тасбақаның 2, кесірткелердің 29, жыланның 18 түріеліміздің түрлі табиғи белдеулерінде тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996 жылы) кесірткенің 6, жыланның 4 түрі тіркелген. Бауырмен жорғалаушылар зиянды бунақденелілермен қоректеніп ауылшаруашылығына пайда тигізеді. Көпшілік түрлерін тағам ретінде пайдаланады, терісінен, сауыттарынан әсемдік бұйымдар жасалады. Әсіресе жыландардың уынан қымбат бағалы дәрі - дәрімектер алынады.

Зерттеу мақсаты: Жорғалаушылардың шығу тегін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1 Жорғалаушылардың шығу тегін зерттеу.
2. Жорғалаушылардың түрлері мен таралу аймақтарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: Жорғалаушылар - Пресмыкающий - Reptilia,
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау.

Систематикалық орны

1 кластармағы Анапсидтер - Anapsida
Сеймуриоморфтар отряды - Seymouriomorpha
Котилозаврлар отряды - Cotylosauria
Таспақалар отряды - Chelonia, seu Testudines
2 кластармағы Проганозаврлар - Proganosauria
Мезозаврлар отряды - Mesosauria
3 кластармағы Ихтиоптеригиялар - Icthyopterygia
Ихтиозаврлар отряды - Icthyopterygia
4 кластармағы Синаптизаврлар - Synaptosauria
Проторозаврлар отряды - Protorosauria
Зауроптеригиялар отряды - Sauropterygia
5 кластармағы Лепидозаврлар - Lepidosauria
Эозухиялар отряды - Eosuchia
Тұмсықбастылар отряда - Rhynchocephalia
Қабыршақтылар отряды - Squamata
6 кластармағы Архозаврлар - Archosauria
Текодонттар отряды - Thecodontia
Қолтырауындар (Крокодилдер) отряды - Crocodilia
Птерозаврлар (Ұшқыш кесірткелер) отряды - Pterosauria
Кесірткежамбасты динозаврлар отряды - Saurischia
Құсжамбасты динозаврлар отряды - Ornithischia
7 кластармағы Синапсидтер, Аңтәрізділер - Synapsida, seu Theromorpha
Пеликозаврлар отряды - Pelycosauria
Терапсидтер отряды - Therapsida





I Жорғалаушылардың эвалюциясы
Жорғалаушылардың шығу тегі

Бауырмен жорғалаушылар, Құстар және Сүтқоректілер Amniota тобын құрайды, бұлар тұтастай құрлық омыртқалылары, кейбір суда тіршілік ететін түрлері екінші рет бейімделгендер.
Амниоталар алғашқы карбонда төртаяқтылардың қарапайым бір бұтағынан шыққан монофилогенетикалық топты құрайды, бұлар соңғы карбонды үш құрамдас бөлікке бөлінеді. Бұлардың біреуінен - сүтқоректілер, екіншісінен - тасбақалар, ал үшіншілерінен басқа көптеген бауырмен жорғалаушылар мен құстар шыққан. Амниоталардың нақты шыққан жері белгісіз, бірақ кейбіреулерінің белгілері оларды антракозаврларға жақындатады. Captorhinida отрядына жататын алғашқы Амниоталардың дене мөлшері үлкен болған. Пішіні жағынан олар қазіргі кесірткелерге ұқсас болған. Protorothyridae тұқымдасы қарбонда және пермьнің бір бөлігінде тіршілік еткен. Полеозой амфибияларынан олардың ерекшелігі сол - жақ механизмі біршама жетілген, насекомдармен қоректенуге маманданған[14].
Алғашқы рептилилер. Котилозаврлар -- тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер.Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана, мойын бөлімі нашар жетілген, балықтарға тән иық белдеуінде тері тектес сүйек -- клейтрум болады. Ми сауыты сүйек қорабынан тұрады да онда көз, танау, төбе органының ғана тесіктері болады. Аяқтары қысқа, маманданбаған. Котилозаврлардың көпшілігі өсімдіктермен, кейбір түрлері моллюскалармен қоректенген.Котилозаврлар перм дәуірінің орта кезінде жақсы дамып, оның аяқ кезінде азайып, ал триас дәуірінде мүлдем құрып біткен. Бұлардың орнын котилозаврлардың жоғары ұйымдасқан және маманданған группалары басқан.Рептилилердің бұдан кейінгі эволюциялық дамуы өзін қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайына сәйкес бейімделіп қа-лыптасты. Көпшілік группаларының скелеті берік, әрі жеңіл бо-лумен қатар, қозғалғыш қасиет пайда болған. Олар бірте-бірте түрлі қоректерді пайдалана бастайды. Осыған байланысты аяқтарының, омыртқа жотасының және ми сауытының құрылысында өзгерістер болған. Көпшілігінің аяқтары ұзын, жамбас сүйегі екі және оданда көп сегізкөз омыртқаларына бекіген. Иық белдеуіндегі клейтрум сүйегі жойылған. Бүтін ми сауыты аздапта болса редукцияға ұшыраған. Ми сауытында екі бет доғасы болатын рептилилердін, өте қарапайым группасы. Тісі амфибилердің тістері сияқты, тек қана жақ сүйегінде ғана емес таңдайында да болады. Омыртқасы амфицельді. Бұлар сырт қарағанда ірі кесірткеге ұқсайды[1].
Алғашқы кесірткілердің қалдықтары перм дәуірінен табылған. Триас дәуірінде тұмсық бастылар (Rhупсһосерһаlіа) пайда болған. Оның гаттерия деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі. Псевдозухилер (Рsеиdоsисһіа). Алғашқы кесірткелермен бір түбірден тараған болу керек. Олар триастың басында пайда болған. Тістері терең ұяшықтарға орналасқан. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан жақсы жетілген. Осының салдарынан жам-бас Сүйегі және артқы аяқтарының төменгі бөлімдері ұзарып кеткен. Көпшілігі ормандарда тіршілік еткен. Орнитозухилар, крокодилдер, динозаврлар (Dіпо-sаигіа) және птерозаврлар (Ріегоsаигіа) осы псевдозухилардан дамуы мүмкін. Көне бауырымен жорғалаушылар. Қырылып қалған жануарлардың қалдығын зерттеу, бауырымен жорғалаушылар әлемi 180 млн. жыл бұрын ерекше көп түрлi болғанын көрсетедi. Көне бауырымен жорғалаушылардың көбiсi өте үлкен көлемдi болған, әсiресе қорқынышты кесiрттер (бронтозавлар, диплодоктар). Кейбiреулерiнiң ұзындығы 30 метрге, салмағы қазiргi 12-13 пiлдiң салмағына тең болған. Ұйғарым бойынша кесiрттер жартылай құрлықта тiршiлiк етуге көшкен. Ұзын мойыны судан шықпай-ақ өсiмдiктермен қоректенуге мүмкiндiк берген.
Құрлықта аңтiстi кесiрттер тiршiлiк еткен. Олардың тiстерi арнайы ұяларда орналасқан және күрек, азу, иттiс тiстерге бөлiнген. Аңкесiртке қаңқаларының қалдықтары ХХ-ғасырдың басында Солтүстiк Двинада профессор В.М.Амалицкиймен табылған. Теңiздерде балық кесiрттер тiршiлiк еткен. Олар атмосфера ауасы мен тыныс алған және ғалымдардың ұйғаруы бойынша тiрi төл туатын болған. Бауырымен жорғалаушылар арасында денесi мен алдыңғы аяқтары арасында терiлi жарғақтары бар, ұшатын кесiрттер де болған. Көне алып бауырымен жорғалаушылардың қырылу себебi әлi күнге дейiн толығымен аяқталмаған. Бiр ұйғарым бойынша, олардың қырылуына ауа-райындағы өзгерiстер себеп болған. Жердегi ауа температурасы төмендеген сайын, алып бауырымен жорғалаушылардың тiршiлiкке қабiлетi де төмендеген. Олардың салған жұмыртқаларынан ұрпақтың шығуы сиректедi. Түскен суық өсiмдiкқоректi кесiрткелер қоректенетiн, өсiмдiктердiң өзгеруiне алып келдi. Қоршаған ауаның төменгi температурасында алып кесiрткелер, сол уақытта-ақ жерде тiршiлiк етiп жатқан жылықанды аңдар мен құстардың кейбiр түрлерiмен бәсекеге түсе алмай, олармен ығыстырыла бастады. Көне бауырымен жорғалаушылар арасынан ұсақ дарақтар тiршiлiкке жақсы икемделдi. Олар түсiп қалған өсiмдiктер жапырақтарының арасын, қазылған iндердi және басқа да жерлердi пайдаланды. Оларға жыртқыш аңдар мен құстардан тығылу оңай болды. Сондықтан өзгерген жағдайларға икемделген көне кесiртке, тасбақа, колтырауын және басқа бауырымен жорғалаушылардың ұрпақтары бүгiнгi күнге дейiн тiршiлiк етуде. Қазiргi бауырымен жорғалаушылардың топтары бар [8].
Жорғалаушылар құрлықта,суда және ауада яғни барлыө тіршілік ортаны мекендеді. Олардың көптеген жаңа түрлері пайда болып, жер бетіндегі жануарлардың басым көпшілігіне айналды. Бірак та бұдан 70 - 90 млн. жыл бұрын жер бетінің көпшілік бөліктерінде климат күрт өзгеріп, суып кетті. Ол уақытта жорғалаушылармен бәсекелес жылықанды сүтқоректілердің саналуан түрлері көбейе түсті. Мұның бәрі көптеген жорғалаушылардың, ең алдымен барлық алыптарының жойылуына, сондай - ақ қыстап шығу үшін ықтасын орындар таппағандықтан олар өліп бітуіне әкеп соқты. Қазіргі кезге дейін аздаған жорғалаушылар - тасбақалар, крокодилдер, кесірткелер, жыландар сақталып қалды[13].

1.2 Қазіргі жорғалаушылардың пайда болуы

Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000 - ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бұлар екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) мен қосмекенділер (амфибиялар) - салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.
Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000 -- 5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.Алғашқы кесірткелер немесе ящерогадылар
1-отряд. Тұмсықбастылар (Кһуnсһосерһаlіа),
ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squаmаtа),,
2-отряд. Қесірткелер (Lасеrtіlіа).
3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеоnіеs),
4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).
ІII-класс тармағы. Крокодилдер (Сrосоdіlіа).
5-отряд. Крокодилдер (Сrосоdіlіа).
ІV-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlоnіа).
6-отряд. Жасырын мойындылар (Сrурtоdіrа).
7-отряд. Бүйір мойындылар (Рlеurоdіrа).
8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlоnііdеа).
9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тrіоnусһоіdае).
Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептялилер үшке бөледі. Олар: Кесірткетәрізділер; Жылантәрізділер; Тасбақатәрізділер;
Жыландар отрядтармағы - Ophidia, seu Serpentes. Жыландар өзіндік ерекшеліктері бар кесірткелердің бір бұтағы, бұлар жорғалауға және жемтігін тұтастай жұтуға бейімделген. Басы ірі қалқаншалармен жабылған. Барлық жыландар - жыртқыштар, олардың қорегі алуан түрлі жануарлар.
Жыландардың тегі кеселтәрізді кесірткелер, олар жоғарғы юро кезеңінде бөлінген. Жыландардың жақын туыстары аяқсыз ұршықсап пен сығыркөздер (сцинктер) емес, олар - шұнақ кеселдер (Lanthanotidae). Жер шарына 12 тұқымдасқа бірігетін 3000 - дей түрі белгілі. Ең көбі - сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.
Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:
соқырлар тұқымдасы (1 түрі)
айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі)
сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі)
сұржыландар (2 түрі)
бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі.
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқырлар тұқымдасы, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[1]
Кесіртке (Saurіa) - қабыршақтылардың бір отряд тармағы. Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000 - нан астам түрі бар. Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, Ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар: 1) кесіртке (Lacerta), оған тән белгі - құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды; 2) кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.
Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (бат-бат кесіртке). Галапагос игуанасы мұхит жиегіне жақын жердегі суда кездеседі. Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Денесінің тұрқы 3,5 см-ден 4 м-ге (қ. Кесел) жетеді. Тері қабыршағының пішіні, құрылысы, үлкендігі әркелкі, оның түрлік жіктелімге бөлгенде үлкен мәні бар. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген, кейбіреуінде редукцияға ұшыраған (тек қалдығы қалған). Тісі бірқырлы кейде көпқырлы болады. Тілінің құрылысы да әр түрлі. Мысалы, жармасқы мен ешкіемерде - жалпақ, қалың етті; кеселде - ұзын, ұшы екіге айрылған; хамелеонда - өте ұзын, түп жағына қарай жуандайды. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрынғы қалпына келеді. Сарлан, аяғы болмағандықтан, кесірткеден гөрі жыланға көбірек ұқсайды[5].
Қолтырауындар отряды - Crocodilia. Қолтырауындар бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар.Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктелед. Олар Африкада, Оңтүстік - Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 - 7 метр басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері ментанау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Қолтырауындардың көпшілігі тұщы су қоймаларын мекендейді, аздаған түрлері ащылау суларда, ал бір түрі ғана (жалды қолтырауын - crocodylus porosus) ашық теңізге дейін жүзіп барады. Қазіргі қолтырауындардың 26 түрі белгілі, 3 тұқымдасқа топтанады. Аллигаторлар тұқымдасы - Alligatoridae. 7 түрді біріктіреді, олардың 6 - ы Америкада, ал бір түрі - шығыс Қытайда мекендейді. Түрлері: Миссисипий аллигаторы (Flligator mississippiensis); Қолтырауын түсті қайман (Caiman crocodilus); Қара қайман (Melanosuchus niger); Қытай алигаторы (Alligator sinensis); Нағыз қолтырауындар тұқымдасы - Crocodilidae. Барлық континенттердің тропикалық белдеулерінде тараған 13 түрді біріктіреді. Түрлері: Нил крокодилі (Crododylus niloticus); Африкалық тартұмсық қолтырауын (Crocodylus cataphractus); Келтектұмсықты қолтырауын (Osteolaemus tetraspis); гавиалтәрізді қолтырауын (Tomistoma schlegelii);
Тасбақалар (лат. Testudines) - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді. Тасбақалар бауырмен жорғалаушылардың ең ауытқыған бұтағын құрайды. Оларда өзіндік қорғаныштық пассивті органы - сүйекті сауыт пайда болған. Онда жануарлардың тұлғасы жасырынады. Тасбақалардың таралуы негізінен, жылы аймақтармен байланысты. Қоңыржай белдеуде олар аз. Казіргі кезде 230 - ға жуық түрі кездеседі. Олар 12 тұқымдас пен 5 отрядтармағына бірігеді. Оларға:
Жасырын мойын тасбақалар отрядтармағы - Сryptodira. Қазіргі тасбақалардың құрлықта және суда тіршілік ететіндердің ішіндегі ең көп түрі бар тобы. 6 тұқымдасқа бірігетін 140 түрі бар. Бұл жер шарының ыстық және қоңыржай аймақтарының бәрінде таралған, тек Австралияда ғанғ жоқ. Түрлері: Дәубас тасбақа (Platysteron megacephalum); Құрлық жасырын мойын тасбақалары (Testudinidae); Алып тасбақа (Testudo elephantopus); Ортаазия немесе дала тасбақасы (Testudo horsfieldi); Жерорта теңізі тасбақасы (Testudo graeca); Сәулелі тасбақа (T. radiata) және т.б.
Теңіз тасбақалар отрядтармағы - Chelonioidei. Жер шарының экваторлық және тропикалық суларда тіршілік етуге бейімделген 4 теңіз тасбақаларын, кейде бұлар қоңыржай ендіктерге де жүзіп барады. Түрлері: Жасыл немесе сорпалық тасбақа (Chelonia mydas); Бисса (Eretmochelus imbricata); Лаггерхад (Caretta caretta); Зәйтүнтүсті тасбақа (Lepidochelus olivacea);
Жұмсақ денелі тасбақалар отрядтармағы - Trionycpoidei. Африка, Оңтүстік Азия мен Солтүстік Американың Тұщы суларында мекендейді. Бұларға 2 тұқымдас пен 25 түрі белгілі. Түрлері: Қытай немесе қиыршығыс триониксі (Trionyx chinensis); Африка триониксі (T. triunguis); Сопақбас тасбақа (Chirta indica); Үнді қалақаяқты тасбақасы (Lissemys punctata);
Бүйір мойын тасбақалар отрядтармағы - Pleurodira. Отүстік жарты шардың су қоймаларында мекендейтін 2 тұқымдас пен 45 түр жатады. Түрлері: Арру немесе тартаруга (Podocntmis expansa); Австралия жыланмойын тасбақасы (Chelodina longicollis);
Қалқансыз тасбақалар отрядтамағы - Athecae. Бқлар пелагикалық жануарлар, тропикалық теңіздердің ашық алаңдарында мекендеушілер. Түрлері: Терілі тасбақа (Dermochelus coriacea)[7];
Кесте - 1. Жорғалаушылардың негізгі отрядтарына сипаттама.
Белгілері
Отрядтар

Қабыршақтылар
Тасбақалар
Қолтырауындар

Кесірткелер
Жыландар
Тасбақалар
Крокодилдер
Түр саны
3000
3000
300
30
Дене жабыны
Ұсақ жұқа қабыршақтар
Ұсақ қабыршақтар
Сүйекті - мүйіз- ді, дене мүйізді сауытпен қапталған
Сүйекті тақташалармен төселген ірі мүйізді қалқаншалар
Аяқтары
5 саусақты екі жұп аяқтары жақсы жетілген
Белдеулері мен аяқтары жоқ
Екі жұп аяқтары жақсы дамыған; аяқтары төрт саусақты; теңізде тіршілік ететіндердің саусақ арасында жарғақтары болады
Екі жұп аяқтары жақсы жетілген. Артқы аяқтарында жүзбе жарғақтары бар.
Тістері
Жақ сүйегімен бірігіп кеткен ұсақ тістер
Ірі тістер, улы жыланның тістерінде улы бездің өзекшелері болады
Тісі жоқ, жағы мүйізді қабықпен қапталған, оның шеттері өткір
Ірі. Әрбір тісі жеке жақ ұяларында орналасқан
Ішкі құрылы - сының ерекше - ліктері
Кеуде қуысы, жамбас белдеуі, аяқтары жақсы дамыған, қос өкпе
Кеуде қуысы жоқ, қабырғалары еркін аяқталады, бір өкпе
Қаңқасы сауытпен бірге бірігіп кеткен, жұп өкпелі
Кеуде қуысы, жамбас белдеуі дамыған, өкпесі күрделі, жүрегі төрт қуысты

1.3 Ежелдегі динозаврлардың өркендеуі және оның жойылуы

Жоғары триасты артқы аяқтарымен қозғалатын жыртқыш псевдозухилерден динозаврлар бөлініп шықты, олар құрлықта 150 млн. жыл: жоғары триастан мезазойдың аяғына дейін басым болды. Динозаврларға құрлықта тіршілік еткен ең ірі жануарлар жатады, сол сияқты метоболизм қарқындылығы және миының салыстырмалы мөлшері жағынан сүтқоректілермен тең келетін түрлері болған. Жамбас құрылысына қарай динозаврлар екң отрядқа: Saurichia және Ornithischia бөлінеді. Юра және Бор кезеңдерінде олардың түр саны көп болған және олар құрлықта да, сол сияқты амфибиотикалық тіршілік еткен. Бор кезеңінің аяғында екі топта артына ұрпақ қалдырмай жойылып кеткен. Динозаврлар - архозаврлар класының тармағына жататын, бойлары 20 м-ден 35 м-ге дейін, салмағы 10 тоннадан 80 тоннаға дейін жететін алып жануарлар. Олардың қаңқа сүйектері алғаш рет 19 ғасырда Англиядан, Канададан, ал Қазақстанда Арал маңынан және Оңтүстік Қазақстаннан (Әлімтау, Қазығұртта) табылған. Қазір осындай қаңқалар бойынша табылған динозаврлардың 2 сыныпқа(кесіртке жамбасты, құс жамбастыға) жататын 600-дей түрі белгілі[1].
Кесірткежамбасты динозаврлар отряды - Saurischia. Кесірткежамбасты динозаврлар жоғары триастан орта борға дейін белгілі. Олардың жамбасы үш сәулелі құрылысты, мықын, шонданай және шат сүйектерінен құралады. Тіршілік жағынан кесірткежамбасты динозаврлар қосаяқты құрлық (тероподалар) және төртаяқты амфибиотикалық (зауроподалар) деп бөлінеді.
Зауроподалар (Sauropoda) - өте ірі (ұзындығы 30 м - ге жеткен) және массивті төртаяқты динозаврлар: мойыны мен құйрығы ұзын, тұлғасы қысқа. Бас сүйегі денемен салыстырғанда тым кішкентай.
Тероподталар (Theropoda) қос аяқты жыртқыш динозаврлардың дене мөлшері - 25 см - ден 15 м - ге дейн жеткен. Бассүйегі салыстырмалы түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Қорықтар мен ұлттық парктер
Экологиялық білім берудегі этикалық, эстетикалық проблемалар
Эволциялық процестерді зерттеудің негізгі әдістері
Биосфераның эвалюциясы
Психиканың даму сатылары
Психиканың қалыптасуы мен дамуы
Биосфера құрылымы
Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік
Балдырларды өндіру технологиясы
Пәндер