Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
Кіріспе 3
Системалық орны 4
1 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі 5
1.1Иттің биологиялық ерекшелігі 5
1.2 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі 8
1.3 Овчаркалардың күтімі және гигиенасы 14
Тәжірибелік бөлім 18
2.1 Овчарканың түрлері және таралу аймағы 18
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Қосымшалар 26

Қасқыр ит - (овчарка) бұл итке мықты, бұлшық етті, аздап ұзынтұрқылы дене бітімі сәйкес.
Негізінде иесін жақсы тыңдайды, берілген, сенімді және батыл ит. Бөтен біреуге абайлы, дрессировкаға тез үйренеді. Бойының биіктігі 60-65 см, салмағы 35-40 кг
Овчаркалар сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының қасқыр тұқымдасына жататын қызметтік ит. Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107- 180, құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады. Аталығы 60, аналығы — 30 — 40 кг тартады. Овчарка негізінен Европада, Азияда, Америкада тіршілік етеді. Азияда, Түрікменстанда, Ресейдің Қиыр Шығысында ұшырасады. Көбіне қаңтар — наурыз айларында ұйығып, 90 — 105 күннен кейін балалайды. Овчаркалар 15 жыл өмір сүреді.

1.Қызметтік ит өсіру шаруашылығының негіздері. Составитель В.В.Московкин. Чебоксары, Руссика, 1993. – 500 б.
2. Зубко В.Н., Укроженко М.М., Полукеев В.А. Қызметті иттерді үйрету. – М.: ДОСААФ, 1977. – 700 б.
3. Ит шаруашылығы әдістемесі. (сост. П.А.Заводчиков). – М.: Колос, 1973.Жәрдемақы итпаздықпен ( П . сост . ал . Зауытшылардың ).– М .: масақ ,1973. – 452 б.
4. Ит шаруашылығының негіздері . Құраст. В.В.Московкин. Чебоксары, Руссика, 1993. – 600 б.
5. Зубко В.Н., Укроженко М.М., Полукеев В.А. Қызметтік иттерді үйрету– М.: ДОСААФ, 1977. – 752 б.
6. Ит шаруашылығы әдістемесі (сост. П.А.Заводчиков). – М.: Колос, 1973. – 756 б.
7. Палмер Д. Сіздің итіңіз. – М.: Мир, 1988. – 456 б.
8. Баранов А.Е. Төрт аяқты жолдасқа дәрігерге дейінгі көмек.– М.: ДОСААФ, 1976. – 160-162 б.
9. Ит шаруашылығы әдістемесі (сост. П.А.Заводчиков). – М.: Колос, 1973. – 130-135 б.
10. Палмер Д. Сіздің итіңіз. – М.: Мир, 1988. – 159-169 б.
11. Ит шаруашылығы энциклопедиясы, Состав. В.Зубко, А.Алексеев. – М.: ТЕРРА – Книжный клуб, 1998. – 169-170 б.
12. Барлығы сіздің итіңіз туралы барлығы, состав. В.Н.Зубко. М.:Арнадия, 1996. – 170-180 б.
13. Джимов М., Крылова Н. Кинологиялық энциклопедия. – АСТ: Сталкер, 2002. – 170-175 б.
14. Б.А.Кузнецов. Большая книга животных. Москва, «Олма- Пресс» 2003г. 346 бет.
15.М.Қ.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (Сүтқоректілер), 4-бөлім. –Алматы, «Қазақ университеті» 2007ж. 127-128беттер.
16. Х.Қыдырбаев. Терісі бағалы аңдар: оларды пайдалану және қорғау. – Алматы, «Қайнар», 1982ж. 74-78 беттер.
17. В.Е.Соколов. Редкие изчезающие животные. Москва, 1986г. 306 ст.
18. Н.А.Бобринский. Мир животных. Москва, 2005. «ЭКСМО» баспа 254 бет.
19. А.Ф.Ковшарь, В.А.Ковшарь. Қазақстандағы жануаралар әлемі.
-Алматы, кітап баспасы 2009ж.14бет.
20. Абрикосов Г.Г. и др. Зоология. /Учебник, 1-том. –М.: Высшая школа, 1996г. 221ст.
21. С.П.Наумов. Омыртқалылылар зоологиясы. -Алматы, «Мектеп»
1970, 257-бет.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Системалық орны 4
1 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі 5
1.1 Иттің биологиялық ерекшелігі 5
1.2 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі 8
1.3 Овчаркалардың күтімі және гигиенасы 14
Тәжірибелік бөлім 18
2.1 Овчарканың түрлері және таралу аймағы 18
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Қосымшалар 26
Кіріспе
Қасқыр ит - (овчарка) бұл итке мықты, бұлшық етті, аздап ұзынтұрқылы дене бітімі сәйкес.
Негізінде иесін жақсы тыңдайды, берілген, сенімді және батыл ит. Бөтен біреуге абайлы, дрессировкаға тез үйренеді. Бойының биіктігі 60-65 см, салмағы 35-40 кг
Овчаркалар сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының қасқыр тұқымдасына жататын қызметтік ит. Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107- 180, құйрығының ұзындығы 75 -- 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады. Аталығы 60, аналығы -- 30 -- 40 кг тартады. Овчарка негізінен Европада, Азияда, Америкада тіршілік етеді. Азияда, Түрікменстанда, Ресейдің Қиыр Шығысында ұшырасады. Көбіне қаңтар -- наурыз айларында ұйығып, 90 -- 105 күннен кейін балалайды. Овчаркалар 15 жыл өмір сүреді.
Түсі қоңыр, сары, қоңырқай ақ, ала да түстері бар, жүні ұзын әрі қалың. Күшті, әсем, энергияға толы, ол өте бауырмал және өз өмірінің қозғалыспен араласусыз көре алады.
Овчарка айналасындағы етпен қоректенетін жануар ретінде қарастырылады. Овчаркалардың көптеген түрі бізге белгілі. Олар ең атақтысы : неміс овчаркасы, ортаазиялық овчарка алабай тағы басқа түрлері австралиялық, белгиялық, европалық, грекиялық, румындық түрлері де кездеседі.
Немiс овчаркасы қызмет түрлерiне тамаша табыс көзі. Немiс овчаркасын әуесқойларының ұйымдастырылған арнаулы сынақтары бiрге Германдық клубiмен полициясы 1901 жылы, ал кейiн екi жыл жасалынған және үйретудiң жарияланған ережесi және полиция иттерiн пайдаланды. SV клубтiң 1914 жылында армияда немiс овчаркасының мүмкiндiктерiн көрсетудi ұйымдастырды. Франкфуртте 1925 жылда - - Майна бiрiншi көрме чемпионаты тұрды[1].
Зерттеу мақсаты: Овчаркалардың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Овчаркалардың түрлерін және таралу аймақтарын анықтау
2. Овчаркаларды күту жіне гигиенасын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: Овчарка
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау, болжау.
Системалық орны
Домен: Эукариоттар
Патшалық: Жануарлар
Тип: Хордалылар
Кіші тип: Омыртқалылар
Инфратип: Жақ ауыздылар
Ұлы класс: Төртаяқтылар
Кіші класс: Нағыз аңдар
Ұлы отряд: Лавразиотерлер
Отряд: Жыртқыштар
Кіші отряд: Иттәрізділер
Тұқымдас: Төбеттер
Тек: Қасқырлар
Түр: Овчарка
1 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
0.1 Иттің биологиялық ерекшелігі
Ит - ұй жануары. Биологиялық жектеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасыныңқасқырлар тегіне жататын жыртқыш.
Иттер шамамен б.з.б. 15 - 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді:шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттермен овчаркалар; Азия,Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті(сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза,трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.[[][1]]
Биологиялық сипаттамасы
Иттер - нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны - азу тісі[2].
Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.
Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады.
Жыныстық жағынан төбеті 10 - 12 айда, қаншығы 7 - 8 айда жетіледі, жылына 1 - 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 - 65 күн, қаншығы 1 - 2, кейде 12 - 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 - 8, көзі 10 - 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 - 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 - 1,5 айдай емеді.
Иттер 10 - 12 жылдай тіршілік етеді.
Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы(колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит(ньюфаундлендтің отандық типі) жатады[3].
Аңшы иттердің 100-ден астам тұқымы бар, бұлардың 25-ке жуық тұқымы КСРО-да өсі-ріледі. Қоян мен түлкі аулайтын әуесқой аңшылар жергілікті жағдайға қарай тазы немесе жүйрік ит тұқымдарын өсіреді. Құсқа салуға сеттерді, пойнтерді, неміс жатағанын немесе спаниелді, інге салуға фокстерьерді немесе таксаны пайдаланады. Сақ итпен орман құсын, қырғауыл, үйрек, ұсақ аң, аю, бұлан аулайды.
Тазы, жүйрік, сақ иттерді, түгі қайратты жатағанды, түгі қайратты фокстерьерлерді салқын қора-жайда, аулада, қалған түрлерін жылы орында, не үйде ұстайды. Бұл иттерді асыраушылар аңшылық ит өсіру клубтарына мүше болады.
Үйде ұсталатындары, әдетте, ірі болмайды. Бұларға: болонка, пинчер, тойтерьер, шниц, аффен-пинчер, бұйра кәндек Пекин иті (пекинес), жапон хиндері, чихуа-хуажәне т. б. жатады. Үйде ит ұстайтындар ит өсіру әуесқойлары клубына немесе қоғамына мүшелікке кірелі[4].
Ит таңдап алу үшін адам тиісті клубка барып, иттің тұқымына, жасына, жынысына байланысты күтіп-бағу және үйрету мәселелері жөнінде қажетті кеңес алады, ит өсіру әуесқойлары курсын бітіреді. Кейбір текті иттерге оның тараған тұқымы, туралы арнайы куәлік, көрмелер мен сынақтан алған медаль, дипломдары қоса беріледі. Ең жақсы-сы итті күшігінен асырал өсірген жөн. Барлық ит тұқымының арланы қаншығына қарағанда ірілеу, қарымдылау, қабаған келетінін ескеру қажет, қаншық ит адамға, үйге үйірсек келеді. Күшіктейтін иттерді қолда ұстағанды қолайсыз деп санау дұрыс емес. Қалада және басқа елді мекендерде ит ұстау одақтас республикаларда, өлкелер мен облыстарда қабылданған тиісті ережелерге сай болуға тиіс. Итті бір семья тұратын және пәтерде санитария-гигиеналық және малдәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтаған жағдайда ғана ұстауға рұқсат етіледі. Коммуналдық пәтерлерде бұған қоса барлық көрші тұрғындардың келісімі қажет. Тұрғын үй және коммуналдық пәтерлерде итті тұрғындарға ортақ жерлерде (басқыш алаңында, үй шатыры астында, төледе, коридорда т. б.), сондай-ақ, балкон мен лоджияларда ұстауға болмайды. Ит несі өзінің тұрғын жеріне қарасты мал дәрігерлік мекемелерге міндетті түрде итін тіркетіп, оны жыл сайын тіркеуден қайта өткізіп отырады. Бұндай мекемелер тіркеу куәлігін және тіркеу белгісін беріп, ит иесін ит ұстау Ережелер імен таныстырады[5].
Итке қажетті күтім
Итті сатып алуға, сатуға, басқа қалаға, ауданға алып жүруге (кез келген транспорт түрімен) итке соңғы 12 ай ішінде және алып жүруден кемінде 30 күн бұрын құтыру ауруына қарсы егілгені туралы малдәрігерлік куәлік болса ғана рұқсат етіледі. Итті үйден қысқа қарғы бау ілмек немесе тұмылдырық кигізіл, қарғысына нөмір белгісін тағып (үш айға дейінгі күшіктей басқасына) алып шығарылады да, әдейі тағайындалған алаңда, әдетте таңертең сағат 7 мен кешкі 23 сағат аралығында серуендетеді, ал бұдан ерте не кеш уақытта ит несі тыныштық сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Пәтер ішінде итке ешкімнің маазасын алмайтын әрі оған тыныш орын тағайындалады. Орын жел өті тиетін, үй жылытатын жүйелерге жақын және қараңғы жерде болмауы қажет. Оған бөлінген жерде ит астына төсеніш төселеді және оны күн сайын қағып, желдегіп, щетка не шаң сорғышпен тазалап, жуылып отырылады. Жылыны жақсы көретін кәнден иттің астына жұмсақ, жылы төсеніш төселеді. Қора-жайы бар ит иелері итті былай ұсгауына болады: қора айналасы қоршалған, бұған бөтен адам кіре алмайтын жалпит қашып шығып кете алмайтын болса, итті бос ұстауға болады. Ит жауын - шашыннан, суықтан паналауы үшін оған дөңестеу және құрғақ жерге (лапас астына) үйшік жасау керек. Суық аудандарда үйшіктің қабырғасын қос қабаттал жасап, оның екі арасын ағаш ұнтағы не басқа бір затпен толтыруға болады. Итті қорада немесе ауыз үйде ұстауға болады, итке үйшік қойылады немесе еденнен сәл көтеріңкі етіп ағаш тапшан жасалады. Төсенішті ит ысырып түсіріп тастамауы үшін таптай ның шетіне кенере жасалады. Қыста үйшіктің ішіне, тапшанға қалың ғыл пішен, сабан немесе ағаш жоңқасы төселеді, үйшіктің аузына қалың матадан перде ілінеді. Итті байлап ұстаған кезде шынжыры оралмас үшін белгілі бір жерге қапсырма шегелі немесе шығыршықты, биіктігі 8 -- 10 см-ден аспайтын ағаш қазық қағылады. Шынжырдың ұзындығы 1,5 -- 2 м болады. Итті жылжымалы байлауда ұстау үшін белгілі бір жерге шығыршықты сым немесе трос тартылады да, шығыршыққа ит шынжыры ілінеді. Сымпың биіктігі 1,5 м-ден төмен болмауы қажет. Иттің үйшігі тартылған сымпың ортасына немесе жанына орналасады. Итті үйшігі бар жеке қоршаула бос ұстаған жөн. Қоршаудың аумағы 300X300 см (неғұрлым кең болса, соғұрлым қолайлы), биіктігі 200 см-ден аласа болмауы керек. Бұны аула немесе үй, сарай қабырғасына жанастыра салған дұрыс. Қоршау ағаштан, құбырдан, темірден жасалады да, оған жуандығы 2,5 -- 3 мм сым тор тартыл ады. Қоршаудың есігі ішіне қарай ашылуы тиіс. Қоршау іші су тоқтамайтындай сәл еңістеу болғаны дұрыс. Иттің үйшігін қоршаудың кез келген жеріне қоюға болады, бірақ ит оның төбесіне шығып, қоршаудан секіріп шығып кетпейтіндей болуы керек. Қақпаға шарбақ ішінде ит бар екенін білдіретін ескерту жазылады. Пәтерде ит ұстағанда оны тәулігіне 2 рет, ал күшікті кемінде 4 рет далаға серуенге шығарады[6].
Ит аурулары
Ит ауруларының белгісі: Тамақ ішпей қояды, мінезі өзгеріп, енжар тартады, жүні үрпит, көзі қызарады, жиі қасынып, денесіне жара пайда болады. Асыранды иттер адамға жұғатын көптеген аурулармен (құтыру, қышыма, ішқұрт аурулары) ауыратын болғандықтан, ит ауруы білінісімен мал дәрігерлік емханаға апарылады. Ит жыл сайын оба, құтыру ауруларына қарсы егіледі. Қазақстанда 100 мыңнан астам мал бағатын ит бар. Оларды Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институттарында, ит питомниктерінде баулын, өсіреді.
Әлемде көп елдерде иттерге ескерткіш қойылған.
Б.з.б. ІХ ғ-да Коринфаның қорғаушысы және құтқарушысы деп құрметтеп Сотер атты итке тірі кезінде ескерткіш қойылған.
Нью-Йорктің Орталық паркінде Балто атты итке қола ескерткіш орнатылған. Бұл ит өте қиын жағдайдарға қарамастан Аляска штатының Ном қаласына дифтериядан вакцинасын жеткізген. Ескерткіште Шыдамдылық, адалдық, парасаттық үшін деп жазылған.
Токиода Сибуя станциясында Хатико атты итке ескрткіш орнатылған. Бұл акита-ину породалы ит өз егесін 9 жыл бойы қарсы алуға шығып жүрген.
Санкт-Петербургте Эксперименталды медицина институтының алдында академик И.П. Павловтың бастауымен итке ескерткіш орнатылған. Ескерткіште: Белгісіз итке қайырымды адамнан деп жазылған. Бұл ескерткіш иттерге жалпы ғылымның дамуына үлес қосқан үшін қойылған.
2003жылы Тольятти қаласында өз егелерін 7 жыл бойы (өлгенше) апат болған жерде күтіп отырған итке Адалдыққа ескерткіш орнатылған.
Жапонияның Вакканай және Сакаи қалаларында 15 жегетін итке ескерткіш орнатылған. Бұл иттерді 2-ші Жапон аптарктикалық экспедиция барысында құтқара алмай қалған[7].
Парижда Сена өзенінің жағалауында Альпіде 40 адамды құтқарған Барри атты сенбернарға қойылған.
1.2 Овчаркалардың биологиялық ерекшелігі
Овчарка қызмет иттердiң жыныстарын қасқыр ит, тобы, әр түрлi ата-тегiмен және экстерьерге бөледі. Бақташы, қарауылдық, iздестiру тағы басқалар түрлi қызметтер үшін пайдаланады. Iрi өсуімен, пропорционал қосумен, құрымда жүндестiк жамылғысымен ерекшеленедi. Мықты, батыл, жансебiл иттер үйрету жақсы үйретіледі. Қасқыр иттердiң негiзгi жыныстары:(колли ) немiс, Кавказ, орта азиялық, оңтүстiк орыс, шотландық, оқ, тау арыстаны, кувас, командор. Немiс овчаркасы - қызметтiк ит әлемде кең таралғанға. Еуропалық қасқыр иттердiң тобына жатқызады. Соңда ХІХ ғасырда, қасқыр иттi полицияда қызмет үшiн пайдалануға және армия, үшін қызмет иттi ұстаған. Немiс овчаркасы Ресейге 1904 әкелген және армияда пайдаланды[8].
КСРО-ға (1924) көп жылдық зоотехникалық жұмысты нәтижеде шығыс еуропалық, тиiстi жергiлiктi климаттық шарттарға немiс овчаркасының түрi, танымал атауымен құрған. Құйрығы сына тәрiздi тiк тұрады құлақтары қылыш тәрiздi. Төбеттердi шоқтықта биiктiк 64 -- 72 кг тартады, ұрғашысы - 58 -- 68 кг тартады. Ауыл шаруашылығында бақташының сияқты серігі ретінде пайдаланады, iздестiру, қарауылдық және милицияда арнаулы қызметтер үшiн және армия да пайдаланады. Кавказ, орта азиялық және оңтүстiк орыс қасқыр итi - ежелгi ата-тектi бақташы, сыртқы түрi бойымен өте ұқсас: шомбал кең бас, дөрекi қаңқа, қуатты табандар; (күшiктiң жасында кесiледi) аспалы, құйрық құлақ (орта азиялық қасқыр итте басады) орақша тәрізді.
Овчаркалардың бас сүйегінің ерекшелігі ми сауытының көлемі үлкен және бет бөлімі ұзарған. Ми сауытының дамуы мен мөлшерінің үлкенділігіне байланысты. Бет бөлімінде күрделі құрылысты иіс-сезу мүшелері орналасқан мұрын қуысы біршама үлкен болады.
Барыстың ми сауытының шүйде бөлімінде төрт шүйде сүйек: үстіңгі шүйде, екі бүйір шүйде және негізгі шүйде сүйектер қалыптасады. Ересек жануарда барлық төрт сүйек бір - бірімен қосылып бір ғана шүйде сүйегін түзейді. Үстіңгі және бүйір шүйде сүйектері мойын және жақ бұлшық еттері бекитін шүйде қырын құрайды. Шүйде сүйектерінің бүйір бөлімдері бір-бірімен шүйде ілмешегін түзеді.
Нейрокраниумнің түбінде шүйденің алдына қарай сына пішіндес тақ негізгі сына тәрізді сүйек жатады. Бұл сүйек артында негізгі шүйде сүйегімен, ал алдынан алдыңғы сына сүйегімен шектеседі. Көз шарасы аймағында негізгі сына тәрізді сүйектер бірігіп кетеді, ол ми сауытының астыңғы бөлігінің алдыңғы бүйір қабырғаларын құрауға қатысады. Қанат сына тәрізді сүйек маңдай, қабыршақты, көзсына тәрізді сүйек бүйір бөлімдерімен көз шарасының төменгі бөлігінде жататын көзсынатәрізді сүйекпен бірігеді. Барлық сынатәрізді сүйектердің арасындағы жапсарлар жойылып кетуі мүмкін, ондай жағдайда барлық сүйектер сфеноид, ал көзсынатәрізді сүйектер кіші және үлкен қанаттар деп аталады[9].
Есту аймағында, орта құлақтың қуысында, тереңде жатқан тек бір тасты-емізікше сүйегі ғана болады, оның ішінде ішкі құлақтың лабиринті орналасады. Кейбір авторлар тасты сүйекті құлақалды сүйегінің, ал емізікшені - құлақарты сүйегінің гомологы деп есептейді.
Иіс - сезу аймағында иіс - сезу кеуілжірлерінің күрделі жүйесі қалыптасады. Бас қаңқаның ми қуысын мұрын қуысынан сүйекті мұрын пердесі және торлы сүйек бөледі. Даму барысында мұрын пердесінің сүйекті бөлімі ортаңғы иіс-сезу сүйегіне, ал торлы тақтайша мен иіс-сезу кеуілжірлері - екі бүйір иіс - сезу сүйектеріне сәйкес келетінін көрсетеді [9].
Дерматокраниумнің қақпағын жұп төбе, маңдай, мұрын және тақ төбеаралық сүйектер құрайды. Төбе сүйектер бас қаңқа сауытының қақпағын және артқы бүйір қабырғаларын түзейді. Әрбір төбе сүйектің жоғарғы шеті шайнау бұлшық еттері бекінетін сагиттальды қырды құрауға қатысады. Төбе және үстіңгі шүйде сүйектерінің аралығында тақ төбеаралық сүйек жатады, бірігіп кетеді. Маңдай сүйектер ми сауытының алдыңғы бөлімінің қақпағын мұрын қуысының бөлімін жауып жатады. Көз шарасының жоғарғы шетінің деңгейінде әр маңдай сүйек көзарты өсіндісін құрайды, ол буындар арқылы шықшыт сүйекпен байланысады, сол себепті оны кейде маңдай сұйектің шықшыт өсіндісі деп атайды. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қақпағын жіңішке әрі ұзын мұрын сүйектері құрайды. Мұрын сүйектерінің ішкі бетінен жіңішке тақтай пішіндес мұрын кеуілжірлері байланысқан. Мұрын кеуілжірлері - торлы сүйектің үшкір өсінділері.
Бас сүйек сауытының бүйір бөлімін үлкен қабыршақты сүйек алып жатады. Көптеген сүтқоректілерде бұл жеке сүйек, ал приматтарда ол тасты және дабыл сүйектерімен бірігіп, жалғыз май сүйегінен түзейді. Қабыршақты сүйектің түбінен шықшыт доғасының артқы бөлімін құрайтын шықшыт өсіндісі шығады. Шықшыт өсіндісінің астыңғы бетінде төменгі жақ бекитін байланыс шұңқыры болады. Шықшыт доғасының алдыңғы бөлімі шықшыт сүйектен құралған, ал оның алдыңғы жағында жас және үстіңгі жақ өсіндісі болады, оларға осы аттас сүйектер келіп байланысады. Шықшыт доғасының ортаңғы бөлімінде шықшыт сүйек қабыршақты сүйекпен бірігіп маңдай сүйекпен байланысатын маңдай өсіндісінен құрайды. Иіс-сезу бөлімінде қатты таңдайдың үстіне қарай мұрын пердесінің түбін құрайтын тақ өре сүйек жатады. Өре сүйектін артқы шеті сынатәрізді сүйекке жетсе, ал бүйір шеттері таңдай сүйектерімен шектеседі. Жұп таңдай сүйектері күрделі құрылысты: оның өсінділері көзшарасының алдыңғы астын, мұрын қуысының төменгі бүйір бөлімдерінің қабырғаларын және мұрын - жұтқыншақ өзегінің бүйір қабырғаларын, сол сияқты қатты таңдайдың артқы бөлімдерін құрайды. Таңдай сүйектерінің артқы жағына тік бағытта орналасқан қанаттәрізді сүйектер байланысады.
Есту қапшығының тасты - емізікшетәрізді сүйектері үстінен дабыл сүйектерімен жабылған. Дабыл сүйегінің ішінде сақинатәрізді жуан жер - дабыл сақинасы - пайда болған ол шеттерімен дабыл жарғағы бекиді. Овчаркалардың ортаңғы құлағының қуысында алғашқы жақ доғасы элементтерінің өзгеруі нәтижесінде пайда болған үш есту сүйегі: шаршы сүйектің гомологы - төс және байланыс сүйектің гомологы балға, ал үшінші - тіл асты доғасы гиомандибуляресінің гомологы - үзеңгі сүйектер орналасады[10].
Овчаркалардың бас сүйегі жеңіл, жеке сүйектері кеуекті құрылысты. Бас қаңқасында қысқа сүйекті таңдай болады, ол күрек тістер қуысының артында бірінші азу тіс деңгейінде орналасады. Күрек тістердің қуысы ірі сопақша пішінді және ұрт (жалған азу) тістерінің арасында аяқталады. Бет бөлімі, әдеттегідей, ми саутынан қысқа. Жақ алды сүйектерде мұрын сүйектеріне жететін өсінді болады. Овчаркалардың тірек қаңқасы әдетте бес: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Овчаркаларға тән омыртқаларының байланыс беті жалпақ - бұл платицельді омыртқалар, олар бір - бірінен дөңгелек шеміршекті дискілер - менискілер арқылы бөлінген. Мойынның ұзынды-қысқалығына байланыссыз, мойын бөліміндегі омыртқалар саны тұрақты жетеу. Алғашқы мойын омыртқа - атлант, екінші мойын омыртқа - эпистрофей. Кеуде бөліміндегі омыртқалар саны 24, әдетте олардың саны 12-13. Омыртқа денесінің бүйір бөлімінде алдыңғы және артқы қабырға сайшалары болады, олар қабырғаның басы бекитін буын бетін құрайды. Бос жатқан қабырғалар көршілес омыртқалардың арасына бекиді, яғни интервертебральды. Омыртқалардың жұп үстіңгі доғалары артқа қарай бағытталған тақ үшкір өсіндімен бірігіп, невральды өзекті құрайды. Көлденең өсінділер алға қарай бағытталған емізік тәрізді өсіндіге және артқа бағытталған қосымша өсіндіге бөлінген.
Бел бөлімі 2-5 омыртқадан тұрады. Олардың денелері үлкен, байланыс өсінділері жақсы дамыған. Үшкір өсінділері кішкентай және кеуде омыртқаларының өсінділеріне қарай алға бағытталған. Алға қарай бағытталған көлденең өсініділер біршама жақсы жетілген, олармен қабырғалардың қалдықтары тұтасып кеткен. Сегізкөз бөлімі бірігіп кеткен 2-4 омыртқалардан тұрады. Омыртқа денесі сегізкөздің түбінде тұтасады. Невральды доғалары омыртқа өзегін құрайды және кішкентай үшкір өсіндімен аяқталады. Алғашқы екі омыртқалардың көлденең өсінділері бірігеді және сегізкөз сүйегінің қанаттарын құрайды, ал олардың бүйір омыртқаның көлденең өсінділері өз бетінше қалады. Құйрық бөлімі 3-46 омыртқадан тұрады. Тек бірінші омыртқалар ғана қарапайым құрылысты. Артқа қарай омыртқалардың доғалары мен өсінділері жойылып, ұзарған сүйектерге айналады.
Тірек қаңқасына көкірек клеткасының қаңқасы да жатады, ол төс пен қабырғалардан тұрады. Төс төс сүріншегінен, денесінен және семсертәрізді өсіндіден тұрады. Төстің денесі - сегментті тақтайша, оның алдында сүріншегі, ал артында семсер тәрізді өсіндісі орналасады. Төс денесі мен сүріншегінде қабырғалар бекитін шұңқырлар болады. Овчаркалардың қабырғалары екі бөлімнен - үстіңгі сүйекті қабырғадан және астыңғы қабырға шеміршегінен тұрады. Сүйекті қабырғаның дорсальды ұшы қабырғаның жалпақ басымен аяқталады, онда екі көрші омыртқаның қабырға буындарымен байланысатын буындар болады. Қабырға ұштары өз бетінше төспен байланысатын алдыңғы қабырғалар нағыз қабырғалар деп аталады [11].
Овчаркалардың иық белдеуінде тек жауырын мен бұғана дамыған. Жауырын үшбұрышты тақтайша пішінді, сыртқы бетінде жауырын қыры болады. Жауырын қыры акромиальды өсіндісімен аяқталады. Қарға сүйек кішірейген және жауырынға каракоид өсіндісі түрінде біріккен. Ол алға қарай бағытталған және жіліктің үстінде жатады. Таяқшатәрізді бұғана буын көмегімен ұшымен акромиальды өсіндімен, ал екінші ұшымен - төс сүріншегімен байланысады.
Овчаркалардың жамбас белдеуі екі жамбас сүйектен тұрады. Олардың вентральды бөлігі бір-бірімен бірігіп, симфиз құрайды, ал дорсальды бөлімі сегізкөзбен байланысады. Әр жамбас сүйек үш сүйектен: мықын, шоңданай, және шат (қасаға) сүйектерінен тұрады. Үш сүйектің біріккен жерінде жамбас шұңқыры пайда болады, ол артқы аяқтың байланысатын орны болып табылады.
Бетімен сегізкөз сүйегінің қанатымен байланысады. Шоңданай сүйек жамбастың артқы бөлімі болып табылады. Оның біреуі жамбас шұңқырының артқы бөлімін, екіншісі жамбастың қарама-қарсы жағындағы өзіне сәйкес өсіндімен және шат (қасаға) сүйегімен бірігеді. Қасаға сүйек көлденең бағытта созылып жатады. Оның бір ұшы жамбас шұқырын құрауға қатысса, екіншісі жамбастың тұтасуына қатысады. Қасаға және шоңданай сүйектерінің арасында жұп тесік болады.
Жұп аяқтарының қаңқасы үш қарапайым бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқ күрделі құрылысты рычаг, ол қолдың қары, қол білегі және қолдың басынан тұрады. Ұзын біршама иілген тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігі - денесін және екі ұштары - эпифиздерін ажыратады. Кәрі жіліктің екі сүйегі бір-бірімен қозғалмалы байланысқан және біршама бұралған. Шыбық сүйек бірінші, ішкі саусаққа қарай бағытталған. Оның проксимальды эпифизінде тоқпан жіліктің білігімен қосылуға арналған байланыс беті және шынтақ сүйекпен қосылуға арналған бүйір қыры болады. Шынтақ сүйектің проксимальды эпифизі шынтақ өсіндісімен, ал сүйектің дистальды ұшы бұдырлы өсіндімен аяқталады. Қол басының қаңқалары көптеген майда сүйектерден тұрады. Білезік рет-ретімен үш қатар орналасқан 8-10 сүйекшеден түзіледі. Қол басы сүйектері бес ұзарған сүйектерден құралған, әрқайсысының дистальды ұшында башпайдың бірінші буындарымен байланысуға арналған біліктері болады. Башпайлары әдетте үш буыннан тұрса, басқалардан ерекше болатын бірінші башпай екі буыннан тұрады. Артқы аяқтың қаңқасы саннан, сирақтан және табаннан тұрады. Ортан жіліктің денесі салмақты әрі созыңқы тұрады және эпифиздері жақсы жетілген. Үстіңгі эпифиз ортан жіліктің басымен аяқталады, жамбастың ұршық шұңқырына енеді.
Сирақтың қаңқасы үлкен асықты жіліктен және оның садақшасынан тұрады. Олар ұзына бойына бірдей, бірақ жуандығы мен орналасу жағдайына қарай әртүрлі болады. Үлкен асықты жілік ішке қарай орналасып бірінші башпайға бағытталған. Оның үстіңгі, ортан жіліктің ілмешегімен байланысуға арналған, буын беті болады. Тілерсек сүйектері үш қатар орналасқан. Табанда башпайлардың бірінші буындары байланысатын бес сүйек болады. Башпайлары әдетте үш бөлімнен тұрады, тек үлкен башпайда ғана, көпшілік жағдайда, екі буын болады. Алдыңғы аяқтарында қолдың қары сүйектері мен білезік қатарының арасында, ал артқы аяқтарында асық пен жілік пен өкше сүйектерінің арасында жылжымалы буын болады [12].
Тері жабыны
Овчаркалардың тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады.
Бұлшықеттері
Овчаркалардың бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Овчаркаларда кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныстық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi. Диафрагма - тыныстық қозғалыстарға қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет.
Асқорыту жүйесі
Овчаркалардың асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.
Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты бездер. Етпен қоректенедi
Тыныс алу жүйесі
Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Овчаркалардың өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.
Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.
Қантарату жүйесі
Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.
Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Қан денеге газ бен қоректік заттарды тасымалдайды[13].
Зәршығару жүйесі
Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi). Су, тұздар, несеп бөлiнедi.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі - күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Овчаркалардың күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.
Орталық - бас ми және жұлын, ал перифериялық - олардан шығатын жүйкелер. Мидың жарты шарының қабығы - жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi. Мишық жақсы дамыған. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.
Сезім мүшелері
Овчаркалардың иіс сезуі өте жақсы дамыған. Иiссезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.
Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Көпшілік есту мүшесі жақсы жетілген. Овчаркаларда сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Овчаркалардың ортаңғы құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады.
Көбею мүшелері
Овчаркалар - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше ұрық молдасы (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Овчарка баласын 85-95 күн көтеріп жүреді. Желтоқсан айында 2-4 күшік туады.
1.3 Овчаркалардың күтімі және гигиенасы
Гигиена
Овчарка түгін күнде щеткамен, тарап тазалайды. Қажет болған жағдайда даладай келген соң оның бауырын, аяғын дымқыл шүберекпен сүртеді немесе сабынсыз жылы сумен шаяды. Овчарка көктемде және күзде түлей бастағанда, оны күніне бір рет тарап отырады. Иттік жүнін жуғыш заттармен жарты жылда бір рет жуады. Ол үшін сабынның көбігін немесе шампуньды пайдаланады (сабындауға болмайды, өйткені иттің жүнінде сабын қалады да, ол иттің терісін тітіркендіреді). Овчарка 8 -- 10 айлығында үйіне толады. Қаншық жылына 2 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz