Шортантәрізділердің биологиясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Систематикалық орны . . . 5
I. Шортантәрізділердің биологиясы . . . 6
11. Шортанның құрылыс ерекшеліктері мен көбеюі . . . 6
1. 2. Шортантәрізділердің түрлері . . . 8
1. 3. Шортандарды тоғандарда табиғи жолмен өсіру . . . 13
Тәжірибелік бөлім . . . 19
2. 1. Шортандардың тіршілігін бақылау . . . 19
2. 2. Шортандардың тістерінің құрылысын зерттеу . . . 21
Қорытынды . . . 24
Пайдаланған әдебиеттер . . . 25
Қосымшалар
Кіріспе
Шортантәрізділер - ESOCIFORMES
Шортандар Еуропада, Азияда, Солтүстік Америкада кең тараған. Еуропаның Солтүстік су қоймаларында, Балтық, Баренцев көлдерінде, Ақ, Қара және Каспий теңіздерінде мекендейді. Жерорта теңізі жағалауларында, Солтүстік Англияда, Норвегияның Батысында кездеспейді. Азияның Арал теңізі мен Солтүстік Мұзды Мұхитқа құятын барлық өзендерінде кездеседі.
Шортанның денесі ұзын, басы үлкен. Астыңғы жағы алға қарай шығып тұрады. Аузы үлкен. Аузында көптеген өткір тістері орналасқан, ал астыңғы жағындағы тістер үстіңгі жақ тістеріне қарағанда үлкендеу және сирек орналасқан. Арқа жүзбе қанаты біреу, артқа қарай аналь жүзбе қанатының үстінде орналасқан. Терісінің түсі - сұр - жасыл, арқасы күңгірт, бүйір беті жасыл дақтармен ашықтау түсті болады. Аналық шортандардың терісінің түсі ашықтау болады. Тіршілік ету ортасына қарай олардың терісінің түсі өзгеріп отырады.
Шортандар ағысы жай, су асты өсімдіктеріне бай, майда балықтар мекендейтін тынық суларда тіршілік етеді. Үлкен шортандар судың терең жерінде мекендейді. Шортандар үлкен миграция жасамайды. Олар ұзақ жылдар бойына жалғыз журеді. Өзінің мекен ететін ортасын өзге шортандардан қорғап отырады. Қыс мезгілінде ғана олар шұңқырларда топтасып орналасады.
Шортан - тез өсетін жыртқыш балық. Олардың кішілері де кіші балықтармен қоректенеді. Үлкен шортандар бақалармен, тіпті кез келген қимылдаған, жүзген жануарларды жейді. Шортанның жағы оған өзінің денесінің 70 пайыз мөлшеріндей жануарлармен қоректенуіне мүмкіндік береді.
Шортанның ұрықтануы ерте көктемде, мұз ерігеннен кейін наурыз және сәуір айларында +5-6 градус цельсий температурада болады. Шортанда өзінің тіршілік барысында көптеген басқа балықтар секілді өсумен болады. Қолайлы ортада 1 жылдан кейін олардың салмағы 1 кг-ға жетеді. Оңтүстіктегі көлдерде тірішілік ететін шортандар солтүстік көлдерде тірішілік ететін шортандарға қарағанда 2 - 3 жыл ерте жетіледі. Осыған байланысты оңтүстікте мекен ететін шортандардың тіршілік ету ұзақтығы солтүстікте мекен ететін шортандардан қысқа болады. Шортандар 35 жылға дейін өмір суре алады. Олардың салмағын бойын өлшеп анықтауға болады.
Шортанның етінің құрамында 2 - 3 пайыз ғана май болғандықтан ол диеталық азық болып есептелінеді.
Шортандардың қоректенуі судың температурасына байланысты. Егер судың температурасы 15 градус Цельсии болатын болса қоректену жақсы болып, қорек жақсы қорытылады, егер судың температурасы төмен болатын болса іштегі астың қорытылуы да баяулап, шортанның қоректенуі төмендейді.
Жұмыстың мақсаты: шортантәрізділердің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, тіршіліктегі маңызын білу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Шортанның сыртқы құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
2. Шортанның көбеюін анықтау
3. Шортанның тіршілік барысын зерттеу
4. Шортанның қоректенуін анықтау
5. Шортанның адам үшін маңызын зерттеу
6. Шортанның түрлерін анықтау
Зерттеу нысаны: Кәдімгі шортан - Esox lucius.
Зерттеу әдісі: салыстыру, анықтау
Систематикалық орны
Патшалық: Жануарлар
Тип: Хордалылар - CHORDATA
Тип тармағы: Омыртқалылыр немесе Бассүйектілер - VERTEBRATA, seu CRANIOTA
Бөлім: Жақтылар - GNATHOSTOMATA
Класс: Сүйекті балықтар - OSTEICHTHYES
Класс тармағы: Қалаққанатты балықтар - SARCOPTERYGII
Отряд: Шортантәрізділер - ESOCIFORMES
Тұқымдасы: Шортандар - ESOCOIDEI
Түрі: Кәдімгі шортан - ESOX LUCIUS
Амур шортаны - Е. REICHERTI
Маскинонг шортаны - Е. MASQUINONGY
Жолақты шортан - Е. NIGER
Қызылқанатты шортан - Е. AMERICANUS
I. Шортантәрізділердің биологиясы
1. 1. Шортанның құрылыс ерекшеліктері
Шортанның ұзындығы 1, 5м, салмағы 35 кг (әдетте 1м, 8 кг-ға дейін болады) . Денесі торпедо тәрізді, басы үлкен, аузы кең. Түсі мекен ортасына қарай өзгергіш келеді: өсу дәрежесіне қарай сұр - жасыл, сұр - сары, арқа тұсы күңгірттеу, бүйірінде бүйір сызығын құрайтын үлкен дақтар болады. Тақ жүзбе қанаттары сұр - жасыл түсті, қара нүктелермен; жұп жүзбе қанаттары - қызыл - сары түсті болады. Нағыз жыртқыштар. Балықтармен қоректенеді. Кейбір өзендерде күмістүсті шортандар да кездеседі. Аналық және аталық шортандарды зәр - жыныс жолы арқылы ажыратуға болады. Шортанның басы ұзынша келген, астыңғы жақ аппараты алға қарай шығып тұрады. Астыңғы жақ бөліміндегі тістер әртүрлі болып келеді және қорегін ұстау қызметін атқарады. Ал ауыз қуысының басқа сүйектеріндегі тістер кішірек болады. Олардың өткір ұштары жұтқыншақ бөліміне бағытталған, және олардың сыртында сілекейлі қабыршақпен қапталған болып келеді. Осыған байланысты қорек жұтқыншақ бөліміне оңай өтеді, егер қорек шығып кетуге әрекет жасайтын болса жұтқыншақ тістері көтеріліп қоректі ұстап тұрады. Шортандарға астыңғы жақ тістерінің ауысып тұруы тән: жақтың ішкі бөлімі жұмсақ тінмен қапталған, оның астында 2 - 4 тіс түбірлері орналасады, олар әрбір дамыған тістің артына бірігіп бір топты құрайды. Жұмыс істеп тұрған тіс жұмысын тоқтатып түскен жағдайда оның орнына тіс түбірі шығады. Ол басында жұмсақ әрі бірқалыпты болмайды, бірақ кейіннен ол өзінің түбімен жақтың тісіне өседі де қатая бастайды. Шортандардың тістерінің бәрі бір уақытта ауыспайды. Кейбір су қоймаларында тіршілік ететін шортандардың тістерінің ауысуы белгілі бір кезеңде күшейеді, сол уақытта сол су қоймаларындағы шортандар улкен қорек жеуін тоқтатады. Себебі, қорек жыртқыштың ауыз қуысынан шығып кетуі мумкін.
1. 2. Шортандардың сезім мүшелері
Шортандардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Жүйке жасушалары қоршаған ортаның өзгерісін тез қабылдайды. Мысалы, судың температурасын, ағыстың жылдамдығын, және т. б.
Шортандардың миы нашар дамыған. Ол жеке саналы шешімдер қабылдай алмайды. Шортанның сыртқы және ішкі тітіркенулеріне жауап оның туа пайда болған шартсыз рефлекстерімен және жүре пайда болған шартты рефлекстерінің әсерінен қабылданады.
Шортанның көзі жақсы дамыған. Ол жақын қашықтықта тек суда ғана емес сонымен қатар судың сыртындада өте жақсы көре алады. шортан көзінің шыны тәрізді денесі алға қарай шығып тұрғандықтан шортанның көру бұрышы (көздің қимылын қосқанда) горизонтальды бағытта 160 - 170 градус қа дейін, вертикалды бағытта 150 градусқа дейін жетеді. Осыған байланысты шортан тіпті тыныштық күйінде де өзін қоршаған ортаның көп бөлігін көруге қабілетті. Көру жүйесі және бүйір сызығы қорегін қуғандағы тез қимыл әрекетінде дәлдеген нәрсесіне нақты бағытталуын қамтамасыз етеді. Бүйір сызығы қабыршақтарының бетінде қара нүктелер түрінде орналасқан және басынан құйрық бөліміне дейін созылып жатады. Шортандарда ол астыңғы және үстіңгі жақтарында да болады. Бүйір сызығының шортанның жүзуінде маңызы зор. Бүйір сызығымен шортан су ағысының бағытын, күшін, жолындағы кедергілерді - тастарды, үйінділерді т. б. сезеді. Судың сәл ғана тербелісінен жақындап келе жатқан қорегін анықтайды және сол бағытқа қарай денесін бұрады.
1 . 3. Шортандардың экологиясы
Шортандар дара жынысты омыртқалылар. Шортандардың аналықтары табиғи су қоймаларында тіршілігінің төртінші кейді үшінші жылынан бастап көбейе бастайды. Ал аталықтары - бесіншіжылында.
Шортандардың ұрықтануы мұз ерігеннен кейін 3 - 6 градус цельсий температурада, жағалаудың жәнінде 0, 5 - 1 метр тереңдікте болады. Ұрықтану кезеңінде балықтар кіші суға шығып суды қатты шөлпілдетеді. Әдетте ұрықтануға бірінші кіші түрлері шығады, ал ең үлкендері соңында. Бұл кезеңде шортандар топтасып жүреді: бір аналықта 2 - 4 аталық; үлкен аналықтарының маңайында сегізге дейін аталықтар болады. Ұрықтанар кезінде аналықтары алдында жүзеді, ал аталықтары артынан жарты қашықтықта жүзеді. Олар аналықтарының бүйір бөлігіне жабысып жүреді, немесе оның арқа тұсында жүзуге тырысады. Бұл уақытта судың бетіне балықтардың арқа жүзбе қанаттары немесе арқасының үстіңгі беті шығып тұрады.
Ұрықтану кезінде шортандар бұталарға, тамырларға, тастарға үйкеліседі. Балықтар бір орында ұзық кідірмейді, үнемі орын ауыстырып отырып уылдырығын шашады. Уылдырығын шашып болғаннан кейін ұрықтануға қатысқан топтың өкілдері әртүрлі бағыттарға жүзіп кетеді; бұл кезде аналықтары көбінесе судан ауаға секіреді.
Шортандардың аналықтары өзінің мөлшеріне қарай 17, 5 тен 215 мыңға дейін уылдырық шаша алады. Уылдырықтары ірі, диаметрі 3 мм, жабысқақтық қасиеті әлсіз, өсімдіктерге жабысады, бірақ сілкіген жағдайда тез түсіп қалады. 2 - 3 күннен кейін жабысқақтық қасиеті жоғалады, уылдырықтардың көбісі судың түбіне батып кетеді де, олардың ары қарайғы дамуы су түбінде жүреді.
Шортан уылдырықтарының су түбінде дұрыс дамуы көктемдегі төменгі температурада судың оттегіне қаныққанына байланысты болады. Ал судың жылуына байланысты ондагы оттегінің концентрациясы жылдам жоғалады. Осыған байланысты, шортандар ұрықтануын неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым уылдырықтардың өлімі аз болады.
Егер шортандардың ұрықтануынан кейін судың деңгейі тез төмендеп кетсе, бұл уылдырықтардың жаппай өліміне әкеледі. Мұндай құбылыс көбінесе деңгейі тұрақты емес су қоймаларында кездеседі.
1. 4. Шортантәрізділердің түрлері
Жер бетіндегі шортантәрізділердің бірнеше түрі бар: : Кәдімгі шортан - ESOX LUCIUS, амур шортаны - Е. REICHERTI, маскинонг шортаны - Е. МASQUINONGY, жолақты шортан - Е. NIGER, қызылқанатты шортан - Е. AMERICANUS . Олар Азияның, Европаның, Солтүстік Американың тұздылығы аз суларында тіршілік етеді. Біздің мемлекеттің өзен - көлдерінде көп кездесетін түрі - кәдімгі шортан ESOX LUCIUS.
Жолақты шортан Е. NIGER . Басқаша атауы - қара шортан. Оның бүйір бетінде түсті жолақтар болғандықтан осылай аталады. өзінің сыртқы құрылысымен ол - солтүстік шортанына ұқсайды. Саны жағынан басқа түрлерге қарағанда әлдеқайда аз. Мекен ортасы - Солтүстік Америка, нақтырақ оның оңтүстік аумағы. Шортандардың басқа түрлерінен дене пішінінің кішілігімен және қысқа тұмсығымен ерекшеленеді. Жолақты шортанның тағы бір өзіне ғана тән ерекшелігі ол - өсуінің баяулығы. Ол тек омыртқасыздармен ғана қоректенетіндіктен ең қауіпсіз шортан болып табылады.
Жолақты шортандар өзендер мен көлдердің бөгеттелген жерлерінде жиі кездеседі. Бұл түрді аулауға келер болсақ, оны аулау үшін дәстүрлі әдіс - тәсілдерді қолданған дұрыс. Ол тек омыртқасыздармен ғана қоректенетіндіктен басқа туыстастарына қарағанда тыныш болады.
Қызылқанатты шортан - Е. AMERICANUS . Тіршілік ететін жері - Солтүстік Американың оңтүстік бөлігі. Мекен ортасы өзен - көлдердің өсімдіктерге бай бөгеттелген бөлігі болғандықтан жолақты шортандарға ұқсас болып келеді. Қысқа тұмсықты, дене пішіні қысқа болады. Қызылқанатты шортанның өсу жылдамдығы баяу. 2-3 жылда жыныстық жетіледі. Бұл уақытта осы түрдің өкілдерінің ұзындығы 15 см-ге жетеді. өмір сүру ұзақтығы он жылдан көп емес.
Американдық ихтиологтар қызылқанатты шортандарды екі түрге бөледі:
1) солтүстікті қызылқанатты шортан;
2) шөпқоректі (оңтүстікті) қызылқанатты шортан.
Мексикалық сарқырама мен Мисисипи озенінде мекендейді.
Амур шортаны - Е. REICHERTI . Кәдімгі шортанмен салыстырғанда амур шортаны күмістүсті бүйірінде қара дақтар мен ашық сұр - жасыл түсі болады. Бұл оның мекен ортасына бейімделуіне байланысты. Қабыршақтары майда болып келеді және шорртанның басының жоғарғы бөлігін, кеуде, бет бөлігін жауып жатады.
Амур су қоймасында мекендейді. Сахалин аралы мен Тымь және Поронай өзендерінде кездеседі.
Ересек түрлерінің максималды ұзындығы - 110 см, салмағы - 16 кг, жасы - 14жас. Тіршілігінің алғашқы жылдары аналықтарының денесі аталықтарына қарағанда ірірек болады. Жас шортандар өзен - көлдердің балдырлы жағалауларын мекендесе, ересек шортандар - өзен ағыстарында, көлдердің ашық жерлерінде мекендейді. Амурлық шортандар тіршілігінің басында планктонды жануарлармен қоректенсе, кейінірек (ұзындығы 5 см болғаннан бастап) тұқы балықтармен қоректене бастайды.
Кәдімгі шортан - ESOX LUCIUS . Еуропада, Сібірде, Арал теңізінің су қоймасында, Солтүстік Американың өзендерінде, баяу ағысты су қоймаларында кең таралған.
Шортан - сулардың санитары болып саналады. Тіршілігінің алғашқы айларында ол ұсақ шаяндармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенеді. Жыртқыштық қасиеті екінші айдан басталады. Кіші балықтармен, бақалармен, тышқандармен тіпті ұсақ құстарменде қоректенеді.
Шортан қорегін аңдып тұрып шабуыл жасайтын жыртқыш. Ол қорегін тек аш кезінде ғана ізін аңдыйды. Ол үлкен жылдамдықпен жүзе алады, тіпті судан секіре алады. Шортанның жүзуі аз байқалады, ол балықты жасырушы жерге тоқтап, қорегін аңдып жатады.
Шортан - өте тез өсетін балықтардың бірі. Біржылдықтардың салмағы - 50 - 150 г., екіжылдықтардың салмағы - 300 - 400 г., ал 6 - 7 жылдық балықтар 4 - 5 кг-ға дейін жетеді.
Шортандар туралы қызықты мәліметтер
Сауытты шортан
Барракудалар, акулалар, медузалар - бұл суда тіршілік ететін жыртқыштар дегенде ойға келетін бірінші жануарлар. Осындай судың түбінде тіршілік ететін жыртқыш жануарлардың брі - сауытты шортан (Қолтырауын Гар) . Шығу тегі ерте тарихи кезеңдерден бастау алатындықтан бұл балық суда тіршілік ететін балықтардың ежелгі түрі деп есептелінеді. Төмендегі мәліметтер арқылы бұл шортан туралы көп нарсе білуге болады:
- қолтырауын Гар Гар немесе Lepisosteidae тұқымдасына жатады, Солтүстік Америкада тұщы суда мекендейтін ең ірі балық болып саналады;
- Гар өте төзімді және ұзын, денесі үлкен ежелгі балық. Жағы ұзын әрі жіңішке. Тістерінің саны өте көп болады. Гар тұқымдасының ішіндегі ең ірі түрі -Қолтырауын Гар;
- олардың атауы (Қолтырауын Гар) басының пішіні қолтырауынның басына ұқсайтын болғандықтан осылай аталған;
- тістері ұзын, бірақ жіңішке;
- олардың қабыршақты жабыны өте қатты. Егер осы шортанның сыртын пышақпен ұратын болса жарқыл шығады;
- қолтырауын Гар - баяу қозғалатын балық;
- қолтырауын Гардың түсі қара- қоңыр немесе зәйтүн түсті;
Шортанның бұл түрлері өте баяу өседі. Аталықтары- 6 жылда жетілсе, аналықтары - 11жылда жетіледі. Уылдырықтары ашық қызыл түсті және адам организміне қауіпсіз емес;
Олар ұзақ уақыт бір орында қимылдамай жатадыда, торпедо тәрізді жоғарығы қарай тез жүзіп шабуыл жасайды;
Шортандардың негізгі қорегі балық болсада, олар суда жүзетін құстармен, тасбақалармен, тіпті өлекселерменде қоректене береді. Теңіз шаяны шортандардың «сүйікті» тағамы. Ересек шортандардың жалғыз табиғи жауы - қолтырауындар.
Шортандардың ең қауіпті жауы - адамдар болып табылады. Бөгеттердің салынуы түрдің популяциясын жояды. Оның үстіне көптеген балықшылар шортандардың етін деликатес ретінде танып оларды көптеп аулауға тырысады.
Шортандардың ерекшеліктері:
- ауланған ең ірі шортанның салмағы - 140 кг, ұзындығы 5, 7 м болған. 1497 жылы ауланған шортанның жүзбе қанатында Фридрих Барбароссоның 1230 жылы сол шортанды өзенге жібергенін дәлелдейтін сақинасы болған. Мангеймде тек сол сақина ғана емес сол шортанның қаңқасы да сақталған. Алайда скептиктер мұны адасушылыққа жатқызып бұл балықтың мүлдем басқа жерден ауланғанын айтады;
- жаңадан ауланған ересек шортанды жеуге асықпаңыз: кейбір аудандарда ол асқазанға ауырлық түсіреді, ал кейбіреулері тіпті улы болуыда мүмкін. Жағымсыз қасиеттері тұздалғаннан кейін жойылады;
- әр шортанның басында орналасқан крест тәрізді сүйек наным сенімнің белгісі. Мысалы, кейбір елдерде шортанның басын сәттілік әкеледі және қайғыдан сақтайды деп амулет ретінде іліп қояды;
- шортандардың тістері шайнау аппаратының қызметін атқармайды, олар тек ұстаған қорегінің қайта шығып кетпеуін қамтамасыз етіп, оны тұтастай жұтқыншақ бөліміне итереді
- тұщы су балықтарының ішінде шортан өзінің жыртқыштығымен және қомағайлығымен бірінші орын алады. Шортан балықтардың барлық түрімен қоректенеді. Тіпті өзінің тұқымдастарыменде.
- Шортандардың қоректенуі судың температурасына байланысты. Егер судың температурасы 15 градус Цельсии болатын болса қоректену жақсы болып, қорек жақсы қорытылады, егер судың температурасы төмен болатын болса іштегі астың қорытылуы да баяулап, шортанның қоректенуі төмендейді.
1. 5. Шортандарды тоғандарда табиғи жолмен өсіру
Өсіру объектісі шортандар тоған шаруашылығында беделді орын алады. Ол өзінің өсу жылдамдығымен ерекшелінеді. Оның массасы жеті жыл ішінде 300грамнан 800 грамға дейін жетеді. Жыртқыш ретінде шортан құндылығы аз, әлсізденген, ауру балықтармен және қоқыстармен қоректенеді. Осындай балықтармен қоректенуі арқылы шортан тоғандарды тазалап тоғанда өсірілетін негізгі балықтар үшін ыңғайлы жағдай жасап береді.
Басқа әдебиеттердегі мәліметтерде жазылғандай тоғандарда шортандарды өсіру балық өнімін 28-43 кг/га карптар және 28-82 кг/га шортандар арттырады. Тоғанда майда балықтардың көп болуы өнім 60 кг/га -ға жетеді.
Шортанның құндылықтарының бірі оның тағамдық құндылығының жоғарылығы. Шортанның жаясы 60пайыз, еті 19пайыз белок және 0, 5пайыз майдан тұрады. Азықтық сапасы жағынан еті диеталық тағам болғандықтан сыртқа көп тасмалданады (Франция, США, Германия, Чехословакия және т. б) .
Шортан өсіруде ең басты саты оның өндіру болып табылады. Бұл кездегі қолданылатын ең қарапайым әдіс ол тоғандарда жүретін табиғи ұрықтандыру. Өндірістің табысқа жетуі тоғандағы шортандардың жасына, өлшеміне, сандына, жынысына байланысты болады. Жыныстық жетілген аналық шортанның жасы 3 - 4 жыл, аталықтарының жасы 2 - 3 жыл болуы керек. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында дұрысы орта мөлшердегі шортандар керек: аналықтары, ұзындығы 35 - 60 см, салмағы 0, 8 - 2, 0 кг; аталықтары, ұзындығы 35 - 50 см, салмағы 0, 5 - 1, 5 кг. Осындай өлшемдегі шортандары бар өндірушілер сапалы уылдырық пен шәует береді. Мұндай аналықтарының ұрықтылығы орташа есеппен 10 - 20 мың уылдырық береді. Шортан аналығының ұрықтылығы оның мөлшеріне байланысты болады. Алайда ірі шортандардың ұрықтары бір мезгілде дамымайтынын еске сақтаған жөн.
Аналық тобырдың саны өндіру әдісіне және құртшабақ балықтың қажетті мөлщшерін алуға байланысты қалыптасады. Шортандарды табиғи өндіру мақсатында аналықтары мен аталықтарының арақатынасы 1:5 болуы керек. Бұл аталықтарының ұрығының аз мөлшерде болуына байланысты (бір, екі тамшы) .
Аналық шортандары жоқ шаруашылықтар бірінші жұмыс жылдығында ұрпақ алу мақсатында өндірушілер №
Тәжірибелік бөлім
Шортанның табиғаттағы тіршілігін бақылау
Жұмыстың мақсаты: Шортандардың табиғаттағы тіршілігін бақылау және тістерінің ерекшеліктерімен танысу
Құрал - жабдықтар: интернет көзінен алынған мәліметтер, суреттер, қалам, ноутбук, видео таспалар
Тапсырмалар:
- Шортандардың табиғаттағы тіршілігін бақылап, өздеріне тән қылықтарын анықтау
- Шортандардың тістерінің құрылысын, орналасуын және ерекшеліктерін зерттеу
Жұмыстың барысы:
2. 1. Шортантәрізділердің табиғаттағы тіршілігін бақылау
Әр балықтың өзіне тән қылықтары болады. Шортандарға жақын маңда жүзіп бара жатқан қоегіне жылдам шабуыл жасап шығуға ыңғайлы су астында өсетін бұталы ағаштардың, су өсімдіктердің арасында және тағы басқа жерлерде тығылып орналасу қылығы тән.
Тұщы суда тіршілік ететін жыртқыштардың ішінде тек шортан ғана қорегін ұстай аламай қалған жағдайда өзінің бастапқы тығылып орналасқан жеріне қайта оралады. Балық аулау барысында қармақтың жылтырауығынан мүлт кеткен жағдайында шортанның кері бұрылып жасырынып жатқан жеріне қайта оралғанын байқауға болады.
Шортанның қимылы өзгеше, және әрдайым дәлді, бұл қасиеттері қорегін аулау кезінде және жауынан қорғану кезінде әртүрлі бағытта байқалады. Қарапайым қозғалысы баяу, алайда қорегіне шабуыл жасар кезінде бірден шапшаң бола алады. Қоргеін ұстағаннан кейін ол кері бұрылыпта, орнында тоқтапта, тіпті қимылын баяулатпайды да, ол қорегін ұстаған күйі бастапқы жылдамдықпен біраз қашықтықта жүзеді. Шортанның баяу қимылы оның әлсіздігі не босаңдығы секілді көрінеді. Бұл қылығы тіпті кәсіпқой балықшыны да адастырады. Тек бірнеше секунд өткенннен кейін ғана шортанның не орынға келетіні не болмаса басқа бетке ауысатыны жайлы білуге болады. Қармаққа ілінген шортан одан шығуға тырысып әртурлі қимылдар жасайды. Салмағы 2 кг болатын шортан жан жаққа бұлтақтайды немесе тік тұрады т. с. с. . Ал салмақтары көп шортандар болса өздерін байсалды ұстайды.
Шортан отырықшы балық болып есептелінеді. Ол өзінің мекен ортасы және аңшылық ететін жері ретінде шағын аудандарды таңдайды. Кез - келген су қоймаларында олар - су асты шұңқырларында, батқан ағаштардың, су бұталарының, су түбінде жатқан тастардың тасасында жауларынан қорғану үшін және қоректену үшін, қорегін аңду үшін орналасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz