Қар барысының биологиялық ерекшелігі



Кіріспе 3
Систематикалық орны 4
1 Қар барысының биологиялық ерекшелігі 4
1.1Қар барысының түрлері
1.2Қар барысының мекен ету ортасы мен таралу аймағы 4
Тәжірибелік бөлім 4
2.1 Қар барысының сақтау және қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағы 4
Қорытынды 4
Пайдаланылған әдебиеттер 4
Барыс Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде.
Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген.
1. Айтматов Ч. «Тау сеңінің құлауы» Санк-Петербург, 2006ж (15-28)
2. Зверев М. «Қар барысы» Алматы. Қайнар, 1998ж (8-21)
3. Завацкий Б. «Современное распространение и численность снежного барса» // Редкие наземные позвоночные Сибири – Новосибирск: Наука, 1988
4. Зинченко Ю. «Қар барысының Алтай аймағында көбею жағдайы» журнал «Табиғат», 2006ж. ( 24-28)
5. Казенас В.Л. «Опасные животные Казахстана» Научно-популярная издания. Алматыкітап,2007( 97-108)
6. Кошкарев Е. «Қазақстандағы және Қырғызстандағы қар барысы», Бишкек, 2001ж. (55-62)
7. Қайым Қ. т.б. «Жануартану» Алматы. Рауан, 1992ж. (243-246) .
8. Ковшарь А.Ф. «Қазақстанның Қызыл кітабы» Алматыкітап, 2012ж.(80-95)
9. Логинов О. Логинова И. «Қар барысы» Өскемен қаласы, 2009ж (12-41)
10. Н. Баяндин «Саяхатшылар ізімен» Алматы. Қазақстан баспасы, 1966
11. Покровский В.С. «Қар барысы. Биік шыңның құдіреті» Мәскеу. Орман шаруашылығы, 2002ж.
12. Мұстафин С. «Барыс жеңілуді білмейді» газет Алматы. «Жеті күн», 20.06.2003ж. (3-6).
13. Думан Анаш «Қар барысы» Егемен Қазақстан 14.01.2015ж.
Слайд: «Шың қарының құдіретті жануары»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
Систематикалық орны 4
1 Қар барысының биологиялық ерекшелігі 4
1.1Қар барысының түрлері
1.2Қар барысының мекен ету ортасы мен таралу аймағы 4
Тәжірибелік бөлім 4
2.1 Қар барысының сақтау және қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағы 4
Қорытынды 4
Пайдаланылған әдебиеттер 4

Кіріспе

Барыс Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде.
Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген.
Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында-барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.
Қар барысының сандық өзгерсін Қытай елінің зерттеушілері:аңды рұқсатсыз адамдардың аулауынан және барысқа қажетті азық қорының таусылуынан дейді. Ал кейбір жерлерде жергілікті халық шөппен қоректенетін суырлар мен басқада кеміргіштерді мал азығы азайып кетуін, мал басын сақтап қалу үшін шөппен қоректенетін тышқандарды дәрілеуі (фосфорлы цинкпен т.б. химиялық заттармен улауы) тышқандардың санының азайып кетуіне себеп болған. Сонымен адамдар өздеріне азық ету үшін тауешкіні, арқарды т.б. заңсыз жолмен аулауы да осыған себеп болған. Қытай елінің мәліметі бойынша 1958-1983 жылдар аралығында бір ауданынан Батыс Германияға 100-200тоннаға дейін, яғни 20 кг. салмақпен өлшегенде жылына аңшылар 5000 -100000 дейін арқарды атып, оның етін экспортқа жөнелтіп отырған. Бұндай жағдайлар көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан т.б. биік таулы аймақтағы елдерде байқалған. Міне осыған байланысты барыстың саны көбеюдің орнына керісінше кеми бастаған.
Барыстар - денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, қабыландар өзге ағзалардан ерекшеленеді. Бұлард төрт аяқпен жүреді.
Бір жерде тұрақты тіршілік етеді, бірақ күн көру жағдайы нашарлағанда кейде алысқа қоныс аударуы мүмкін. Қыста тұяқты аңдар тау етектеріне қарай түскенде, гепардтарда сол маңға қарай қоныс аударады. Оның негізгі азықтары - таутеке, елік, қабан, марал, арқар, қоян, шақылдақ, ұлар мен кекіліктер.
Зоолог В.Шакуланың айтуына қарағанда, таулы аймақтарда Қазақстанның символы болып табылатын қар барысы мекендейді. Олардың саны 12-15-тен аспайды. Бұл мықты жыртқыш, негізінен, таутеке мен жабайы қойлар, арқармен қоректенсе, жаз мезгілінде майда аңдарды олжалайды.

Зерттеу мақсаты: Қар барысы биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қар барысының түрлерін зерттеу;
2.Қар барысының мекен ету ортасы мен таралу аймағы;
3. Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағын кездесуін қарастыру;
Зерттеу обьектісі: Қар барысы
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау, болжау.

Систематикалық орны

Дүниесі: Жануарлар
Типі: Хордалылар
Класс: Сүтқоректілер
Отряд: Жыртқыштар
Туысы: Felidae
Тегі: Uncia
Түрі: U. uncia

1 Қар барысының биологиялық ерекшелігі

1.1Қар барысының түрлері

Шри-ланка барысы - Шри-ланка аралында мекендейтiн ерекше барыстың түр тармағы. Сыртынан қарағанда парсылық барысқа ұқсас. Шри-ланка барысы дегенмен одан кiшi өлшемдермен ерекшеленедi. Терi ақшыл - қоңыр немесе сұр түске ие болады. Орташа салмағы шамамен 56 - 77кг дейiн, аналығының кейбір түрлері - 29-32 кг салмаққа жетеді. Осы түр тармағы ғана Шри-ланканың аралында мекендейдi, және аралдың басты жыртқыш аң болып тадылады. Барлық арал бойымен жайылған - қорық шегiнде ғана емес барлық аумағында таралған. Жақында зерттеудiң барыс Шри-ланка әлеуметтiк жануары болып көрiнгенiн көрсеттi. Шөп көректi жануардың аралдағы қабан, бұғылармен, маймылдармен қоректенеді.. Көбеюі жылдың кез-келген уақытта болады. Әдетте аналықтан екі күшіктейді.
Парсылық барыс iрi өлшемдермен бейнеленедi және құмды барысы бар ұқсастық арқасында ұзына бойы дақтың болуымен ерекшеленеді. Қыстыгүнi парсылық барыстар өте қалың жүндерге ие болады. Жер бедер, осы түр тармағыны мекенде өте түрлi. Биiк таулыларда да, алыс аудандар да кездеседі, парсылық барыс өзiн өте жақсы сезінедi. Ол мықты аязда да тоңбайды, және сусыз ыстық аймақтарды да мекен етіп жүре береді. Алдыңғы Азия барысына қарағанда ірілеу келген, барыстың түрлерінің ішіндегі денесінің көлемі жағынан орташа көлемге ие.
Солтүстік Қытайлық барысы - Амур қабыланда өте ұқсас, дегенмен бояуының түсінде сонымен қатар бірқатар ерекшеліктері бар. Тұмсық шектерiндегi кейбiр өзгелiктер бар, яғни тұмсықтарының көлемдері жуандау келген.
Қиыршығыстық (амурлық) барыс ішіндегі түр тармағынан солтүстiк солтүстікте мекен ететін түі. Ол осыған байланысты ең ұзын жүнге ие болады және барлық түр тармақтарының арасында қалың жүндi. Түр тармағы, Амур барытарды түске бояу алайда әжептәуiр қаныққан, бір қарағанда тропикалық барысқа ұқсамайды.
Ауғанстандық барыс өзге барыспен салыстырғанда iрi болып көрiнедi. Ауғанстандық барыс өлшем және салмағы жөнінен географиялық облыстарына мекендеуге бағынышты болады және күштi өзгертедi. Жазық далада өмір сүретіндеріне қарағанда, орманда өмір сүретін түлеріне өмір сүруге қолайлы жағдайлар бар. Бiрақ аналықтарына қарағанда аталықтары iрiрек. Барыстың денесiнің ұзындығы 200 -- 250 см дейін, құйрықтарының ұзындығы 75-110 см см дейін жетедi. Аталықтарынң салмағы 60 кг, аналықтары -- 40 кг дейін жетеді. Түр-түсі бояуының өзгеруі -- өмір сүріп жатқан аумағына яғни таралу аймағына тәуелді болады, мүмкін түсі де қызғылт - қоңырдан сары түске өзгеруі мүмкін1.2 Қар барысының таралу аймағы
Барыс, ірбіс - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 - 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 - 100 см, салмағы отыз - қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері - басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен - екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылыБарыс.Барыс Алматы, Астана қалаларыныңтөлтаңбаларында бейнеленген.[2.1]
Аталығы ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 - 18 см).
Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Барыс 2 - 3 күшік туады, оларды 5 - 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 - 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде гепардтардың саны жылдан жылға азаюда.
Барыстар қорегін аулағанда дыбысын, сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау -- мысық тұқымдас аңдарға тән. Барыстардың денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындата-ды, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды. Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді[6].
Барыcтардың иіс сезу, есту, көру, сипап сезу және дәм сезу мүшелері жақсы дамыған, бірақ барлығында біркелкі деуге болмайды. Барыстардың тіршілік ортасы мен тіршілік жағдайы сезім мүшелерінің дамуына түрліше әсер етеді. Барыстардың қай-қайсысы болса да құстардай қырағы болмайды.

1 Кесте. Қар барысының таралу аймағы

Мемлекет
Ілбістің таралу аймағы (ареалы) км.кв.
Орташа саны
Зерттеме негізі
Ауғанстан
50000
200-500
Дж. Шеллер, Федосенко, Е.Кошкарев, Зверев М.,
С.Мустафин
т.б. ғалым зертеулердің нәтижесі бойынша
Бирма (Мьянма)
10000
40-50

Бутан
15000
200-250

Қытай
110000
2000-2500

Үндістан
75000
400-500

Қырғызстан
105000
300-700

Монғолия
103000
500-1200

Непал
30000
350-500

Пәкістан
80000
250-400

Қазақстан
50000
100-180

Ресей
130000
150-200

Тәжікстан
100000
200-500

Өзбекстан
50000
30-50

Барлығы:
1843000
4640-6950

Барысты әр халық әртүрлі атайды мысалы Қазақстан мен Қырғызстанда бұл жануарды Барыс деп атаса, Татарстанда - Ақ Барыс, көне моңғолдар - Ілбіс,Тувалықтар Ілбіш деп атайды екен. Ал әдебиет классигі Шыңғыс Айтматов оларды Жаабарс, яғни жылдам, жебенің оғындай - деп айтқан болатын.[1]Бұл ірі мысық тұқымдастардың денесі леопардқа келеді. Оның құйрығының түбінен тұмсығына дейін 110-130 см (39-51 дюм), ал құйрығының ұзындығы 90-110 см (31-39 дюм). Сонда оның құйрығы денесімен бірдей деуге болады. Мамық жүнді барыстың құрығыдамамықты болады және жартастан-жартасқа немесе өзінің жемтігіне қарай секірген кезде тепе-теңдікті сақтап қалуда және оны бағыттауда үлкен роль атқарады. Барыстың еркегінің орташа салмағы 35-75кг. (55-165 фут), ал ұрғашысының салмағы аз әрі жеңіл болады. Барыс бір орнында тұрып секірген кезде 12-15 метрге дейінгі жерге жетеді. Оны зерттеуші ғалымдардың көбі растайды және олардың айтуынша қар барысы адаммен бетпе-бет кездескен кезде алдымен жолдан ығысып аулақтау жерге барып, барлап қарап тұратын көрінеді. Негізінде Барыс өте сақ және адамды алдымен көріп бақылап, оның ешбір қауіпсіздігіне көзі жеткізгенше одан көз жазбай тұрады. Атақты, тарихшы, археолог ғалымның бірі Бекен Нұрмұхамбетов жұмыс сапарының бірінде жартастың басынан өзіне қарап тұрған жас барысты көрген. Ол да оған қараған, алайда оған Қар барысы тиіспей,қайта біршама жерге дейінсыртынан бақылап шығарып салған[7].
Алтай өлкесіндегі халықтың арасынан барыспен ұшырасқандардың айтуларына қарағанда, ол өздігінен ешбір жанға тиіспейтін көрінеді. Жалпы ғылыми зерттемелердегі мәліметтерге қарағанда осы мысық тұқымдас аңдар: жолбарыс, леопард тіпті сілеусіннің өзі адам баласына өте қауіпті көрінеді, ал қар барысы болса ондай емес.Барыс қаншалықты күшті болсада өздігінен ешбір жанға тиіспейді, тек жауынан қорғануда ғана әрекеттер жасайды. Оның тағы бір ерекшелі терісіндегі жүні, мамық жәнеөте қалың. Зерттеушілердің жазба еңбектеріненбарыстың терісі ақ аюдікіндей, күміс түсті , ал бет жағында қара қошқыл сепкіл қара дақтары қар сызықтарына ұқсас келеді. Барысқа биік шыңның арктикалық климаты мен күшті суығы ешқандай әсер етпейді. Ол тіпті мұздықтың үстінде немесе мұз қатқан суық жалпақ тастың үстінде еш кәперсіз тәулік бойы жата береді. Қар барысын ағылшындар әдебиетінде Қар леопарды деп атайды, өткені оның сыртқы пішіні ұқсас болуына байланысты болса керек. Алайда биологиялық және географиялық ілімнен бізге белгілі,
леопард барлық жанды тіршілік үшін өте қауіпті жыртқыш. Осы мәліметтерді негізге ала отырып барыс туралы мынандай ой-пікір жинақтауға болады.

Адамдарға тиіспейді
Көбінесе жалғыз жүреді

Қар барысының тосын мінез -құлқындағы ерекшеліктері:

Арктикалық климатқа шыдамды
Жылдам, әрі күшті

Байқағыш, сезімтал, талғампаз

Жоғарыда көрсетілген сызбадан өзіне тән мінез - құлқын байқауға болады.
Қар барысы көбіне жалғыз жүреді, тек щағылысқан кезде ғана бірге болатын көінеді. Зоолог ғалым Б.П. Завацкийдің айтуына қарағанда шағылысу мерзімі қаңтар айының ортасынан наурыз айының басына дейін созылады. Осы кезде үй мысығына тән қаты және ащы дыбыстар шығаратын көрінеді.[8]
Қалыпты жай жүрісінде қар барысының жасаған қадамы 15-20 см., Тіпті кейде қадамының ұзындығы ақырын жүргенде 40-50 см. болса, ал жылдам жүргенде 60-90 см. дейін болады. Жеделдетіп желіп жүгіргенде жерге түскен ізі тура түлкінің ізіне ұқсас келеді. Жүктілік мерзімі 90-105 күнге созылады және екі көжекті дүниеге әкеледі. Олардың көжегінің көзі жабық күйінде туады және 9 күннен кейін ғана көзін ашады. Екі жыл сегіз айға дейін өсіп жетілгенше анасының жанында болады, ал онан соң жас Барыс өздігінен жеке тіршілік ете бастайды. Барыс көбінесе тау ешкі, арқарға шабуыл жасап, оларды өзіне азық етеді. Ғалымдардың жазба еңбектеріне қарағанда Қар барысын Тау ешкінің бақташысы деп атайды. Өткені тау ешкі қалай қарай ауып жайылса, оны аңдып барыс ізіне түсіп арттарынан қалмай жүріп отырады. Азығы азайған кезде Қар барысы елік, қоян ұстап аулайды, құстардан - дуадақ. ұлар, құр, шіл т.б. аулап жейді. Үй жануарларына да шабуыл жасайтын көрінеді, алайда мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, себебі маңында өмір сүріп жатқан аңдардың саны жоспарсыз аңшылық әрекеттерден азаюына байланысты, азық таба алмай ашыққан барыстар осындай кезде ғана осылай істеуге мәжбүр болады.

Тәжірибелік бөлім

Жұмыстың мақсаты:Қар барысын қорғау және таралу аймақтарын зерттеу.
Құрал жабдықтар:компьютер,интернет материалдары, әдебиеттер, суреттер.
Зерттеу обьектісі:Қар барысы
Зерттеу әдісі: бақылау, анықтау, болжау.
Жұмыстың міндеттері:

Тапсырмалар:
1. Қар барысын сақтау және қорғау.
2 Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағын зерттеу.
Жұмыстың барысы:
Сурет, кестелер, схемалар, таблицалар, видиолар, түсінік, сипаттама беру

2.1Қар барысын сақтау және қорғау

Қазір әлем бойынша қар барысының азайып кету қаупі бар. Олар Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енді. Барыстарды аулауға немесе атуға тыйым салынған.
Кеңес Одағында 1936 жылдан 1970 жылдарға дейін ел зообақтарына түр жинау мен экспортқа шығару үшін 400-ге жуық барыс ауланған. Қар барысы қолға үйретуге келмейді. Әлемнің 70-80 зообағында ғана қар барысы бар, Қазақстан зообағында жоқ.
XIX ғасырдың орта тұсында барыс сирек кездесетін аңдар қатарына қосылмады, керісінше, зиянды жыртқыш ретінде оны жыл бойына аулауға рұқсат етілді, тіпті атуға қызықтырды. Бұл аңның терісінен тігілген тон мен ішік, бас киімді тек дәулетті адамдар ғана киетін. Ал барыс терісінен тігілген малақай аңшының шеберлігін әрі ержүректілігін көрсететін болған.
Қазір де билік пен байлықтың нышаны саналатын барыстың бағалы терісі шамамен 4 мың долларға бағаланады. Сирек кездесетін жыртқышты өлтіргендер әр елде түрліше жазаланады, айыппұлдан бастап, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырады.
Қар барысын сақтап әрі көбейтуге үлкен үлес қосатын -- қорықтар. Қазір бұл аң Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан қорықтарында қорғалады. Қазақстанда қар барысы Алматы және Ақсу-Жабағылы қорығында бар.
Мемлекетіміздің символына айналған орта азиялық барыстың тұқымы жыл сайын кеміп барады.
Марапат. Кеңес Одағы территориясындағы барлық бес тауды -- жетімыңдықты бағындырған альпинистерге Қар барысы атты ресми емес атақ беретін. Қазір бұл атақ ТМД елдері арасында әлі де сыйлы.
Геральдика. Орталық Азияның сәні саналатын қар барысы -- Қазақстан Республикасының ұлттық символы. Сонымен қатар барыс бейнесі Алматы қаласының гербінде бар. Стильді қанатты ирбис Хакасия (хак.парыс) және Татарстан (тат. Ак Барс) елдерінің гербтерінде бейнеленген. Сондай-ақ Қазан қаласының хоккейшілер командасы да Ак Барс аталады. Қырғызстанның Бішкек қаласының гербінен де барыс бейнесін көруге болады.
Біздің символ
Қазақстан -- 2030 ұзақ мерзімді даму стратегиясының Қазақстан мұраты екінші бөлімінде Елбасы көп халық үшін тектілік пен мықтылықтың символы саналатын қар барысына айрықша сипат берді.
...2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл -- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс. Қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Көккөл сарқырамасы
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Қорық Ақсу-Жабағылы
Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Биологиялық сипаттағы қажеттер
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Пәндер