Жолбарыстың биологиялық ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Систематикалық орны . . . 5
I Жолбарыстың биологиялық ерекшеліктері
1. 1 Жолбарыстың түрлері . . . 6
1. 2. Жолбарыстың мекен ету ортасы және табиғатта таралуы . . . 17
Тәжірибелік бөлім
2. 1. Жолбарыстың қоректенуін зерттеу . . . 19
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26
Қосымшалар
Кіріспе
Ареалының қолайсыз болуына байланысты аналығы бір күшіктен балалайды. Аталық арландардың арасында төбелес болса аналық мекиені жұптасуы сирек кездеседі. Аталығы анасының несеп белгісінің иісі арқылы сезеді. Бір - біріне бас тұмсықтарымен тыжырайып мінезімен айбаттанады, қатты дыбыстар шығарады. Ұрықтандыру кезеңі жыл сайын бір мезгілде болады. Аналығының көпшілігі алғаш рет 3-4 жасында ұрықтанады, 2-3 жылда балалайды. Аналығының буаздығы 92-112 күнге дейін созылады.
Қазақстан жерінде жолбарыстардың көбірек мекендеген жері - Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойы, кейінгісі Балқаш көлі мен Іле өзені аумағы болған. Шу мен Сарысу, Талас, Арыс өзендерінің бойы, Билікөл маңы, Қаратау жоталарын мекендеген. Амур жолбарыс -ең ірі саны аз, Солтүстікте көп кездеседі. Қызыл кітапқа енген. Ресейдің оңтүстік шығыс зонасында, Амур, Усур Хабаровскийде, Лазов ауданында Сихота, Алинь тауының етегінде таралған. Қазіргі кезде Якуридағы Плейстосен паркінде бөліп орналастырылып өсіріледі. Қытай жолбарысы көп кездеспейтін, ең аз, ең кіші тұқым жатады. Табиғатта қазіргі кезде өмір сүрмейді. Ең кішкентай түр. Дене тұрқының ұзындығы аталық, аналығы 2, 2 -2, 6 метр дейін. Аталығы 127 - 177 кг, ал аналығы 100-118 кг дейін. Үнді - Қытай жолбарыс өкілдері Комбодже, Лаосе, Малйзия, Бирме, Тайланд, Вьетнамда тараған. Қазіргі кезде 5 түрін Англия натуралист Джима Корбетта анықтаған. Үнді - Қытай жолбарысы бенгальдық жолбарыс қарағанда кіші және қара қоңыр түсті болады. Ерекше белгісі іш, алқым құлақтың теріс беті, табанының ішкі беті ақшыл келген. Дене түсінің жабылуы, мойын бөлігі қөлдеңенінен тік жолақты қара қоңыр болады. Денесіндегі жолақ қылтықтары ұзын барлық қылтықтары өткір, кейбір қылтықтары айырланып келген. Тұмсығының жанында танауының төменгі жағында мұртшасы, иек бөлігі ақ әртүрлі формада және астыңғы ернінде ауыздың бұрыштарында қара дақ болады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Жыртқыштар отрядына жататын жолбарыстар өкілінің биологиясын анықтау.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
1. Жолбарыстардың мекен ету ортасы және табиғатта таралуын зерттеу.
2. Жолбарыс түрлерінің сыртқы және ішкі биологиялық ерекшеліктерін талқылау.
3. Жолбарыстардың қоректенуін бақылау.
Зерттеу әдістері: Бақылау, анықтау, зерттеу.
Зерттеу обьектісі: Жолбарыс
Систематикалық орны
Патшалығы: Жануарлар - Animalia
Типі: Хордалылар - Сhordata
Тип тармағы: Омыртқалылар - Vertebrata
Класы: Аңдар - Seu theria
Класс тармағы: Жоғарғы сатыдағы аңдар - Euthria
Отряды: Жыртқыштар - Carnivora
Тұқымдасы: Мысықтектестер тұқымдасы - Felidae
Түрі: Жолбарыс - Panthera Tigris
Өкілі:
Амур жолбарыс - Panthera tigris altaica
Бенгал жолбарыс - Panthera tigris tigris
Үнді -Қытай жолбарыс - Panthera tigris corbetti
Малай жолбарысы- Panthera tigris jacksoni
Суматран жолбарыс- Panthera tigris sumatrae
Бали жолбарыс - Panthera tigris balica
Закавказ жолбарыс - Panthera tigris virgata
Яван жолбарыс- Panthera tigris sondaica
Триниль жолбарысы - Panthera tigris trinilensis
I Жолбарыстың биологиялық ерекшеліктері
1. 1. Жолбарыс түрлері
Жолбарыс мысық тұқымдасының ішіндегі ең ауыр және ең ірі жануар. Дене салмағына өлшеміне қарай түрлерін ажырата алады. Аралда тіршілік ететіндерінің табиғатына байланысты денесінің ірі болуы көп кездеседі. Индиялық Бенгалдық, Амурлық Сібірлік жолбарыстар ірі болып табылады. Жолбарыстың арландары 2, 3-2, 5 м дейін, ал кейбір жағдайда 2, 6 -2, 8 м құйрық ұзындығын есептемегенде және салмағы 275 кг, ал кейбір жағдайда 300-320 кг - ға дейін жетеді. Ересектерінің денесінің ұзындығы құйрық және бас бөлігін қоспағанда 1, 4-2, 5 метр. Құйрығы 60-100 м кейбір амурлық жолбарыстардікі 110-115 см - ге жетеді. Амур жолбарыстарының әдеттегі ең ұзын өлшемдері құйрығын есептемегнеде 290 см, ал мекиені 200 см болады. Жолбарыстың арқасының биіктігі 1, 15 м дейін болады. Ересек арлан табиғатта көбінесе 180-250 кг, ал қазіргі деректерде амурдың орташа шегі 180-200 кг, бұрынғы мәліметтерде 215-225 кг дейін жететіні айтылған.
Амур жолбарысының орташа салмағы 390 кг. Жолбарыстардың 384 кг салмақта кездесетін түрлері сирек, көбінесе өте үлкен, кәрі арландары. Тіршілік кезінде 340 кг, 350 кг, 360 кг дейін салмағы қосыла береді. Солтүстік Индия және Непалда бенгалдық жолбарыстың орташа салмағы 220 кг құрайды. Мекиендеріне қарағанда көбіне кіші арландар салмағы басым болады. Амур салыстырып қарағанда бенгалдық массасы 100-181 кг жетеді. Жолбарыстың 6 туысының орташа салмағы 170 кг болса, мекиені 115 кг дейін. Жолбарыстың бас, дене бөлігі созылңқы, бұлшықетті майысқақ, тоқпақтай болып келген. Алдыңғы дене бөлігі көкірек шапшаң қозғалыста және артқы құйымшақ бөлігі биік. Құйрығы ұзын. Алдыңғы табандары 5 саусақ, артқы табандары төртеу және барлық саусақтары мықты орналасқан. Бас бөлігінің алдыңғы бөлігіндегіауыз мүшесі дыбыс шығарады. Басы дөңгеленген, томпақ маңдай орналасқан. Маңдайы едәуір ірі тоқпақтай келген. Жолбарыс бас сүйегінің ұзындығы 200 мм. Мұрнының тесігінің ішінде артқы жағында сызық байламдары байқалады. Құлақ бөлігі кішірек дөңгелектелген және бас бөлігінде орналасқан. Мұршалары 4-5 қатарға дейін, бастың түктері қоңыр, өте майысқақ, ұзындығы 16, 5 мм. Бас терісі дөңгелек, жолақтанған сары. Ересек жолбарыста 30 тісі болады. Сырт және төменгі бөлігі 6 бедерлеуіш 2 азу, сыртқы бөлігі -2 күрек тіс және 1 моляр төменгі бөлігінде 2 күрек тіс және 1 моляр орналасқан. Ұзындығы 8 см -ге дейін. Жолбарыстың ұзын қозғалғыш тіліде жемтігін жеуде қызмет атқарады. Мүйізшесі эпителиймен және етті сүлдесімен жабылған айрықша бұдыр жолақты. Жүнінің қылшығы оңтүстік аймақта сирек және тығыз, ал оңтүстік туыстарында қылшығы аласа, биік және үлбіреуік жабыны аласалау.
Дене түсінің жабылуы, мойын бөлігі қөлдеңенінен тік жолақты қара қоңыр. Денесіндегі жолақ қылтықтары ұзын барлық қылтықтары өткір, кейбір қылтықтары айырланып келген. Бас бөлік жолақ қылтықтары жиі орналасқан. Құйымшақтан басталатын жолақтары артқы мықынмен аяқталады. Кейбірінің сирақ бөлігі қисық бағытта ішкі аяқ бөлігіне ауысады. Тұмсығының жанында танауының төменгі жағында мұртшасы, иек бөлігі ақ әртүрлі формада және астыңғы ернінде ауыздың бұрыштарында қара дақ болады. Сол құлақпен жиегіне дейін және мойын түсі ұзын жолақпен басталған. Басының жандары ақ және қара жолақтармен жабулы құлақ, беттің алдыңғы жақтары ақ жүн қылшықтарымен жабулы, артқысы үлкен ақ дақпен және ылғи сырты қара ала келген. Құйрық ұшы қара түспен ылғи бітеді, үлкен тұтас шығыршық дөңгелектеніп жолақталған. Бас құйрығының тұтас шыйыршықтары қарапайым болады. Қара қоңыр көлденең жолақтар құйрықында орналасады. Көлденең құйрық бөлігіндегі жолақтар саны 10 немесе 8-9 жетеді. Жолбарыстар пішініне, жолақтардың терісінің түстерінің әртүрлі болуына байланысты ажыратылады. Кейбірулерінде 100 - ден астам жолақтар.
Жолбарысты тобырымен арнайы аналогиялық жолмен зоосаябақтардан көре аламыз. Аталмыш өзгешелікті байқау үшін кейде зерттеушілермен бірлестіру үшін қадағалау жүргізіледі. Жолбарысты қолға түсірудің негізгі функциясы аңшылық. Мінезі өңі ашу шақырып бет - пішіні қимыл қозғалыс жасайды. Түрлі географиялық аудандарда жолбарыс жауларына қарсы тұру үшін қызмет етеді. Жолбарыс арланының ізі ірі және мекиеннің созылыңқы ортаңғы саусақтары алға ілгері басады. Арланның ізінің аумағы ұзындықпен 15-16 см, ені 13-14 см, ал мекиенікі 14-15 см, енініғң ізінің ұқындығы 11-13 см. Жерге түскен ізінің формасы жүрек тәріздес, өте үшкір болады. Жолбарыстың көзі жақсы көретіндіктен түнде - де, көре алады. Кейбір деректерде түрлі түсті жартылай көруі айтылған. Дыбыс шығарғанда жұтқыншақпен дауыс будасының құрылымының жағылысуы арқылы өкірік шығаруы, дыбыс жаңғырығы болады. Жолбарыс полигамия өкілі. Шағылысу кезі желтоқсан - қаңтар айында. Ареалының қолайсыз болуына байланысты мекиені бір күшік балалайды. Аталық арландардың арасында төбелес болса аналық мекиені жұптасуы сирек. Аталығы анасының несеп белгісінің иісін сезеді, сол жерден табылады. Бір - біріне бас тұмсықтарымен тыжырайып мінезімен айбаттанады және қатты дыбыстар шығарады. Ұрықтандыру кезеңі жыл сайын бір мезгілде болады. Аналығының көпшілігі алғаш рет 3-4 жасында ұрықтанады, 2-3 жылда балалайды. Аналығының буаздығы 92-112 күнге дейін. Балалауы өте қиын жерде тастардың арасында, үңгірлерде, тас қамал арасында балалайды. Жолбарыстар наурыз - сәуір айында балалайды. Көбінесе 2-4 жолбарыс балаласа, сирек кездесетін 5-6 дейін. Күшіктері әлсіз, көзі жабық күйінде туылады, салмағы 1, 3 -1, 5 кг. 6-8 күнде көзін ашыпөзі жүре бастайды. Алғашқы алты аптада анасының сүтімен қоректенеді. Осы 6 аптада күшіктері анасының бақылауында болады. Себебі анасы басқа үлкен аталық жолбарыстың шабуылынан қорғайды. 8 аптада келгенде күшіктер анасының артынан өзі еріп, ал 18 айда күшіктер еркімен өмір сүреді. Кейбір күшіктер 2-3 жыл анасының жанында кейбір 5 жылға дейін жетеді. Жолбарыс аталықтар баласының тәрбиесіне көңіл бөлмейді.
Өз бетінше өмір сүруге қадам бассада олар анасынан алыс өмір сүрмейді, мекенінен алыстап анасынан көз жазып қалады. Тіршілік мекенін толық білмей, есте сақтауы, жас кішкентай болуы. Аталығының 3-4 жылда жыныстық белгілер біліне бастайды. Ал аналығында 4-5 жылда. Аналықтары 10-20 күшік туады. Жолбарыс көбісі жас кезінде өліп кетеді. Жолбарыстар өмір сүруі 26 жыл.
«Тұран жолбарысы» немесе «Каспий жолбарысы» - тұқымы бүгінде Орта Азия мен Қазақстанда мүлдем құрып біткен. Ғылыми тілде «Тұран жолбарысы» кейде «Каспий жолбарысы» деп аталған жолбарыс тұқымы бертінге дейін Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген. 1950-жылдардың соңында бірде-бір тұқымы қалмаған тұран жолбарысы 1960 жылдары халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілгенмей қалған. Қазақстан жерінде жолбарыстардың көбірек мекендеген жері - Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойы, кейінгісі Балқаш көлі мен Іле өзені аумағы болған. Сондай-ақ, Шу мен Сарысу, Талас, Арыс өзендерінің бойы, Билікөл маңы, Қаратау жоталарын мекендеді деген ғылыми тұжырым да бар. Шу өзені бойында 1912 жылы екі жолбарыс өлтірілген. Сырдарияның соңғы жолбарысының бірі 1925 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің маңында, ал енді бірі 1933 жылы Қазалы маңында жан қиған. Дегенмен Шу жолбарысын 1940 жылға дейін көргендер болса, Сырдария бойындағы ну жыныста тұран жолбарысы 1945 жылға дейін де ұшырасып отырған.
Ғалымдардың зерттеуінше, тұран жолбарысының салмағы 170 пен 240 келі аралығында, ұзындығы 2, 70-2, 90 метр болған. Салмағы жөнінен уссурий жолбарысынан зор тұран жолбарысы, одан гөрі әлді болған. Керуенге кенеттен шабуыл жасаған тұран жолбарысының атан түйені ұрып жығып, қамыс арасымен 100 метрге дейін сүйреп барғаны туралы оқиға хатқа түскен. Биологтардың мәліметінше, 1900 жылы тұран жолбарысының жортуылдайтын аумағы батыста Қара теңізге, шығыста Алтай тауларына дейін созылған. Ресейде жарық көрген «Военный сборник» журналының 1871 жылғы нөміріндегі «Табиғат және аңшылық» деген бөлімінде Сырдария бойында тұратын Шахан деген аңшы жайында мақала басылған. Шахан аңға кеткен бір күні түнде адамжегіш жолбарыс киіз үйге кіріп, баласын өлтіріп, әйелін қамысқа сүйреп әкетеді. Таңертең қайғылы оқиғаның үстінен түскен ауыл тұрғындары кетпен, қанжар, шоқпармен қаруланып, қанды ізді қуалай барып, жұлым-жұлымы шыққан әйелдің өлі денесінің үстінен түседі.
Қатты күйінген Шахан жолбарысты өлтірмекке ант береді. Ақыры сөзінде тұрған аңшы бірнеше шұбар аңның көзін жояды. Өкінішке қарай, аңшының жолбарысты қалай өлтіргені толық баяндалмаған. Дегенмен, өлкелік Сырдария генерал-губернаторы Александр Перовскийге терісі сыйға тартылған алып жолбарыстың қалай ауланғаны жөнінде жазбалар сақталған. Білектерін арқанмен орап, үстеріне қалың тері жамылған аңшылар жалаң қанжармен-ақ жолбарыс жайратып отырған.
Мұрағат деректері бойынша, 1880 жылы Арал түбіндегі ауыл маңында отын жинап жүрген бір әйелді жолбарыс жеп қойған. Дәл солай Перовский гарнизонының офицері де жолбарыстың жемі болыпты. Кешке қарай офицер көзге түспеген соң, дабыл көтеріліп, оны солдаттар іздеуге кіріседі. Жолбарыс әлгі офицерді қамыс арасына апарып түк қалдырмай жеп қойыпты. Осындай оқиғалардан кейін тұран жолбарыстарын жаппай қыру басталғанға тәрізді. Әр өлтірілген жолбарыс үшін сый ақыға 25 сом ол кез үшін бұл 40 қойдың құны берілген. Атақты контрреволюционер Лев Давидович Троцкий 1928 жылы Алматыға айдалып келгенде, қауіпсіздік қызметкерлері оған Іле өзені бойына аңшылық құруға рұқсат берген екен.
Сталиннің бұйрығымен Мәскеуден қуылған маршал Жетісу жерінде түн қатып жүрген тұран жолбарысын талай рет тамашалаған. Бастан - аяқ қара түсті киім киіп, үлкен ит жетектеп жүретін Троцкий, Алматыда белгілі саяси мәлімдемелерімен қатар, «Балқаш жолбарысына шабуыл жасамау туралы пакт» деген еңбек жазған. Тұран жолбарысын тірілту мәселесі соңғы кездері жиі көтеріліп те жүр. Осы мәселені көтеріп жүрген ғалым Бақытжан Әділов Қазақстанға тайгадан уссурий жолбарысын әкеліп, жергілікті жерге бейімдеу арқылы арнайы питомникте тұран жолбарысын «тірілтуге» болатынын дәлелдеп жүргеніне бірнеше жыл болды. Амур жолбарыс - ең ірі саны аз, Солтүстікте көп кездеседі. Қызыл кітапқа енген. Ресейдің оңтүстік шығыс зонасында, Амур, Усур Хабаровскийде, Лазов ауданында Сихота, Алинь тауының етегінде таралған. Қазіргі кезде Якуридағы Плейстосен паркінде бөліп орналастырылып өсірілуде. Амур жолбарысы ең үлкен түр, жүні тығыз температурасы жылы аудандарда көп, түсі ашық. Қыс кезінде жүнінің түсі - қызыл- сары, ақ. Бұл өкілдерді қатты желден, ыстық температурадан іш майының қабаты 5 сантиметр. Денесі майысқақ созылыңқы, басы дөңгелек, табандары қысқа, құйрығы ұзын. Құлағы өте қысқа, себебі ол суық аудандарда тұрады. Амур жолбарысы түстерімен ажыратылады. Олардың адамдарға қарағанда көру қабілеті 5 есе жоғары. Аталық денесінің ұзындығы басынан құйрық ұшына дейңн 2, 7-3, 8 м, ал аналықтары қысқарақ. Арқасының ұзындығы 115 см, салмағы 160-270 кг. Жабайы орманда тіршілік ететін амур салмағы 250 кг аспайды. Үлкен арландар 18-200 кг дейін, арқасының ұзындығы 90-160 см, ал ең алыпының дене ұзындығы 317 см, құйрығы 114 см. Амурлық жолбарыс - үлкен аумақта мекен етеді. Аталықтары 300 -500 км 2 , ал аналық 600-800 км 2 .
Егер өздерінің алаңдарында қорек жеткілікті болса, басқа аумаққа шабуыл жасамайды. Жабайы түрлері үй хайуанаттарына иттерге шабуылдайды, түнде белсенді. Аталықтары түнде жалғыз, ал аналықтары тобырмен жүреді. Бір - бірімен ерекше дыбысымен қауымдасып, ал дыбыс мұрын және ауыз қуысы арқылы шығады. Бүйірімен түйісу арқылы достық белгісін байқауға болады. Амур жолбарысы өзінің үлкен күшіне, көру қабілетінің жоғары дамуына қарамастан, оларды көп уақыты шабуыл жасаумен өтеді, бірақ 10 шабылдың 1 ғана сәтті аяқталады. Азығына еңбекпен жетеді де, қоегінің арқасына секіріп мініп, артқы аяғының күшімен жерге құлайды. Ұсақ жануарларды тамаққа лақтырып шайқау ароқылы қоректенсе, ал ұлкен азығын бірінші жерге құлатып, ал сосыесоң ғана мойын омыртқасы арқылы қоректенеді. Егер шабуыл сәтсіз шықса онда азығынан бас тартады, қайта шабуыл жасайтындар аз. Амур жолбарысы суға келгенде, басқа хайуанаттар жасырынады, оған ылғи ұарсыластар пайда болады. Ірі тұяқты хайуанаттармен жорық жасап, балықпен, бақамен, құстар, тінтуірлермен, өсімдік қалдықтарымен жеркенбей азық етеді. Қоректену ратционының алапес абзал бұғы, елік асыранды шошқаның еркектерін бұлан, сілеусін және ұсақ азықтар.
Амур жолбарысының тәуліктік тамақ рационы шамасы - еттің 9-10 кг. Жолбарыс тіршілігі үшін жылда 50- 70 тұяқ қажет. Амур жолбарыс туралы адамдар арасында хайуанат туралы пікір елді-мекендерден аулақ ұстауға тырысады. 1950 жылы Приморском және Хабаровск елді мекендерінде шамамен 10 шабуыл қаупі адамдарға төнген. Елді- мекендерде келесіде аулау сенімсіздік тудырады. Өмірінің ұзақтығышамамен 15 жас. Шағылысу кезі бір мезгілде анықталады. Аналық зәр шығаруы тал - шыбықтың жаны болады. Арландары өте ірі, ал аналықтарыының денесі кіші. Үнді - Қытай жолбарыс өкілдері Комбодже, Лаосе, Малайзия, Бирме, Тайланд, Вьетнамда тараған. Қазіргі кезде 5 түрін англия натуралист Джима Корбетта анықтаған. Үнді - Қытай жолбарысы бенгальдық жолбарыс қарағанда кіші және қара қоңыр түсті. Аналық мекиен ұзындығы 2, 55-2, 5 м, дене салмағы 150 -ден 195 кг дейін. Ормандарда, таулы аудандарда, елдердің арасында шекарада өмір сүреді. Обылыстарда өсіру рұқсат етілмеген, шектеулі. Басқа түрлермен салыстырғанда аз кездесетін, өмір сүруі қызықты. Аналығы 2 - 3 рет балалайды. Оның популяциясының тарихы әртүрлі жер бетіндегі кем дегенде 1200- 1800 популиясының интервалның белгісімен ерекшеленеді. Ең ірі популияция Малайзия да мекен етеді, осы елде броконерлік қатты дамыған, бірақ жолбарыс популияциясы ареалы қауіпті . Қытайда медицина дамыту мақсатында Ветьнам қамалын үш ай бойыжолбарысқа шабуыл жасап сатылымға көп шыққан. 2-3 күшікке дейін балалайды, туылғанда көр соқыр және мылқау. Көздерін өмірге келген соң бірінші аптасында ашады. Сүт тістері 14 күнде шыға бастайды, ал түпкілікті 12айға дейін шығады. Екі ай болғанда мекиені балаларын етпен азықтандырады. 6-7 айда айда ұсақ хайуанаттарға өз еркімен шабуылдайды. Мекиендері мен арландары үлкен азықтарға қол жеткізеді. Балалары 18-28 айға дейін аналықтарымен жүреді, кейін бөлек кетеді. Күшік аналықтары ұрығымен ұзақ аз жүреді, аталығына қарағанда. Бірінші жылы 35% үлкен хайуанаттарға шабуылдайды. Бенгальдық жолбарыс Индия, Бангладеш, Непом, Бутан тероторияларын, жаңбырлы ормандарда, қармақбауларда құрғақ саван, мангр биотоптары мекендейді. Көп тараған саны Терои - дуар шекараларында мекендейді. Бенгальдық жолбарыс популяциясы 3100-4500, ал Индия аумағында 3000 популяция. Индия ғалымдары осы ақпаратқа күмәнмен қайта есептеп дұрыс емес екендігіне көз жеткізеді, кейбір деректерде жолбарыс популяциясы 2000 жеткендігі ескерілді. Олардың азайып бара жатқандығы броконерлік топтардың шашыратып жіберуі. Барлық жолбарыстарды броканерлерден қорғаудың жолы қорықтар.
1972 жылы Индияда табиғатты қорғау жобасы, белгілі Индия жолбарыстарын сақтап қалу, «Жолбарыс жобасы» ұйымдастырылды. Аталмыш жобаны іске асырған іс - шаралар арқылы жолбарыс саны 70 - інші жылдары 1200 болса, ал 90 -ыншы жылдары 3000 - ға көбейді. Осы жоба ең ірі табысты бағдарлама табиғатты ғана емес әлемді күзету. Бенгалдық жолбарыс аталық арландары 205 - 227 кг дейін, ал аналық ұрықтарының орташа салмағы 140-145 кг дейін. Индия солтүстігімен және Непалға қарағанда аталық арландары индия субьконтинентінің оңтүстіктері салмағы үлкен 235 кг. Оның түсі ашық, қызыл сары, сары жүнді жолақтары қоңыр, қара қоңыр, көкірек бөлігі ақ, ал құйрығы көбіне ақ - қара шиыршықты.
Бенгалдық жолбарыс мутациясы - ақ жолбарыстың қара - қоңыр, қызыл - сары жолақталған ақ жүнді. Сирек кездесетін ақ жолбарыстарда ешқандай жолақтар болмайды. Денесінің ұзындығы құйрық бөлігі орташа аталық арлан 270-310 см, 290 см дейін. Құйрық ұзындығы 85-110 см, арқа белінің биіктігі 90-110 см, ал кейде сәйкесінше 150 см дейін. Малай жолбарысының таралған аумағы Малайзия, Паханг, Перак, Куала, Тренгану, Келантан, Оңтүстік Тайланд. Ең кішкентай жолбарыс. Дене тұрқы - бас, тұлға, майысқақ ұзын құйрықтары, алдыңғы табандары, жалпақ аласалау, аяқтары, табандары бес саусақ, тырнақтары өте мықты жетілген, құлақтары дөңгелек, басы дәу, жүрісі мықты. Көру мүшесі жақсы жетілген. Азу тісі өте үлкен. Мойны дамыған, шапшаң қозғалғандықтан жемтігін тұншықтырып қолға түсіреді. Қорегінің терісін ашуда өткір тістерін қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz