Құстардың шығу тегі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I Құстардың шығу тегі
1.1Құстардың эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Ежелгі құстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Тәжірбие бөлім
2.2.Үй тауығының биологиялық шығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Құстар эволюция барысында бауырмен жорғалаушылардың бір бағытта болып мезозойдың бас кезінде триас дәуірі, яғни осыдан 190-170 млн жыл бұрын, олардан бөлініп шыққан. Құстардың тегі мезозой кезеңінде сан жағынан да, түр жағынан 8 - ден өте көп болған архозаврлардан бөлініп шыққан. Ежелгі құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған.
Юра және бор кезеңдерінде Австралия мен Антарктидадан басқа барлық құрлықтарға таралған. Қазақстанда ұшатын кесірткелердің сүйектері Қаратау жотасынан, Ақтөбе облысынан табылған. Псевдозухийден текодонттар отрядына жататын жойылып кеткен бауырымен жорғалаушы шыққан. 2 отряд тармағы рамфоринхтер және птеродактилдер, 35-ке жуық туысы, 110-дай түрі анықталған. Бұлардың денелері әр түрлі. Торғайдың үлкендігіндей кішкентай, қанаттарын жайғанда ауқымы 7 м-ге жететін алып түрлері де болған. Сүйектері жеңіл, сыртқы қабаты жұқа, берік, іші қуыс.

1. Е.Гуриков « Іле Алатауы » Алматы Мектеп баспасы 1997 (21-27)
2. М.К.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов – « Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі» Алматы Қайнар баспасы 2000 (57-68) 3. Ж.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев – « Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау» Алматы - кітап 2004
4. Е.Гуриков « Іле Алатауы » Алматы Мектеп баспасы 1997 (21-27)
5. М.К.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов – « Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі» Алматы Қайнар баспасы 2000 (57-68)
6. Ж.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев – « Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау» Алматы - кітап 2004
7.http://www.google..com/imgres/imgurl=http://cdn8.wn.com/ph
8.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://upload.wikimedia.org
9.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://egemen.kz
10.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://balalaralemi.kz
11.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://cdn4.wn.com
12.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://article.wn.com/view/2011/03/08

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I Құстардың шығу тегі
1.1Құстардың
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.2.Ежелгі құстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..13
Тәжірбие бөлім
2.2.Үй тауығының биологиялық
шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Құстар эволюция барысында бауырмен жорғалаушылардың бір бағытта
болып мезозойдың бас кезінде триас дәуірі, яғни осыдан 190-170 млн жыл
бұрын, олардан бөлініп шыққан. Құстардың тегі мезозой кезеңінде сан жағынан
да, түр жағынан 8 - ден өте көп болған архозаврлардан бөлініп шыққан.
Ежелгі құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы туралы ой көне
құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және
1677 жылдары Германияда табылған.
Юра және бор кезеңдерінде Австралия мен Антарктидадан басқа барлық
құрлықтарға таралған. Қазақстанда ұшатын кесірткелердің сүйектері Қаратау
жотасынан, Ақтөбе облысынан табылған. Псевдозухийден текодонттар отрядына
жататын жойылып кеткен бауырымен жорғалаушы шыққан. 2 отряд тармағы
рамфоринхтер және птеродактилдер, 35-ке жуық туысы, 110-дай түрі
анықталған. Бұлардың денелері әр түрлі. Торғайдың үлкендігіндей кішкентай,
қанаттарын жайғанда ауқымы 7 м-ге жететін алып түрлері де болған. Сүйектері
жеңіл, сыртқы қабаты жұқа, берік, іші қуыс.
Археоптерикстер –Юра теңізінің құмдауыт тақтатастарынан бізге белгілі ең
ежелгі құс –Археаптерикс таңбасы табылған, оның мөлшері шамамен кептердей
болғанү Бұл құстың әлсіз төсінде қыры болмаған, сүйектері қалың қабырғалығ
ауа өзектері жоқ.Барлық қабырғалары, сегізкөзден басқалары дербес.Ұзын
құйрық қаңқасы шамамаен 20 шақты амфицельді омыртқадан тұрған.Құйрық
қауырсындар қазіргі құстардағыдай шоқ болып бекітілмеген, ол әр омыртқаға
екі - екіден бекітілген.Алдыңғы аяқтары қысқа қанат түрінде үш бос
саусақты, тырнақтары бар, қозғалмалы білезігі сақталған, өрім
түзбейді.Бұғанасы айыр сүйекке біріккен, жауырыны қылыш сияқты.
Қабырғасында бір басы және онда ілгек тәрізді өсінділері болмайды.
Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: алғашқы құстар –
археоптерикс; тісті құстар; қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви,
пингвиндер; қырлы төсті құстар. Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды
бар кесірткеқұйрықтылар жойылып кеткен және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай
түрі оның 28 отряды осы кезде де кездеседі желпуішқұйрықтылар немесе нағыз
құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі
барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа
жататын 489 түрі бар.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл
кітабына”,Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген құстардың шығу тегі
мен эволютциясын анықтау.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
1.Құстардың шығу тегіне зерттеу.
2 Ежелгі құстардың түрлерін бақылау.
3.Үй тауықтың биологиялық шығуын анықтау.
Зерттеу әдістері: Бақылау, анықтау, зерттеу.
Зерттеу обьектісі: Құс
Сиситематикалық орны
Тип: Хордалылар-Chordata
Тпи тармағы:Омырткалылар-Vertebrata
Класс: Құстар-Aves
Кесірткеқұйрықты немесе Ежелгі құстар кластармағы-Archaeornithes
Археоптерикстер отряды-Archatohteryges
Тісті құстар отрядүсті-Odontognathae
Ихтиорнистер отрядүсті-Ichtyornithes
I Құстардың шығу тегі
1.1 Құстардың эволюциясы.
Құстар – құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада ұшып
тіршілік етуге бейімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстардың тікелей
тегі – бауырымен жорғалаушыларға жақын, олар кесіртке тәрізділер тобында
бірігеді. Құстардың бауырмен жорғалаушылардан бөлініп шығуы, шамамен 190-
170 млн жыл бұрын триас аяғында- юраның басында жүзеге асуы мүмкін. Құстар
мезазой эрасында басым болған диапсидты бауырмен жорғалаушылар –
архозаврлардан бөлінген. Құстардың тікелей арғы тегі- біршама ежелгі
авхозаврлар – Текодонттар , мүмкін орнитозухиялар болуы . Құстардың арғы
шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген.
Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз.
Аяқтарында қабыршақты жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен
жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен
жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады.
Әсiресе үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында
байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш
бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен жармасады. Бұл ұқсастық
құстар мен бауырымен жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс
топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.
Алғашқы құстар. Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы
туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы
дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде
ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы
құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi
көгершiндей болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық
құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы және басқа құрылыс белгiлерi
ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда
тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi және басқа белгiлерi, олардың
бауырмен жорғалаушыларға ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың, қыры жоқ төстiң
құйрықтыңқұрылысы, алғашқы құстар нашар ұшып, ағашта тiршiлiк еттi деп
тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар
шамамен 180 млн. жыл бұрын, ағаштарда тiршiлiк етiп, бұтақтан бұқтаққа
секiре алатын ұсақ бауырымен жорғалаушылардан шыққан. Кейiннен
табиғатта қазiргi құстардың белгiлерi дамыған дарақтар ғана сақталған.
Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: алғашқы
құстар – археоптерикс; тісті құстар; қырсыз жалпақ төстілер –
түйеқұстар, киви, пингвиндер; қырлы төсті құстар. Құстар 2 класс тармағына:
бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар жойылып кеткен және 34 отрядқа
бірігетін
9 мыңдай түрі оның 28 отряды осы кезде де кездеседі желпуішқұйрықтылар
немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика
жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда
құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына
қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі.
Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген,
ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын
болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада
ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және
мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы
қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл
әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады ол су құстарында жақсы
жетілген. Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі
– олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене Құстар — жылықанды,
ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар. Терісі құрғақ, тек
құйымшақ безі ғана болады. Жіліншігі мен саусақтарын мүйіз текті
қабыршақтың қаптауы, қауырсындарының мүйіз текті заттан түзілуі, ас қорыту
жүйесінде клоака болуы, жұмыртқа арқылы көбеюі, ұрығының даму сатысының
жорғалаушыларға ұқсауы құстардың жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.
Ғалымдар құстардың жорғалаушыларға арғы тегінен ұқсастығын
қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей тұсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150
млн. жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынның
қалдығы соңына екі құстың скелеті табылған. Оның біреуі археоптерикс көне
құс деп, екіншісі археоорикс деп атады. Дене мөлшері кептердей бұл қанатты
жануарлар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы
ұша алмағанымен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз
қашықтыққа, қалықтауға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі
жақ сүйектерінде тістердің болуы, 20 омыртқадан тұратын құйрығы — оның
кесірткеге ұқсас белгілері еді. Ал аяғындағы 3 саусақтарында тырнақтарының
болуы, мүйізді тұмсықтарының болуы нағыз құсқа тән қасиет. Ең алғашқы
құстардың көне құстардан ерте тіршілік еткені де дәлелденуде. Американдық
палеонтологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатының батыс бөлігіндегі Пост
деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен
құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны
ғалымдар портоавис деп атады, мұның қазақша баламасы — ілік құс. Ілік
құстың мөлшері - қарғадай. Оның үлкен көз шарасы, ми сауыты және төс сүйегі
құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілік құстардан бастама алуы да
ықтимал. Құстардыӊ арғы тегі рептилилер
болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында
кұстардың шығуы мезозойдың триас бас кезі деп саналады. Динозаврлардың,
крокодилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын
құстарға жақын тұрған псевдозухилер болып саналады. Псевдозухилердің ішінде
құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер болған. Олар құстар
сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін
қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың
жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша
қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен
қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді. Псевдозухилер
рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың
тура шыққан ататегі емес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және
псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл
топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы
мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде
денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға
маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін
қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі
қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған
байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының
жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп
жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына
қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму
кезеңінде қабыршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл даму
процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене
қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына
мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың
“жылықанды” болуына себепші болған. Құстардың нағыз тегініӊ қалдығы әлі
табылмаған.
Полеонтологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың
аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер
қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған.
Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп
сипаттаған. Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері: денесі қауырсынмен
қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш
пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас
сүйегінің құрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір
саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан.
Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді
тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан
тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір
қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары
болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы
болып байланысқан. Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған
талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына болжау жасауға
мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік
еткен, бірақ ұша алмаған. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы,
төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетініӊ
тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттіӊ болмағанын
көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар
салған болу керек. Әлсіз тістері жәндіктермен немесе жемістермен
қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныӊ және жамбас белдеуініӊ құрылысына
қарағанда жер бетінен гөрі, ағаштарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар
екенін көрсетеді. Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше
топтарының: мен гесперорнистердіӊ қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшуға
қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, алдыӊғы аяқтары
иығының рудименті түрінде ғана болған. Төс сүйегініӊ қыры болмаған. Суда
жақсы жетілген екі артқы аяғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі
гагарларға ұқсаған.
Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкін, өйткені бұлардың қанат
скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында
тістері болған. Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың
арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жақын, ерте мезозойлық
рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде
тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқтары
қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп
жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің
барлығы қанат қабыршағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін,
жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта —
орман болып саналады. Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген
белгілері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды
болуына себепші болған. Ежелгі құстардың
көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы туралы ой көне құстар дақтарының
табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары
Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта
қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар
қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей болған. Оларды нағыз
қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының
орналасуы және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы
ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi
басқа белгiлерi,олардың бауырмен жорғалаушыларға ұқсастығын көрсеттi.
Қанаттың, қыры жоқ төстiң құйрықтыңқұрылысы, алғашқы құстар нашар
ұшып, ағашта тiршiлiк еттi деп тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi.
Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл бұрын,
ағаштарда тiршiлiк етiп, бұтақтан бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен
жорғалаушылардан шыққан.
Кейiннен табиғатта қазiргi құстардың белгiлерi дамыған дарақтар
ғана сақталған. Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ
және безсiз. Аяқтарында қабыршақты жабындары болады. Құстардың
қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан
тұрады. Бауырымен жорғалаушылардiкiндей зәр ағарлары мен көбею мүшелерi
клоакаға ашылады. Әсiресе үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен
жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар
огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат
саусақтарымен жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылар
— ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме
бередi. Архозаврлар –
мезозой эрасында құрлықта тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылар тобы. Олар
текодонттар, қолтырауындар, динозаврлар, птерозаврлар болып бөлінеді.
Қазақстанда Архозаврлардың сүйектері Оңт. Қазақстан, Қызылорда
облыстарындағы мезозой шөгінді қабаттарынан табылған. Ғалымдардың
пікірінше, Архозаврлар пермь кезеңінде тіршілік еткен эозухий деген кішкене
кесірткеден пайда болған. Қолтырауындардан басқа тұқымдары мезозойдың
соңында құрып кеткен. Архозаврлардың көпшілігінің денесі қатты тері
қабаттармен жабылған. Құстардың арғы тегі Архозаврлардан жаралған деген
тұжырым да бар. Омыртқалы жануарлардың даму тарихын зерттеп білуде
архозаврлардың маңызы зор. Птерозаврлар— архозаврлар класс тармағына
жататын жойылып кеткен бауырымен жорғалаушылар отряды. Триастың аяғындағы
қазба қалдықтары Еуропа, Италия табылған. Юра және бор
кезеңдерінде Австралия мен Антарктидадан басқа барлық құрлықтарға таралған.
Қазақстанда ұшатын кесірткелердің сүйектері Қаратау жотасынан, Ақтөбе
облысынан табылған. Псевдозухийден текодонттар отрядына жататын жойылып
кеткен бауырымен жорғалаушы шыққан. 2 отряд тармағы рамфоринхтер және
птеродактилдер, 35-ке жуық туысы, 110-дай түрі анықталған. Бұлардың
денелері әр түрлі. Торғайдың үлкендігіндей кішкентай, қанаттарын жайғанда
ауқымы 7 м-ге жететін алып түрлері де болған. Сүйектері жеңіл, сыртқы
қабаты жұқа, берік, іші қуыс. Бас сүйектері мен сирақтарының қуыстары жұқа
қабыршақтармен бекіген. Бас сүйектерінің қуыстары үлкен, онда үлкен көзі
мен ұзын, сүйір жақ сүйектері орналасқан. Бірқатар орналасқан тістері
үшкір, негізінен жемін ұстау қызметін атқарған. Кейбір түрлерінде тістері
жойылған, олардың тұмсықтары мүйіз қабықпен қапталған. Бас миы ірі ми жарты
шарларынан және көру бөліктерінен құралған, олар ұшу кезінде бағыт беріп
отырады. Мишығы құстармен салыстырғанда кішірек болған. Мойындары ұзын,
буынында жақсы қозғалатын 7—9 омыртқадан тұрады, арқа омыртқалары 12—16,
сегізкөзде 4—10. Құйрықтары рамфорник сияқты түрлерінде ұзын, ал
птеродактилилерде қысқа, омыртқа саны 10-нан 40-қа дейін. Алдыңғы аяқтары
қанатқа айналған, олар кейбір птеродактил сияқты түрлерінде жалпақ, ал
рамфоринхтерде жіңішке. Жарғақ қанаттары өте ұзарған 4-саусақтарына
бекіген, 1—3 саусақтарының тырнақтарымен ұзындығы орташа, ал 5-саусақтары
кішірейіп жойылған. Тығыз денесін қалың қылшық жапқан. Бұлар жылы қанды
жануарлар деп саналады.Артқы аяқтарының саусақтарының арасындағы жарғақтары
суда жүзу және ұшқанда су бетінен көтерілу қызметін атқарған. Негізінен
өзен, теңіз жағалауларында тіршілік етіп, балықпен және судағы омыртқасыз
жәндіктермен қоректенген. Жұмыртқа салып көбейген. Ұшатын кесірткелер ішкі
және сыртқы белгілерінің шығу тегінің бірлігіне емес, белгілі бір тіршілік
жағдайына бейімделушілік қасиеттеріне байланысты бауырымен жорғалаушылардың
құстарға және кейбір сүтқоректілерге жарқанаттарға ұқсас болуына мысал бола
алады. Ұшатын кесірткелердің түр,туыстарының және кейбір тұқымдастарының
тіршілік ету кезеңінің аса ұзақ болмауы — сол дәуірлерге тән шөгінді тау
жыныстарының стратиграфиясын анықтауға мүмкіндік береді.
Құстар эволюция барысында бауырмен
жорғалаушылардың бір бағытта болып мезозойдың бас кезінде триас дәуірі,
яғни осыдан 190-170 млн жыл бұрын, олардан бөлініп шыққан. Құстардың тегі
мезозой кезеңінде сан жағынан да, түр жағынан 8 ден өте көп болған
архозаврлардан бөлініп шыққан. Ал, архозаврлардың ішіндегі ең ежелгісі -
псевдозухилар немесе текодонттар болып табылады. Архозаврлардың барлық
топтары солардан келіп шыққан деп есептелінеді. Псевдозухилардың сыртқы
пішіні кесіртке тәріздес әрі солар сияқты жерде жорғалап жүретін болған.
Артқы аяқтарының алдыңғыларына қарағанда ұзын болуы, жылдам жүргенде немесе
жүгірген кезде, артқы аяқтарына күш түсіруі, олардың жақсы дамуына әсерін
тигізген. Осыған байланысты, псевдозухилар қаңқасының құстар қаңқасына
біршама ұқсастығы байқалады. Сондай-ақ, олардың жер бетінен көтеріліп, ағаш
басына өрмелеп шығуы да, біртіндеп жүзеге асқан болуы керек деп
жорамалданады. Құстардың денесін жауып жатқан қауырсындар, алғашқыда
денедегі жылылықты сақтау үшін және тез қозғалуға бейімделу нәтижесінде
пайда болған. Қауырсындардың ұшу процесіндегі ролі кейінірек қалыптасқан.
Өйткені, кейбір псевдозухилардың денесіндегі қабыршақтардың біршама ұзын
және оның ұзына бойы орналасқан, майда көлденең өсінділерінің болуы, соның
дәлелі бола алады. Олар кейін дами келе, бірте-бірте қауырсындарға
айналған. Палеонтологиялық қазбалар ішінде рептилилер мен құстардың
аралық формасы болып табылатын бірнеше дерек бар. Оның бірі археоптерикс,
екіншісі соған жақын - археорнис деп сипатталған. Олар юра дәуірінде, яғни,
біздің заманымыздан 150 млн жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқыда, жер
қабатынан, олардың қауырсынының таңбасы, кейін толық екі қаңқасы табылған.
Олар алғашқы кезеңдерде ағашқа өрмелеп, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік
ететін, бірақ ұша алмайтын жануарлар болған. Алдыңғы аяқтарының нашар
жетілуі, төсінде қырлы сүйегінің және бұлшық еттерінің болмауы, олардың
ұшуға бейімделмегенін көрсетеді. Археоптерикстердің көлемі сауысқандар
шамалас, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінде тістері және құйрықтары ұзын
20 құйрық омыртқасы болған. Сондықтан да олар, қазірге заманғы құстар
жүйесінде, кесіртке құйрықты құстар класс тармағына жатқызылады. Ал, осы
заманда тіршілік ететін құстардың құйрығы қысқа, өйткені ол бір ғана
сүйектен - пигостильден тұрады, оған құйрығындағы бағыттаушы қанаттары
бекиді. Олар нағыз құстар немесе желпуіш құйрықты қҧстар класс тармағына
жатқызылған. Ал үшінші дерек - мезозойдың бор дәуірінде 9 тіршілік еткен
ұшатын құстардың өкілдері - ихтиорнистар мен гесперорнистердің қаңқа
қалдықтары. Гесперорнистер ұшуға қабілетті су құстары болған. Қанаттары
болмаған, алдыңғы аяқтары тек қана рудимент түрінде сақталған. Жақсы
жетілген екі артқы аяғының көмегімен суда жүзген. Ихтиорнистер жақсы ұшатын
жануарлар болған. Өйткені, олардың қанат қаңқасы жақсы жетілген және
кеудесінде биік қырлы сүйегі мен жақтарында тістері болған. Сонымен,
құстардың арғы тегі ерте мезозойлық дәуірде өмір сүрген бауырмен
жорғалаушылар болып табылады. Алғашқы кезеңде, олар ұша алмайтын, жер
бетінде ғана тіршілік ететін, артқы аяқтарымен қозғалатын жануарлар болған.
Алдыңғы аяқтарымен қармап ұстап, ағаштан ағашқа секіріп, қалықтап ұшу
әрекеттерінің нәтижесі, қанат қабыршағының ұзаруына әкелген. Ұшуға
бейімделуі, құс құрылысының жетілуіне, ал денесінің қауырсынмен қапталуы
жылы қанды болуына септігін тигізген.
Қазіргі заманда тіршілік етіп жатқан құстар, кайназой эрасының үштік
дәуірінде – бор дәуірінің соңына қарай, яғни 70-40 млн жыл бұрын пайда
болған деп есептелінеді. Температурасының тұрақты әрі жоғары болуын 38 –
41°С қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес,
денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс
салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп
мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп
энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу
жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары
мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір
үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы
байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы
кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда
кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады.
Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет дем алған кезде және дем шығарған
кезде де тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана
тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары,
көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы
әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы
жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі
жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың
алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік
және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл
атқарады.
Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге
дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын
таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы
санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын
тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында Aвстрия алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім
қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды.
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен
83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми
шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды.

1.2.Ежелгі құстардың түрлері

екі- екіден бекітілген.Алдыңғы аяқтары қысқа қанат түрінде үш бос саусақты,
тырнақтары бар, қозғалмалы білезігі сақталған, өрім түзбейді.Бұғанасы айыр
сүйекке біріккен, жауырыны қылыш сияқты. Қабырғасында бір басы және онда
ілгек тәрізді өсінділері болмайды. Денесін асимметриялы қауырсындар және
қабыршақтар жапқан. Артқы аяқтары құстардағыдай, бірақ жіліншегі толық
қалыптаспаған. Аяғы төрт саусақты. Көптеген рептилиялардағыдай
археоптериксте құрсақ қабырырғалар болған. Жамбас сүйектер бір – бірімен
бірікпеген, шат сүйектері жалпақ симфиз түзейді. Бассүйегі репьтилді типті,
бірақ біршама тұмсық тәрізді және көзшарасы үлкейген. Шүйде тесігі қарақұс
және ілмешегі артқа бағытталған.Көз айнасындағы қатты сақина жақсы дамыған.
Жақтарында альвеолаларда тістер орналасқан, ал бас қаңқа сүйектері әлсіз
біріккен. Орманды мекендеушілер болғанғ қалықтап ұшуға қабілетті болуы
мүмкін, бірақ екі аяқпен жүруқабілетін жоғалтпаған.Ағаш сүлбесінде
қозғалғанда өанаттарындағы саусақтарын пайдаланған.
Археоптерикстер мен бауырмен жорғалаушылардың үлкен ұқсастықтарына
қарамастан – олар құстар болған, бірақ ежелгі құстардың қарапайым әрі
маманданған бүйір бұтағы болып табылады. Қазіргі құстардың тегі бұданда
қарапайым кесіріткеқұйрық құстар болуы мүмкін. Археоптерикс— қаңқа қалдығы
қазбадан 1861, 1877 және 1956 жылдары Алманияда табылған алғашқы құстар
өкілі. Оның дене мөлшері кептерден сәл ғана үлкендеу, массасы шамамен 150-
300 г тең болған. Денесін майда қауырсындар мен қабыршақтар қаптап жатқан.
Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жауырыны қылыш тәрізді, бұғаналары өзара
доға тәрізді бірігіп кеткен. Омыртқа бағаны 50 омыртқадан 10-11 мойын, 11-
12 көкірек, 2 бел, 6-7 құйымшақ, 20-21 құйрық омыртқалардан құралған
тұрған. Қабыртқаларында бүйір өсінділері болмаған. Бас сүйек пен артқы
аяқтың қаңқасы қазіргі құстар қаңқасына ұқсас, бірақ, жақ сүйектерінде
майда конус тәрізді тістері болған. Алдыңғы аяғы қанатқа ұқсағанмен,
қаңқасының құрылысы бауырымен жорғалаушылар сүйектеріне ұқсас . Ауалы
сүйектер болмаған. Археоптерикс дене құрылысының қазіргі құстар мен
бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығы — құстардың бауырымен жорғалаушылардан
шыққандығының дәлелі. Бұдан 150 миллион жыл бұрын өмір сүрген ең ежелгі
құстардың арғы тектерінің бірінің тістерінің саны өте көп болған. Алайда
арада 20 миллион жыл өткеннен кейін Жерде тіссіз құстар тіршілік ете
бастаған.
Палеонтологтардың назарын жасы 22 миллион жылды құрайтын құстардың
Zhongjianornis yangi түрі аударды. Осы түрдің, сондай-ақ олардың
әріптестерінің қалдықтарына жасалған сараптама көптеген тіссіз қарапайым
құстардың ұшуға жақсы бейімделгенін көрсетті. Ғалымдар құстардың арғы
тектері тістерінен айрылу арқылы бастарының салмақтарын жеңілдеткенін және
осылайша денелерінің теңгерімін өзгерткенін анықтады. Бұл өз кезегінде, ұшу
сипаттамаларын жақсартуға жағымды әсер еткен.Желпуіш құйрықты құстар
қазіргі кәдімгі құстар бейнелі. Бір секіретіні, тістері толық жойылған және
мүйізіді тұмсықпен алмасқан. Ми сауыты үлкен, самай шұңқыры көзшарасымен
қосылып кеткен. Мойын омыртқалары гетероцельді буын беті ершік тірізді.
Құйрығы күрт қысқарған, ал құйрық омыртқалары пиростильмен біргіп кеткен,
оған бағыттаушы қауырсындар бекиді. Қанатында үшінші саусақ жойылған,
кәдімгі құстардың қанат қаңқасы қалыптасады.Жамбас сүйектері біріккен,
жамбасы – ашық. Төс сүйегінде қыры болады, жіліншігінің дамуы
аяқталады,құрсақ қабырғаларыжойылады.Юра кезеңіндегі қарапайым желпуіш
құйрықты құстар әзірге табылмаған бірақ ол кезеіде олар тіршілік еткен.
Тісті құстар- бор қабатынан табылған құстарың ежелгі тобы,олардың
жасы шамамен 80-90 млн жыл. Ми сауыты, көзшарасы және самай шұңқыры үлкен
болуымен олар қазіргі құстарға жақындайды. Біраұта көптеген бор құстарында
тістері сақталған және тұмсығы жақтың алдыңғы бөлімен ғана жапқан. Оларда
таңдайдың ежелгі типі рептильді тип болған.Мойын омыртқалары жиі
амфицельді, сирек гетероцельді. Құйрығы қысқарған, кейде пигостиль түзген.
Ми кішкентай. АҚШ, Чили, Ұлыбританияда таралған.Кейбір
гесперорнитектестердің тістері кепіршіктен болған. Бас сүйегі палеогнатты,
қанаттары қыскартылған,артқыаяқтары жақсы дамыған және жүзу қимылдарына
бейімделген. Кеудесінде төс қыры жоқ, архаид типті каракоид, пигострим
бар.Ұзындығы 2 м-ге дейін, 5 туыс, 8 түрі бар.Өмір сүру бағыты жүзушілік.
Ұшпайды, құрғақшылықта қиын қимылдап жүрген. Канзас, АҚШ, кұстар
эволюциясындағы өзінен кейін ұрпақ қалдырмаған бүйірлі бұтағы.
Герперорнистер ұзындығы 80 см –ден 180 см –ге жеткен, жақсы жүзген, әрі
сүңгіген, пішіні қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz