Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері



Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991жылы басталған болатын.Елдегі дербес экономикалық саясатты жургізудің басталуы құлдыраған тауар нарығы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау , өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандарылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
1. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1998 жыл.
2.Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясының негіздері» Алматы, 2001 жыл.
3. Шеденов Ә. «Жалпы экономика теориясы» Алматы,2002 жыл.
4. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісі» Алматы, 2003 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991жылы басталған болатын.Елдегі дербес экономикалық саясатты жургізудің басталуы құлдыраған тауар нарығы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау , өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандарылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі - 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды.Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды.1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды.1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды.1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды.
Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық және нормативтік-әдістемелік актілермен біршама ретке келтіргендегі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.Бұл мемлекеттік меншік құруда, жеке меншік иститутын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларда жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін , ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама - 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13қыркүйектегі №444) әзірленді және бекітілді.
Келесі кезеңде 1993жылы қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. 1996 ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасын сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңнің бастауы болған, Жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жекешелендіру туралы Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетірілгендігін,дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс.Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі және жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді, Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ өні өткізу негізі мен шартын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму персперктиваларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.
Жекешелендіру кезеңдері.
Бірінші кезең. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол Қазақ ССР Президентінің қаулысымен (1991жылғы 13 қыркүйектегі №444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды.Жекешелендіру турал шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымның өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады.Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді. Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда, конкурстарда, сондай-ақ жекешелендіретін кәсіпорынның балансындағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші кезеңде шағын жекешелендіру де жүрді және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің көлемі үлкен әсер қалдырды: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде еңбек ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен ретке келтірілді. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық комитетөкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу үшін арнаулы төлем құралдарын - жекешелендіру купондары енгізілді. Тұрғын үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың қарапайым механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобилділігін қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйді сатып алудан басқа купондар (осы мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде қолданылды. Бірінші кезеңнің төңкерісті кезеңі адамдар психологиясының өзгеруі және олардың жеке меншікке қатынасы, нарықтық экономикаға өту қажеттілігін түсінуіндегі өзгерістер болды. Бірақ, бастамашылық жекешелендірудің қарқыны мен қаржылық нәтижелері одан әрі жақсы олғанды қалады. Барлық ұжымдар меншік иесіне айналғысы келмеді. Кәсіпорындардың жаңа иелерін кәсіпорын қаржыландыруды талап етті, ал ұжымдарда қаражат болмады. Қазақстандағы жекешелендірудің бірінщі кезеңі (1991-1992жж.) сол уақытта орын алған ұжымдық бастамаға бағытпен әзірленген меншікті қайта құрудың құралдарының мүмкіндігін шектеуді көрсетті.
Екінші кезең. 1993 жылдың наурызында қабылданған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының бағыты мен тәртібін анықтады. Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына, саласына, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды. Заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымдық меншік жүйесі жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорынды ұжымдық сатып алу өз күштерін жойды. Бағдарлама мынадай негізгі бағыттарды көздеді: -шағын жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ге дейін болатын сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аукциондар мен конкурстар арқылы сату ) ; -жаппай жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000-ға дейін болатын кәсіпорындар ); -жеке жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 5000-нан асатын кәсіпорындар); -агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Мемлекеттік меншіктің барлық объектілері мынадай жіктестірілген екі топқа бөлінеді: -мемлекет иелігінен алынатын және жекелендірілетін объектілер; -жекешелендіруіне тыйым салынған объектілер.
Шағын жекешелендіру. Шағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу туралы
Пәндер