Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері



Тасымалданатын жүктің сақталуы едәуір дәрежеде оны қабылдау және тапсыру, жол жүрісінде тасымалдау операцияларының орындалу сапасына байланысты болады.
Барлық жүк стансаларында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жүктерді қабылдау, тиеу-түсіру ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындау тәртібі қабылданады. Ең алдымен, жүк жөнелтушілердің Жарғы талаптарын, тасымалдау және стандарттар талаптарын, атап айтқанда, жүкті тасымалдауға, буып-түюге, қаптауға, таңбалауға, тасымалдау мен сақтауға дайындау жөніндегі талаптардың орындалуына қатаң бақылау қойылады.
1. Бекжанова С.Е., Бекжанов З.С., Битилеуова З.К. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері» Алматы, 2011 жыл.
2. Жанбиров Ж.Ғ. «Жүктер және жүктерді тасымалдау негізлері» Эверо, 2014 жыл

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері
Тасымалданатын жүктің сақталуы едәуір дәрежеде оны қабылдау және тапсыру, жол жүрісінде тасымалдау операцияларының орындалу сапасына байланысты болады.
Барлық жүк стансаларында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жүктерді қабылдау, тиеу-түсіру ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындау тәртібі қабылданады. Ең алдымен, жүк жөнелтушілердің Жарғы талаптарын, тасымалдау және стандарттар талаптарын, атап айтқанда, жүкті тасымалдауға, буып-түюге, қаптауға, таңбалауға, тасымалдау мен сақтауға дайындау жөніндегі талаптардың орындалуына қатаң бақылау қойылады.
Жүктерді тасымалдау Жарғысы мен Ережелерінің сақталуын бақылауда теміржол стансалары жүк цехтарының қызметкерлері маңызды рөл атқарады. Олар жүк қағазында жүк қабылдаушының атауы толық көрсетілуіне, жүк қағазындағы Жүктің массасын анықтау әдісі графасының толтырылуына назар аударуы тиіс.
Тауар кеңсесі Ережелер бойынша мұндай жүкті цистернамен, ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға болатынын, тез бұзылатын өнімді жеткізу мерзімі көрсетілгенін, ерекше тасымалдау жағдайлары көрсетілген мөртабанның бар-жоғын, ұсынылатын қауіпті жүктерді тасымалдау көзделгенін тексеруі тиіс.
Вагондардың құжаттардан бөлініп қалуына жол бермеу үшін стансаның технологиялық орталығы жөнелту паркіне жіберілетін құрамдардағы вагондарда міндетті түрде тексеруі тиіс.
Контейнерлер мен ұсақ жөнелтілімдердің бөлініп қалуы негізінен қызметкерлердің салақтығынан және сорттауға қалған жүктердің тексерілмеуінен, сондай-ақ тасымалдау таңбаларының түсініксіздігінен болады. Құжатсыз жүктерді және олардың кімге тиесілі екенін анықтап, оларды дереу қосымша жөңелту мақсатында әрбір стансада, қоймада, контейнер алаңында онкүндікте кемінде бір рет вагондардың, контейнерлер мен жүк орындарының санын құжаттағы деректермен салыстырып тексеру қажет.
Тасымалдау кезінде көкөністер мен жемістердің, картоп пен бақша дақылдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды жинау пунктінен баратын жеріне дейін арнайы торлы табандықтармен тасымалдануын, тез бұзылатын жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес үздіксіз желдетуді қажет ететін жүктерді тасымалдауда жабық вагондардың бүйір люктерінің дұрыс бекітілуін қадағалау керек.
Жүк тиелместен бұрын саңылауларды бітеу, жүктің бетін тегістеу және нығыздау, су-мазут эмульсиясы қабатымен немесе целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарымен жабу секілді шаралар сусымалы жүктерді (көмір, шымтезек, кен, кенконцентраттары және т.с.с.) жел ұшырудан, вагон кузовының саңылауларынан төгілуден сақтандырады.
Жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдау тасымалданатын жүктердің сақталуын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені өнімнің, жүктің ысырап болуы, бүлінуі негізінен оларды ауыстырып тиеу кезінде байқалады. Ал контейнерлермен тасымалдауда мұндай жүктер механикаландырылған әдіспен ауыстырыптиеуде тікелей сыртқы әсерден зақымданбайды.
Пакеттерге біріктірілген жүк орындарына жету қиын болатындықтан, мұндай жүктер жақсы сақталады.
Тасымалдау құжаттарының жаңа үлгілеріне көшу - тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралардың бірі, мұнда олар қолдан жасаудан қорғалған, машиналық құжаттар, электрондық жүк қағазы пайдаланылатын қағазсыз технология енгізілген.
Жүктің сақталуын қамтамасыз етуде оны тиісінше күзетудің, әрбір сақталмау жағдайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктің сақтығын қамтамасыз ету
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері туралы
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы ақпарат
«Казиндустрия» ЖШС
Жүктердің таңбалануы. ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі туралы
Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі
Мультимодальды тасымалдау схемасы
Компанияның негізіг логистикалық бағыттары
Коммерциялық қатынастағы поездарды технологиялық тексеру
Пәндер