Станциялардың түрлері. Аралық станция



Теміржол стансалары дегеніміз – бұл тасымалдау үрдісіндегі технологиялық тізбектің аса маңызды элементі. Вагондардың стасаларда болатын уақыты вагон айналымының айтарлықтай үлесін құрайды және тасымалдаудың өзіндік құнына едәуір ықпал етеді.
Теміржол көлігінде алда тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуде және елдің халықшаруашылық мұқтаждықтарын толығымен қанағаттандыруда стансалар жетекші орын алады.
Теміржол стансаларында тасымалдау жұмысы басталып, аяқталады; ал сұрыптау стансалары мен жүк стансаларында – вагонда ағынын өңдеудің негізгі бөлігі атқарылады. Вагондар айналымы уақытының шамамен 70%-ы стансаларда өтеді, дер кезінде және сапалы тасымалдаудың негізгі резервтері де осында шоғырланған.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Станциялардың түрлері. Аралық станция
Теміржол станциялары.
Теміржол стансалары дегеніміз - бұл тасымалдау үрдісіндегі технологиялық тізбектің аса маңызды элементі. Вагондардың стасаларда болатын уақыты вагон айналымының айтарлықтай үлесін құрайды және тасымалдаудың өзіндік құнына едәуір ықпал етеді.
Теміржол көлігінде алда тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуде және елдің халықшаруашылық мұқтаждықтарын толығымен қанағаттандыруда стансалар жетекші орын алады.
Теміржол стансаларында тасымалдау жұмысы басталып, аяқталады; ал сұрыптау стансалары мен жүк стансаларында - вагонда ағынын өңдеудің негізгі бөлігі атқарылады. Вагондар айналымы уақытының шамамен 70%-ы стансаларда өтеді, дер кезінде және сапалы тасымалдаудың негізгі резервтері де осында шоғырланған.
Теміржол стансалары тасымалдау жұмысында аса маңызды рөл атқарады, тұтас алғанда, теміржол бағыты тмен желінің қызметі осындай стансалардың орнықты жұмыс істеуіне байланысты.
Телімдік стансалар. Телімдік стансаларды жүк пойыздары локомотивтері телімдерінің немесе локомотив бригадалары жұмысының айналым шегінде орналастырады.
Телімдік стансалардың теміржол желілерінде орналасуы локомотивтердің пойыздарды және локмотив бригадаларының оларға қызмет ету әдістерінің сипатына байланысты.
Қазіргі уақытта локомотивтердің айналым телімі 600-700 км-ге тең, ал кейбір бағыттарға 1000 км-ден асады. Сондықтан локомотивтерді, олардың бригадаларын ауыстыруды, вагондарды техникалық тексеруді, жөңдеуді шамамен телімдік стансалардың үштен бірі ғана жүргізеді; көптеген телімдік стансаларда локомотив бригадаларын ғана ауыстырады, вагонды техникалық тексеру және жөңдеу жұмыстарын атқарады. Қалған телімдік стансаларда транзиттік вагондар іс жүзінде өнделмейді, сондықтан бұл стансалар жергілікті пойыздарды құрастыру, пойыздар массасын өзгерту және басқа операциялар үшін, жұмысы көп және сұрыптау стансаларына техникалық операцияларды орыңдауға көмек көрсету үшін пайдаланылады.
Телімдік стансаларда өндеусіз және ішінара өндеу арқылы өтетін пойыздармен (топтық пойыздар және массасы өзгертілетін пойыздар) өндеу операцияларын жүргізеді, телімдік, құрама және жақынаралық пойыздарды құрастырады және сұрыптайды. Бұлардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары орындалады.
Келтірілген операцияларды орындау үшін тиісті жол тарамдары мен техникалық құрылғылар қарастырылады. Телімдік стансалардың мынадай жол тарамдары:
* бір немесе екі қабылдау-жөнелту паркі (ҚЖП), сұрыптау паркі (СП);
* вагондарды сұрыптауға арналған тартым жолдар (ТЖ) кейбір стансаларда қуаты шағын сұрыптау дөңестері(ШД);
* жолаушылар пойыздарын өткізуге және күтіп-баптауға, жергілікті жолаушылар пойыздарының тұруына арналған жолдар болады.
Телімдік стансаларда жүк ауданы (ЖА), локомотивтер шаруашылығы (ЛШ), вагон шаруашылығы (ВШ) болады. Телімдік стансаға, әдетте, өнеркәсіп орындарының кірме жолдары еніп тұрады.
Жол парктерінің өзара орналасуына қарай телімдік стансалардың қатарлас, ығыспа және жартылай ығыспа түрдегі сызбалары (1-,2- және 3-сурет) қарастырылады.
Парктері қатарлас үлгідегі станса дара жолды желілер үшін негізгі үлгі болып табылады (1-сурет). Осындай стансаға келетін барлық транзиттік пойыздар қабылдай-жөнелту паркінің мамандырылған жолдарын қабылданады. Бұл жағдай стансаның әр алқымында бірнеше операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

1-сурет. Даражолды телімдегі парктері қатарлас орналасқан телімдік стансасының негізгі сызбасы.

Өңдеуді қажет ететін пойыздарды ҚЖП-ның мамандырылған жолдарына қабылдайды. Пойыз локомотиві депоға жіберіледі, одан кейін құрамды сұрыптауға қатысты операциялар жүргізіледі. Содан соң маневр локомотиві құрамды сұрыптауға кіріседі. Бұл жағдайда маневрлер пойыздарды қабылдау және жөңелту маршруттарынан, сондай-ақ вагондарды жүк тиеу-түсіру аудандарына, жөңдеу және басқа жолдарға беруден және олардан әкелуден толығымен оқшауланған.
Сұрыптау паркінің тақ және жұп бағыт жағында екі тартым жолы орналасқан. Сызбадан көрініп тұрғандай, тақ бағыт жағындағы тартым жолды да қабылдау және жөнелту маршруттарынан оқшауланған және жергілікті вагондармен маневрлер жасалмайтын кезде пойыздарды құрастыружәне сұрыптау үшін пайдалануы мүмкін. 1-суретте келтірілген сызбаға қатысты сұрыптау жұмысы сұрыптау паркінің тақ жағынан жалғасатын тартым жолында атқарылады.
Жүк және жолаушылар пойыздарының көлемінің өсуіне қарай және осыған байланысты қатарлас жолды станса жұмысының қиындауына қарай стансаның алдыңғы қатарлы бірізді түріне көшу қажет болу мүмкін (2-сурет). Бұл сызбада тақ және жұп парктері жүріс бағытына қарай өзара қарама-қарсы жаққа ығыса орналасады.
Парктері жартылай ығыспа түрдегі телімдік стансаның біріздіден өзгешелігі, оның тақ бағытындағы қабылдау-жөнелту паркі жолаушылар ғимаратына қарай ығыса орналасады (3-сурет). Мұндай сызба бірізді сызбаны пайдалануға алаң ұзындығы жетпейтін жағдайға салуға рұқсат етіледі.
Жобалау барысында станса сызбасының нұсқасын техникалық-экономикалық есептеу арқылы анықтайды.
Телімдік стансада бағыттамалар мен сигналдарды маршруттық-релелік немесе микропроцессорлік қосыннан станса кезекшісі басқарады. Құрамдарды сұрыптау және құрастыру кезінде сұрыптау паркінің бағыттамалары жергілікті бақару әдісіне берілуі мүмкін.
Сұрыптау стансалары. Сұрыптау стансалары темір жол желілерінің вагондар ағыны жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, ірі теміржол тораптары мен өнеркәсіп аудандарында орналасады.
Сұрыптау стансалары негізінен қабылданатын пойыз құрамдарының вагондарын жеткізілетін стансаларына қарай жаппай сұрыптауға және жалпы желілік және жолішілік пойыздар құрастыру жоспарына сәйкес жаңадан құрамдар құрастыруға арналған.
Сұрыптау стансаларында вагон ағындарын ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес өтпелі, телімдік, құрама, телімдік-құрама, тораптық пойыз құрамдарын құрастырады. Сонымен қатар бұл стансаларда транзиттік жүк пойыздарын өңдеу операциялары, локомотивтерді өңдеу және жабдықтау, вагондарды жөңдеу дәне оларға техникалық қызмет көрсету, транзиттік майда жөнелтілімдер мен контейнерлерді іріктеу және басқа операциялар орындалады.
Жүк тиеу-түсіру және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, әдетте, шағын көлемде атқарылады. Мұның себебі, сұрыптау стансалары көбіне жүк және жолаушылар стансалары бар тораптарда орналасады.
Сұрыптау стансаларында бірнеше жол парктері (ірі стансаларда олардың саны 100-ден асады), механикаландыру және автоматтандыру құралдарымен жарақталған қуатты сұрыптау стансаларында ЭЕМ орнатылған.
Жолаушылар стансалары. Жолаушылар стансалары жолаушыларға қызмет көрсетуге және пойыздармен операциялар атқаруға арналған. Жолаушыларға көрсетілген қызмет билет сатудан, жолаушыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрістер жинағы туралы
Тірек аралық станциялар
Станция және станциялардың түрлері
Аралық станцияның техникалық жабдықталуы
Жергілікті желі желілерін құру технологиялары
Радиорелелік желі трассасы
Жүк таситын құрылымдар
Ауылдық және қалалық байланыс желілері
Дабыл және байланыстың құрылымдық бөлімшелеріндегі ДОБ құрылғылары
Дабыл және байланыс дистанциясымен, оның құрылысымен танысу
Пәндер