Франция ХХ ғасыр табалдырығында



1. Франция ХХ ғасыр табалдырығында
2. Әлемдік ахуалдағы Франция
3. Францияның ХХ ғасырдағы сыртқы саясаты
Пайдаланған әдебиеттер
1914 — 18 ж. бірінші дүниежүзілік соғысқа Франция Антантаның құрамында қатысты. 1919 ж. Версаль бітім шарты бойынша Францияға Эльзас пен Лотарингия қайтарылды. 1920 — 30 ж. елде экономикалық дағдарыстар жиі-жиі болып тұрды. Нәтижесінде жұмысшы қозғалысы күшейіп, фашистік ұйымдар құрылды. 1936 ж. Халықтық майдан құрылып, фашистік ұйымдарға тыйым салынды, еңбекшілердің жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар (40 сағаттық жұмыс аптасын, ақысы төленетін демалыс енгізу, т.б.) жүзеге асырылды. 1938 ж. Халықтық майдан ыдырады. Екінші дүниежүзілік соғыс Франция үшін сәтсіз басталды. 1940 ж. Францияны Германия оккупациялады. Министрлер кабинетінің жаңа төрағасы маршал Анри Петен Германиямен бітімге қол қойып, елді екі аймаққа бөлуге келісті. Оның біреуі — немістер басып алған Солт. және Оңтүстік-батыс Франция аумағы болса, екіншісі Францияның қалған бөлігі мен теңіздің ар жағындағы аумақтар енген, астанасы Виши қала болған автономды француз мемлекеті атанған аймақ болды.
1. Гаджиев К.С. Геополитика: история и
2. Данилов Д.А “Западная Европа на
3. Дугин А.Г. Основы геополитики. М.
4. Журкин В.В. Европейский союз: внешняя
5. Иришев Б. Франция: вхождение в
6. Михеев В.С. США, Франция и
7. Моро-Дефарж Ф. Введение в геополитику.
8. Кожокин Е.А. В поисках новой
9. Нарочницкая Е.А. Франция в блоковой
10. Пономарева И.Б. Геополитические факторы внешней
11. Рубинский Ю.И.. Политические перемены во
12. Рубинский Ю.Н. Эволюция франко-американских отношений
13. Шенаев В.Н. Особенности экономического развития
14. Allais M., L'Europe unie --
Baun, M. J., 1996.
15. An Imperfect Union. The Maastricht
16. Benoist Alain de "Les idess
17. Bertrand Geneviéve La prise de
18. СONFERENCE DE PRESSE DU PRESIDENT

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1914 -- 18 ж. бірінші дүниежүзілік соғысқа Франция Антантаның құрамында қатысты. 1919 ж. Версаль бітім шарты бойынша Францияға Эльзас пен Лотарингия қайтарылды. 1920 -- 30 ж. елде экономикалық дағдарыстар жиі-жиі болып тұрды. Нәтижесінде жұмысшы қозғалысы күшейіп, фашистік ұйымдар құрылды. 1936 ж. Халықтық майдан құрылып, фашистік ұйымдарға тыйым салынды, еңбекшілердің жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар (40 сағаттық жұмыс аптасын, ақысы төленетін демалыс енгізу, т.б.) жүзеге асырылды. 1938 ж. Халықтық майдан ыдырады. Екінші дүниежүзілік соғыс Франция үшін сәтсіз басталды. 1940 ж. Францияны Германия оккупациялады. Министрлер кабинетінің жаңа төрағасы маршал Анри Петен Германиямен бітімге қол қойып, елді екі аймаққа бөлуге келісті. Оның біреуі -- немістер басып алған Солт. және Оңтүстік-батыс Франция аумағы болса, екіншісі Францияның қалған бөлігі мен теңіздің ар жағындағы аумақтар енген, астанасы Виши қала болған автономды француз мемлекеті атанған аймақ болды. Маршал Петен осы француз мемлекетінің президенті болып тағайындалды. 1944 ж. Францияны одақтастар әскері азат етті. Алжирдегі Француз Ұлттық азат ету комитеті өзін Француз Республикасының Уақытша үкіметі деп жариялады. 1946 ж. Төртінші республиканың конституциясы қабылданды. 1949 ж. Фрацния НАТО-ның құрамына кірсе де, 1966 ж. оның әскери құрылымынан шықты. Соғыстан кейін Ф-ның отарлық жүйесі ыдырай бастады. 1954 ж. сегіз жылдық соғыстан кейін Ф. Үндіқытайды тастап шықты. 1954 ж. 1 қарашада Алжирде ұлт-азаттық көтеріліс басталды. 1956 ж. наурызда Франция Марокко мен Тунистің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 1956 ж. қарашада Франция Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль агрессиясына белсене қатысты. Осындай қиын жағдайда 1957 ж. Батыс Еуропадағы бірнеше мемлекет "Ортақ рынок" құру жөнінде шарт жасасты. Дегенмен, Алжирдегі сәтсіздіктер, Суэц арандатушылығының күйреуі, әскери шығындардың көбеюі Төртінші республиканың дағдарысына әкеп соқты. Армия мен елде реакциялық күштер бас көтерді. 1958 ж. мамырда олар Алжирде республикаға қарсы бүлік бастады. Алжирдегі француз армиясының басшылығы да бүлікшілерге қосылып, генерал Шарль де Голль бастаған "Ұлттық құтқару" үкіметін құруды талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс Голльдің төтенше өкілеттілік жөніндегі заң жобаларын мақұлдады. 1958 ж. Бесінші республиканың конституциясы атқарушы билік құқықтарын кеңейтті. Президент Ұлттық жиналысты тарату мүмкіндігіне ие болып, референдум өткізуге, заң жобаларын ұсыну, төтенше жағдайларда бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға құқылы болды. 1958 ж. 21 желтоқсандағы сайлаудың нәтижесінде Голль президент болып сайланды. 1958 -- 60 ж. Африкадағы француз отарлары -- Гвинея, Судан, Сенегал, Мадагаскар, Дагомея, Нигер, Жоғарғы Вольта, Піл Сүйегі жағалауы, Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго, Габон, Мавритания, Того мен Камерун тәуелсіздікке ие болды. 1962 ж. ұзаққа созылған соғыстан кейін Алжир толық тәуелсіздікке қол жеткізді. 1960 -- 90 ж. Франция экономикасы дамыған, демократ. қоғамы толық қалыптасқан әлемдегі жетекші елдердің біріне айналды. 1981 ж. ел президенті болып бірінші рет социалист Франсуа Миттеран сайланды. 1995 жылдан ел президенті Жак Ширак болды, 2007 жылғы 16 мамырдан бастап билік басына Николя Саркози келді.
Қазіргі замандағы Франция ірі дамыған капиталистік елдердің бірі. Бүгінгі күнде Франция дүние жүзіндегі үшінші әскери держава, ал өндіріс пен экономикалық көрсеткіштері жағынан дүниеде IV,V орын алады.
Францияның саяси дамуы да көңіл аударарлық. Әсіресе, Францияда V Республиканың орнауы зер қойып зерттегенді талап етеді. Сондықтан да менің диплом жұмысым осы тақырыпқа байланысты. Алжирдегі Ультра бүлігі нәтижесінде ескі парламенттік тәртіпті ауыстырған V Республиканың ерекшелігі, әрине, өзгеше. Менің осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым: Бесінші Республиканың пайда болу себеп салдарлары мен Конституциясына жан-жақты талдау жасап, IV Республика конституциясымен салыстыра отырып ой түйіндеу. Конституция Негізгі заң мәңгілік емес, заман талабына сай, ол да өзгеріп отыратыны сөзсіз. V Республика Конституциясының маңызы өте зор. Ол тек Франция үшін ғана емес, халықаралық маңызы бар. Шынын айтқанда, ол соғыстан кейінгі Франциядағы мемлекеттің монополистік капитализмнің саяси қондырмасы. Бұл Конституция бойынша парламенттік республиканың орнына жартылай президенттік республика орнады

Уақытша Үкімет және Шарль де Голль. Екінші дүниежүзілік соғыс Францияға көптеген қасірет әкелді. Соғыс жылдарында өнеркөсіп өнімдерін шығару 38 %-ға, ауыл шаруашылығы 60 %-ға азайды. Франция халқынын саны 3 миллион адамға кеміді. Елде азық-түлік жетіспеді, баға 6 есеге өсті. Антифашистік қарсылық қозғалысы арқылы 1944 жылы күзде Франция толық азат етілді. Франция халқының антифашистік қозғалысын генерал Шарль де Голль басқарды. Коммунистер мен социалистер де Францияны азат ету үшін фашистерге қарсы айтарлықтай күрес жүргізді. 1944 жылы ел азат етілгеннен кейін уақытша Үкімет қүрылды. Бүл Үкіметті Шарль де Голль басқарды. Уақытша Үкімет 1946 жылға дейін қызмет атқарды. Антифашистік қарсылық қозғалысы, патриоттық күштермен бірге күрес жүргізген Франция коммунистік партиясының (ФКП) беделі өсіп, 900 мың адамға жетті. Франция социалистік партиясының қатарында 350 мың адам болды. Коммунистер Францияның жалпы еңбек конфедерациясы (ВКТ) кәсіподақ үйымымен тығыз байланыста болды. ВКТ мүшелерінің саны 5,5 адамға жетті. ФКП мен еңбек конфедерациясы соғыстан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге күш салып, жұмысшы табын өнеркәсіп иелерімен ынтымақта болуға шақырды. Социалистік партия да халықтың алдында беделге ие болып, елді бірлікке шақырып, Үлттық қарсылық кеңесінің (НСС) бағдарламасын орындауға үгіттеді. Соғыс жылдарында барлық антифашистік күштер Үлттық қарсылық кеңесіне біріккен болатын. Үлттық қарсылық кеңесінің бағдарламасында барлық сатқындарды соттау, халықтың түрмыс жағдайын жақсарту, кейбір өнеркөсіп салаларын национализациялау, елде демократиялық әлеуметтік қоғам құру керектігі жазылды.
Ірі буржуазия халық алдында толық әшкереленді. Соғыста немістермен (нацистер) келісіп, Виши Үкіметі сатқындық жасады. Бүл саясат үлттық қайғыға өкелді. Антифашистік қарсылық қозғалысының қатарында ұсақ және орта буржуазия топтары күрес жүргізді. Бұлардың көбі генерал Шарль де Голльді қолдаған. Като - лик шіркеуінің ықпалындағы топтарды қолдап, 1944 жылы қараша айында Халықтық республикалық қозғалыс (МРП) партиясы қүрылды. Партия Үлттық қарсылық кеңесінің бағдарламасын қолдай отырып, елді экономикалык-әлеуметтік реформалар жүргізу жолындағы ынтымаққа шақырды. Католиктердің көбі коммунистерді жақтамады. Байырғы католиктердің дәстүріне берік болуын қалады. Антифашистік және патриоттық күштер "Еркін Франция" ұйымын құрып, басшысы Шарль де Голльді қолдады. Оның халық алдындағы еңбегін бағалап, азат етуші, үлттық намыстың жаршысы деп есептеді. Шарль де Голль (1890 -- 1970 жж.) Францияның тәуелсіздігін қалпына келтіре отырып, оның ұлылығына сәйкес күшті ұлттық мемлекет құруды алдына мақсат етіп қойды. Уақытша Үкіметтің негізгі міндеті Ұлттық қарсылық кеңесінің бағдарламасын іске асыруға бар күшін салу еді.
1946 жылы буржуазияның консерватор-радикал топтары Республикалық еркіндік партиясын (ПРЛ) қүрды. Антифашистік жөне демократиялық күштердің қолдауына сүйене отырып, уақытша Үкімет ПСС-тың бағдарламасын жүзеге асырды. Виши Үкіметінің қызметкерлерін мемлекеттік мекемелерден тазартып, көбін сотқа тартты. Виши Үкіметінің басшылары Лаваль мен Петэнді соттап, жазасын берді. Лавальға қатысты сот үкімі орындалды да, Петэннің 89 жасқа келгендігі ескеріліп, өмірлік түрмеде отыруға ауыстырылды. Петэн 1951 жылы 95 жасында түрмеде өлді. Жалпы нацистермен сыбайлас болған 2 мың адам атылып, 40 мың адам сотталды. Әлеуметтік салаларда 1944 -- 1945 жылдары көптеген шаралар іске асырыла бастады. Жетісіне 40 сағаттық жұмыс күні, екі жетілік еңбек демалысы, әлеуметтік қамсыздандыру беріліп, жұмысқа жарамсыз болғаны үшін, кәрілігіне байланысты жұмыссыз адамдарға мемлекеттік көмек көрсетілді. Францияда әлеуметтік реформаның арқасында халықтың тұрмыс жағдайлары жақсара бастады. Жалақы 45 -- 50 %-ға өссе, отбасылық көмек 50 -- 80 %-ға жоғарылады.
1944 -- 1946 жылдар аралығында НСС бағдарламасына сәйкес, уақытша Үкімет өнеркәсіптің кейбір салаларын жөне банктерді национализациялады. Мемлекет елдің экономикасын қалпына келтіре отырып, басқаруды өз қолына алды. Көмір шахталары, ұшақ жасау, "Рено" автомобиль зауыты, елдегі 5 ірі банк мемлекеттің меншігіне айналдырылды. Сыртқы саясатта уақытша Үкімет антигитлерлік бағыт ұстанған мемлекеттермен байланыстарын жалғастыра берді. 1944 жылы 10 желтоқсанда уақытша Үкімет КСРО-мен өзара көмек жөне одақтастық туралы қүжатқа қол қойды. АҚШ-пен, Үлыбританиямен тығыз байланысты жалғастырды. Соғыстан кейінгі Германияны құру мәселесінде уақытша Үкімет одақтастар алдында Саарды Францияға беру, Реин облысын бөлу, Рурды жеңген елдермен бөлісу туралы өз пікірлерін білдіргенмен, бұл ойды Потсдам конференциясында одақтастар басшылары қолдаған жоқ. Отар елдерін сақтап қалу үшін жергілікті халықтар уәкілдерін әкімшілік басқару мекемелеріне қызметке алу, тіпті Парламентте отар елдер уәкілдігін құру туралы шараларды жүзеге асырды. Соғыстан кейінгі Францияда отар елдердің халықтары ұйымдастырған үлт-азаттық соғыстар кең етек алып, мемлекеттің отарлық жүйесі әлсірей бастады. Төртінші Республиканың құрылуы. Француз Республикасын құру үшін қүрылтай жиналысын шақырып, жаңа Конституциясын қабылдау, жаңа Үкіметті құру елдегі қарсылық қозғалысы партияларының және уақытша Үкіметтің негізгі міндеттері болды.
Қүрылтай жиналысы сайлау жөне референдум 1945 жылы 21 қазанда өтті. Сайлаушылардың 96 %-ы құрылтай жиналысын қолдап, дауыс берді. Францияда азаматтар сайлау қүқығына ие болып, сайлауға қатысты. Құрылтай жиналысында 5 миллион дауыс алып, 152 мыңдай өткізген ФКП бірінші орынға шықты. МРП (Халықтық республикалық қозғалыс) партиясы 4,5 миллион дауыс жинап, 150 мандатқа ие болды. ФСП 4,4 миллион дауыс алып, 146 мандат өткізді. Қүрылтай жиналысына 545 депутат сайланды. Радикалдар мен оңшылар сайлауда 15 % дауыс алды. Сайлаудан кейін жаңа Үкімет қүрылды. Үкіметтің қүрамына коммунистер, социалистер жөне МРП кірді. Премьер-министр болып Шарль де Голль тағайындалды. Коммунистердің үлесіне Қорғаныс, Экономика жөне Өндіріс, Еңбек министрліктері бөлінді. Ішкі істер министрлігіне социалистер партиясынан тағайындалды. Қаржы, Сыртқы істер министрлері буржуазиялық партиялардан бекітілді. Үкіметтің қүрамына кірген партиялар арасында кейбір мәселелерге байланысты қайшылықтар болып, жік туа бастады. Генерал Шарль де Голль Құрылтай жиналысы заң шығарушы орган болғандықтан, Үкіметтің қызметіне араласпауы керек десе, социалистер мен коммунистер Парламент әр уақытта атқарушы органның (Үкіметтің) жұмысын бақылап отыруы қажет деп есептеді. Үкіметтегі көпшілік Шарль де Голльдің соғыс бюджетін қысқарту керек деген ұсынысын қолдамады, Парламентті таратуға да келісімін бермеді. Нәтижесінде, 1946 жылы 20 қаңтарда отставкаға кетуге шешім қабылдады. Шарль де Голль Үкімет басынан кеткеннен кейін социалист Ф. Гуэн Үкімет құрамына ешқандай өзгеріс енгізбеді. Үшпартиялық бірлік сақталды. 1946 жылы мамыр айында Құрылтай жиналысы Конституция жобасын бекітіп, халық талқылауына ұсынды. Кон - ституция жобасы демократиялық негізде жасалды. Адамдардың демалуға, еңбек етуге, ереуілдерге шығуға құқықтары, ерлер мен өйелдер теңдігі жазылған. Конституция жобасында бірпалаталық Ұлттық жиналыс құру қарастырылған. Үкіметке бақылау функциясын енгізіп, парламенттік билікті күшейту де ескерілген. Конституция жобасы оңшыл буржуазиялық топтардың қарсылығын күшейтті. Радикалдар мен МРП уәкілдері бірпалаталық Ұлттық жиналысты құруға қарсы болды. Солшылдар Үлттық жиналыс құрылса, Франция халықтық-демократиялық мемлекетке айналады деген үрей туғызды. Конституция жобасы Парламентке екінші рет ұсынылғанда 51,3 % дауыс қарсы болып, қабылданбай қалды.
1946 жылы 2 маусымда Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді, бұрынғы сайлаудағыдай солшыл партиялар жеңіске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның экономикасы
Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ХХІ ғасырдың басындағы айырмашылықтары
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен мәдениеттің дамуы
Дипломатиялық корпус - дипломаттардың тәуелсiз бiрлестiгi
Қасым хан, Хақназар хан
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Пәндер