Англияның Еуропадағы саясаты



1. Англияның Еуропадағы саясаты
2. Англияның ағылшын.француз.совет келiссөздерiндегi екiлiк ойыны
3. Ағылшын.француз күрестері
Пайдаланған әдебиеттер
Орта Азиядағы ірі алпауыттарды бағындырудағы Англия мен Ресей жүргізген саясатына XIX ғасырдың 70 -жылдарының аяғында Франция араласты. Франция императоры Ресеймен қарым - қатынасты жүйелі түрде орнатқанымен, Англиямен жағдай қиынға соқты. Гардан миссиясы Тегеранға келіп, қару - жарақ жасау ісіне жастарды үйрету мектебін ашты. Бұл Иранға Англия мен Ресейге қарсы тұрудағы көмек болды. Гарден Иран үкіметімен тең емес келіссөздер жасады. Мұнда Грузия француздардың көмегімен Иранға қосылатыны жөнінде айтты. Бұл Наполеон тарапынан жасалған отарлық саясаттың бастауы еді. Орта Азияны Пиреней жарты аралына үстемдік жүргізудегі көпір ретінде пайдаланбақ болды. Алайда, Гарданның саясаты жүзеге аспай, ол Ираннан кетуге мәжбүр болды. Ізіншала Иранға Джонс үкіметінің елшілері келді.
1. Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового
2. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965
3. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы,
4. Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии.
5. Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің
6. Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. — Алматы:
7. Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж.
8. Колпаков А.Д., Ирландия — остров мятежный. М.,
9. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж.
10. Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии. 1815-1918.
11. Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі
12. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан,
13. Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж. 72 б.
14. Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. — Алматы: Ана
15. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж. 10 т.
16. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.
17. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.
18. Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі
19. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового
2. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965
3. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы,
4. Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии.
5. Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің
6. Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. -- Алматы:
7. Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж.

8. Колпаков А.Д., Ирландия -- остров мятежный. М.,
9. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж.

Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии. 1815-1918.
Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі
Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан,
Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж. 72 б.

Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. -- Алматы: Ана
Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж. 10 т.
Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.
Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.
Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі
Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан,

Ағылшын - француз қарама - қайшылықтар
Орта Азиядағы ірі алпауыттарды бағындырудағы Англия мен Ресей жүргізген саясатына XIX ғасырдың 70 -жылдарының аяғында Франция араласты. Франция императоры Ресеймен қарым - қатынасты жүйелі түрде орнатқанымен, Англиямен жағдай қиынға соқты. Гардан миссиясы Тегеранға келіп, қару - жарақ жасау ісіне жастарды үйрету мектебін ашты. Бұл Иранға Англия мен Ресейге қарсы тұрудағы көмек болды. Гарден Иран үкіметімен тең емес келіссөздер жасады. Мұнда Грузия француздардың көмегімен Иранға қосылатыны жөнінде айтты. Бұл Наполеон тарапынан жасалған отарлық саясаттың бастауы еді. Орта Азияны Пиреней жарты аралына үстемдік жүргізудегі көпір ретінде пайдаланбақ болды. Алайда, Гарданның саясаты жүзеге аспай, ол Ираннан кетуге мәжбүр болды. Ізіншала Иранға Джонс үкіметінің елшілері келді. Одан кейін Оузлидің Иранға келуімен жаңа келіссөздер жасалды. Англия жыл сайын Иранға 200000 көлемінде жәрдемақша төлеуге және қандай мемлекет пен болмасын соғысқан жағдайда әскери көмек беретінін жариялады. Шах оқтын - оқтын шетелдік басқыншыларға наразылығын білдіріп отырды. Әсіресе экономикада ауыр концессиялардан бас тартып, кейбіреулеріне келісуге мәжбүр болды. XIX ғасырдың 70 - жылдарында Иранның ішкі жағдайы да қиын еді. Жұмысшылар әсіресе, шаруалар Франция мен Англияның тарапынан қыспакқа түсті. Олардың наразылықтары Бабидтер көтерілісінен кейін де басылмады. Франция мен Англияның ықпал ету аймағы ету үшін күресі де елдің сыртқы саясатына соққы берді. Елге әкелінетін тауар саны азайып, шетке шығару да қиынға соқты. Француз ағылшын жэне ағылшын орыс қайшылықтары өз ішінде ғана емес, үстемдік орынатқылары келген елге де әсерлерін тигізді. Алайда, Ресей тарапынан жасалған көмек елді тоқырауға түсірмеді. Yenлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы XIX ғасырдың ақырғы ширегінде Африканы бөлісу Еуропалық зерттеушілердің көмегімен жүзеге асты. Ғасыр ортасында Орталық Африка өзендері ашылып, Нілдің бастаулары табылды. 1869 жылы Суэц каналының ашылуы капиталистік державалардың, әсіресе, Англия мен Францияның отарлық саясатының басталуына әкелді. 1878 жылы Египетте Нубар - паша бастаған Еуропалық кабинет құрылды. Қаржы министрі болып ағылшындар әлеуметтік қызмет бөлімін Франция атқарады деп жарияланды. Шетелдік министрліктер шаруаларды салыққа батырып, помещиктерді еңбекке тартуға мәжбүрледі. 1881 жылы Тунисті Францияның басып алуы бүкіл елде наразылық туғызды. Тунис халқының арқасында Франция отарлаушылары тас және темір жолдарды сала бастады. Солтүстік Африкада XIX ғасырдың аяғында тек ғана Марокко өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Егер ағылшын отарлық экспансиясы Каир-Кейптаун жоспары бойынша жүргізілсе, Франция саясаты Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі жерлерді жаулау әрекетімен жүргізілді. Еуропалық державалар жағалаудағы негізгі аудандарды басып алғаннан кейін ішке енуді көздеді. Бүл аймақтарда Франция мен Англия арасында кейін Германия мен шиленістер басталды. 1894 жылы Францияның билігі батыс Африкада орнады. Батыс Африканы бөлісу аяқталғанда, Англия Гамбияның сағасындағы біраз елді - мекендерді ғана иемденді. Нигерді жоғары бойлай отырып, ағылшындар Франциямен қақтығысты. 1890 жылы батыстағы ағылшын және француз иеліктерін межелеп бөлу туралы келіссөздер жүргізілді. Солтүстік және оңтүстік Нигерияда Британ протектораты орнады. 80 - жылдары Германияның экспансиялық бағыты басталды. Камерун жэне Того арқылы Нигер және Чад өзендерін жағалай ағылшын және француздарға параллель бағытта шықпақшы болды. 80 -жылдардың басында шығыс Тропикалық Африка ағылшын, француз, неміс отарлаушыларының бақталастық алаңына айналды. Әсіресе, белсенділікті Германия танытты. Шығыс Африкаға басып кіру 1984 жылы жеке компания құрған Германия отарлаушыларының одағы арқылы жүзеге асты. 1885 жылы бас компания бірнеше шақырымға созылған Португал иеліктерінен солтүстікке қарай орыналасқан территорияға иелік етуге қол жеткізді. Аз уақытта Германияның иеліктерінің көбеюі Лондонды алаңдатты. 1885 жылы Британ үкіметінің бұйрығы бойынша сұлтан Занзибара Германияға өз иеліктеріне енуіне наразылық жариялады. Шығыс Тропикалык Африкада ағылшын және герман иеліктерінің арасында аттамалылық пайда болды. 1888 жылы Германияның иеліктерінде арабтар жергілікті халықтармен қосылып бас көтерілулер ұйымдастырды.1889 жылы Бугандағы көтеріліске араласқан Англия бұл елді де өзіне бағындырды. Шығыс және Тропикалық Африкада ағылшын және герман иеліктерін межелеп бөлісу 1890 жылы аяқталды. Оған негіз болған Гельголанд трактаты. Тынық мұхиты елдерінің жаулануы және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы. XIX ғасырдың аяғында капиталистік мемлекеттер арасында әлемді бөлісу аяқталды. Ағылшын империализмінен Суданды басып алуы ағылшын - француздардың Батыс және Орталық Африкада үстемдігі, Бур республикасының жаулап алынуы, Тынық мұхит аралдарының бөліске салынуы бос жерлердің қалмағандығын көрсетті, формальды түрде Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өзгерді. Алайда, олардың барлығы жартылай отарға айналды. 1900 жылы Африканың оннан тоғызы жаулап алынғанда отарларды монополиялық иелікке алу дәуірі туындады. Өткен XIX ғасырдың аяғында халықаралық қайшылықтар шиеленісе түсті. Англия, Франция, Ресеймен отарлық бәсекелестікке түсе отырып, Германия империясын өзіне бақталас етіп алды. Германия өзінің Ресеймен жақындасуының дүрыс екенін білсе де, француз - орыс блогының қарсыласы позициясынан таймады. Сонымен қатар Германия Англияның ең ірі бақталасына айналды. Ағылшын - француз - орыс келісімдері оңтайлы жолга қойылды. Германияның Ресеймен, Англиямен қайшылықтары күшейді. Бұл оның 1918 жылы күйреуіне әкелді. Африкамен қатар 1887 жылы Англия Оңтүстік - Шығыс Азия аудандарына көз тікті. Ол Малай жарты аралының бөлінуін аяқтап, онда өзінің билігін орнатты. Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін иелене отырып, Аннам жерін 1883 жылы басып алды. Француздардың елге кіруі вьетнамдылықтардың наразылығын тудырып, Вьетнамды вассалдық тәуелділікке өтуіне жол беріледі. 1990жылдардың аяғында ауыр отарлық соғыстардың нәтижесінде Вьетнам Францияның қол астына кірді. Англия 1885 жылы Бирманы отарлау саясатында асығыстық танытты. XIX ғасырдың екінші жартысында Бирма Англияменен Францияның күрес алаңына айналды. Франция оны Үндіқытай мен Үндістан арасындағы аралық мемлекетке айландырмақ болды. Бірақ сәтсіздікке ұшырады. 3 ағылшын Бирмандық соғыс нәтижесінде король билігі таратылды. 1886 жылы Бирма Британ империясының құрамына енді. Англияменен Францияның Вьетнам және Бирма елдерін жаулауы Сиам аралдарының бөлінісуінің аяқталуына әкелді.
Британ басқаруы Гудзонды жаулап алу үшін 1777 жылы күзде үш армия күшімен шабуылдауды ұйымдастырды: Канада шекарасынан жылжитын Бургойн армиясы, Онтарио көлінен шабуылдайтын Сен-Лежер армиясы, оның құрамында көптеген американдық торилер мен индеецтер болды, Гудзон өзені бойындағы ауданда соғыс қимылдарын жүргізетін Клинтон армиясы. Соғыс қимылдары ағылшындар үшін сәтсіз жүргізілді. Жаңа Англия штаттарының барлық тұрғындары оларға қарсы шықты. 1777 жылы 19 қазанда Бургойн армиясы Саратога түбінде қоршауға алынды. Олар Гейтс басқаруындағы американ армиясына берілуге мәжбүр болды. Мұны естіген Сен-Лежер армиясының торилері қашып кетті, ал индеецтер қаруды ағылшындарға қарсы бұрды. Енді американдарға қарсы соғыспау шартымен жеңімпаздар әскери тұтқындарға Англияға қайтуына рұқсат берді. Саратога түбіндегі жеңіс британ басқаруының стратегиялық жоспарының құлауын білдірді. Ол американ халқының ұлттық тәуелсіздігін алуында айтарлықтай маңызға ие болды. Англияға қарсы отарлардың әскери қимылдарының басында Франция өзінің бейтараптылығын жариялады. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды. Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа мемлекет - Америка Құрама Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді. Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға қол қойған депутаттардың құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і плантатор, 28-і адвокаттар, 7-і еркін мамандық иелері. Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазиямен плантаторлар блогының қолына өтті. Саратога түбіндегі жеңіс француз үкіметін американдықтармен одақ және сауда туралы келісімге келуіне итермеледі. Бұл келісім 1778 жылы 6 ақпанда Парижде бекітілді. Осыдан кейін ағылшын үкіметі көтерілісшілерге бейбіт ұсыныстармен келеді. Олар американдықтардың Франциямен одақтасуынан бас тартуды және өздерімен одақты қайта құруды сұрайды. Бірақ конгресс ГеоргIII-нің ұсыныстарын қараудан бас тартты. Конгресс отарлардың толық тәуелсіздігін мойындауды және британ армиясы мен флотының шығарылуын талап етті. Ал Франция Англияға қарсы соғысқа шықты. Ол сондай-ақ Испанияны соғысқа кіргізу үшін өзінің дипломатиялық ықпалын қолданды. Испания азаттық соғыстың өзінің Америкадағы отарларына таралуынан қорықты, алайда ол Еуропадағы Гибралтардың қайтарылуы туралы уәдеге қарсы тұра алмайды да, 1779 жылы Англияға қарсы соғысқа енеді. Англияға тиімсіз қалыптасып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты
Солтүстік соғыс
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа және Америка елдерінің тарихы
Қасиетті Одақтың қызметі
Ұлы Морав мемлекеті
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары
«шығыс мәселесі»
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Пәндер