Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен жаттығулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тарау І. Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен жаттығулар
1.1 Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Көркем мәтін арқылы көркем әлемге ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Тарау II. Мәтінді тыңдап.түсінуге үйрету
2.1 Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Тыңдап . түсінуге үйрететін жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Тарау III Ағылшын тілінде дамытушы жаттығулар
3.1 Оқу түрлеріне қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.2 Оқуға үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.3 Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктер ... ... ... .23
3.4 Таныса және зерттей оқу түрлерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Тіл үйрету дидактикалық ұстанымдардың ішінен алғашқысы – оқытудың ғылымилығын қолдануға болады. Мұндағы басты мақсат – білім беру, яғни тілді ғылыми тұрғыда үйрету. Ағылшын тілінің қолдану аясының кеңеюіне байланысты қазір барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін уйрету ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Мәтін – дербес тұтастық. Оны түсіну дегеніміз – сол мәтіндегі фактілі ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

1.Әбдіғалиев.С «Неміс тілін оқыту әдістемесі»-Алматы, 2012
Бәйнешова. Ш «Неміс тілі лексикасын оқыту»-Алматы, Рауан 2010
3.«Вопросы преподавания иностранных языков»-Алма-ата, Просвещение 2013
4.Рогова Г.В, Рабинович Ф.М, Сахарова Т.Е «Методика обучения иностранным языкам в средней школе»-Москва Просвещение 2011
5. Рахманов ИВ, «Обучение устной речи на иностранном языке»-Москва. Высшая школа 2011
6.Қазақстан мектебі №5. 2012
7. Иностранные языки в школе. «Просвещение» 7. 2014
8.Жошыбаева Г. Сапалы кәсіптік білім-бәсекеге қабілеттіліктің алғашқы баспалдағы.\\Қазақстан мектебі, 2010№1-56б
9 Тупальский Н.И. Фоломкина С.К. «Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе»// . Иностранные языки в школе, 2011 №3-98с.
10 Жолаушиева Р.Ш «Оқуға үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың маңызы» . Иностранные языки в школе, 2013 №2-36б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тарау І. Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен жаттығулар
1.1 Мәтінмен жұмыс жасаудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 6
1.3 Көркем мәтін арқылы көркем
әлемге ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Тарау II. Мәтінді тыңдап-түсінуге үйрету
2.1 Мәтінді тыңдап түсінудегі
қиындықтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
2.2 Тыңдап – түсінуге үйрететін
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Тарау III Ағылшын тілінде дамытушы жаттығулар
3.1 Оқу түрлеріне қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.2 Оқуға үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...21
3.3 Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты
іскерліктер ... ... ... .23
3.4 Таныса және зерттей оқу түрлерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Тіл үйрету дидактикалық
ұстанымдардың ішінен алғашқысы – оқытудың ғылымилығын қолдануға болады.
Мұндағы басты мақсат – білім беру, яғни тілді ғылыми тұрғыда үйрету.
Ағылшын тілінің қолдану аясының кеңеюіне байланысты қазір барлық
мектептерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін уйрету ең негізгі
мәселелердің бірі болып отыр.
Тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Мәтін –
дербес тұтастық. Оны түсіну дегеніміз – сол мәтіндегі фактілі ақпараттарды
ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке
жинақтай білу.
Соңғы 10-жылдықта мәтін көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау
болуда. Мәтін туралы лингвистикалық ғылымның алғашқы қалыптасуында мәтін
анықтамасы жөнінде әртүрлі кереғар пікірлер болды. Лингвистикалық
энциклопедиялық сөздікте берілген, жиі айтылып жүрген анықтаманы келтіруге
болады. Мәтін латын сөзі TEXTUS- өрілім, қосылым, арқау, тілдік
бірліктердің мағыналық байланысы арқылы біріккен жүйелілігі дегенді
білдіреді. Басты қасиеттері – байланыстылық пен тұтастық. Сонымен, мәтіннің
басты сипаты – оның тұтастығы.
Әрбір жаңа тақырыпты түсіндіргеннен кейін, оны мәтінмен бекіту өте
тиімді. Бірақ балалар мәтінді, жаңа сөздерді және жалпы жаңа тақырыпты
жақсы түсініп, есінде сақтап қалу үшін оқушыға қызық болатын әдістерді
қолдану керек. Мысалы мәтінмен байланысты ойындар мен жаттығулар. Ойындарды
көбінесе мәтінде қолданған сөздерді есіне түсіріп, өздері қолдану үшін, ал
жаттығуларды грамматикалық ережерелерді бекітіп, тәжірибе жүзінде қолдана
алуы үшін қажет деп ойлаймын.
Мен оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, тыңдай білуге және
ағылшын тілінде ойлай алуға үйреткім келеді. Сол себепті, менің ойымша,
практикаға көп мән беру керек. Сабақ барысында әрбір оқушыны сөйлетіп
үлгеру үшін және бір-бірін зейін қойып тыңдаттыра алу үшін бірінші
мәтінмен жұмыс жасатып, сосын мәтінді ойындар арқылы талдаттырып,
жаттығулармен бекіту әдісін қолданғы келеді. Оның өзінде мәтін, ойындар
және жаттығулар тақырыптық, логикалық байланыста болуы керек. Сонымен қатар
есте сақтау мен мидың ойлау жүйесін дамыту үшін бірнеше жаңа тақырыптарды
біріктіріп, бір-бірімен байланыстырып, бір шетінен шатастырып балаларға
тағы бір рет сол тақырыптарды қайталаттыру әдісін жөн көремін.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен
жаттығулар ерекшеліктерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- оқу түрлеріне қойылатын негізгі талаптар
- оқуға үйретуде үлгілеу әдісін қолданудың маңызы
- ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктер
- таныса және зерттей оқу түрлерін дамыту
- мәтіннің ерекшелітертері: күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым
мәтіндер, ағылшын тілділердің сөйлеу барысындағы логикасын түсінуге
көмектесетін мәтіндер
- мәтінде кездескен жаңа мәліметтерді есіне сақтауға септігін
тигізетін тиімді ойындар
- тәжірибеде сасқалақтамай сөйлеуге мүмкіндік беретін ойлау жүйесін
қалыптастыратын жаттығулар
Мәтін – ол әр тараудың тақырыбына негізделген, ішінде жаттығып жұмыс
істеуге арналған үлгі құрылымдары бар, оқуға арналған сөйлемдер жиынтығы.
Кейбір мәтіндерді суреттеме, кейбіреулерін әңгіме немесе мақала, не болмаса
диалог, әлде хат ретінде таңдап дайындауға болады,оларды мұғалім өзі
дауыстап оқып біліуіне немесе оқушылардың өзздеріне іштен оқытуына болады.
Оқыту технологиясының терминініне тоқталатын болсақ, үлгілеу әдісі
түсінігі танымның белгілі бір маңызды жолдарын қарастыратын гносеологиялық
категориялар қатарына жатады.Үлгілеу әдісі белгілі бір құбылыстарды
процесстерді немесе жүйелер нысанын олардың үлгілерін құрастыру және үйрену
арқылы жасалынады; үлгілерді қолдану құрылым жасалынатын нысандарды қайта
құру әдісінің сипаттамасын ұтымды етуін анықтау, нақтылау болып табылады.
Философиялық әдебиеттерде үлгілеу әдісі филология ғылымдарының
докторы, профессор С.С.Кунанбаева Современные иноязычные образоание:
методология и теории атты кітабінде үлгілеу әдісіне мынадай түсіндірмелер
береді: үлгілеу әдісі- қиын нысан мен құбылыстар танудың теориялық негізі;
үлгілеу әдісінің маңызы- айқын нысанның процесстің, құбылыстың таңбалық
аналогтармен алмасуы болып табылады; аналогтар шын нысан құрылымының өзара
байланыс жүйесі формасында көрінеді; үлгілеу әдісінің нәтижесі үлгі болып
табылады, яғни үлгі бойынша нысандар қойылған мақсат бойынша жаңа
ақпараттар алынады; құрылым жағынан үлгі қиын ұйымдастырылған құбылыс
ретінде танылады;және жүйе ретінде қарастырылады т.б

1.1 Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлері
Мәтіндермен жұмыс - тіл үйретуде негізгі элемент болып саналады. Мәтін-
дербес тұтастық. Мәтінді түсіну дегеніміз – сол мәтіндегіфактілі
ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды
біртұтас бірлікке жинақтай білу.
Тілші ғалымдар мәтіндердің өзіндік ерекшіліктеріне, көбіне мына
мәселерге жиі тоқталады.
ақпараттардың жазба түрінде берілуі;
мәтіннің мазмұндық және құрылымдық тұтастығының сақталуы;
мәтіннің бөліктері өзара байланысты және сабақтас болуы;
Мамандыққа байланысты оқытқанда мына мәселелерге негізі көңіл бөлінуі
тиіс:
А) мәтіннің құрамына талдау жасай білу;
Ә) мәтіндерді мағыналық бөліктерге бөле білу;
Б) әр мағыналық бөліктердегі негізгі және қосымша ойларды ажырата білу;
В) мәтіннің қиын жерлерін оңайлатып, қайта құра білу;
Г) мәтіннің негізгі ақпараттарын жоспар, конспект, аннотация түрінде
жазып алып, кейіннен оларды басшылыққа ала отырып жұмыс істей білу;
Студенттерге мәтіндерді оқымастан бұрын, осы талаптарды орындату
арқылы, оларды кез келген тақырыптағы мәтіндерді өз бетімен түсіне алу
қабілеттерін арттыруға болады.
Мәтіндермен жұмыс істеуде мұғалімдер көбіне аударма, мазмұн айту сияқты
жұмыстармен шектеледі. Ал қандай тілді болсын үйретуде істеуге болатын
әдістемелік жұмыстар өте көп. Бұл ретте шетел тілін үйрету әдістемелерінен
көп нәрсе үйренуге болады. Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы ғалым -
әдіскерлеріміздің еңбектерімен таныса отырып, тіл үйретуде мәтіндермен
жұмыс істеудің көптеген жаңа әдістерін пайдаланұға болады. Мысалы: пәрменді
лексиканы пайдаланып сұхбаттасу, мәжіліс, конференция, келіссөздер жүргізу,
түрлі әскер тілдің әдістерін іске асыруға болады.
Мәтін – тіл білімінің объектісі ретінде ХХ ғасырдың соңғы 20 – 30
жылдарында қарастырыла бастады. Мәтін – тіл бірлектерінің барлық басқа
түрлерінен өзгеше келетін өзіндік ерекшелігі мол бірлік ретінде танылады.
Мәтін туралы түсінік беруде мәтіннің дыбыстан, фонемадан, сөзден,
лексикадан, морфемадан, сөйлемнен(жай сөйлем, құрмалас сөйлем), абзайтан
тұратындығын түсіндіріп, сол жеке белгілердің барлығы бірігіп, біртұтас
мағынаны, яғни мәтінді түсіндіріп береді.
Егер осыған дейін жаттығуларды көп ретте жекелеген дыбыстар мен
жекелеген сөздер, сөйлемдердің қызметін, формасын тану үшін ғана мәтін етіп
құратын болсақ, ендігі кезекте әрбір тіл бірлігінің қызметі - өзінен жоғары
тұрған тіл бірлігін жасау үшін бағытталғанын, нәтижесінде нақты айтылатын
ой – мәтін түрінде келетінін түсіндіруімізге болады.
Мәтінді қолданудың екі жақты тиімділігі бар:
А)дыбыс, сөз, сөйлемдердің қызметін мәтін ішінде тану мүмкіндігі.
Ә)солардың тұтасқан қызметінің нәтижесінде ерекше тіл бірлігі –
мәтіннің композициясы құрылатынын таныту мүмкіндігі.
I. Мәтін дегеніміз – мынадай белгілерге ие болып келетін тілдің
күрделі бірлігі.
1. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.
2. Ол сөйлемдер бір – бірімен мағыналық байланыста.
3. Ол сөйлемдердің тақырыбы бір болады.
4. Сөйлемдердің орын тәртібі де мағынаның тұтастығын, бірлігін
сақтайды.
5. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта
түсіп байланысып отырады.
6. Мәтіннің құрылымы өзара тығыз байланыста келеді. Мәтін құрамындағы
бірліктер (сөйлемдер ) тізбектеле немесе параллель түрде байланысады. Бірақ
мәтін деп әр жерден терілген сөздер жиынтығы мен іріктелген сөйлемдерді
атауға мүлде болмайды. Барлық уақытта оқушының ойында белгілі бір мазмұн
тұралы тұтас ой қалыптастыратын сөйлемдердің жиынтығын айтады.
II. Оқушылардың құрастырған жекелеген мәтіндерінің құрылымын мына
сызба арқылы көрсетуге болады:
Бұл сызба бойынша оқушылар құрылуы тиіс мәтіннің кіріспеден, негізгі
бөлімнен, ол бөлімнің үш бөліктен тұратындығын, соңғы қорытындымен
аяқталатынын анықтайды.Алдында көрсетілген жұлдызша қызыл жолды білдіреді.
Сол жұлдызшалар арқылы мәтіннің ішкі бір бөлігі абзацты тани алады.
1.2 Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс
Шет мемлекеттер мен қарым-қатынасымыздың күшеюіне және біріккен
өкілеттердің пайда болуына байланысты түрлі салада жұмыс істеп жүрген
мамандардың шетел тіліне деген қызығуы күннен-күнге арта түсіп отыр.
Оқушыға мұндай білімді игеру үшін сыныптан тыс оқуға арналған
мәтіндердің қызметі өте зор.
Мұғалім бұл мәтіндерді оқыту үшін 2 мақсатты көздейді:
оқуға деген қызығуды қалыптастыру. Оқушылардың оқитын мәтіндері
ерекшеліктеріне, қызығу қабілеттеріне қарай іріктелініп алынуға тиіс.
мәтінді оқыған кездегі қиындықтарды жеңе білуге автордың айтайын деп
отырған ойын, мағлұматын мәтіннен ала білуге дағдыландыруы керек.
Оқу барысында кездесетін таныс емес сөздерді меңгеруде кездесетін
қиындықтарды жеңу үшін оқушылар мынадай жұмыстар жүргізуі тиіс:
оқушы сөздіксіз оқи білгені жөн, себебі ол сөздің мағынасын басқа
контексте түсінуі ықтимал.
Әрбір жаңа сөз кездескен сайын сөздікке қарауға болады. Себебі, шәкірт
жаңа сөз үйренеді. Дегенмен, мұнда оқуға деген құлшыныс төмендейлі.
Сөздік кей жағдайда ғана пайдаланылады.
Мұғалім жоғарыда айтылған оқу жолдарын түсіндіріп, оның неғұрлым
тиімдісін қалап алуға көмектесуге тиіс.
Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндердің міндеті – оқушыларға пайдалы,
жаңа мәлімет беру, оларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқудың әр
турі бойынша оқу әдістері мен дағдыларын қалыптастыру.
Белгілі ғалым С. Фоломкина орта мектепте оқушылар оқудың мынадай
түрлеріне дағдылануы тиіс деген пікір айтады: қарап шығу, таныса оқу,
зерттей оқу.
Оқушылар көбіне ауызша жұмыстан гөрі жазбаша жұмысын бірінші
орындайды. Себебі жазба жұмысының қорытындысы, нәтижесі көрініп тұрады.
Оқушы мақсатына жеткендігін тапсырманы орындап болған соң түсінеді.
Ал ауызша тапсырмада олай емес, мақсатына жеткеніне толық сенімді
болмауы ықтимал немесе сабақ кезінде ой мағынасын жеткізіп бере алмауы да
мүмкін. Мәтіннің алдында жаттығулар жасатқанда оқу нәтижесі арта түседі.
Мәселен:
А) мәтінді оқығанда төмендегі сөздерге көңіл бөліңздер;
Ә) мәтінді өзіңіз құрған жоспар бойынша айтып беріңіз;
Б) мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орындаңыздар;
Мәтіннен кейін берілетін жаттығу түрлері:
А) мағынасына байланысты мәтінді қиып, ана тіліне аудару,
сұраққа жауап алу;
Ә) жаңа сөзге байланысты мәтіннен негізгі жаңа сөзді табу, бір
сөздің құрамын ( түбірін, қосымшасын) білу, шетел сөзінің ана тіліне
ұқсастығын табу;
Б) пәнаралық байланысқа сәйкес кейіпкерге мінездее беру,
әңгімені қысқарту, кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіз, мәтіннен
қандай мағлұмат біле алдыңыз?
Жоғарыда айтылған жаттығулар сыныптан тыс оқуға арналған
мәтіндерге ғана байланысты кішкене бір қосымша ғана жаттығулар мен жұмыс
жүргізгенде мұғалім де, оқушы да көп жетістікке жетеді. Мұғалім жаттығуды
оқушының қабылдау дағдысына, білім деңгейіне байланысты жалпы да, жекелей
де бере алады. Барлық оқушыда сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндерді
төменгі буында айына бір рет, ортаңғы, жоғарғы буында аптасына бір рет
өткізуі қажет.
Мұғалім оқудың жолдарын, түрлерін және жаттығуларды дұрыс
әдістемелік жағынан қарастыра білсе, сонда ғана оқушы мәтіндерді жан-жақты
түсініп, тілдік лексикасын байытып, өтілгенлексиканы және грамматиканы
қорытындылап, бекітуге көп көмегін тигізеді. Шетел тілін оқып отырған
оқушылар сол ел жайында көп мәліметтер алып, сол елдің әдебиетімен, салт-
дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік туады.
Мысалы:
Төмендегі сөздерге көңіл аударыңдар.
мәтінді өзің құрған жоспар бойынша айтып бер.
мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орында.
ағылшын тіліндегі алынған мәтіннің мазмұнын айтып бер.
мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырып қой.
досыңа мәтінге байланысты барлық мүмкін сұрақтарды қой.
мәтіннен қандай мәлімет алдың?
Міне, осылайша осы тәртіппен жұмыс істегенде біршама игі жетістіктерге
жетуге болады.
1.3 Көркем мәтін арқылы көркем әлемге
Бүгінгі мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың
көркем шығармаларды оқуы. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, бүгінгі
оқушылар көбіне үлкен кітаптың алдында қорқыныш сезімдерін білдіреді.
Балалар көркем мәтінді оқи алмайды, өкінішке қарай, дұрыс оқуға
үйретілмеген. Қазіргі мектептегі талдау балалардың көркем шығарманы оқуға
деген не дағдысын, не ынтасын арттырмайды.
Көркем шығарманың букіл бөліктерінен мазмұн шығара алатын
оқушыны тәрбиелеу мәселесіне келейік. Егер сабақта оқытудың заты көркем
мәтін мен көркем әлем болатын болса, онда айтарлықтай нәтижеге жету
мүмкіндігі туады. "Көздеген нәтижеге жете алмасаң, іс-әрекетіңді өзгерт"
деген бар. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге. Бұл әдістеменің құндылығы
таусылмайтын түсінік пен көптеген мағынаны жеткізіп тұруында. Бұл жол
қызықты да жемісті.
Бұл – оқушыларға шығармашылық жұмысқа жағдай жасайды, яғни оның
мәтінмен жәнеавторымен қарым-қатынасын "белгісіздікке жол шегу" дегенмен
теңеуге болады. Оқырман болу үшін, адам көп еңбектенуі тиіс, бұл еңбектен
ешқандай таңғажайып босата алмайды.
Оқырман еңбегі, ұғынықты болуы тиіс. Ол үшін теориялық білім
қажет, бұл жерде – көркем мәтіннің, көркем әлемнің және олардың құрамдас
бөліктерінің: көркем кеңістіктің, көркем шақ, оқиғалардың шеңбері, көркем
әлем бейнелері қатарының, көркем антропологиясының теориясы осы.
Осы білім оқушылардың кітаппен қарым- қатынасындағы көргендік қабілетін
кеңейтеді.
Практикалық қызметте көркем мәтін мен көркем әлем теориясын
пайдалану мұғалімнің өз білімін, әдістемесін ең бастысы дүниетанымын
көтеруді: оқушылармен бірге "өнер туындысымен сұхбаттасу " дәрежесінде бола
білуді, "белгісіздікке апарар жол" жағдайында оқушыны ғана емес, мұғалімді
де байытатын бірлесе ойласу жағдайында бола білуді талап етеді.
Көркем мәтінмен жұмыс барысындағы автордың көркем әлемін ұғыну
кезінде біз көркем кеңістік, көркем шақ, бейнелер қатары, оқиғалар шеңберін
модельдей аламыз.

2.1 Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар
Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді
тыңдап-түсіну (орысша аудирование) екіншісі – сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі
компоненті бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, кейбір әдіскерлер
бұларды бір-бірінен ажыратпайды. Олардың көзқарасы бойынша, ауызша сөзді
игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну
– сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінүге арнайы
дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды –
сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған
ауызшасөзді тыңдап-түсіне алады. Міне көпшілік әдіскерлердің пікірі
бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні бүгінге дейін тиісті мөлшерде
дамытылмай келуініңбір себебі осында.
Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел
тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп отыр.
Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-
бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы мүлде басқа
іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де, тыңдаушы
да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді
әртүрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады,
яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды
басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу
процесінде сөздің мазмұны алдын-ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші
тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығып,
оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-
әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет
бағыты; мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілгені – тілдік форма. Соны
қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы
іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі
компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің
әр түрлі формаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау
импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әрқайсысын әр түрлі жолмен оқытып,
үйрету керек.
Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық
әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселерімен шұғылданып жүрген еліміздің
психологтары екі процесті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. а) бейнені
қалыптастыру процесі, яғни обьектінің маңызды даралау белгілерін
(дифференциальные признаки) және олардың өзара байланысын анықтау және сол
белгілерді игеру процесі, ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру
нәтижесінде обьектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз
байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде
өтуі мүмкін. Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез
(симултанды түрде), қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым
қатынас жасау процесінде даму бір мезгілде (симултанды түрде) өтеді. Мұнда
логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне байланысты:
дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде
ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді.
Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетінің
екі механизмі бар екенін Е.И. Исечина атап көрсетеді: ажырату және тану
механизмдері. Ажырату барысында мынадай процестер болады:
Есте бейнесі қалыптаспаған обьектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері
қалыптасқан обьектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді
естігенде оның өзіміз, білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.
Бұл обьектінің даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан
басқа обьектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілері тану арқылы
анықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t),
дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын)
анықтаймыз.
Даралау белгілерінің өзара қарым-қатынасы анықталады. Мысалы, бір
сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін
анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.
Тану процесі, обьектінің есте қалыптасқан бейнесіне сүйенеді. Жалпы
алғанда ауызша сөзді қабылдау барысында тану акустикалық белгілерді талдау
– жинақтау тәсілімен өңдеуге, анықталған белгілерді есте сақтаулы тұрған
бейнемен салыстыруға және оларға мән беруге саяды.
Қабылдау бірліг жеке, сөздермен тікелей байланысты. Ал жеке сөздерді
қабылдау үшін оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетін
қалыптастыру керек. Фонематикалық есту қабілеті дегеніміз – сөздегі
дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен ұштастыру. Ал қабылдау
бірлігіндегі фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау
арқылы емес информативтік белгілерді тану арқылы түсінеміз. Фразаны түсіну
үшін ең басты информативтік белгі интонация. Сондықтан оқушылардың
санасында фонематикалық есту қабілетімен қатар интонациялық есту қабілетін
де қалыптастыру керек. Интонациялық есту қабілеті сөйлемдердің
коммуникативтік типтерін ( хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем)
ажыратуға, фраза бөлшеектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын
түсінуге көмектеседі.
Естігенін түсінуді жеңілдетіп көру анализаторының көмегі мынада:
егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын керіп
отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап –
түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап –түсінудің
оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап – түсіну мен оқу сөз
әрекетінің импресивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны
түсіну болып табылады. Тек тыңдап түсінуде ауызша айтылған сөзді қабылдап,
түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді қабылдап, түсіну керек. Сонымен
тыңдап түсіну сөйлеумен де, оқумен де байланысты.
Тыңдап түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға
кездесер еді.Тыңдап түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл
қиындықтарды және оларды жеңу жоларын жақсы білуге тиіс.
Тыңдап түсінуге дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар
негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап- түсінуге
үйретуде кездесетін жалпыға ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде
тыңдап-үйренуде кездесетін қиындықтар.
Енді тыңдап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың
аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.Төменде аталатын қиындықтар
кез-келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар
қазақ оқушылары ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап- түсінуге
үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:
Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізү үшін сөйлеушінің қолданған
тілматериалдары мен оқушылар меңгерген тіл материалдарының арасындағы
алшақтық. Тіл материалын таңдауда оны қолдануда сөйлеуші оқушының тіл
материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым
жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған
кейбір лексикалық және грамматикалқ материал оқушыға таныс емес болувы
мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сөздер, оқылмаған
грамматикалық құбылыстар тыңдаған мәтннің мазмұнын қиындатады. Бұл
қиындықты жеңудің жолы – оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік
қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес
сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп –
жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол
сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалды.
Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға
тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін
оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар
мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ мәтіндерде
өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет,
сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтіннің мазмұнын
тусінуге де дағдыландыру керек.
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациалық
ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, ағылшын тілі мұғалімінің де
өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу
ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді
түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері
мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің
қойған сұрақтарын түсінеді де, дәл сол сұрақтарды шет елдік адам қойса
түсінбейді, бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге
болады.Мысалы , әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну
қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы – сабақта техникалық
құралдарды, әсіресе магнитафонды жиі қолдану. Магнитафонға ер адамның да,
әйел адамның да, жас баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату
керек. Сонда әртүрлі темірлі дауыстарды тыңдап, дағдыланып үйренуде оқушы
өз мұғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап түсіне алады.
Әдетте мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен
сөйлейді. Мұндағы мақсат- мұғалімнің ағылшынша айтқанын барлық оқушылар
түсінсін дегендіктен баяу сөйлесе, оқушының түсінуіне жеңіл болады деп
ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да , одан тезірек
сөйлегенде түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен
айтылған сөз тым тез көрінеді де ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар
қалыпты ырғақпен айтылған сөзді тусіне алмайды.
Мұғалім сабақта ағылшынша сөйлегенде, тағы мынадай қателік жасайды.
Айтқаныңды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол ағылшынша бір
айтқанын бірнеше қайталап айтады. Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар
мұғалім сөйлей бастағанда, әуелде оның сөзіне мүлдем құлақ аспайды.
Айтқанын екігші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда
сөйлеуші айтқанын айтқанын қайталамайды, тек бір ақ рет айтады. Қайталап
тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны
естімей қалады да түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап түсінуіне
қиындық келтіреді.
Осы қиындыққа байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері
оқушыларға мазмұнын дзұрыс түсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек деген
мәселені қойып соны шешуге күш жұмсап жүр. Бұл салада әдіскерлер мынадай
қорытындыға келді. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға
бір ақ рет тыұңдату керек. Ал сол түсінген мәтінді қайталап айтып беру
керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса ағылшын
тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс,
сөйтіп оқушыларды бір айтқаннан түсінуге дағдыландыру керек.
5. Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің
бет әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл қозғалысын байқап отырса,
онда орл өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда
соңғы қатарда отырған адам баяндаманы нашар түсінуінің себебі оның нашар
естуіне байланысты емес лекторды нашар көріне байланысты.
Нағыз коммуникация барысында аудитор сөйлеушіні көре алмайтын
жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін,
сондай-ақ телефонмен сөйлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды.
Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет әлпетін, сөйлеу
органдарының қимыл қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап
отырған сөзді түсінуді ауырлатып көп қиындықтар келтіреді.
Аталған қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитафонды жиі
қолдану тиіс. Магнитафонға жазылған мәтіндерді тыңдауға дағдылану
нәтижесінде оқушылар сөйлеушіні көрмей оның сөзін түсінуге уйренеді.
Сондықтан аудитивтік іскерліктер мен дағдыларды дамытуда магнитафонның
міндеті ерекше.
6. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің
ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тыңдағанда
тыңдаушы шаршап, жалығады. Сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп,
методикада аудитивтік мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін
анықтап алу қажеттігі туады. Бұл мәселеге байланысты Н.В. Елухина шетел
тілін оқытудың алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1,5-2 минуттен
аспауы керек, ол бірте-біртеартып, шетел тілін оқытудың ақырында 3-5
минутке дейін жетуі керек деген пікір айтса, Н.Н. Пруссаков аудиомәтіннің
ұзақтығы оқытудың алғашқы сатысынынң өзінде –ақ 3 минуттен кем болмауы
керек деген пікірді қолдайды. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс екнін айту
қиын, өйткені ешқайсысы тәжірибе арқылы тексерілмеген. Дегенмен оқушылардың
алғашқы счатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5-2 минуттен ұзақтық
аспауы керек деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай
алмайды, түсінбейді.
2.2 Тыңдап – түсінуге үйрететін жаттығулар
А.И. Домашнев және басқа авторлар тыңдап түсінуге үйретуде екі кезеңді
ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең. Осыған байланысты
тыңдап түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесі екі топтан тұрады: тіл
(дайындық) жаттығулар және сөз жаттығулары немесе (творчестволық
жаттығулар). Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі – тыңдап түсіну мен
сөйлеудің тығыз байланыстылығы ескерілуге тиіс.
Тіл дайындық жаттығулардың мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында
лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын-ала жою. Сонда ған
оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады. Тіл
жаттығуларын орындау нәтижесінде төмендегідей іскерліктер қалыптасады:
А) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау оларды
бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;
Б) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;
В) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын
анықтау іскерлігі;
Г) түрлі лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдардың
контекстегі мағыналарды анықтау іскерлігі;
Д) синоним, антоним құбылыстарын танып олардың мағыналарын ашу
іскерлігі;
Аталған іскерліктерді дамыту мен қатар тіл жаттығуларын орындау
нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік есі
дамытылады.Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту , оларды
жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындау қажет:
Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары;
А) бірнеш жұп сөздерді тыңдап оларды қайталау.
Б) берілген интонацияны сақтай отырып синтагмалармен фразаларды
қайталау.
В) берілген қос сөйлемдерді тыңдап, сөйлемдер бірдей болса, графикалық
кілтте (+) таңбасын қою, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, (-) таңбасын қою
керек.
2. Алдын-ала болжалдау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл
жаттығуларын орындаған жөн:
А) Бір қатар сын есімдерді (етістіктерді) тыңдаңдар да, олармен жиі
тіркесетін зат есімдерді атаңдар;
Б) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тыңдап оларды қазақ
тіліне аударыңдар;
В) бірқатар сөз штамптарын тыңдап, олардың қандай жағдайда
қолданылатынын ағылшын тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар;
Г) мұғалім айтып тұрған мәтінді (пластинкадан) тыңдаңдар, сол мәтіннің
жазбаша нұсқасындағы қалып қойған сөздерді толықтырыңдар.
3. Оқушылардың қысқа мерзімдік есін жетілдіруге арналған тіл
жаттығулары:
А) бір топ жекеленген сөздерді тыңдап, солардың ішіндегі белгілі бір
тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар.
Б) екі үш қысқа фразаларды тыңдап оларды бір сөйлем етіп біріктіріңдер;
В) он немесе одан да көп сөздерден тұратын (яғни ұзақтығы қысқа
мерзімдік ес көлемнен артық) фразаларды тыңдап оларды диктордан кейін
қайталап айтыңдар;
Г) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фраза
қосыңдар т.б.
4. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл
жаттығулары:
А) төмендегі етістіктерді тыңдаңдар да олардың –er жұрнағын жалғау
арқылы зат есім жасаңдар.
Б) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды және біріккен сөздерді
тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде қалай
қолданылатынын түсіндіріңдер;
В) контекс және дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздердің
мағынасын анықтаңдар;
Г) графикалық кілттен таяныш сөздерді қарап шығып, тыңдауға арналған
мәтін қандай тақырыпқа арналғанын анықтаңдар, сосын мәтіннің үзіндісін
тыңдап, өздеріңді тексеріңдер.
5. Сөздердің мағынасын анықтауға арналған жаттығулар:
А) сөйлемдерді тыңдап олардың ішінде іс-әрекет иесін анықтаңдар.
Б) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді
табыңдар т.б.
Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвистикалық және
психологиялық қиындықтарды жойған соң, сөз жаттығуларын орындауға көшуге
болады. Сөз жаттығулары дегеніміз тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың шынайы
шарттарына жақын жағдайда қабылданатын ауызша мәтіндер. Мұндай мәтіндер
белгілі талаптарға сай болуы керек:
тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және
оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;
мәтіннің берік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz