Ахмет байтұрсынұлы- білікті психолог



Жалпы «психологиялық көзқарастар» ұғымын қалай түсіндіруге болады. Мен бұл ұғымды психологияға қатысты және адамның өзінің түсінігіне байланысты қалыптасқан таным туралы көзқарас деп түсінемін. Тереңірек қарастырып өтсем: Психология дегеніміз адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Осыған байланысты мен былай дегім келеді. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолынан ол кісінің қандай адам болғандығы туралы және қоршаған ортаны қалай қабылдағыны, ол үшін өмірдің бар байлығы неде болғандығын Т. Шононовтың Ахаң атамыздың 50 жылдық мерейтойында сөйлеген мына сөзімен көрсетіп кеткім келеді: «Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ахмет Байтұрсынұлы- білікті психолог.

2. Ахмет Байтұрсынұлының психологияға әсер етуде қолданған құралдары.

3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарды аудару әдісі.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Жалпы психологиялық көзқарастар ұғымын қалай түсіндіруге болады. Мен
бұл ұғымды психологияға қатысты және адамның өзінің түсінігіне байланысты
қалыптасқан таным туралы көзқарас деп түсінемін. Тереңірек қарастырып
өтсем: Психология дегеніміз адамның жеке бірлік ретіндегі психи касын,
өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен
функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-
кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. 
Осыған байланысты мен былай
дегім келеді. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолынан ол кісінің қандай адам
болғандығы туралы және қоршаған ортаны қалай қабылдағыны, ол үшін өмірдің
бар байлығы неде болғандығын Т. Шононовтың Ахаң атамыздың 50 жылдық
мерейтойында сөйлеген мына сөзімен көрсетіп кеткім келеді: Бар ғұмырын өз
халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан
тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынов сондай адамдар
қатарындағы ұлағатты ғалым. Яғни көрнекті ғалымның психологиясы
көрсеткендей ол кісі адалдықты, шындықты, әділеттілікті, шынайылықты,
еңбекқорлықты сүйген жан.

Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші
халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты
оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті
көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық
саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын
сынады.[7]

Ақынның алғашқы өлеңдері Қырық мысал атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-
Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге
жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді
мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне,
психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — Маса (1911). Бұл кітапқа енген
өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық
сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық
бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді,
гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы
ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына
көңілі толмайды. Қазақ салты, Қазақ, қалпы, Досыма хат, Жиған-
терген, Тілек батам, Жауға түскен жан сөзі, Бақ т.б. өлеңдерінің
мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ
поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

Жалпы Ахмет атамыздың қазақтың ақыны, әдебиет зерттеушісі
ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
екендігін білеміз. Соның ішінде мен оны педагог ретінде, педагогика
еңбектерінің авторы ретінде және психолог ретінде тереңірек қарастырып
өткім келеді.

І. Ахмет Байтұрсынұлы- білікті психолог.

Ғалымның хаты өлмейді демекші артында өшпес мұра қалдырған ғалымның
шығармаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Ахаң атамыздың мысалдары,
өлеңдері және мақалалары бар. Соның ішінде психолог түсінігіне етене жақын
педагог ұғымы туралы мақалаларында көптеп сөз қозғалады. Педагог психолог
болуы керек, себебі ол балалармен жұмыс істеу барысында бүлдіршіндердің,
оқушыларының жанын сезіне білуі тиіс. Міне осы тақырыпқа арналған Ахмет
Байтұрсыновтың біршама мақалалары бар. Мысалы: Қазақша оқу жайынан,
Бастауыш мектеп, Мектеп керектері атты мақалалары. Солардың ішінен мына
үзіндіні келтіріп кеткім келеді: Бала оқытатындар, бала оқытуын
жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі,
балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың
табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге
баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенінше тәнімен қатар ақылы кіретін жолын
білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу
керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге керек. Бұндай мақалаларды
жазғандығынан ғалымның өзі де педагог-психолог болды және балалардың
психологиясын жақсы білді деген қорытындыға келемін. Сонымен қатар бұл
жерден ол кісінің психологияны білуге жоғары мән бергендігін аңғардым.
Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары
Орынборда шыққан Қазақ газетінде жарияланған мақалаларынан айқын
көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса
бастауыш білім алуын аңсады. Адамға тіл, құлақ қандай керек болса,
бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек-деп жазды. 
Сол мектепте оқуға қызықтыру үшін сабақты оқытуды жеңілдетуге, қызықты
етуге тырысқанын оның еңбектерінен көреміз. Және мұғалімдерге де соған
кеңес берген.
Сіздер айтуларыңыз мүмкін Ахмет Байтұрсынұлы бұл шығармаларды
психолгиялық тұрғыдан қызықты болады деп емес жай өзіне ұнаған соң, өзіне
қызықты болған соң аударған болар деп. Бірақ мен Ахмет атамыздың Крыловтың
осынай мысалдарын аудару мақсаты-балалардың оқуға ынталандыру деп
ойлаймын. Балаларды осылай қызықтыра аламын, айтқым келгенімді осылай
тезірек жеткізе аламын- деп ойлауы және бұл ойлауының дұрыс болып келуі,
балаларды жақсы көргендігінен, олардың психологиясын жақсы білгендігінен
емес пе?
ІІ. Ахмет Байтұрсынұлының психологияға әсер етуде қолданған құралдары
Әрбір ақын, жазушы тілінен бал тамған, қызыл тілдің иесі адамдарға,
көпшілікке, халыққа, сөздің құдіретті күшін пайдаланып, әсер ете
алған(санасын ояту, жүрегін тебіренту т.б. сезімдерге бөлеген). Олар
өлеңдерімен, шығармаларымен, үндеу сөздерімен халықты түрлі істерге
бастаған, түрлі сезім иірімдеріне әсер еткен. Менің ойымша олар бір жағынан
білдіртпей әсер етіп жатса, екінші жағынан бірден рухтандырар туындыларды
шығарады. Ол былай: мысалы: Ахмет Байтұрсыновтың мысалдары. Мысалдардың
жеңіл тілмен, түсінікті жазылғанына, кейіпкерлері ретінде жануарларды да
алғанына қарағанда көбінесе балаларға арналған. Олар көбінесе ертегі
іспеттес қуанышты аяқталмайды, өмірді шынайы тұрғыдан көрсетіп, ғибрат
сөздер айтады. Сонымен қатар жануарлар туралы болғандықтан қызығырақ және
жеңіл қабылданады. Ахаң атамыз күрделі болса да тез қабылдануы үшін
өлеңмен аударған. Бұның барлығы көбінесе балаларға арналғандығын көрсетіп
тұр. Бұдан менің айтқым келгені Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарды аударудағы
басты мақсаты балаларды тәрбиелеу, санасына адамгершілік туралы ұғымдарды
біртіндеп сіңдіре беру. Сонымен қатар бұл саладағы жемісті еңбектерінен
көрнекті ақынның халықтың менталитетін, халықтың психологиясын қаншалықты
жақсы білгендігін аңғара аламыз. Себебі Ахаң атамыз мысалдарды халқымыздың
өзіндік ерекшеліктері мен түсініктеріне бейімдеп аударған. Бұлардан
ғалымның балалар психологиясын ғана емес, жалпы халықтың өзіндік таным
түсінігін білу керектігін жақтайтындығын түсіндік.
Ендігі кезекте мен Ахаң атамыздың кейіпкерлерінің мінез-құлықтары,
образдары қандай болғандығын қарастырып өткім келеді. Өйткені бұл ғалымның
адамдар психологиясына қалай қарағанын, сол арқылы психологияға қатысты
тағы бір көзқарасын аңғартады.
Біріншіден: мысалдардың басты кейіпкерлері көбінесе жануарлар болған.
Жануарларды адамның мінезін ашып көрсету үшін пайдаланғандықтан бір
жануардың әр мысалдардағы мінезі әр түрлі болып келеді. Екіншіден: Мысалдар
қысқа болса да нұсқа, яғни іс-әрекеттерінен кейіпкерлердің образдары
ашылып, жалпылама мінез-құлықтарын көруге болады. Ол кісі сынағандықтан
көбінесе адамдарда жиі кездесетін жаман мінездердерді көрсеткен. Арамдық,
еріншектік, ақымақтық, жауыздық т.б. сияқты.
ІІІ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарды аудару әдісі.
Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарды аудару әдісін, аудару барысында
енгізген өзгерістері бар ма, жоқ па түсіну үшін мен Крыловтың мысалдарының
түпнұсқасын оқыдым. Ахмет Байтұрсынұлының аудару шеберлігін бағалай келе
мен мынадай тұжырымдар жасадым:
1) Аудармалар тілге жеңіл әрі түсінікті. Крыловтың мысалдары қазір
қолданыста жоқ сөздерге толы. Негізгі мағынасын түсінсең де,
мағынасын білмейтін сөздерге көп кездесеміз. Бәлкім Ахмет атамыз
әдейі қабылдауға жеңіл болсын деп, сөз саптауымызда жиі
пайдаланылатын сөздерді алған.
2) Крыловтың мысалдарының лексикасындағы сөздер күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Пәндер