Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп



Оқытудың Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ұйымдастырылған үш айлық оқу курсының бірінші « Бетпе-бет» кезеңінен өтіп, мектептегі іс-тәжірибемді жүйелі түрде жоспарлаудан бастадым.
Іс-тәжірибемнің бірінші күні (26.04.2013ж) өзім қызмет ететін №31 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесіне барып , мектебіміздің директоры Абсеметова Ұлбосын апайға жолықтым. Ол кісіге үш айлық курстан алып жатқан
біліміміз туралы айтып, өзімнің мектепке келудегі мақсатымды , жұмыс жоспарымды айтып өттім.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп.

Оқытудың Кембридж тәсілімен оқыту бойынша
ұйымдастырылған үш айлық оқу курсының бірінші Бетпе-бет кезеңінен
өтіп, мектептегі іс-тәжірибемді жүйелі түрде жоспарлаудан бастадым.
Іс-тәжірибемнің бірінші күні (26.04.2013ж) өзім қызмет ететін №31
М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесіне барып ,
мектебіміздің директоры Абсеметова Ұлбосын апайға жолықтым. Ол кісіге
үш айлық курстан алып жатқан
біліміміз туралы айтып, өзімнің мектепке келудегі мақсатымды , жұмыс
жоспарымды айтып өттім. Төрт апта бойы мектепте іс-тәжірибеден өтіп,
меңгерген білімімізді іс-тәжірибе барысында көрсететінімді, тәжірибелік
жұмысымды жүргізу үшін бір сыныпты алуым тиістігін де айтып
түсіндірдім. Мектеп директоры бізде интерактивті тақта жоқтығын, оның
орнына мультимедия кабинетінің барлық мұмкіншілігін пайдалануға болатының
айтып, іс-тәжірибеме сәттілік тіледі.
Әріптестеріммен семинар тренинг өткіздім. Олар тренинг жаттығуларын барлық
ынтасымен орындады
Әріптестерімнің үш айлық курсқа деген қызығушылығы күшті
болды. Ол кісілерге курстың мақсаты мен міндеті туралы түсіндіріп
өттім. Әріптестерім бағдарламаның теориялық негізі мен сабақ барысы
жайында үздіксіз сұраумен болды. Семинарда бағдарламаның мақсаты мен
таныстырып өттім. Семинарда жеті модуль туралы түсінік бердім.Алайда,
осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын
жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде АКТ-ны пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және
оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті
модуль түрінде берілгенін және олар оқыту барысында аралас түрде
ұсынылатыны жайында түсіндірдім. Семинарда мен үш айлық курстан
алған білімім мен алған әсерім туралы айтып өттім. Семинар соңында
әріптестеріміздің қойған сұрақтарына жауап бердім. Мектептегі бірнеше
мұғалімдер өз ойларын айтып өтті.Молдабекова Сырғагүл, Қолдасова
Хатира, Эрназарова Сайора апайлар алдағы уақытта өздерінің
біліктіліктерін арттыру үшін үш айлық курсқа баратынын айтты.
Мұғалімдер бірінші Бетпе-бет кезеңіндегі сабақ барысының суреттерін
көріп , үш айлық курсқа келуге қызығушылығын білдірді.Бірлестік
жетекшісі Спабекова Бибайша апай бұл модулдің оқушы үшін де, мұғалім
үшін тиімді екенін айтып өтті.Ал Нұрлан ағайымыз бұл әдісті
қолдамады.Себебі, біздің мектеп бұл тәсілге дайын емес.Ол үшін осы
тәсілге сай мектеп құрал-жабдықтандырылу керек деген ұсыныстар айтты.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қыдыр Сарбасов өз пікірін
білдіріп өтті.Ол өз сөзінде былай деді: Біздің әріптестеріміз үш
айлық курстан өту арқылы бізден екі жақтама алға озуда. Біріншіден,
жаңа тәсілді меңгеріп санат жағынан көтерілсе, ал екінші жағынан
жалақы мөлшері жағынан да бізден әлдеқайда алға ілгерілемек.
Мектеп ұжымы осылай қолдау көрсетіп, қызығушылық танытып жатқан соң,
менің де сабаққа деген қызығушылығым, шабытым оянды. Әріптестер
тарапынан ертең келген соң, модулдер туралы бізге де
түсіндіріп,жаңаша әдіс-тәсілдеріңді үйретерсің деп ұсыныстарын
білдіріп жатты.Мұғалімдер тарапынан тіпті мен бұл курсқа бармасам да,
осы модулді сабағымда қолданамын деген сөздерін де
айтты.Әріптестеріммен кеңесе отырып, олар сабағыма кірген сайын өз-
өзіме сыни көзқараспен қарауға тырыстым.
Осыдан кейін менің орнымда сабақ беріп жүрген Гүлжан
апайдан оқу жоспарының қай жерге келгенін сұрап, сабағыма
жоспар құрып алып, өзімнің 7 сыныбыма тәжірибе кезінде сабақ
өтетінімді айтып өттім. Сыныпқа барып өз оқушылармен кездестім.Оларға
сабақ өту барысын түсіндіріп, оқушылармен топтық ереже құрдық .
Сабақ барысында әрбір оқушы осы ережеге бағыну керектігін
түсіндіріп өттім.

Сабақты топқа бөлу әдісімен топтастырдым.Алғашқы сабағымда оқушылар
топтасу кезеңінде шулап, көп уақытымды алды. Олар өз достарының
қасына отырғысы келетінін айтты. Бірақ оқушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші терезе
Бағалау нәтижесін ескере отырып, оқытуды түрлендіру
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Лазер жайлы
МДҰ әдістемелік кабинет
Студенттің ролі
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Оқушының оқу мотивациясын мұғалімдердің зерттеуі
Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері
Пәндер