Экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына жататын экономикалық қажеттіліктер



Жоспар:

І. Экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына жататын экономикалық қажеттіліктер.

ІІ. Шексіз экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыратын шектеулі экономикалық ресурстар.

ІІІ. Бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен дұрысын таңдау.
Ресурстардың шектеулілігі салыстырмалы түрде сипатталып, ол барлық адамдардың сан түрлі қажеттіліктерін толықтай және бір мезгілде қанағаттандыру мүмкін еместігін айқындады. Ресурстар жеткіліксіздігінің негізгі салдары – оларды пайдалану кезінде пайда болатын бәсеке болып табылады. Бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында адамдардың арасында туындайтын бәсеке ғана емес, ол ең алдымен ресурстарды пайдалану әдістерінің балама мақсаттары арасындағы бәсеке. Сондықтан әрқашан қоғам алдында шектеулі ресурстарды таңдау бағыты мен бөлу тәсілдері сияқты мәселе тұрады. Осындай мәселелерді шешу тәсілдері экономика ғылымының пәнін құрайды.
Экономикалық қажеттілікті адамның пессимист немесе оптимист болуына байланысты екі көзқараста қарастыруға болады. Пессимистік көзқарас бойынша экономикалық қажеттілік деп көбінесе адмның өмір сүруін қамтамасыз етуге және тұлғаның, фирманың және тұтасымен қоғамның дамуына қажетті нәрсеге деген жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Оптимистер болса экономикалық қажеттіліктерді экономикалық қызмет істеуге итермелейтін ішкі ниет ретінде қарастырады.
Экономикалық қажеттіліктерді адамның белсенді қызметінің ішкі қоздырғышы ретінде қызмет атқарады. Қажеттіліктер екіге бөлінеді: біріншісі, адамның өмір сүруіне өте маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратындар (тамақ, киім және т. б.) жатса, екіншісіне қалған барлық қажеттіліктер (демалыс қажеттілігі, кино, театр, спорт және т. б.) жатады. Бірінші қажеттіліктердің біреуін алмастыру мүмкін емес, ал екіншісін алмастыруға болады. Экономикалық қажеттіліктерді бірінші және екінші деп бөлу тарихи әрі шартты түрде жүргізіледі, олардың арасындағы қатынас қоғамның дамуымен өзгереді. Экономикалық қажеттіліктер – экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына жатады.
Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден: біріншіден, экономикалық субъектінің белгілі экономикалық іс-әрекеттер
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А. Б. Молдахметова, М. Ө. Өтебаев «Микроэкономика» - 2007 жыл;

2. Н. Қ. Мамыров, М. С. Есенғалиева, М. Ә. Тілеужанова «Микроэкономика» - 2000 жыл;

3. К. С. Құдайбергенов «Микроэкономика» - 2008 жыл;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына
жататын экономикалық қажеттіліктер.
ІІ. Шексіз экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыратын шектеулі
экономикалық ресурстар.
ІІІ. Бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен дұрысын таңдау.

Ресурстардың шектеулілігі және таңдау мәселесі
Ресурстардың шектеулілігі салыстырмалы түрде сипатталып, ол барлық
адамдардың сан түрлі қажеттіліктерін толықтай және бір мезгілде
қанағаттандыру мүмкін еместігін айқындады. Ресурстар жеткіліксіздігінің
негізгі салдары – оларды пайдалану кезінде пайда болатын бәсеке болып
табылады. Бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында адамдардың
арасында туындайтын бәсеке ғана емес, ол ең алдымен ресурстарды пайдалану
әдістерінің балама мақсаттары арасындағы бәсеке. Сондықтан әрқашан қоғам
алдында шектеулі ресурстарды таңдау бағыты мен бөлу тәсілдері сияқты мәселе
тұрады. Осындай мәселелерді шешу тәсілдері экономика ғылымының пәнін
құрайды.
Экономикалық қажеттілікті адамның пессимист немесе оптимист болуына
байланысты екі көзқараста қарастыруға болады. Пессимистік көзқарас бойынша
экономикалық қажеттілік деп көбінесе адмның өмір сүруін қамтамасыз етуге
және тұлғаның, фирманың және тұтасымен қоғамның дамуына қажетті нәрсеге
деген жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Оптимистер болса экономикалық
қажеттіліктерді экономикалық қызмет істеуге итермелейтін ішкі ниет ретінде
қарастырады.
Экономикалық қажеттіліктерді адамның белсенді қызметінің ішкі
қоздырғышы ретінде қызмет атқарады. Қажеттіліктер екіге бөлінеді:
біріншісі, адамның өмір сүруіне өте маңызды қажеттіліктерді
қанағаттандыратындар (тамақ, киім және т. б.) жатса, екіншісіне қалған
барлық қажеттіліктер (демалыс қажеттілігі, кино, театр, спорт және т. б.)
жатады. Бірінші қажеттіліктердің біреуін алмастыру мүмкін емес, ал
екіншісін алмастыруға болады. Экономикалық қажеттіліктерді бірінші және
екінші деп бөлу тарихи әрі шартты түрде жүргізіледі, олардың арасындағы
қатынас қоғамның дамуымен өзгереді. Экономикалық қажеттіліктер –
экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына жатады.
Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден:
біріншіден, экономикалық субъектінің белгілі экономикалық іс-әрекеттер
жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс-әрекеттерді
орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда туындайды. Экономикалық іс-
әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі
ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау
тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және олардың ешқайсысы да бір-
біріне кедергі болмайды.
Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы – шын
мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен
біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық
субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың
ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне
сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды.
Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда,
ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз.
Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің
қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда
шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі
мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз
болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек
белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес,
сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын
толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге
бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі
игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен
салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі
категориясы деп аталады.
Экономикалық игіліктер көп рет пайдалануды қарастыратын ұзақ мерзімді
(автомобиль, бейнефильмдер, кітаптар, т. б.) және бір рет тұтыну
нәтижесінде сарқылатын қысқа мерзімді болып бөлінеді (нан, ет, сусын, т.
б).
Игіліктерді өзара алмастырылатын (субститут тауарлар) және өзара
толықтырылатын (комплементарлы тауарлар) деп ерекшелейді. Субститут
тауарларға тек қана тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстар ғана емес,
сонымен қатар транспорт қызметі (поезд-ұшақ-автомобиль), демалыс саласы да
(кино-театр-цирк) қатысты. Комплементарлы тауарларға үстел мен орындық,
көлік пен жанар майды мысал ретінде келтіруге болады. Экономикалық
игіліктер қазіргі және болашақтағы, тікелей (тұтынушылық) және жанама
(өндірістік) болып бөлінеді.
Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін
толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі.
Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік
тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.
Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің
шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде
ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде
қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.
Сан түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс
жүзінде мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен
қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез келген экономикалық іс-әрекет,
қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу
болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді
қанағаттандырудан бас тарту керек екенін көрсетеді. Сонымен қатар кез
келген экономикалық іс-әрекет шектеулі игілік қорының белгілі бір бөлігінің
шығынын көрсетеді, бұның нәтижесінде қарастырып отырған қажеттіліктен
басқаларын қанағаттандыру мүмкіншілігі азаяды. Белгілі қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін шығарылатын ресурстар шамасы басқа қажеттіліктерге
керек осы ресустар шамасымен байланысты болады. Бұдан түсінетініміз белгілі
бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін
жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыру
мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан
таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады.
Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген
қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы,
соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
Экономикалық ресурстар (өндіріс факторлары) – бұл экономикалық
игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері. Былайша
айтқанда басқа игіліктерді өндіруде пайдаланылатын игіліктер. Сондықтан да
оларды өндірістік факторлар деп атайды. Олардың ең маңыздысы жер, еңбек,
капитал, кәсіпкерлік қабілет және мәлімет болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Саяси экономия ғылымы
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Қазіргі кезде мектепте экономикалық білім беру
Экономикалық теория және экономикалық саясат
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
Пәндер