Кәсіпорын кадрлары. Еңбек өнімділігі және жалақы


Тақырып 4 Кәсіпорын кадрлары. Еңбек өнімділігі және жалақы
Кәсіпорын персоналы - кәсіпорынның мамандандырылған жұмысшыларының негізгі құрамы.
Кәсіпорынның еңбек персоналдары өндірістік персонал және өндірмейтін бөлімшелерде жұмыс істейтін персоналдар болып бөлінеді.
Өндірістік персоналдрдың негізгі категориясы - жұмысшылар. Олар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.
Негізгіге кәсіпорынның тауар өнімін өндіретін, технологиялық процеспен айналысатын, яғни еңбек заттарының формасын, өлшемін, күйін, құрылымын, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерін өзгертетін жұмысшылар жатады.
Көмекші жұмысшыларға өндірістік цехтарда жабдықтар мен жұмыс орындарына қызмет көрсететін және қосалқы цехтар мен шаруашылықтың жұмысшылары жатады.
Қызметкерлерді басшылар, мамандар және қызметшілер деп бөледі.
Басшыларға кәсіпорындарды басқару лауазымындағы адамдар: директор, бөлім басшылары, менеджер, бас мамандар (бас бухгалтер, бас механик т. б. ) жатады.
Мамандарға инженерлік-техникалық, экономикалық жұмыстармен айналысатындар жатады: инженерлер, нормалаушылар, экономистер, бухгалтерлер, заң кеңесшілері.
Қызметшілер - құжаттарды дайындайтын, толтыратын, есепке алатын, бақылайтындар жатады: іс жүргізушілер, кассирлер, табель толтырушылар, есепшілер т. б.
Кадрлар құрылымы персоналдардың жасымен, жынысымен, білім деңгейімен, жұмыс стажымен, біліктілігімен, норманы орындау дәрежесімен анықталады.
Бір жұмысшының тиімді жұмыс уақыт қоры мына түрде есептеледі:
ЖУҚ = (Кк - Км - Кд - Кнд - Дқд - Дб) tауыс - (К′м + Д′ д - Д′с) tқ
мұнда Кк - күнтізбелік күндер саны;
Км - мейрам күндер саны;
Кд - демалыс күндер саны;
Кнд, Кқд - негізгі және қосымша демалыс күндер саны;
Кб - басқалай күндер (ауырған және мемлекеттік міндет орындаған күндер)
tа - жұмыс ауысымының ұзақтығы;
К′ д - демалыс алдындағы күндер;
К′м - мейрам алдындағы күндер;
К′с - мейрам және демалыс күндеріне сәйкес келген демалыс күндері;
tқ - мейрам немесе демалыс алдындағы қысқартылған уақыт.
Қызметкерлердің құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді. Тізімдік құрамға барлық тұрақты және уақытша қызметкерлер, және іс сапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі.
Келу құрамы - тәулік ішіндегі нақты жұмысқа келген қызметкерлер саны.
Жұмысшылардың қажетті санын анықтау:
а) жұмыстың еңбексіңіргіштігі бойынша:
мұнда ΣQ i - бағдарлама бойынша шығарылған өнім, бір;
tнi - өнім бірлігін дайындауға кеткен нормалы еңбек сыйымдылығының мөлшері, сағ/бір. ;
Кно - жұмысшылардың өнімділік нормасын орындауды ескеретін коэффициент;
Кн - кәсіпорын шығыратын бұйымдар атауының саны.
б) өнімділік нормасы бойынша
мұнда Qө - кез келген өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі;
W - бір жұмысшының сәйкес бірліктегі өнімділік нормасы.
Жұмысшылар санының қозғалысын келесі коэффициенттер жүйесі арқылы анықтаймыз:
Жұмысшыларды қабылдау айналымы
Кқ = Nқ / Nж
мұнда Nқ - жаңадан қабылданған жұмысшы саны;
Nж - жұмысшылардың тізімдік құрамы.
Жұмысшы күшінің ауысымдылығы
Ка = Nб / Nж
мұнда Nб - кез келген себеп бойынша жұмыстан босатылған жұмысшы саны.
Жұмысшы күшінің ағымдық коэффициенті
Кағым = Nс / Nж
мунда Nс - өндірістік қажетке байланыссыз себептермен босатылған жұмысшы саны.
Еңбек өнімділігі өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт - еңбек сыйымдылығымен және уақыт бірлігіндегі өндірілген өнім көлемімен - өндіріммен өлшеніп, өндірістік қызметтің тиімділігін сипаттайды. Жалпы түрде мына қатынаспен анықталады:
Wеө=Q / Nж
мұндағы Q - шығарылған өнімніңнатуралдық, құндық және еңбек бірлігіндегі көлемі;
Nж - жұмысшылардың орташа тізбелік саны, адам.
Өндіріс көлемінің өлшем бірлігіне байланысты өнім өндіруді анықтаудың 3 әдісі бар: натуралдық әдіс, құн әдісі, еңбек әдісі.
Натуралдық әдісте өндірілген өнім көлемі табиғи шамамен өрнектеледі (тонна, метр, км, дана, т. б. ) . Натуралдық көрсеткіштер өндірілген өнімді сорты, түрі т. б. бойынша көрсетеді. Бұл әдістің артықшылығы еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін салыстырады.
Құн әдісінде еңбек өнімділігі ақша бірлігімен өрнектелген өндірілген өнімнің жұмыс уақытының шығынының қатынасымен анықталады. Құндық мәнде еңбек өнімділігін есептеу үшін шығарылған өнім көлемін бағалайтын әр түрлі көрсеткіштер қолданылады: жалпы өнім, жалпы айналым, өңдеудің нормативті құны, нормативті таза өнім, жалпы кіріс.
Еңбек әдісі ғылыми негізделген нормада еңбек өнімділігінің динамикасын тура сипаттайды. Жұмыс орындарында, бригада, өндірістік учаскелерде және цехтарда аяқталмаған өнімді шығару барысында еңбек өнімділігі норма-сағатпен анықталады.
Құндық көрсеткіштер ретінде келесі көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін:
- жалпы өнім көлемі, яғни өткізуге дайын өнім құны;
- тауар өнімінің құны;
- өткізілген өнім құны - тапсырыскермен ақы төленген өнім құны;
- таза өнім - өткізілген өнім құнынан өткендегі еңбек шығынын шегеру;
- шартты таза өнім - өткізілген өнімнің құнынан материалдық шығынды шегеру.
Еңбек өнімдіілігінің өсу пайызы келесі формуламен анықталады:
∆W=(100*∆N) / (N - ∆N)
мұнда ∆N - жұмысшылар санының үнемделуі;
N - бастапқы кезеңдегі жұмысшылардың жоспарланған өндіріс көлеміне есептелген саны.
Еңбек өнімділігі өсу қарқыны есебінен өнім көлемінің өсу үлесі мына түрде есептеледі:
∆Q w = (RN-100) 100/ RQ - 100
мұнда RN - өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер санының өсуі, %;
RQ - өнім көлемінің өсуі, %.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz