Баспахананың жалпы сипаттамасы



Баспахана, типография (гр. тyпос — қолтаңба және гр. грапһ — жазамын) — баспа өнімдерін (газет, кітап, журнал, т.б.) шығаратын өнеркәсіптік полиграфиялық кәсіпорын. Онда офсеттік баспа басым болса, әдетте, фабрика деп аталады. Баспаның бірнеше түрін қолданатын ірі Баспахана полиграфиялық комбинат болып саналады. Шығаратын өнімінің сипатына қарай Баспахана газеттік, газет-журналдық, кітаптық, бланктік болып, ал орналасу мекені мен жұмыс көлеміне қарай орталық, облыстық, қалалық, аудандық болып бөлінеді.
Баспахана құрамына, негізінен, компьютерлік (бояу реттейтін, сұлба, суреттер салатын), терімдік, баспа қалыбын әзірлейтін цинкографиялық, парақтық немесе ротациялы машиналармен басып шығаратын, бетті бүктеп, түптейтін өндірістік цехтар енеді.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
I. Баспахананың жалпы сипаттамасы
Баспахана, типография (гр. тyпос -- қолтаңба және гр. грапһ -- жазамын) -- баспа өнімдерін (газет, кітап, журнал, т.б.) шығаратын өнеркәсіптік полиграфиялық кәсіпорын. Онда офсеттік баспа басым болса, әдетте, фабрика деп аталады. Баспаның бірнеше түрін қолданатын ірі Баспахана полиграфиялық комбинат болып саналады. Шығаратын өнімінің сипатына қарай Баспахана газеттік, газет-журналдық, кітаптық, бланктік болып, ал орналасу мекені мен жұмыс көлеміне қарай орталық, облыстық, қалалық, аудандық болып бөлінеді.
Баспахана құрамына, негізінен, компьютерлік (бояу реттейтін, сұлба, суреттер салатын), терімдік, баспа қалыбын әзірлейтін цинкографиялық, парақтық немесе ротациялы машиналармен басып шығаратын, бетті бүктеп, түптейтін өндірістік цехтар енеді. Баспаханада негізгі цехтармен қатар, жөндеу-механикалық цех, қағаз және түптеу материалдарын әзірлейтін цех, лаборатория, сондай-ақ, қағаз, материал, шала өнім мен даяр өнімдер сақталатын қоймалар болады.
Қазіргі ірі және орташа Баспаханалар баспа қалыбын әзірлеу, басып шығару және өнімдерді өңдеу үшін сан алуан жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өте дәл технол. жабдықтардың көмегімен күрделі процестер жүргізудің нәтижесінде сапалы баспа қалыптары әзірленеді. Газет-журнал, кітап, т.б. жазық (парақтық) не ротациялы машинада, ал мұқаба, әр түрлі суреттер шағын форматты парақтық офсеттік машинада басылады. Өңдеу цехтарында баспа парақтарын бүктеуге, тігуге, кесуге, блоктауға, т.б. арналған машиналар пайдаланылады. Кітап басатын ірі Баспаханалар тәулігіне ондаған, жүздеген мың дана кітап шығарады.
Қазақстанда алғашқы Баспаханалар 20 ғасырдың басында ұйымдастырыла бастады. Солардың бірі Бөкей ордасында құрылған (1910) Орда баспаханасы. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанның ірі қалаларында, барлық облыс орталықтары мен аудандарында Баспаханалар ашылды. 20 ғасырдың 80-жылдары елімізде 57 республикалық, 16 облыстық, 14 қалалық, 197 аудандық Баспаханалар болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттігін жариялап (1991), ел экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне орай әр түрлі меншік нысанындағы ірілі-ұсақты Баспаханалар саны күрт көбейді. 20 ғасырдын соңында олардың ең ірілері негізінен газет-журнал басып шығаратын респ. "Дәуір" баспаханасы, кітап-журнал басылымдарын басып шығаратын респ. "Кітап" өндірістік бірлестігі және негізінен мектеп оқулықтарын басып шығаратын "Атамұра" корпорациясы болды. Сондай-ақ, республикаға белгілі "Киік" жарнама агенттігі, "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамы, қазақ-американдық бірлескен "Франклин" Баспаханасы әр түрлі баспа өнімдерін шығарады.

* Аймақтық БАҚ
* "Бастау" газеті

Баспахана тарихынан
Баспахана тарихы, оның өткен жылдары сонау тереңнен сыр шертеді. Тарихи құжаттарға сүйенсек, баспахананың іргетасы 1932 жылдың басында қаланған. Содан кейін аудандық партия мен атқару комитеті органы болған апталық газет шыға бастады. Сол кездерде баспахана мен редакция бір мекеме болып, Екпінді еңбек газетінің редакциясы деп аталған.

Алғашқыда бас редактор және баспахана меңгерушісі болғандардың бірі - Жүніс Тыналин. Кейінде, елуінші жылдары, баспахана бөлініп, оның алғашқы басшылары Ли Чен Ен (1949 ж.), Мирошниченко (1950-1953 ж.ж.), К.Қалиев (1955ж.) болған. 1955 жылы басшылыққа Рыспай Бейсембаев келіп, 1985 жылға дейін еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Соғыс және еңбек ардагері Р.Бейсембаевтың барлық мағыналы ғұмыры осы салаға арналған. Кейінде бұл мекемені Серік Бейсеков (1985-1987ж.ж.), Елена Бейсекова (1987-1990 ж.ж.), Гарифулла Шаяхметов (1990-1992 ж.ж.), Любовь Желдібаева (1992-1995 ж.ж.), Сарқыт Дәркенбаева (1995-2008ж.ж.), Бисара Тастанова (2008-2012ж.ж.) басқарса, үстіміздегі жылдың басынан баспахана тізгіні С.Дәркенбаеваның қолына тиді. Жетпісінші жылдардың басында редакция қалалық кеңестің оң жағына, ал теру мен басу цехынан тұратын баспахана үйі болса қарсы бетке орналасқан еді (қазір оның орны жып-жылмағай тегіс). Ал сексенінші жылдары орталықта қос қабатты, әдемі баспахана бой көтеріп, қолданысқа берілді.
Қазіргідей емес, аптасына үш рет шығатын, әрқайсысы төрт беттік қазақ-орыс тіліндегі газеттің барлық материалы бүгінгідей компьютерде емес, түгелдей баспахананың қорғасын құймалы линотип машинасында терілетін. Содан кейін ғана басу цехында басылатын.
1990 жылдарда нарықтың нағыз қатаң сыңына бетпе-бет келіп, қаржы-қаражаттың тапшылығын сезінген, дағдарыстың әбден ширыққан, күйзелістің күйік дәмі шыққан кезеңде Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген қағиданы ұстанған ұжымдағы он адам өздерінің білімдері мен ұзақ жылғы жинақтаған тәжірибелерін сарқа пайдаланып, баспахананың отын өшіріп, жарығын сөндірмеген еді. Сол тұстағы білікті баспагерлердің қатарында Мақыш Бибаланова, Орынбала Дарымбаева, Любовь Желдібаева, Галина Таранова, Владимир Пушкарев, Шолпан Оразғалиевалар болды.
Мекемелер жабылып, тапсырыстар болмай қалған қиын кезде аудандық баспахананың құрылтайшылығымен 1999 жылдың маусымында Бастау газеті жарық көрді. Оның атауына танымал ақын, журналист Ордаш Кендірбаевтың Бастау атты өлеңдер жинағы таңдап алынды. Содан бері аталмыш басылым ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, көркем мазмұнымен оқырман жүрегіне жол тауып келеді.
Үлкен таралыммен шығатын газетпен қатар баспаханада түрлі бланкілер, шақыру билеттері, альбомдар, буклеттер, кітапшалар шығарылып, кітап пен құжаттар түптеу полиграфиялық жұмыстары атқарылады. Күні кеше ғана шағын техникалық баспагерлік құрал-жабдықтарымен жұмыс істеген мекеме бүгінгі күні материалдық-техникалық базасын жаңартып, кәсіби полиграфиялық деңгейге дейін көтеріліп, аудан көлемінде мемлекеттік бюджетке таза табыс келтіріп отырған кәсіпорынның бірі. Оның дәлілі - көптеген Республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы болды. Солардың ішінде Алтын сапа конкурс-көрмесінде сапа көрсеткіштері бойынша жүлделі орын және Үздік кәсіпкер т.б.атақтарды иеленді. Нарықтық кездегі небір қиындықтарды жеңе білген баспахана ұжымы жыл сайынғы көрсеткіштерін табыспен аяқтап жүр. Сонымен қатар, басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштері де жоғары.

Сейсенбі, 10 Қаңтар, 2012 Ұлу жылының алғашқы күн - дері облыс үшін үлкен жа - ңа - лықтармен басталды. Со - лар - - дың бірегейі бұған дейін Егемен Қазақстан газеті Астанада басылып, екі күннен кейін ғана қы - зылжарлық оқырмандар - мен қауышса, енді 5 қаң - тардан бастап, жергілікті жер - де басылып, сол күні-ақ жаңалық - тармен құлақ - тана - тын болды.
Қазпошта АҚ об - лыс - тық фи - лиалының дерек - те - ріне сүй - ен - сек, Қызылжар өңірінде елі - міздің бас ба - сылымының таралуы жыл өткен сайын артып келеді. 2003 жылы бар-жоғы 2279 данамен таралса, биыл 7000 болды. Бұл - 220 мың қа - за - ғы бар өңір үшін өте жақсы көр - сеткіш. Және де жер - гі - лікті тұрғындар санына шақ - қанда рес - публикада үштікке ілінеді деген сөз. Бұл орайда, облыс әкімі Серік Бі - ләловтың әр - түр - лі деңгейдегі ұйымдастыру - шы - - лық жұмыс - та - рының ық - па - лын айта кеткен жөн. Серік Сұл - тан - ға - зы - ұлының облысқа басшы - лық еткен тұсында газеттің тиражы 2 мыңға артты. Петропавл қаласында да, аудандар бойынша да таралымның әл - де - қайда көбейгені байқа - лады.
Сонымен, Полиграфия АҚ-та Егемен Қа - зақстан газеті - нің №3 саны басылып шығып, сол күні-ақ байланыс бөлім - ше - леріне, аудан - дарға жө - нелтілді. Тұсау - ке - сер рә - сім - де акцио - нер - лік қо - ғам президентінің мін - детін ат - қарушы Светлана Широкова 110 жылдық бай тарихы бар кәсіпорында 100-ден аса адамның жұмыс істей - тінін, аптасына 19 газеттің 70 мың тиражбен басылатынын, енді бұл қатарға еліміздегі маңдайалды ба - сылымның қосылғанын мәр - - тебе санайтынын жет - кізді. Цех меңгерушісі Александр Оче - наш - тың айтуынша, шетелдік құ - рал-жабдық - тар орнатылған цех - - та газетті еш кіді - ріссіз ба - су - дың барлық мүмкін - дік - тері жа - сал - ған. Жұмыс екі ауысымда ұйымдас - тырылған. Міне, қондырғы іске қо - сылуы мұң екен, бас-аяғы 20 минуттың ішінде таралымы 7 мыңнан асатын басылым лезде-ақ ал - ғашқы оқырман - дар қо - лына тиді. Солардың бірі талай жыл Еге - меннің Сол - түс - тік Қазақ - стан, Павло - дар облыстарында мен - шікті тілші қызметін атқар - ған Ожан Қали ақсақал бұл үдерісті бүгінгідей ақпараттар тасқынында жаңалықтар көшінен қалдырмаудың ұтымды тәсі - лі ретінде қарас - ты - ратынын айтса, байырғы оқыр - мандарымыз қа - та - р - ынан көрініп келе жатқан Асыл мұра ор - талығының қызметкерлері Қа - й - ролла Мұқанов пен Таңат Сүгірбаев, ел газетінің қуанышын бөлісуге сонау Жамбыл ауданынан арнай келген Ауыл арайы газетінің редакторы Әсет Мұстафин жағымды жаңалыққа ортақтасты.
Жаңа жылдағы жаңалықпен аудандағы оқ - ыр - мандарымыз да құлақтанып, ортақ қуанышқа ортақтастығын білдірісіп жатты. P.S. Сондай-ақ жыл басынан бері Егемен Қазақстан газеті республикамыздың Қос - та - най, Атырау қалаларында да басылып жат - қандығын оқырмандарға қуанышпен хабарлап айтқымыз келеді.

***
Егемен Қазақстан басылымының бүгінгі санында Халық сайлауды жақсы қабылдады деген мақала берілген. Кеше Мемлекет басшысы, Нұр Отан ХДП-ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Б.Байбек партияның Қазақстан - 2050 Стратегиясын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысы, Нұр Отан ХДП XV съезіне дайындық барысы және саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Басу формасын дайындау
Сандық басып шығару ерекшеліктері
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Баспа өнімдерін шығарудағы макеттің негізгі принциптері
Кітап басу аясындағы мемлекеттік саясат
Баспа тарихы
Тәржіман газеті
3D studio MAX көмегімен объектілерді модельдеу
Пәндер