Ұлттық экология мәселелерін шешу жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қазақстандағы Ұлттық экологиялық мәселелер ... ... ... ... ... ...4
2 Арал апаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3 Дүниежүзілік су қорларының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1Қазақстандағы Ұлттық экологиялық мәселелер:
 Семей, Арал;
 Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер
 Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
 Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады.
1. РевазовМ.А. и др. Экономика природопользования.-М.:Недра, 1992.
2. Сарсенов А. Экологическая безопасность и ресурсосбережение при переработке.-Алматы,2000.
3. Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.-М.: Аспектрпресс, 1995.-189 с.
4. Голуб А.А., Струкова Е.Б. экономика природопользования.-М.,1993.
5. Львовская К.В. Окружающая среда, рынок и регион.-М.,1993.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ұлттық экология мәселелерін шешу жолдары

Орындаған: Қарымбай А.Б.
Қабылдаған: Маматаева А.Т.

Алматы 2014 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстандағы Ұлттық экологиялық мәселелер ... ... ... ... ... ...4
2 Арал апаты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3 Дүниежүзілік су қорларының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ...9

Кіріспе
Қазақстандағы Ұлттық экологиялық мәселелер: Семей, Арал, Каспий теңізі қайранының ресурстарын қарқанды игерумен байланысты мәселелер және су ресурстарының сарқылуы, ластануы.Әскери ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері туралы. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

1 Қазақстандағы Ұлттық экологиялық мәселелер:
Семей, Арал;
Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер
Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияныңадамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

2 Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа,өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы - Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған тұзды бұлт өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, аралшағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы.Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2 -2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардыңең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық биоалуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.

3 Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам-қоршаған орта жүйесіндегі негативті факторлар
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудағы қаржылық реттеудің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Табиғатты қорғау түсінігі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Экологиялық білім беру сатысы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Пәндер