Өндірістік экология туралы жалпы түсінік


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Өндірістік экология туралы жалпы түсінік . . . 4 II Өндірістік экологияның болашағы . . . 5

III Өндірістік экологиялық бақылау . . . 8

Қорытынды . . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер . . . ……. . 11

Кіріспе

Экология ( лат. оіkos - үй, баспана; logos - ілім) - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866) . Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К. Мәбиус, 1877; С. Форбс, 1887) . 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 - 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф. Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А. Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч. Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В. И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының - “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А. Тенсли (1935) және В. Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А. Лотка, В. Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г. Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория

Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады. Адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстармен танысу.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру антропогенді және табиғи жағдайларды, адамдардың биосферадағы ролі және орны жайлы экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды орын алады.

I Өндірістік экология туралы жалпы түсінік Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХ1 ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді. Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырамдап барып қана жүзеге асырады. Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту3 факторларға байланысты: 1. Шикізат көзі. 2. Адам күші. 3. Су ресурстары. Осы 3 фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына-Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер-табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдыңғы қатарына жатады. Қауіпті нүктнлердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орында. Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн т улы қоспа жатыр. II Өндірістік экологияның болашағы

Экология биология ғылымдарының бір саласы ретінде дамып келеді. «Экология» терминін ғылымға 1866 жылы алғаш енгізген неміс биологы Э. Геккель. Экология гректің «ойкос» -үй, мекен, «логос» -ғылым, ілім деген сөздерінен шыққан, яғни тіршілік мекені туралы ғылым.

Экология тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын және организмдердің өз ара бір-бірімен байланысын зерттейді.

Экология биология ғылымының бір саласы ретінде, химия, физика геология, география, топырақтану, математика сияқты ғылымдармен тығыз байланыста дамыды.

Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы, қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып, адамзат, қоғам, табиғи ортадағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналды.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоцинтез, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.

Ал антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.

Экология организмдердің ортасындағы болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Экология ғылымдарының зерттеу нысаны -биологиялық және географиялық микро және макро -экожүйелермен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы) .

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:

1. Организмдердің бір-бірімен қарым қатынасымен қоршаған табиғи ортасы

2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер

3. Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми

теориялық негіздері

4. Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу

5. Биосфера шегіндегі географилық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру

6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.

Экология -биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала басталғанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады.

Экология ғылымдарының қалыптасуын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең. Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: Ж. Б. Ламарк (1744-1825), Л. И. Лепехин (1770-1802), Р. Ф. Рульс (1814-1858), И. А. Северцов (1827-1885), Ч. Дарвин (1807-1882), В. В. Докучаев (1846-1903) т. б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж. Б. Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т. б. еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді.

2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.

Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И. А. Северцов, Н. А. Наумов т. б.

В. И. Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т. б. ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.

3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.

Соңғы жылдары экология ғылымдарының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика, адам экологиясы және халықтық экология, этноэкология бағыттары дами түсуде.

Жалпы экология мынадай тармақтардан тұрады:

  1. Аут-экология -қандай да бір түрге жататын дара организмдердің

немесе организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасын зерттейді.

  1. Популяциялық экология (демоэкология) -экологияда популяция

дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар түрі.

Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән.

3. Синэкология (бірлестіктер экологиясы) -әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименталдық зерттеу әдістері бар.

Қазіргі кезде экологиялық зерттеулерде «мониторинг» термині жиі қолданылуда. Мониторингінің мақсаты -бақылау, баға беру және болжам жасау.

III Өндірістік экологиялық бақылау

- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі бойынша (8-Тарау) І-ІІІ санаттағы табиғат пайдаланушылар үшін Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын (ӨЭБ) әзірлеу қажет. Өндірістік экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы Экологиялық кодекспен және басқа заңнамалық-нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиісті ӨЭБ Бағдарламасының негізінде жүргізеді. ӨЭБ бағдарламасының бар болуы Эмиссияларға рұқсат алу үшін міндетті шарт болып табылады.

ӨЭБ Бағдарламасының шеңберінде өндірістік экологиялық бақылау үдерісінде қадағаланатын параметрлердің міндетті тізбесі, өлшемдердің мерзімділігі, ұзақтығы және жиілігі, пайдаланылатын аспаптық немесе есеп жүргізу әдістері белгіленеді.

1996 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде ҚҚЭА мамандары ҚР аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялар үшін 50-ден астам түрлі өндірістік мониторингілік және бақылау бағдарламаларын дайындады. Солардың ішінде: Аджип КҚО, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В., Texaco North Buzachi, Inc, «ҚАЗАҚСТАНКАСПИЙШЕЛЬФ» АҚ, «Қаражанбас» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» ӨФ, «ӨзенМұнайГаз» ӨФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «SAT OPERATING AKTAU» ЖШС, «Бозашы Мұнай» ЖШС және басқалары бар.

Дайындалған ӨЭБ бағдарламаларының жоғары сапасы тапсырыскерлер тарапынан атап айтылды.

- Өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру

Өндірістік қызметтің нысандары қоршаған ортаның құрамдастарына белгілі бір ықпал ететін көздер болып табылады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (09. 01. 07) бойынша, табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, өндірістік мониторинг (ӨМ) оның элементі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Жасыл конвейер туралы түсінік және оны ұйымдастыру мен малазықтар шаруашылығында пайдалану
Әлеуметтік экологияның мәні
Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау
Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері және қазіргі экологиялық білім беру маңыздылығы
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы
Экологиялық мәселелер жайлы
Экологиялық проблемалардың жаһандануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz