Экологиялық информатика міндеті және маңызы



Қазіргі кездегі негізгі міндет - ақпараттық және экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Қоғамның қазіргі экологиялық жағдайын анықтау оның компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік береді. Модель «экологиялық дағдарысты жеңіп, болашақ ұрпақтың қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бола ма?» деген сұрақтың жауабын табуға септігін тигізеді. Яки экологиялық информатикадағы компьютерлік моделдеудің маңызды міндеті де міне, осында.
Осыған байланысты информатиканы оқытудың мақсаты олардың ақпараттық мәдиенетін қалыптастыру, ақпаратты технологияларды оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, ақпараттық қоғамда өмір сүру мен еңбек етуге дайындау болып табылады

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Экологиялық информатика міндеті және маңызы ... ... ... ... ... ... ..4
2. Ақпараттық мәдениет мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытүдың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ақпараттандырудың өсіп - өркендеуінің нәтижесінде біз оны басқа ғылым салаларымен де біртұтас байланыстыра алатын болдық. Атап айтқанда экология және информатика, физика, математика т. б.
Экологиялық информатика - тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатнастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым мен қатнастар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау, беру, өңдеу және түрлендірудің заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін информатиканың түйісуіндегі ғылым саласы.
Экологиялық информатикадағы түйінді мәселелердің бірі қоғам дамуының экологиялық болашағының компьютерлік моделін жасау. Өркениетті экологиялық даму болашағын моделдеусіз қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің тиімді жолын таңдау мүмкін емес. Қазіргі кезде ғалымдар арасында өркениет дамуының үш түрлі сценарийі туралы сөз қозғалуда. Біріншісі - жақын онжылдықтарда Жердің экологиялық апатқа ұшырауы. Екіншісі - биосфера күйреген жағдайдың өзінде техникалық құралдардың көмегімен адамзаттың бір бөлігі тірі қалуы мүмкін. Үшіншісі - утопиялық сценарий, бүткіл адамзат саяси, әскери қарама - қайшылықтарды ұмытып, экологиялық кризистен шығудың жолдарын табады. Дамуға сәйкес келетін компьютерлік моделді жасап, сандық параметрлерді өзгерту арқылы даму болашағын анықтауға болады. Алайда ол болашақтың ісі.

1.Экологиялық информатика міндеті және маңызы

Қазіргі кездегі негізгі міндет - ақпараттық және экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Қоғамның қазіргі экологиялық жағдайын анықтау оның компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік береді. Модель экологиялық дағдарысты жеңіп, болашақ ұрпақтың қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бола ма? деген сұрақтың жауабын табуға септігін тигізеді. Яки экологиялық информатикадағы компьютерлік моделдеудің маңызды міндеті де міне, осында.
Осыған байланысты информатиканы оқытудың мақсаты олардың ақпараттық мәдиенетін қалыптастыру, ақпаратты технологияларды оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, ақпараттық қоғамда өмір сүру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.
Оқушының информатика мен есептеуіш техника әлеміне енуінің үш деңгейін атауға болады: ЭЕМ - мен бастапқы танысу, компьютерлік сауаттылық және ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет - ең алдымен ақпаратты өңдеу процестерінің мәнін түсіну, сауатты адам еркін жазып және оны оқи алатындығы сияқты әрқандай есептерді дербес компьютерде жеңіл әрі жылдам шеше алатын деңгейде түсіну. Ақпаратты өңдеу процесінің мәнін түсіну үшін әрқандай ақпаратты дұрыс қабылдау біліктілігі, ақпаратты формалдаудың әрқандай түрлерін пайдалану, түрлі обьектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін математикалық және ақпаратты моделдеуді кеңінен пайдалану, тиімді алгаритмдерді жасау, оларды дербес компьютерде орындау, алынған нәтижелерді талдау, құрастырылған моделдің дұрыстығын тексеру үшін есептеу тәжірибелерін жүргізу қажет.

2. Ақпараттық мәдениет мазмұны

Ақпараттық мәдениет мазмұнының маңызды бір бөлігі электронды техника мен телекоммуникация жүйелеріне негізделген автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану біліктілігі. Олардың дамуы мен жетілдіруі өндірістің,ғылыми зерттеулердің, білім берудің сипатына қатты әсер етеді. Экологиялық информатикадағы мұндай ақпараттық жүйенің ең маңыздысы - геогрефиялық экологиялық ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық мәдениеттің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі алгаритмдеу негіздерін меңгеру болып табылады. Атап айтқанда алгаритмді құрастыру принцптері, негізгі алгаритмдік құрылымдар. Болашақ кәсіби қызметте қажет болатын бағдарламалау деңгейі де осы қатардағы мәселе.
Жалпы болашақ эколог моделінің параметірі жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдалануға қажетті деңгейде анықталған жағдайда ақпараттық мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігіне айналады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагокикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану сапалы білім берудің бірден бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Осыған байланысты, оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология,жаңа материалды жаңа түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге осы матералды дайындауды және қолдануды жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамассыз етіп оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы- мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологиярды пайдалануға дағдыланырады. Осыларға қоса мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің интернет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Экологиялық информатика
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Пәндер