Гаага декларациясы


Гаага декларациясы
(Гаага, 10-14 сәуір 1989 жыл)
1989 жылдың 10-14 сәуірінде Гаага қаласында (Нидерланды) өткен Туризм жөніндегі парламентаралық конференция Нидерландтардың парламентаралық тобының шақыруымен Парламентаралық Одақпен (ПАО) және Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ДТҰ) бірлесе отырып,
- жеке, сондай-ақ ұжымдық туристік саяхат, сапарлар және келулерді ұйымдастыру барлық елдердің мүдделеріне жауап береді, халықаралық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен сенімділікті қалыптастыру, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті орнықтыру арқылы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамытуға үлес қоса отырып,
- осы қызметті жүзеге асыру кезінде туризм саласын дамытудағы дамушы елдердің ерекше мәселелерін ескере отырып,
- 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқығының жалпы декларациясын, соның ішінде оның 24 бабын еске сала отырып, яғни: “Әрбір адамның соның ішінде шектеулі жұмыс уақытына және кезеңдік арқылы демалысты қоса алғанда демалуына және бос уақытқа құқығы бар”, сонымен бірге БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған Халықаралық әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактінің 12 бабындағы “Әрбір адам өз елін қоса алғанда, кез келген елден кетуге еркі бар” дегенді ескере отырып,
- Халықаралық туризм және саяхат жөніндегі БҰҰ конференциясы (Рим, 1963 жылғы қыркүйек) қабылдаған қарарлар мен ұсынымдарды және соның ішінде әлемнің әртүрлі елдерінде туризмді дамытуға жәрдем көрсету және халықаралық туризмге қатысты үкіметтік рәсімдерді жеңілдетуді ескере отырып,
- туризмнің ізгілік мәнін атап көрсеткен, барлық халықтардың жаңа сапалық қасиеті мен бейбітшілікті және халықаралық түсіністікті нығайтудағы туризмнің рөлін таныған және оны дамытудағы, әсіресе туризмнің мәні туралы әлем халықтарының хабардар болуын және адамзаттың құндылығы ретінде туристік ресурстарды сақтау және байыту, халықаралық экономикалық жаңа тәртіпке жауап беретін мемлекеттердің міндетін айқындап берген Әлемдік туризм жөніндегі Манила декларациясындағы және Акапуьлко құжатындағы, Турист кодексі мен Туризм хартиясында жазылған қағидаттарға сүйене отырып,
- “экономикалық дамуға, халықаралық өзара түсіністікке, бейбітшілікке, өркендеуге, жалпы сыйластыққа және адам құқығын сақтауға және барлық адамдарды нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне айырмастан негізгі бостандықтарға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдем көрсету мақсатында”(ДТҰ Жарғысының 3 (1) -бабы) Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған туризмді дамытудағы Дүниежузілік туристік ұйымның (ДТҰ) “орталық және шешуші рөлін”ескере отырып,
- туризмді жан-жақты дамытуға көптеген үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитеті (ЮНЕСКО), халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ), Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ХЫДҰ) үлес қосады және осы ұйымдардың ДТҰ-мен тығыз байланыстағы ынтымақтастығының мәнін атап көрсете отырып,
- Адам құқығының жалпы декларациясында, Халықаралық әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактіде және басқа да халықаралық және өңірлік заңдық құжаттарда көрсетілген еңбек ету құқығына деген адамның табиғи қажеттілігін, негізгі құқығын, демалысқа, бос уақытқа, және кезеңдік ақылы демалысқа құқығын, сондай-ақ осы уақытты білім алу және саяхат жасау мақсатындағы, ішкі және халықаралық туризмнен алынатын игіліктерді алу мақсатындағы туризмнің рөлін салтанатты түрде растай отырып,
- 1925 жылы Гаагада өткен туристерді тасымалдаумен айналысатын ресми қауымдастықтардың Халықаралық бірінші конгресінде Халықаралық ресми туристік ұйымдар одағының негізі қаланды, ол 1975 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым болып қайта құрылғандығын еске сала отырып,
- Туризм жөніндегі Гаага декларациясын халықаралық ынтымақтастықтың, халықтар арасындағы жақындасудың құралы және жеке ұжымдық дамудың факторы деп жариялайды,
- парламенттерді, үкіметтерді, туристік қызметке жауап беретін мемлекеттік және жеке ұйымдарды, қауымдастықтар мен мекемелерді, туризм саласындағы кәсіпқойларды, сондай-ақ туристердің өзін оның қағидаттарын, бұдан әрі қалай жазылса, солай ескеруге және өз қызметтерінде тұрақты түрде негізге алуға шақырады.
1 қағида
1. Бүгінгі таңда туризм жүздеген миллион адамдардың күнделікті өміріне енген құбылысқа айналды:
а) ол адамдардың өздері тұратын орындарынан және жұмысынан барлық еркін қозғалысты, сондай-ақ сол кезде туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қызмет саласын қамтиды;
б) ол жекелеген тұлғалардың бос уақытын пайдаланудың маңызды түріне айналған адамдар мен қазіргі қоғамға қажетті қызмет түрі және ұлттардың өмірінде туындаған бірігу нәтижесіндегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстар арасындағы құрал болып табылады;
в) туризм әрбір адамның қамқорлығында болуы керек. Ол қазіргі қоғамда шешуші рөл атқарады, сондықтан парламенттер мен үкіметтер қоғамның басқа да негізгі қажеттіліктерімен бірге оны үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету үшін туризмге барынша назар аударулары қажет.
2. Барлық үкіметтер ішкі және халықаралық туризмді дамытудың маңызды шарты болып саналатын ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға және нығайтуға ұмтылулары керек.
2 қағида
1. Егер ұлттық міндеттерді жедел шешу үшін және ұлттық экономикалық елдің туризмнен түсетін табысына көп шығын жұмсамай, өзін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті шаралар қабылдаса, туризм барлық елдер үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсуге жәрдем көрсетудің тиімді құралы болады.
2. Сол себепті мынадай шаралар, төмендегілерді ұамтамасыз ету үшін екіжақты және көпжақты техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары да арқылы қабылдануы қажет:
а) сенімді инфрақұрылым жасау және негізгі объектілердің болуы үшін;
б) әртүрлі деңгейдегі қызметшілері бар туристік индустрияның қажеттілігін қанағаттандыратын оқу орындары болуы үшін;
в) басқа басым секторлармен, ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіппен, денсаулық сақтаумен, әлеуметтік қамтумен, біліммен және т. б. бірге туризм елдің дамуының кешенді жоспарының құрамдас бөлігі болуы үшін;
г) ішкі туризмді дамыту халықаралық туризмді дамыту сияқты ынталандырылатын болса, ішкі туризмнің базасының орнықты болуы елде халықаралық туризмді дамыту кезінде үлкен артықшылыққа ие болар еді;
д) тіпті ішкі туризмді жоспарлаған кезде қоғамның теңгерімді және кешенді өсуі үшін дамудың жалпы жоспарын ескере отырып, аумақтық негізде әзірленуі керек;
е) туристерді қабылдау мақсатындағы орындардың, қоршаған ортаның табиғи, физикалық және мәдени жалпы қабілеті (өткізілім қабілеті) үнемі ескерілуі қажет.
3 қағида
1. Туризмнің дамуының негізгі шарты адамның бұзылмаған табиғи және мәдени қоршаған ортасы болып табылады. Оның бер жағында туризмді ұтымды басқару арқылы қоршаған ортаны және мәдени мұраны қорғауға және дамытуға, сондай-ақ адамның өмір сүру деңгейін арттыруға үлес қосуға болады.
2. Осындай туризм мен қоршаған орта арасындағы өзара терең байланысты ескере отырып, мыналарды іске асыру үшін қажетті тиімді шаралар қолдану қажет:
а) ел ішінде, сонымен бірге шет елдерге саяхат жасайтын туристерге олардың баратын жерлеріндегі табиғи, мәдени және адами қоршаған ортаны сақтау және құрметтеу жөнінде ақпарат беру, оқыту;
б) БҰҰ мақұлдаған екі құжатта, яғни Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму жөніндегі комиссияның (Нидерланд баяндамасы) баяндамасында және БҰҰ Қоршаған орта туралы бағдарламасының (ЮНЕП) “2000 жылға дейінгі және одан кейінгі жылдарға арналған қоршаған ортаны болжау” баяндамасындағы “қолдап дамыту” тұжырымдамасы негізінде туризмнің кешенді және жоспарлы дамуына жәрдем көрсету;
в) туристердің баратын жерлеріндегі өткізілім қабілетінің деңгейін анықтау және оны қажет болса белгілі бір кезеңде немесе маусымда сондай жерлерге шектеу жасай отырып, сақтау;
г) демалу, спорттық, тарихи, археологиялық, өнер, мәдениет, дін, ғылым, әлеуметтік орта немесе техникалық тұрғыдан қызығушылық тудыратын табиғи және/немесе туристік игіліктердің тізбесін жасауды жалғастыру және қоршаған ортаға қатысты мәселелерді ерекше ескере отырып, туристік даму жоспарының қажетті шараларын қабылдау, қоршаған табиғи және мәдени ортаны қорғаудың маңызын ескеріп, тұтастай алғанда туристердің, туристік индустрияның және қоғамның хабардар болуына жәрдем көрсету;
д) туристер мен қабылдаушы тұрғындар арасындағы тығыз байланыс пен өзара түсіністікке, мәдени ерекшелікті сақтауға ықпал ететін және әртүрлі және өзіндік туристік өнімдер мен объектілерді ұсынатын туризмнің баламалы үлгілерін дамытуды ынталандыру;
е) ұлттық та, халықаралық та деңгейде осы мақсаттарға жету үшін мемлекеттік жеке сектордағы тиісті ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
4 қағида
1. Туризмнің айрықша ізгілік сипатын ескере отырып, шет елдік болсын, немесе өз елінде саяхаттайтын туристер болсын олардың өздеріне тән мәселелеріне барлық уақытта назар аудару қажет. Кез келген адам мына жағдайларда шет елдік турист деп аталады:
а) өзінің тұрақты тұратын жерінен кез келген басқа елге саяхат жасау ниеттегі және/немесе саяхат жасайтын;
б) саяхатының негізгі мақсаты сапар немесе үш айдан аспайтын уақыт сол елде болу (үш айдан аса мерзімде болуға рұқсат етілген және үш айға берілген рұқсаты жаңаланған жағдайдан басқа) ;
в) аталған сапардың соңында немесе болғаннан кейін барған елінен міндетті түрде өзінің тұрақты тұратын жеріне немесе басқа елге сапарға шығу үшін кететін адам.
2. Егер ол 1-тармақта көрсетілген барлық талаптарға жауап бермейтін болса, ондай нақты тұлғаны және туристік сапармен немесе сол елде болу мақсатында елге келгеннен кейін оны ұзартуды немесе сапардың және болудың мерзімін тұру және/немесе сол елде ақылы қызмет атқару үшін ұзартуға тырысатын адамды шет елдік турист ретінде қарау қисынсыз.
5 қағида
1. Әрбір адамның демалуға және бос уақытқа деген құқығы, жұмыс уақытын дұрыс шектеу және ақылы кезеңдік демалысқа, сондай-ақ заңмен көзделген және жүріп-тұру еркіндігі қағидатына күмән тудырмайтын еркін саяхат жасау құқығы жалпылама мойындалуы қажет.
2. Әрбір әйел мен еркектің осы негізгі құқықтарын толық қамтамасыз ету үшін:
а) ішкі және халықаралық туризмді және бос уақытты өткізумен байланысты, оған қатысатын барлық адамдардың игілігі үшін қызмет түрлерін үйлесімді дамыту саясатын әзірлеу және жүргізу;
б) Әлемдік туризм жөніндегі Манила декларациясында, Акапулько құжатында, Туризм хартиясы мен Турист кодексінде жазылған қағидаттарды, әсіресе мемлекеттердің өздерінің ұлттық басымдықтарына сәйкес туризмді дамыту саясатын, жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысты ережелеріне басты назар аудару қажет.
6 қағида
Туризмнің дамуы саяхатты оңайлатуды талап етеді, сондықтан мемлекеттік және жеке секторлар мынадай тиімді шаралар қабылдауы қажет:
а) жеке тәртіпте, сондай-ақ ұжымдық негізде пайдаланатын көлік түріне қарамастан, туристік саяхаттарды, сапарларды және болуларды жеңілдетуге;
б) төлқұжаттарға, визаларға, медициналық және валюталық бақылауға және шекарадағы туристік өкілдіктердің мәртебесіне қатысты туристік рәсімдерді жеңілдету жөнінде тиісті шаралар қабылдау арқылы туристік саяхатты, сапарларды және болуларды кеңейтуге өз үлестерін қосуға;
в) осы мақсатта туристік саяхатты, сапарларды және болуларды жеңілдету жөніндегі Будапешт конвенциясын қабылдау және орындауға жәрдем көрсетуге, бұл туристерге қолданылатын заңдық ережелерді бейтараптандыруға және туристерге қызмет көрсететін туристік кәсіпорындардың, туристік агенттіктердің және басқа ұйымдардың қызметіне қатысты техникалық нормаларды келісуге мүмкіндік берер еді.
7 қағида
Туризмді дамытудағы басты шарттың бірі туристердің қауіпсіздігі мен қорғалуы, олардың құрметтелуі болып табылады. Сондықтан:
а) туристік саяхатты және сапарларды жеңілдету жөніндегі шаралар туристер мен туристік объектілерді және туристердің абыройын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен бірге жүруі қажет;
б) осы мақсатта туристерді және туристік объектілерді қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ туристердің абыройын құрметтеуге бағытталған тиімді саясат қалыптасады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz