Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары..4
II Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланыоғанәдебиеттертізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді.Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.-2000.- №12.-38-39б.
2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2001.-№3.- 10-33
3. Нормативтік құқықтық актілер бюллетені 2000, 2
4. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
5. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы - Алматы: Санат, 1998.-192б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары..4
II Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланыоған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .14

Кіріспе
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

I Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

Халықаралық туризм - бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын, қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.
Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде көрінетін сыртқы саудасы экономикалық қызметтің негізгі сферасы болып табылады. Халықаралық айырбас теориясы жеке мемлекетттердің сыртқы сауда процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады. Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теорияның жалпы қағидалары туристермен айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген, яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше нысаны ретінде түсіндіруге болады.
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.
Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге (мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік - рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді. Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып табылады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.
Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. Әр елдерде бірқатар салалар топтары осы ішкі экспортқа қызмет етеді. Мысалы, Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды; Швейцарияда - сағаттар, шокалад, сыр, Францияда - иіс сулар мен сән салондарының өнімдерін, Италияда - аяқ киім мен былғары галантереясының өнімдерін, Ұлыбританияда - виски және басқаларын сатып алады.
Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол, қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз - шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі. Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады. Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде жоғалып кетеді.
Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл валютасында салық төлейді.
Шаруашылық жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің бір көрінісі, бұл жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты роль атқарады. Мұндай жағдай халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай-ақ дамыған елдер мен экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия, Түркия т.б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: саяхатшыларды негізгі қоюшы елдер, және саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер.
Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады. Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды. Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады. Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк (ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың пікірінше, ФРГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар, өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті несие береді. Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді (азаматтардың шетелге шығуы) - олардың импорты ретінде анықтауға болады. Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына әкелуі мүмкін.
Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы. Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - көзге көрінбейтін экспорт, ал пассивті туризмді - көзге көрінбейтін импорт деп анықтауға болады.

II Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары

80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа мемлекеттерінің туристік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар бірқатар экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерімен, сондай-ақ қазіргі адамның психологиясындағы өзгерістер мен түсіндіріледі. Туристік тұтыну құрылымына экономикалық конъюнктураның нашарлауы шешуші әсер етті. Индустриалдық дамыған елдерді шарпыған дағдарыс халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетті. Жұмыссыздар армиясы көбейді. Дағдарыс әсіресе туристік қызметтің негізгі тұтынушылары - қоғамның орташа тобын қамтыды, сөйтіп олардың өз бос уақытын ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр етті.
Экономикалық конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге, халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.
Осындай жағдайда туристтік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы - егде адамдардың туристтік сұранысының кеңеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталық, өйткені егде адамдар жиі туристтік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономикалық төмендеуге байланысты кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, толуға таяғандарды да зейнеткерлік демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол және сапар шегуге әр уақыттада дайын болды. Олар ішкі және халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлестерін қосты. Бүгінгі күнде егде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР
Туризмді тұрақты дамыту
Мәдени саясаттың модельдері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Туризмді дамытуды реттеудің бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру
Пәндер