Музыкалық тәрбие қызметінің сипаттамасы



«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» — бүкіл тәрбие жұмысын балаларды жан-жақты дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын мемлекеттік документ.
Музыкалық тәрбие программасы мына ережелерді ескере отырып жасалған:
• қазіргі дәуірмен тығыз байланыстырылады; программаның бүкіл материалы, оның репертуары және балалар іс-әрекетінің ұйымдастырылуы педагогика ғылымы мен практиканың осы күнгі талаптарына сай болады;
• баланың жеке басын, оның музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін қалыптастыру процесі бірте-бірте және жүйелі түрде жүргізіледі;
• әр жастағы балаға музыкалық білім «беру ісі оларды жоспарлы түрде мектепке даярлау мақсатымен ұштастырыла жүргізіледі.
Программаның материалы іс-әрекет түрлеріне қарай бөлінеді (ойын, сабақ, еңбек, қам-қарекет) және балалардың жасына қарай жеті топқа сай келеді (екі бүлдіршіндер тобы, екі кіші топ, бір орта топ, бір үлкен топ және мектепке даярлау тобы).
1. Ленин В. И. 0 литературе и нскусстве. М. «Художественная литература», 1969.
2. КПСС ВО главе культурной революции в СССР. М. Политиздат, 1972.
3. Бетлугина Н. А. Музыкальное воспитание и всестороннее развитие ребенка в советском детском саду. В кн. Музыкальное воспитание в современном мире. М., «Советский композитор», 1973.
4. Гофмейстер Г. П. Природа и музыка как средство эстетического воспитания дошкольников.— В кң.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 15—30.
5. Иоса Е. П. Эстетичсское воспитание дстей средствами музыкп. В кн. Эсте-тическое воспитание в дстском саду. «Педагогические чтегшя» М., «Иросвеще-ние», 1964, с. 12—20.
6. Кабалевский Д. Б. Идейные основы музыкального воспитания в Советском Союзе. В кн.: Музыкальное воспитание в современном мире. М., «Советский композитор», 1973.
7. Сохор А. Н. Музыка как вид искусства. М, «Музыка», 1970.
8. Шацкая В. Н. Музыкально-эстетическое воспитание детей и юношества. М., «Педагогика», 1975.
9. Бабаджан Т. С. Музыкальное воспитание детей раннего возраста. М., «Просвещение», 1967.
10. Ветлугина Н. А. Игра па детских музыкальных инструментах,—«Дошкольное воспитание», 1974, № 5, с. 102—107.
11. Ветлугина Н. Д. Содсржание музыкального воспитания и обучения ыа за-нятнях. Методы воспитания и обучепия на музыкальных запятиях,— В кн: Сис-тема эстетического восшітаііия в детском саду. М, Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 127—194, 255—274.
12. Ветлугина Н. А. Музыкальный букварь. М.., «Музыка», 1973.
13. Ветлугина Н. А. Музыкально-игровое творчество у детей 5—7 лет. Песенное творчество детей 5—7 лет.— В кн. Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 107—120.
14. Горбачевская В. А. Обучение детей в процессе музыкальной игры.— В кп.: Музыкальное воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1960. с. 47—64.
15. Зоткина Е. И. Музыкалькая игрушка как средство развития ритма слуха у детей.— В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М,, «Просвещение», 1964, с. 46—52.
16. Иова Е. П. Вопросы обучения пению в детском саду.— В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 31—37.
17. Карант А. С. Формирование чистоты интонации в пении детей среднего дошкольного возраста.— В кн.: Эстетнческое воспитани.е в детском саду. «Педагогические чтения». М., «Просвещение», 1964, с. 21-28.
18. Квитницкая Е. Н. Развитие музыкального слуха — условие формирования песенного творчества.—В кн.: Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 20—28.
19. Лифиц И. Ф. Музыкальное воспитание детей в детском сәду.— В кп.: Эсте-тическое воспитанис в детском саду, «Педагогичсские чтения», М., «Просвеще-ние>, 1964, с. 34—45.
20. Лукьянова М. Б. Творчество детей в танцах.— В кн,: Художественное творчество в детском саду, М., «Просвещение», 1974, с. 29—32.
21. Соковнина Е. Н. Активизация деятельности детей при игре на музыкальных инструментах,— В кн.: Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 56—61.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Музыканың адамның рухани дүниесіне зор
әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен
күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық
шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат
жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын
ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар қайғыны
айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.
Қандай тамаша материал!.. осы материал негізінде халықтың ой
-арнамдары мен күткен асыл үміттері туралы тамаша зерттеу жазуға болар еді
ғой деген болатын В. И. Ленин орыс шаруалары әндерінің жинағы туралы.
Н. В. Гоголь халықтың музыкалық творчествосын бейнелі сөзбен әуенді
тарих, сыңғыраған жанды шежіре деп атаған.
Музыкалық шығармалар тарих беттерін көз алдыңа елестетеді. Ұлы Отан
соғысы күндерінде сол дәуірдін, ең тандаулы әндерінің бірі — А.
Александровтың Қасиетті соғыс әні дүниеге келді. Ол жауды толық жеңіп
шыққанға дейін шайқасуға бел байлаған совет адамдарын қайтпас қайсар,
қаһарлы күреске біріктірді. Жау қыспағында қалған Ленинградта Д. Шостакович
әйгілі Жетінші симфониясын жазды, Онда фашизм бойындағы қатыгез зұлымдық
айыпталды. Өзім жайында мұндай сөздер айтуды ұнатпаймын, дегенмен бұл
менің ең шабытты еңбегім болды,— деп . еске түсіретін композитор. Мына
сөздерді айтқан да Д. Шостаквич: Қайғы мен қуамышта да, еңбек пен
демалыста да — әрқашан да музыка адаммен бірге. Музыканың өмірге толық та
етене енгені соншалық, оны бір солай болуға тиісті нәрсе сияқты, өзіміз
ойланып, жатпайақ, елеп-сезінбей тыныстайтын ауа сияқты қабылданады.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру
әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
- Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық
әдебиеттерін талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Балалардың музыкалық қыметі жайлы түсінік беру және музыкалық
талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру жолдары
Зерттеу нысаны: Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру процесі
Зерттеу әдістері: Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру процесі
бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік
зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: Балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудан мынадай
нәтиже көруге болады:
- Балалардың музыкалық түсініктерінің кеңеюі;
- Музыкалық қабілеттерінің дамуы;
- Музыкалық қызметтің жүйелі ұйымдастырылуы
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
1.1. Музыкалық тәрбие қызметінің сипаттамасы

Балалар бақшасындағы тәрбие программасы — бүкіл тәрбие жұмысын
балаларды жан-жақты дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын
мемлекеттік документ.
Музыкалық тәрбие программасы мына ережелерді ескере отырып жасалған:
• қазіргі дәуірмен тығыз байланыстырылады; программаның бүкіл
материалы, оның репертуары және балалар іс-әрекетінің
ұйымдастырылуы педагогика ғылымы мен практиканың осы күнгі
талаптарына сай болады;
• баланың жеке басын, оның музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін
қалыптастыру процесі бірте-бірте және жүйелі түрде жүргізіледі;
• әр жастағы балаға музыкалық білім беру ісі оларды жоспарлы түрде
мектепке даярлау мақсатымен ұштастырыла жүргізіледі.
Программаның материалы іс-әрекет түрлеріне қарай бөлінеді (ойын, сабақ,
еңбек, қам-қарекет) және балалардың жасына қарай жеті топқа сай келеді (екі
бүлдіршіндер тобы, екі кіші топ, бір орта топ, бір үлкен топ және мектепке
даярлау тобы).
Түсінік хатта эстетикалық тәрбиенің маңызы ашып көрсетіледі. Дәл сонда
музыкалық тәрбиенің де жалпы бағыты берілген, балалар бақшасындағы
балалардың кіші топтардан бастап үлкен топтарға дейінгі музыкалық жетілу
динамикасы көрсетілген, сондай-ақ балалардың мектепке бару кезіне дейінгі
музыкалық жетілуінің шаммен алынған дәрежесінің сипаттамасы келтірілген.
Қызмет турлері:
Ойын — мектеп жасына дейінгі балалар кызметінің негізгі түрі, оған
хороводтар, сюжеттік-рольдік әндер, қимыл ойындары енуі мүмкін. Музыкалық-
сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық -дидактикалық ойындар шағын
бөлім етіп өз алдына бөлек көрсетілген.
Музыкалық-дербес қызмет балалардың өз ынтасымен ойынның, барысында
туып, олардың өмірін қызықты мазмұнмен толықтырады.
Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық
инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық -эстегикалық
тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен
жанрлары енеді.
Музыканы баланың күнделікті өміріне енгізу де осы міндеттерді шешуге
қызмет етеді. Тақертеңгі жаттығу кезінде, серуенге шыққанда, еңбек еткенде,
ана тілі жөніндегі, табиғатпен таныстыру жөніндегі сабақтар кезінде де
музықа бірге жүреді.
Музыкалық сабақтар — балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, жетілдірудің
негізгі формасы — ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне
қарай жасалынған программалық талаптарға негізделеді.
Сәбилік шақтағы бірінші топ (1 жастағылар). Мұндағы жұмыс программа
бойынша жүйелі сабақтар ретінде жүргізіледі; оларда бүлдіршіндердің
эмоциялық белсенділігі мақсатты түрде дамытылып, олардың музыкалық қызметке
бұдан былайғы қатысуы үшін алғы шарттар жасалады.
Сәбилік шақтағы екінші топ (2 жастағылар). Балаларға музыкалық тәрбие
беру программасына музыканы тыңдау, ересектерге ілесіп ән салу, музыкаға
ілесіп ойын және би қимылдарын жасау сияқты, баланың музыкадан алатын айқын
әсерлеріне негізделген ең қарапайым талаптар енгізілген.
Естияр шақ топтары (3—7 жастағылар). Бұл топтардағы сабақтарда
балаларды оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және оларға мыналар
қамтылған:
1) музыкалық тәрбиенің міндеттері;
2) музыкалық қызметтің жекелеген түрлері: музыка тыңдау, ән
айту, балалардың музыкалық аспаптарында музыкалық-ырғақ қимылдарын келтіру
және ойнау (әзірлік тобындағы және көбінесе
үлкен топтардағы балалар үшін) жөніндегі программалар;
3) музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша (бірінші кіші топтан басқа)
әр тоқсанға бөлінген репертуар.
Егер балалардың жасына қарай музыкалық тәрбиеге қойылатын міндеттерді
салыстыратын болсақ, онда мыналарды атап айтуға болады:
балалардың жасына қарай бөлінген топтарда жүргізілетін жұмыстың бәрінде
де бірыңғай міндеттер шешіледі, олар бірте-бірте күрделілендіріліп отырады,
осы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен
жетілдірудегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.
Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы (музыканы тыңдау, ән айту,
музыкалық-ырғақты қимыл) ән, ойын, би творчествосы элементтерін, балалардың
музыкалық аспаптарында ойнауды енгізу есебінен кеңейтідеді, сөйтіп,
балаларға музыкалық білім элементтерін үйретуге мүмкіндік туады.
Музыкалық тәрбие мен білім беру міндеттері оқу барысында шешіледі.
Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады, бейнелі жеткізу тәсілдерімен
таныстырады, шығарманың формасына, бір-бірінен бөлектігі айқын байқалатын
бөлімдері мен фразаларына олардың назарын аудартады. Балалар кеибір
түсініктерді, мәселен: музыкалық кіріспе, бастама мен қайырма,
музыкалық фраза тағы басқа түсініктерді ұғып, жаттап алады.
Басты міндет — музыканы, әнді, қимылдарды және аспаптарда ойнауды игеру
саласындағы әрекеттерді, дағды мен шеберлікті іс жүзінде меңгеру. Егер
балалар тапсырманың мән-мағынасын жақсы түсінсе, оны оңай орындайды.
Мәселен, әсерлі шығуы үшін бесік жырын дауысты қатты шығармастан, асықпай,
сазды орындаған жөн. Балалар бұған дағдылана отырып әннің мазмұны,
музыкасының сипаты және орындалуы туралы біршама мәліметтер алады.
Музыкалық білім мәліметтерін шартты түрде жалпы және арнаулы
сипаттағы мәліметтер деп бөлуге болады.
Жалпы сипаттағы мәліметтер музыкалық қызметтің барлық түрімен (ән
айтумен, қимылмен т. б.) байланысты:
1. музыка әрқашан да алуан сезімдерді бейнелейді, бір нәрселер
жайында баяндайды, ол өзінің сипаты жағынан әр түрлі;
2. музыка дамып отырады, өзгеріп отырады, онда бір-біріне ұқсас және
бір-біріне қайшы үзінділер, соған орай бір-бірінен өзгеше
бөлімдер, музыкалық фразалар, бастама, қайырма бар екенін байқауға
болады;
3. музыканың мазмұнын бейнелеп, сырын білдіретін өз тілі, өз
құралдары болады;
4. музыканы композиторлар мен халық жасайды.
Арнаулы сипаттағы мәліметтер қызметтің нақты бір түрімен байланысты
болады;
• Ән айтуды үйреткенде балаларға мынадай түсініктер беріледі: дауыстың
естілу сипаты туралы (созыңқы, үздік-үздік, сазды, жеңіл); дикцияның
дүрыстығы туралы (анык, айқын, бейнелі);
• Әуен сызығы туралы (әуен қалықтан жоғары көтеріледі немесе төмендейді,
дыбыстар қайталанады немесе біреуі биік те, екінші біреуі төмен
болады);
• Метр-ырғақ туралы (дыбыс қысқа немесе ұзын болады т.т.).
• Музыкалық ырғақты қимылдар үйретілгенде мынадай түсініктер беріледі:
• Музыканың сипатына сай қимыл сипаты туралы (сергек, нық, біркелкі
жүру, жеңіл, екпіндей жүгіру т. т.);
• Музыкалық шығармалардың ырғақ, екпін, динамикалық өрнек -бояуына
байланысты формасы туралы (жедел, баяу, ақырын, қаттырақ және т. т.);
• Би қимылдарының элементтері туралы (полька адымы, құбылмалы адым, желу
т. т.);
• Қайта тұру туралы (саптар, колонналар т. т.).
Бұл мәліметтер программада ғана емес, сонымен қатар практикалық
жаттығуларда да (әндік және музыкалық-ырғақтық) берілген, олар оқыту
процесін неғүрлым жеңілдетеді.
Программаға музыканы тыңдағанда, ән айтқанда, қимылда және аспаптарда
ойнағанда балалардың дағдыланып, шеберлікке үйренуіне көмектесетін нақты іс-
қимылдарының белгілі бір көлемі енгізілген. Әрине, программада осы
қызметтің әрбір түрі бойынша музыкалық өнердің әр түрінің негіздеріне
сәйкес және балалардың қабылдауы мен орындауында олардың жас ерекшеліктері
ескерілген.
Хор өнері вокальдық-хор негіздерін: вокальдық дағдылар (дыбыстың шығуы,
дикция, тыныс алу) мен хор дағдыларын (біркелкілік, интонация мен
ансамбльдің тазалығы, екпінділік, динамикалық, тембрлік жағынан
үйлесімділігі) ескеріле отырып құрылады. Бұл істе мектеп жасына дейінгі
балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды
және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады. Осыдан
келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының
көлемі ескерілген.
Музыкалық-ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге
арналған жаттығулар, музыкалық образдардың, олардың сипатының ауысуынан,
шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-
ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енеді.
Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың
негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап
түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді
билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан
іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да
іріктелініп жүр.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі
аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын
ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару
дағдысын меңгереді.
Музыканы тыңдау программасы музыкалық шығармалармен танысуды және
музыканы қабылдау дағдысын жетілдіру ісін қамтиды.
Балалардың музыкалық тәжірибесі байиды. Олар халық музыкасының түрлі
жанрларымен, классиктердің және осы күнгі композиторлардың әндерімен және
пьесаларымен танысады. Балалардың музыкалық әсерлері молаяды.
Музыканы қабылдау дағдыларын меңгеру музыканы тыңдау мәдениетінің
алғашқы негіздері: шығарманы аяғына дейін тыңдау, оларды танып, формасын
(кіріспесін, бөлімдерін) айыра білу, вокальдық музыканы аспаптық музыкадан,
олардың түрлі жанрларын (би, лирикалық, салтанатты-қаһармандық) бір-бірінен
айыра білуге қалыптастырады.
Тыңдауға, ән айтуға, музыкаға ілесіп қимыл жасауға арналған шығармалар
балалар бақшасында бөбектер тәрбиелеудің программалық міндеттерін ескере
отырып, іріктелініп алынады және мынадай көркемдік-педагогикалық талаптарды
қажет етеді:
• музыка мазмұны мен формасының біртұтас болуын;
• балалардың музыкалық қызметінің барлық түрлеріне сәйкес келуін;
• балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың әр түрлі топтары
қабылдап, орындай алатындай болуын.
Музыкалық шығарманың мазмұны мен формасының бірлігі. Композиторлар
немесе халық жасаған балалар музыкасы әрқашан да баланың танымы мен
эмоциялық көзқарасын байыту үшін олардық тебіреніс-толғаныстары мен
ынтасына етене жақын, бейнелі, жарқын болуға тиіс. Музыка әлеміне ену
дегеннің мәні — қазіргі жағдайларда өзінше бір жаңа үнмен естіліп жүрген
айрықша музыка тілін (сазды интонацияларды, іштей үйлесімді, жарасымды
өрнек-бояуды) түсінуді үйрену деген сөз. Мұнымен бірге шығармалардық
формасы (барлық музыкалық құралдардың комплексі ретінде кең мағынада
түсінілетін) ауыр, күрделі болмауы тиіс.

1.2. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары

Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық
қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы
мерекелер мен ойын-сауықта, ойында, дербес және басқа қызметтерде
пайдалану.
Музыка сабағы —белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде
қатысатын оқу процесінің формасы. Олар коллектив болып ән айтады, ойнайды,
билейді. Бәрі бірдей тебіреніс-толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға
талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін — бүкіл
коллектив ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ,
балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып
табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және
өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке
басының жетілуіне дәйекті методикалық тәсілдерді қолдану, бүкіл коллективке
ортақтандыру арқылы ықпал жасайды, Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды
жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы-құрдастарының үлгілі істері
пайдаланылады.
Сабақтар музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған программаға
сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып,
олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық
процестің бір бөлігін қамтитындай етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен
қатар келесі сабақтарда не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді
үйренетіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т. б. еліктіру де
маңызды. Сабақтың қай-қайсысы болса да өткен және алда жүргізілетін
сабақтармен байланысты болуы тиіс.
Іс-әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка
тыңдайды. Бұл педагогка белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол
балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты
бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын
тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі
етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Сабақтарды ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді
және ересек адам мен бала арасындағы қарым-қатынастың өзгере бастауымен
айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте-бірте күрделілендіріп, методикалық
әдістерді түрлендіре отырып, сабақтарды жоғары топтағы балалардың
анағұрлым белсенді және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын
ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес сабақ
формасын қолдана алады. Кейде бала сабаққа ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін
қалай ұстауды ұмытып, қысылады, коллективтік қимыл-ырғақтан шет қалып
қояды. Мұндайда жалпы сабақтан кейін қысқа уақыттық жеке сабақтар (2— 3
минуттық) өткізген жөн. Педагог баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән
айтудың, қимыл жасаудың кейбір тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған
белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен
3—4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол коллективте белсенді бола бастайды.
Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған
жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне,
кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын
үйренуіне т. б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен
сабақтар өткізілуі мүмкін.
Шағын топтармеы және жекелсй сабақтар өткізу сирек кезде-седі, олар
кажеттілік туғанда және буған тиісті жағдай болғанда ғана өткізіледі.

ІІ БАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі

Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің жалпы ісіне музыка
жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:
1. Жұмыс графигіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет
сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен әзірлікті, балалардың сауатты және
әсерлі орындауы үшін музыкалық материалды іріктеп алып, үйретуді керек
етеді. Программалық дағдыларды белгілеп, оның медгерілуін қадағалайды,
көрнекі материалды, кұралдарды уақтылы әзірлейді, грамжазбаға жазылған
шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер қажет
болса жеке-жеке сабақтар өткізеді.
Мерекелік сценарийлердің, ойын-сауық программаларының
жасалуына, олардың әзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.
Жеке консультациялар беру және бірлескен сабақтар өткізу
арқылы тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына
басшылық етеді.
Консультациялар кезінде музыка жетекшісі тәрбиешіні жұмыс жоспарымен
таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, әр бала меңгеруге
тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды
(балалардың табысын және көмекті керек ететін қиыншылықтарын ескереді),
таңертедгі гимнастикада, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын
күйтабақтарды іріктеп алады және т. б. істер атқарады.
Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тәрбиешілердің ән айту мен қимыл
саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде
оқытумен болады. Мерекелер мен ойын-сауықтарда жеке және коллектив болып
орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді. Мұндайда әр баланың
қабілеті ескеріледі: бірінің жақсы даусы болса, екіншісі тамаша билейді,
үшіншісі жаттығуларды әдемі орындайды, ал төртіншісі мәнерлеп тақпақ айтады
әрі мерекенің белсенді жүргізушісі болып шыға келеді.
Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады,
оларда методикалық мәселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер
мен ойын-сауықтардық программасы талқыланады. Оқу процесін
жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.
Балаға музыкалық тәрбие берудің жалпы процесіне ата-аналарды қатыстыра
отырып, олармен жұмыс жүргізеді. Жеке әңгімеде, консультация кезінде,
жиналыстарда музыка жетекшісі ата -
аналарға балалармен отырып қандай радио және телевизи хабарларын
тыңдауға болатыны, семьяда қандай ән репертуарын пайдалану қажеттігі
жайлы ақыл-кеңестер береді.
Оқыту әдістері методикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Тәсіл
дегеніміз әдістің бір бөлігі және ол көмекші ролін атқарады. Тәсілдер
көп,әрбір педагог олардың тиімді дегендерін таңдап алады.
Тәсілдер педагогтың неге үйрететініне — ән айтуға, тындауға, ойнауға,
биге, кімдерді — (бүлдіршіндерді ме, әлде ересектеу балаларды ма) —
үйрететініне қарай бір-бірінен дараланады. Мәселен, ересек топтар тыңдау
үшін Д. Кабалевскийдің Клоундар деген шығармасын орындай отырып, әуелі
педагог ылғи қимыл үстінде болатын көңілді клоундар туралы әңгімелей алады.
Бірақ тап осы балаларға орыстың Кешігіп қалма (Не опоздай) деп аталатын
халық әуенін орындағанда, педагог енді қозғалысты қай кезде қалай өзерту
керектігін біліп отыруды ұсынады. Сөйтіп, балалар музыка сипатындағы
өзгерістерді аңғарып, оларға сай қимыл-қозғалыстарды өздері белгілейді.
Олар енді ойынға әзір.
Оқыту тәсілдері балалардың жасына қарай өзгертіліп отырады. Мысалға ән
үйренуді алайық. Әуелі бүлдіршіндердің назарларын түсінікті, нақты
образдарға аудару керек, М. Раухвергердің Шымшық әнін орындар алдында
педагог ойыншық шымшықты керсетеді де былай дейді: Шымшық ұшып келіп,
терезе алдына қонды да, шиқылдай бастады. Балалар оған тұра тұр, ұшып кетіп
қалма! — деп еді, шымшық ұшты да кетті (ойыншықты жасырып қояды) —әттеген-
ай! Балалар, сендер шымшықтың қайтып келгенін тілейсіңдер ме? Мен оны
шақырып өлең айтайын. Педагог ойыншықты пианино үстіне қойып, өлең айтады.
Сөйтіп, осындай методикалық тәсіл ойын сипатын ашып, шымшықтың образын
түсінікті, нақты етеді, әннің әсерлілігін арттырады.
Ересек топтарға бұл тәсілді қолданудың қажеттігі жоқ. Орындалатын әннің
сипатына байланысты көңіл күй туғызу үшін кіріспе сөздің өзіақ жеткілікті.
Ал егер педагог көркемдік әсерді күшейте түскісі келсе, онда өлеңнен үзінді
оқығаны, иллюстрация көрсеткені жөн. Педагог Е. Тиличееваның Бұл біздің
Отан (Это наша Родина) әнімен таныстырғанда С. Михалковтың мына өлеңін
дауыстап оқып береді:
Кремльдің жұлдызы төбемізден қарайды,
Нұры оның күллі әлемге тарайды.
Балалардың бар Отаны сүйікті,
Одап артық Отаны жоқ сүйікті.
Ән орындалғаннан кейін педагог Біздің елде балалар жақсы, бақытты өмір
сүреді, сондықтан балалар Отанға, партияға рақмет айтады,— дейді.
Әр түрлі тәсілдер балаларды оқу процесіне саналы қарауға сонымен бірге
болып жатқан құбылыстарға деген эмоциялық сезімдерінің оянуына ықпал етеді.
Мысалы, М. Красевтің Марш әнінде мына фразадағы ырғақ суретін дәл
орындатуға күш салу керек.
Балалардың тапсырманы түсінуі үшін педагог: шырқа деген сөзді созыңқы
дауыспен айтайық та, барабан дыбысының қалай естілетінін тыңдайықшы дейді.
Сөйтіп, балалар әнді тек ырғақ жағынан дұрыс орындап қана қоймайды, сонымен
қатар ырғақтың бейнелік мәнін де ұғады. Бұған қоса олар әуеннің осы
бөлігінің тартымды үнінен эмоциялық әсер алады.
Мектеп жасына дейінгі дидактикада дербес қызметті дамытуға көмектесетін
методикалық тәсілдердің маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл тәсілдер сондай-
ақ псдаготтың балаларды музыка туралы пікірлерін айтуға, дұрыс, қызықты
ескертпелер жасауға талпындырғанда, музыканы тыңдағанда қолданылады.
Балалардың дербес әрекеті тапсырмаларды орындағанда, оларды шешу жолындағы
ізденісінде айқындалады. Өзінің қабылдау қабілетін бақылауды дамытуға, өзге
балалардың орындау шеберлігі сапасына баға беруге бағытталған тәсілдер
пайдалы.
Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі
ролін жоғары бағалап келеді. Н. Г. Чернышевский әншілікті жоғары, жетілген
өнер қатарына жатқыза отырып, Ән айту сөйлеудің әуелгі және елеулі негізі
іспеттес деп атап айтқан. Ән тыңдаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы
әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана
қоймайды, сонымен қатар өзгелерді де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін
оятады. Оның балалардың қабылдауына айрықша оңай болатыны да осыдан. Адам
даусының әсерлі ырғақтары мен бет-бейнесінің тиісті жерде құбылып отыруы
бүлдіршіндерді елітіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында-ақ, әннің мазмұнын
толық түсінбесе де онан әсер алады. Ойы мен сөйлеуінің жетілуіне қарай
жинақтаған жаңа ұғымдарының молаюына байланысты баланың толғаныстары
күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның айтылуына да
ынтасы артады.
Коллектив болып ән айту кезіндегі қарым-қатынас айрықша қуаныш сезімін
туғызады. Мұны К. Д. Ушинокий: Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде, адамды
көңілдендіріп, сергітіп ала жөнелетін және сонымен қатар еңбекке
жұмылдыратын ұйымшыл әншілерді ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе
бар... мектепке әнді енгізу керектігі де сондықтан; ол бірнеше сезімдерді
күшті бір сезімге, бірнеше жүректерді сезімі күшті бір жүрекке біріктіреді;
ал мұның өзі мектептегі оқудағы қиыншылықтарын жұмыла күш-жігер жұмсау
арқылы жоюда өте-мөте маңызды. Әнде мұнан басқа жан дүниені, әсіресе
сезімді тәрбиелейтін ғажап бір нәрсе бар, Осының бәрі ән арқылы өздерінің
көңіл күйін білдіруі тән мектеп жасына дейінгі балаларға да түгелдей
қатысты. Баланың бөлме ішінде жүріп, ыңылдап марш әуенін айтатынын, қыз
баланың қуыршақпен ойнай отырып, оны бесік жырын айтып ұйықтатуға әрекет
жасайтынын жиі көруге болады. Баланың даусы — оның нәресте кезінен
қалыптасқан табиғи құралы. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос
уакытын толықтырушы, творчестволық, сюжеттік ойындар ұйымдастыруына
көмекші. Ән айту арқылы музыкалық қызметтің: би, хоровод, балалар музыкалық
аспаптарында ойнау сияқты түрлері де сирек орындалмайды.
Ән — төңіректегі шындықты терең түсінудің жарқын, бейнелі формасы. Ән
айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын,
ықылас-ілтипатын туғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше
қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, Ленин туралы, бақытты балалық шақ
туралы, Москва туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.
Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын
талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстыруды,
фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың,
жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын
бағалауды үйренеді.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне,
тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері:
эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезінуі айрықша
тез дамиды.
Хормен ән айтудың тағы бір ерекшелігі—оның бұқаралылығы мен оңайлығы.
Музыкалық өнердің бұл түріне балалар бақшасында, яслиде, мектепте, көптеген
үйірмелерде, студияларда, хорлар мен ансамбльдерде үйретіледі. Композитор
Д. Б. Кабалевский әнді, маршты және биді бейнелі сөзбен музыка мәдениетіне
тірек болып тұрған үш кит деп атады
Ән салу — дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты
үйлестіру, яғни ән айту интонациясы (дыбысты дәл шығару) мен есту, дене
тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін
есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да
сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді іштей әндететінін атап керсете
отырып, орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту жолдары
Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Музыкалық педагогикада музыкалық жадының дамуының негізгі әдістері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Ізденістің әдіснамалық негізі
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер