Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында ұлттық құндылықтарымыздың маңызы зор екендігі көпке аян.
Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің, күйлерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттылығы балалар мен жастардың түсінік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды

1. ҚР Білім туралы заңы 2008ж
2. Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989 .- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
3. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
4. Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
5. Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы : Атамекен, 1993 .– 94 бет.
6. Балтабаев М.Х. «Елім-ай» : бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 22 бет.
7. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
8. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, 1976
9. В.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. – Алматы, 1976
10. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы .-Алматы, 1990
11. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. – Алматы,1995
12. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – Алматы,1995
13. Е.Әлімқұлов. Білгенге маржан. – Алматы,1988
14. Қазақстан өнері. – Алматы, 1982
15. С.Қалиев, т.б. Қазақ халқының салт-дәстүрі. – Алматы,1994
16. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. – Алматы, 1990
17. 14.Ә.Табылды. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы,2004. 288б
18. Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
19. Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов .- Алматы : Өнер, 2002 .- 144 бет.
20. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001 .- 224 с.
21. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
22. Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина .- Алматы, 1991 .-
23. Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .
24. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
25. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
26. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
27. «Отбасы және балабақша» журналы. №3 2015 ж

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестiлiгi. Егемендi елiмiздiң ертеңi - жастардың жан-жақты дамыған, тәлiм-тәрбиелiк iс-әрекет және бiлiм тереңдiгiмен өлшенедi. Жан-жақты, қабiлеттi ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазiргi таңдағы педагогика ғылымының өзектi мәселелерiнiң бiрi - жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда адамгершілік тәрбиесін беру арқылы жұмыс iстеуге қабiлеттi, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау 1.
Халқымыздың ғасырлар бойы өмiр сынынан өтiп келген ұрпақ тәрбиесi, жинақталған тағлымы, тәлiм-тәрбиелiк үлгiлерi, дұрыс дүниетанымдық ұстанымдарының, өмiрлiк бағыттарының қалыптасуы, мәдениет пен өнердi бағалау, мәдени мiнез-құлықтарының қалыптасуы тәрiздi құндылықтар эстетикалық тәрбие арқылы берiлетiнi дәлелдендi. Бұл мәселенiң дұрыс жолға қойылмауы нәтижесiнде жастардың өрескел мiнез-құлыққа ұрынуы, тәрбиелiк мәнi төмен жат елдiк туындыларға елiктеушiлiк, рухани кедейленушiлiкке әкелiп соғады.
Сондықтан балаларды балабақша қабырғасынан бастап, музыкалық қабілетін жетiлдiру, рухани сарайын ашу, халқымыздың салт-дәстүрiн енгiзудi оқу-тәрбие үрдiсiнiң тiрегiне айналдыру, яғни қазiргi заманғы талапқа сай музыкалық тәрбие негізінде балалардың өз халқының музыкалық аспаптарын танып білуі өзектi мәселе.
Балаларды музыкаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық музыкалық аспаптардың әсем сазымен де,көмкеріле музыканың шыңынан оын алатындығын үйретудің маңызы зор.
Балаларға музыкалық тәрбие берудiң маңызды аспектiлерi С.А.Ұзақбаева, Б.В.Асафьев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсенбинова, Ж.А.Сүлейменова, М.С.Осеннева, Б.Т.Лихачев, Ю.Б.Борев, Д.Б.Кабалевский, т.б. еңбектерi маңызды болып табылады 2.
Балаларға музыкалық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, музыканың мазмұнының ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген 3.
Қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде, өнердiң үлкен маңызы бар. Саз,әуен сұлулығын көре білуге баулу баланың эстетикалық дүниетанымын, соның негiзiнде мәдениетiн қалыптастыру құралы болып табылады. Оның мәнi мынада: әрбiр адамның адамгершiлiк тұрғыда тәрбиеленуiне, әсемдiк әлемiне үйiрсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани деңгейiн көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себептi әрбiр баланың музыкаға деген көзқарасын, музыкалық аспаптарды сүйе білуді қалыптастыру маңызды 4.
Музыкалық тәрбие беруде музыкалық аспап түсінігін қалыптастыру тәрбиешінiң тарапынан арнайы жұмыс жүргiзгенде ғана толыққанды мазмұнға ие болады. Олай болса, балаларға музыкалық аспап түсінігін қалыптастыру мәселесiн теориялық және әдiстемелiк тұрғыда зерттеу қажеттiгiне орай, ана тiлiндегi қазiргi ғылыми әдебиеттерде жеткiлiксiз қарастырылуы, аталған мәселенiң ғылыми негiздемесiн жасауда балаларға музыкалық тәрбие беру деңгейi мен қазiргi талаптар жүйесi арасындағы қайшылықтардың туындауы бiзге зерттеу тақырыбын: Әр жас топтарында музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұны деп таңдауымызға себепшi болды.
Зерттеу объектiсi: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен маңызы.
Зерттеу пәнi: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен маңызын қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға үйрету арқылы мәні мен маңызын түсіндіру.
Зерттеудiң ғылыми болжамы: жеке тұлғаның iшкi мүмкiндiктерiне: көзқарасына, дүниетанымына т.б. сыртқы жағдайдың әсерi барысында, психологиялық заңдалықтарды пайдаланғанда, балаларда мәдени дамуды қалыптастыратын оқу мен тәрбиенiң тиiмдi жолдары табылғанда ғана жүзеге асады. Музыкалық аспаптармен таныстыру, оның мәнісі мен мазмұнын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен маңызын қалыптастыру
2. "Музыка ", "Аспап ", "музыкалық аспап" ұғымдарын теориялық тұрғыда қарастыру.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен маңызын анықтау.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерін талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
5. Балалардың музыкаға көзқарасының қалыптасуының негізі - музыка жайлы түсінік беру жолдарын анықтау
Зерттеу көздерi: философ, педагогтардың тәрбие, даму негiздерi жөнiндегi ғылыми еңбектерi, Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы Заңы", Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2030" даму стратегиясы және басқа да құжаттар мен ресми материалдар; қазақ халқының тарихи мәдениетi жөнiнде еңбектер; оқу-әдiстемелiк құралдар.
Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; балабақшадағы оқу-тәрбие құжаттарын (тәрбие жоспары, бағдарламалар) зерделеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. кiрiспеден, екi тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қорытындыдан тұрады.
I МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРҒА ҮЙРЕТУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптардың мәні мен мазмұнын түсіндірудің маңызы
Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында ұлттық құндылықтарымыздың маңызы зор екендігі көпке аян.
Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің, күйлерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттылығы балалар мен жастардың түсінік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды 5.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды,объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан барлық халықтар үшін біртұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа көшіре салу әсте мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған және халықтық бастау көздерге сүйенген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады.
Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналған.
Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді 6.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-әрекеттер,шығармашылық тапсырмаларды өз нақышында орындап шығуды талап етеді.
Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ``халықтық'' және ``кәсіби музыкалық аспаптар'' болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың "ұлттық аспабы" болып саналатын музыкалық аспаптар бар 7.
Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 - 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады 8.
Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі: сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.
Домбыра - қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз - қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы - үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады.Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра. Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды 9.
Академик Б.Асафьев айтқандай екі өнер саласы ән мен өлеңнің бірлестігінің арасында ән табиғаты өмірде кең тараған өнердің біріне айналып отыр. Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды. Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікте жат бөпем -- деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені баланың денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына ана тілі арқылы ғана дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ күнделікті күйкі тіршілікпен қатар, халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, өзінің көркемдігі мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын байыта түседі 10.
Сондықтан, дәстүрлі айтыстар, Тойбастар, Беташар, той-думандардағы қыз-жігіттердің ән-күй сайысы, лирикалық, тұрмыс-салт жырлары, аспаппен сүйемелдеп айтылатын аңыз-ертегілер -- халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы -- жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру үшін таптырмайтын құнды материал деуге болады. Кеңес өкіметі жылдарында бұл қазынаны барша қауым жинастырылып, осы заманғы дыбыс техникасының барлық түріне салды. Осының арқасында сонау тұңғиық заманында жарық көрген ән, өлең мен жыр қазақ халқының күнде көріп, қалауынша естіп, рухани ляззат алып отыратын асыл қорына айналды 11.
Сонау Сыр бойынан Алтайға дейін, Алатаудан Жайыққа дейінгі ұшан-теңіз даланы жайлаған қалың халық ғасырлар бойы жасаған музыка мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, байыта берді, олардың мәдениеті алдағы елдердегідей нотаға жазылып, дыбыс құралына түспей-ақ халықтың ауыз әдебиеті сияқты біреуден онға, оннан мыңға тарап, өлмес-өшпес халық хазынасына қосылып жатты.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы әлемнің тынысын байқау, баланың сана-сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеп, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю сезіміне баулу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруды, іс жүзінде асыруда домбырамен дәстүрлі ән айтудың үлкен маңызы бар. Ән айтудың ерекшелігі -- балалардың санасына ғана емес, сезіміне де, ой-өрісіне де әсерін тигізетіні анық. Ән үйренер кезде өлеңнің мазмұнын түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Қазақ халқының ән айту мектебі бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді.
Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелсіз жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе домбырамен жеке ән салу дәстүрі мол тарап, ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға жалғасып тауып, дамып келеді.
Домбыра - ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады 12.
Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады -- деген қазақта сөз бар.
Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді, -- деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Балалардың жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы, білімі, жалпы мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі бірдей болып келе бермейді. Тәй-тәй басқан баланың жүрісін біртіндеп тұзеу, былдырлап сөйлеген сөздерін қалыпқа келтіру, жаман әдеттерін сол кішкентай сәби кезінен қадағалау -- ананың парызы болса, ал шәкірттің дұрыс отыруын және оң қол, сол қол саусақтарының қойылуын, алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап үнемі ескертіп отыру, қадағалау -- домбырашы-ұстаздың парызы 13.
Келешекте домбыра үйренуге арналған жаттығулардың түрлерінің ішіндегі әр шәкірттің қабылдау мүмкіншілігіне қарай, дене бітіміне лайықтап, таңдап беру. Саусақтардың қойылымын, дұрыс, түзу, жарасымды отырысын, көрнекті құралдар қолдану, айнаға қарап орындау арқылы байқалған кемшіліктері жойып отыру. Ал енді ән айтуға, ең тиімді және оқушының аспапты оңай игеріп кететін жаттығулар тізбегі келешекте оқу-әдістемелік құрал ретінде дайындау қажет сияқты.
Соңғы кезеңде еліміздің көптеген жалпы орта білім беретін мектептерде фонограммамен ән айту дәстүрі орын алып кеткендерін байқауға болады. Әнші балалап, Айналайын, Бозторғай, Мектеп жұлдыздары, Қыз сыны, Жігіт сұлтаны т.б. және көптеген мерекелік концерттер мен байқаулар жиі өтуде. Осындай техникалық жеңіл өнерге әдет алған бала келешекте нота сауатын үйренуге, кез-келген музыкалық аспапты сауатты ойнауға еңбекқорлығы, шыдамдылығы жетпей, ұлтымыздың музыкалық өнерін оның ішінде домбырамен дәстүрлі ән айтуды қастерлеп өсуі екіталай.
Халқымыздың әншілік мәнері жеңіл де, әдемі, қоңыр да шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы ашық сазды үнімен айрықшаланады. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйреніп қабылдайтын. Жиырмасыншы әсіресе отызыншы жылдары, қазақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар еңгізіліп, Қазақстанда халықтың ән шығармашылығы жедел өркендей бастады. Бұл кездерде қазақ ән өмірінің дамуына халық композиторларының сіңірген еңбектері зор болды. Олардың бір ерекшелігі - ежелгі ұлттық дәстүр бойынша ән әуенінің авторы ғана болып қоймай, соған лайық өлеңді де өздері шығарды. Сонымен қатар әндердің орындаушылары да өздері болды. Мұның өзі қазақтың халықтық ән музыкасының даму тарихында айрықша өзгешіліктердің бірі болып табылады 14.
Қазақстанның жаңарған өмірін жырлайтын көптеген әсем әндер туды. Осы тұста қаншама дүлдүл әнші-композиторлардың есімдері елген белгілі болды.
Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылу және айтылу құрылымдылық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөліне бастады:
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп;
2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп;
3. Батыс өңірлердегі әншілік мектеп;
4. Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп;
5. Сыр бойындағы әншілік-термешілік мектеп.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші-композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серінің, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны т.б. ұрпақтан-ұрпаққа асқақ әншілік эстафетасын жеткізушілер музыкалық мазмұнды түсіндіріп, оны мазмұндық жағынан байыта түскен өнер шеберлердің қосқан үлестерін ерекше атап кетуге болады.
Қазақстан жерінде дарынды танып баулитын, халықты түрлі аспаптарда ойнауға, ән айтуға, жалпы өнерге бейімдейтін бірден-бір оқу орны және арнаулы мектеп болған жоқ. Мысалы, халқымыздың ән-күйлерін жинақтап, өнер қазынасының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші дарынды өнер иелері, халқымыздың өз ішінен табылып отырды. Ел мұңы ән-күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өнердің қайсы бір түрі болмасын, қолдан-қолға, жүректен-жүрекке таралып, ел арасына сіңіп жатты.
Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жинап, нотаға түсіріп, жүйеленуіне және оларды қарапайым халық арасында насихаттануына А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, А.Қ.Жұбанов, А.Темірбекова, және т.б. музыка зерттеуші ғалымдар, этнографтар зор үлестерін қосты.
Халық әндерінің елге кең тарап, ұрпақтар ұрпаққа жетіп отыруында әнші-композиторлармен бірге жекелеген әнші орындаушылардың да еңбегі аз емес. Тамырын үзбеген дәстүрлі әніміз бүгінгі күнге Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Иса Байзаков, Дәнеш Рақышев, сияқты аса дарынды әншілер арқылы жетті 15.
Ұстаздың шәкіртке ауызекі берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдіс қалыптасты. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап-жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, оның білім-танымын, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болды. Елге есімі тарап, түрлі айтыс-тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқындады.
Еліміздің түпкір-түпкірінен әнші-жыршылар шығып кешегінің ізбасарлары, бүгінгінің гүл ашарлары болған, әншілік дәстүрді жалғастырушы әншілерді: Қ.Байбосынов, Қ.Құлышева, Е.Қосбармақов, С.Жампейісова, А.Қосанова т.б. атап кетуге болады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық аспаптарға үйретудің мүмкіндіктері
Балалаларды жан-жақты дамыту мақсатында халқымыздың мәдени мұрасы фольклоры арқылы тәлім-тәрбие беру, халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері арқылы имандылыққа, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу жұмысын қазіргі өмір талабына сәйкес үйлесімді қолдану бүгінгі таңдағы маңызды да өзекті мәселе. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына негізделе отыра, халықтық және классикалық әуендермен таныстыру мектепке дейінгі бала тәрбиесінде ерекше орын алады. Ән-әуенсіз баланың толық мәнінде ақыл-ойы мен қиялын дамыту мүмкін емес 16.
Баланың әуендік мәдениетінің, эстетикалық талғамының, имандылық қасиеті мен ұлттық сана - сезімінің қалыптасуында сөздің келмеген жерде неғұрлым әсерлі, әдемі құдыретті музыка тілі.
Музыка- өнерге баулумен қатар бала белсенділігін арттыру, ой-қиялын, сезімдерін шарықтау адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, т.б., яғни баланы жан-жақты дамыту жолындағы маңызды құрал. Әнді айту, музыкалық аспапта ойнау , тыңдау және әуенді қимылды - қозғалыстар орындау, кезінде баланың көңіл-күйі жақсы қалыптасып, олардың өнерге, шығармашылыққа бейімделуіне себеп болады.
Туған жерді, елді қадірлеп - қастерлеу адам баласының бойындағы ең асыл, ең қымбат қасиеттерінің бірі.
Бүгінгі бүлдіршіннің ертеңгі күні адал, халқына сүйеу, әке-шешесіне мақтаныш бола алатын азаматқа азаматқа айналуы дәл осы игі қасиеттерінің бірі.
Бүгінгі бүлдіршіннің ертеңгі күні адал, халқына сүйеу, әке-шешесіне мақтаныш бола алатын азаматқа айналуы дәл осы игі қасиеттің қалыптасуымен байланысты. Сондықтан әрбір сәбиді елінің ұлылығы, халқының даналығы , жерінің кеңдігі мен байлығы тұрғысынан тәрбиелеу жанұяда да, балабақшада да айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Ғасырлармен өлшенетін қазақ халқының тарихымен мәдениетіне қатысты бала танымын ашу мақсатында түрлі көркемдік құралдарды қолдану, мұражайлар мен ескерткіштерге, театрлар мен өнер ошақтарына саяхат ұйымдастырғанның да әсері мол. Әлбетте, баланың ұлттық сана-сезімін жетілдіру халқымыздың тарихындағы ұлы тұлғалар (Тәуке хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан) ғұлама билері (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би), саусағынан өнер тамған күйшілері (Құрманғазы , Дина, Қорқыт) жайында түсінік беруінсіз неғайбыл 17.
Басты назарды даналарымыздың өсиет-өнеге сөздерін, тырнақ алды туындыларын жан-жақты ұғындыруға аударған абзал.
Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет үрдісінде дамиды. Баланың өсу сатыларындағы өзгерістерді ескере отырып , музыкалық қызметті баланың ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып, бағытқа салу әр музыка жетекшісінің міндеті. Балаларға музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айырықша роль жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Музыкалық аспаптарды балабақшада пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға деген әуестенушілік те, балалар оркестіріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады. Ән-күй жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды , есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді, ән айтуды т.б. үйренеді. Бұлардан басқа кейбір ойыншық аспаптар көрнекі құрал ретінде пайдаланылады 18.
Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн. Балалар аспаптарының дауысы таза, көлемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейілінше мықты болу керек.
Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады. Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кәдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады. Әрине, олар кәдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы көрінісі мен дыбыстауы жағынан ұқсас болғанымен мейілінше қарапайым болғандықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz