Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері



Қазақстан Республикасының “Бiлiм беру туралы” Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және тәрбиелеуге, сонымен қатар рухани және тәни күш-қуатын жетiлдiруге, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделi азамат тәрбиелеу мiндетi көзделген. Демек, балабақшадан бастан жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығын, мәдениетiн, салт-дәстүрiн терең таныстырып, бүгiнгi қоғам сұранысына ұлттық тәрбие берудің жаңарған жүйесiн жасау – бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi болып отыр.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болғаy адам білімді болады» демекші,балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы зор
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
5. «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.
6. Өтетілеуов Е.«Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
7. Педагогическое наследие (Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци- сборник)/сост: В.М.Кларин и др.-М: Педагогика, 198
8. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz.
9. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии /Пер. с араб. АН Республики Казахстан. Институт философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.- Алматы, «Ғылым», - 1993-456 с.
10. Ибн-Сина. Избранные философские произведения. /Пер. с араб. М.: Наука, 1980.
11. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы –Алматы, 1991.
12. Ұзақбаева А.С. «Тамыры терең тәрбие» -Алматы, 1995.
13. Жұбанов А.Қ. Ән – күй сапары, Алматы, «Ғылым» баспасы, 1976 .
14. Қоңыратбай Т.Ә. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры. –Алматы. «Мер Сал» 2003-164 б
15. Қоңыратбаев Ә. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары.-Алматы: «Қазақ университеті». 1991.-400 б.
16. 1. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық.
17. Нысанбаев Ә., Есім Ғ., Изотов М., Жүкешев К., т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
18. 2. Ұзақбаева С. Сырлы саздар тағылымы. Ұзақбаева С., Төлебаева Ж.- Алматы, 1999.- 28 б.
19. 3. Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер оқу әдістемелік құрал. Құрастырушылар Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. – Павлодар, 2007. – 59 б.
20. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1678 ж. Т-12. - 464 б.
21. Ұзақбаев С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. –Алматы, 1990.
22. Момынұлы П. Музыкалық тәрбие.- Алматы. ҚАЗақпарат, 2000.
23. Ұзақбаев С.А. Балаларға тәрбие берудегі халық дәстүрі. –Алматы, 1990.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестiлiгi. Егемендi елiмiздiң ертеңi - жастардың жан-жақты дамыған, тәлiм-тәрбиелiк iс-әрекет және бiлiм тереңдiгiмен өлшенедi. Жан-жақты, қабiлеттi ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазiргi таңдағы педагогика ғылымының өзектi мәселелерiнiң бiрi - жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда эстетикалық тәрбие беру арқылы жұмыс iстеуге қабiлеттi, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау 1.
Халқымыздың ғасырлар бойы өмiр сынынан өтiп келген ұрпақ тәрбиесi, жинақталған тағлымы, тәлiм-тәрбиелiк үлгiлерi және табиғат әсемдiгiн сезiну, дұрыс дүниетанымдық ұстанымдарының, өмiрлiк бағыттарының қалыптасуы, мәдениет пен өнердi бағалау, мәдени мiнез-құлықтарының қалыптасуы тәрiздi құндылықтар экологиялық, эстетикалық тәрбие арқылы берiлетiнi дәлелдендi. Бұл мәселенiң дұрыс жолға қойылмауы нәтижесiнде жастардың өрескел мiнез-құлыққа ұрынуы, тәрбиелiк мәнi төмен жат елдiк туындыларға елiктеушiлiк, рухани кедейленушiлiкке әкелiп соғады.
Сондықтан балаларды балабақша қабырғасынан бастап, мәдениетiн жетiлдiру, рухани сарайын ашу, халқымыздың салт-дәстүрiн енгiзудi оқу-тәрбие үрдiсiнiң тiрегiне айналдыру, яғни қазiргi заманғы талапқа сай музыкалық тәрбие негізінде балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру өзектi мәселе.
Балаларды музыкаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Балаларға музыкалық тәрбие берудiң маңызды аспектiлерi С.А.Ұзақбаева, Б.В.Асафьев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсенбинова, Ж.А.Сүлейменова, М.С.Осеннева, Б.Т.Лихачев, Ю.Б.Борев, Д.Б.Кабалевский, т.б. еңбектерi маңызды болып табылады 2.
Балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген 3.
Эстетикалық тәрбиелеу, экологиялық тәрбие арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселелерiне арналған еңбектердi және балабақша практикасында дәстүрлi оқыту жағдайындағы оқыту мен тәрбиелеу үрдiсiне терең талдау нәтижесiнде, рухани даму дәрежесi мен тәрбие деңгейiне қойылатын талап пен оны қалыптастыруда елеулi кемшiлiктер байқалып отыр.
Қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде, өнердiң үлкен маңызы бар. Табиғат сұлулығын көре білуге баулу баланың эстетикалық дүниетанымын, соның негiзiнде мәдениетiн қалыптастыру құралы болып табылады. Оның мәнi мынада: әрбiр адамның адамгершiлiк тұрғыда тәрбиеленуiне, әсемдiк әлемiне үйiрсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани деңгейiн көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себептi әрбiр баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру маңызды 4.
Қазiргi жағдайда балбақша практикасында ересек тобындағы балаларға музыкалық тәрбие беруде музыкалық мәдениетін қалыптастыру,музыкалық тәрбиеге, талғам сипатына дұрыс мән берiлмей отыр десек те болады.
Музыкалық тәрбие беруде музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәрбиешінiң тарапынан арнайы жұмыс жүргiзгенде ғана толыққанды мазмұнға ие болады. Олай болса, балаларға музыкалық мәдениетін қалыптастыру мәселесiн теориялық және әдiстемелiк тұрғыда зерттеу қажеттiгiне орай, ана тiлiндегi қазiргi ғылыми әдебиеттерде жеткiлiксiз қарастырылуы, аталған мәселенiң ғылыми негiздемесiн жасауда балаларға музыкалық тәрбие беру деңгейi мен қазiргi талаптар жүйесi арасындағы қайшылықтардың туындауы бiзге зерттеу тақырыбын: Ересек жас топтарындағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру деп таңдауымызға себепшi болды.
Зерттеу объектiсi: Мектеп жасына дейінгібалалардың музыкалық мәдениеті.
Зерттеу пәнi: ересек топтағы балаларға музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: ересек топтағы балаларға музыкалық тәрбие беру арқылы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудiң ғылыми болжамы: жеке тұлғаның iшкi мүмкiндiктерiне: көзқарасына, дүниетанымына т.б. сыртқы жағдайдың әсерi барысында, психологиялық заңдалықтарды пайдаланғанда, балаларда мәденидамуды қалыптастыратын оқу мен тәрбиенiң тиiмдi жолдары табылғанда ғана жүзеге асады. Музыкамен таныстыру, оның мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға музыкалық тәрбие беру арқылы музыкалық мәдениетін қалыптастыру
2. "Музыка ", "музыкалық талғам", "музыкалық мәдениет" ұғымдарын теориялық тұрғыда қарастыру.
3. Балаларға музыкалық, мәдени тәрбие беру ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн анықтау.
Зерттеу көздерi: философ, педагогтардың тәрбие, даму негiздерi жөнiндегi ғылыми еңбектерi, Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы Заңы", Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2030" даму стратегиясы және басқа да құжаттар мен ресми материалдар; қазақ халқының тарихи мәдениетi жөнiнде еңбектер; оқу-әдiстемелiк құралдар.
Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; балабақшадағы оқу-тәрбие құжаттарын (тәрбие жоспары, бағдарламалар) зерделеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. кiрiспеден, екi тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қорытындыдан тұрады.

I ЕСТИЯР ТОБЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы

Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және тәрбиелеуге, сонымен қатар рухани және тәни күш-қуатын жетiлдiруге, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделi азамат тәрбиелеу мiндетi көзделген [4]. Демек, балабақшадан бастан жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығын, мәдениетiн, салт-дәстүрiн терең таныстырып, бүгiнгi қоғам сұранысына ұлттық тәрбие берудің жаңарған жүйесiн жасау - бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi болып отыр.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болғаy адам білімді болады демекші,балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы зор 5. .
Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптаспақ. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны ерекше.
Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тыс мәселелердің бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқылы мектеп оқушыларынының музыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде:
-мектеп оқушыларын музыкалық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми - педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.
-мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттікке тәрбиелеу тиімдігінің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері аңықталса.
- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларын музыка өнері арқылы музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;
- оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрылып, тәжірибелік-педагогикалық тексерістен өткізіп, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана мектеп оқушыларының музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.
Сонымен бірге,
-музыка пәні арқылы мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделеді;
-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;
-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.
Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көнекөз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян.
Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттылығы балалар мен жастардың түсінік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды 6.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды,объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан барлық халықтар үшін біртұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа көшіре салу әсте мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған және халықтық бастау көздерге сүйенген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады.
Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналған.
Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс 7.
Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.
Мысалы, I кезең -- алғашқы жалпылама танысу кезеңі.
кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.
III кезең -- биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету.
Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.
Музыка сауатының қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады. Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы (рәміздері) ретінде әуен-саздан көркемдік ой тудыруға, мән-мағыналық түсінік білдіруге көмектеседі.
Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі практикалық қызметін жүйелеп, шығармашылық арнаға бағыттау және ұлттық дәстүрлі өнерлердің негізгі салаларымен таныстыра бастау. Ұлттық музыканың өзіндік ерекшеліктері мен рухани қадір-қасиетін бала танымына сіңіре білу әр ұстаздың ең қасиетті борышы екенін ерекше бөліп айтпақпыз. Әрбір ән-күй сабағында осындай ұлттық дәстүрлерге арналған танымдық бөлімдер болуға тиіс. Ән әуенін нотамен айту шеберлігін дамыту үшін, нота баспалдақтарының белгілерін саусақтармен белгілеу, сондай-ақ баспалдақтар арақатынасын графикалық суреттермен көрсету сияқты көрнекті құралдарды қолдану тәсілдері де музыка пөні әдістемесінде орын алуы керек.
Музыка пәнінде музыкалық-ырғактық қозғалыстарға баса мән берілгені жөн. Бұл әдістер оқушының музыкалық дамуына зор әсер етіп, түрлі орындаушылық шеберліктің қалыптасуына негіз болады. Музыка сазының метрикалық негіздерін ажыратуға, оның фразалық бөлімдерін сезінуге, шығарманың ырғақтық суреттерін түсінуге музыкалы-ырғақтық қозғалыстардың мәні өте зор. Музыка пәнінің негізгі мақсаттарынын бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр баланың жеке мүмкіндіктерін анықтап, соған дем беріп отыру. .

0.2 Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері

Егемен Қазақстанның ғылымы мен білімінің стратегиясы ұлттық білім мен тәлім-тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Үшінші мыңжылдық жылнамасын ашып отырған бүгінгі Қазақстанның білім беру саясатындағы өзекті ой - еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты факторларының бірі екендігінде. Еліміз ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенінің тарихи сабақтастығымен айқындалады 8.
Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибе із-түзсіз жоғалып кетпейді, ол ұлттық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталып отырады. Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу - елдің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады , - деп атап көрсеткен [6]. Бұл тұрғыда, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгi де білім мен тәрбие беру ісіне жүктелетіні, ал ол үрдіс әлемдiк жаһанданудың тұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге әкелетіні сөзсіз. Осы тұста балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:
- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту; .
-Ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып әнге баулу; .
- Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту; .
- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
- Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет. .
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі 9. .
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық - дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану - музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды. .
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді. .
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады 10.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсерісөзсіз.
Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады 11.
Қазіргі замнғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Естияр топтағы балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Монолог кітап стилінің тілі
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Пәндер