Ұңғыма туралы түсінік



Ұңғыма — тау жыныстарының қалыңдығына салынатын тереңдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін, диаметрі 75 мм жоғары болатын дөңгелек қималы кен қазбасы. Ұңғыма элементтері: сағасы — бетке шығатын жері; забой — түбі; оқпан немесе қабырға — бүйірлік беті. Оқпан осі бойымен сағадан забойға дейінгі арақашықтық — ұңғыма ұзындығы, ал тігінен ось проекциясы бойынша арақашықтық оның тереңдігі болып табылады.
Ұңғымаларды, әдетте бір аралықтан екінші аралыққа диаметрді азайта отырып бұрғылайды. Әдетте, бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспайды, ал соңғысы 75 мм-ден аз болуы сирек. Ұңғымалардың тереңдеуі забойдың бүкіл ауданы бойымен (тұтас бұрғылау) немесе оның шеткі бөліктері бойымен (ұстандық бұрғылау) жыныстарды бұзу арқылы жүзеге асырылады.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ұңғыма туралы түсінік. Ұңғыма -- тау жыныстарының қалыңдығына салынатын тереңдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін, диаметрі 75 мм жоғары болатын дөңгелек қималы кен қазбасы. Ұңғыма элементтері: сағасы -- бетке шығатын жері; забой -- түбі; оқпан немесе қабырға -- бүйірлік беті. Оқпан осі бойымен сағадан забойға дейінгі арақашықтық -- ұңғыма ұзындығы, ал тігінен ось проекциясы бойынша арақашықтық оның тереңдігі болып табылады.
Ұңғымаларды, әдетте бір аралықтан екінші аралыққа диаметрді азайта отырып бұрғылайды. Әдетте, бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспайды, ал соңғысы 75 мм-ден аз болуы сирек. Ұңғымалардың тереңдеуі забойдың бүкіл ауданы бойымен (тұтас бұрғылау) немесе оның шеткі бөліктері бойымен (ұстандық бұрғылау) жыныстарды бұзу арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жағдайда ұңғыма ортасында жыныс-өзек (жыныстың цилиндрлік бағаны) қалады, оны өткен қима жыныстарын зерделеу үшін беттік қабатқа оқтын-оқтын көтеріп отырады. Ұңғымаларды құрлықта да, теңізде де арнайы бұрғылау қондырғылары арқылы бұрғылайды. Мұнай мен газды өндірудің үздіксіз өсуі тек ондаған жаңа мұнай мен газ кен орындарын барлауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ететіндей мыңдаған ұңғымаларды бұрғылаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері. Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау кезіндегі барлық механикалық бұрғылау кезіндегі барлық механикалық бұрғылау тәсілдерінің ішінде айналмалы бұрғылау кең қолданылады. Айналмалы бұрғылау кезінде жыныстардың бұзылуы қашауға біруақытта жүктеменің және айналдырушы моменттің әсер етуі нәтижесінде жүзеге асады. Жүктеме әсерінен қашау жынысқа енеді, ал айналдырушы момент әсерінен оны опырады, бөлшектейді және қажайды.
Бұрғылаудың -- роторлық және забойлық қозғалтқыштарды (турбобұрғы немесе электробұрғы) пайдаланатын екі тәсілі бар. Ротарлық бұрғылау кезінде қозғалтқыштың қуаты шығар арқылы роторға мұнараның орталығындағы ұңғыманың сағасының үстінде орнатылған айналмалы механизмге беріледі. Ротор бұрғылау бағанасын қашаумен бірге айналдырады. Бұрғылау бағанасы жетекші құбырдан және оған ауыстырма көмегімен винттелген бұрғылау құбырынан тұрады. Забойлық қозғалтқышпен бұрғылау кезінде қашау білікке, ал бұрғылау бағаны, әдетте ротормен айналмайды.
Сонымен, роторлық бұрғылау кезінде қашаулың жынысқа тереңдеп енуі ұңғыма осі бойымен жылжып отыратын айналмалы бұрғылау бағанасы арқылы жүреді, ал забойлық қозғалтқышпен бұрғылау кезінде айналмайтын бұрғылау бағанасы арқылы жүреді. Айналмалы бұрғылаудың өзіне тән ерекшелігі -- забойда қашаудың жұмыс істеп тұрған барлық уақыты кезінде ұңғыманы сумен немесе арнайы дайындалатын сүйықтармен жуу болып табылады. Ол үшін қозғалтқыштан іске қосылатын екі бұрғылау сорғылары көмегімен жуғыш сұйықтық құбыр арқылы мұнараның оң бұрышында бекітілген қадауша-құбырға айдалады, одан әрі майысқақ бұрғылау құбыршегіне, тік люгке және бұрғылау бағанына барады. Қашауға жеткен соң, жуғыш сұйықтық онда бар тесік арқылы өтіп, ұңғыма қабырғасы мен бұрғылау бағаны арасындағы сақиналық кеңістік бойымен беткі қабатқа көтеріледі. Мұнда науда және тазартқыш механизмдерде жуғыш сұйықтық бұрғыланған жыныстардан тазартылады, содан соң бұрғылау сорғылардың қабылдау сыйымдылықтарына түседі және қайтадан ұңғымаға айналады.
Ұңғыма тереңдеген сайын кронблоктан, белдік блоктан, ілгектен және белдік арқаннан тұратын полиспасты жүйеге ілінген бұрғылау бағаны ұңғымаға беріледі. Жетекші құбыр ротордың бүкіл ұзындығына енгенде, шығырды қосады, жетекші құбырдың бар ұзындығына бұрғылау бағанын көтереді және элеватор немесе ротор үстеліндегі сыналар көмегімен бұрғылау бағанын іледі. Содан соң, алдын ала көлбеу ұңғымаға (шурфқа) ұзындығы жетекші құбырдың ұзындығындай етіп бекітілген жетекші құбырды тік люкпен бірге винтпен бұрап ашып, айналдыра қойылған құбырларға ағызады. Бұл ұңғыманы алдын ала мұнараның оң бұрышына, оның орталықтарынан аяғына дейінгі арақашықтықтың шамамен ортасына бұрғылайды. Содан соң, бұрғылау бағанын оған екіқұбырды бұрып винттеу арқылы ұзартады, оны элеватордан немесе сыналардан алып, ұңғымаға екіқұбыр ұзындығына түсіреді, элеватор немесе сынарлардан алып, ұңғымаға екіқұбыр ұзындығына түсіреді, элеватор немесе сыналардың көмегімен ротор үстеліне іледі, шурфтан жетекші құбырды тік люкпен көтереді, оны бұрғылау бағанына винттеп бекітеді, бұрғылау бағанын сыналардан немесе элеватордан босатады, қашауды забойға дейін жеткізеді де, әрі қарай бұрғылауды жалғастырады.
Тозған қашауды ауыстыру үшін ұңғымадан бүкіл бұрғылау бағанын көтереді, содан соң оны қайта түсіреді. Түсіру-көтеру жұмыстарын сонымен қатар, полиспасты жүйе көмегімен де жүргізеді. Шығыр барабаны айнал-ған кезде, белдік арқан барабанға оралып немесе одан шешіліп, белдік блок пен ілгектің көтерілу немесе түсуін қамтамасыз етеді. Ілмекке штроптар мен элеватор көмегімен көтерілген немесе төмен түскен бұрғылау бағанын іледі.
Бұрғылау бағанын көтерген кезде оларды бұрап, сек-цияларға бөледі, ал олардың ұзындығы мұнара биіктігімен анықталады (мұнара биіктігі 41 м кезінде 25 м жуық). Бұрап алынған секцияларды шамдар деп те атайды, оларды мұнара фонарының шамдалына орнатады. Бұрғылау бағанасын ұңғымаға кері ретпен түсіреді. Сонымен, ұңғыма забойындағы қашаудың жұмыс жасау үдерісі бұрғылау бағанын ұзарту кезінде жөне тоз-ған қашауды ауыстыру кезіндегі түсіру-көтеру жұмыс-тарымен тоқтатылып отырады. Забой қозғалтқыштарының екі түрі -- турбобұрғы және электрбұрғы кең қолданылады.
Турбобұрғымен бұрғылау кезінде турбобұрғы білігінің айналуы, бұрғылау бағаны бойымен турбобұрғыға келетін жуғыш сұйыңтықтың ағынының гидравликалық энергиясының, қашау берік байланысқан турбобұрғы білігіне түсетін механикалық энергияға айналуы есебінен болады. Электробұрғымен бұрғылау кезінде энергия оның қозғалтқышына, секциялары бұрғылау бағаны ішінде концентрлі бекітілген кабель бойымен беріледі.
Әдетте, ұңғыма қимасының жоғарғы учаскелерінде осы заманғы шөгінділер болады, олар бұрғылау үдерісі кезінде айналып тұратын сұйықтық ағынымен оңай шайылып отырады. Сондықтан да, ұңғыманы бұрғылауды бұрғылау қондырғысы негізі астындағы жыныстардың шайылуына қарсы сәйкес шаралар ңолданғаннан кейін ғана бастайды. Ол үшін ұңғыманы бұрғыламас бұрын, тұрақты жыныстарға дейін (4-8 м) шурф салады және оған жоғарғы бөлігінде кесілген терезесі бар құбыр түсіреді. Құбыр мен шурф қабырғасы арасындағы кеңістікті тоқпақ тастар және цементті ерітіндімен толтырады. Нәтижесінде ұңғыманың сағасы берік, сенімді бекітіледі. Құбыр терезесіне қысқа металдық науа дәнекерленіп, ол арқылы ұңғыманы бұрғылау кезінде жуғыш сұйықтық науалық жүйеге және тазалау механизмдеріне бағытталады. Шурфта орнатылған құбырды бағыт деп атайды.
Бағытты қондырғаннан кейін және басқа да бірқатар жұмыстарды (жабдықтарды бақылап қарау, құралдарды құру және жөндеу, полиспасты жүйені жабдықтау, жетекші құбыр астына шурфты бұрғылау) жүргізгеннен соң, құрылған бұрғылау қондырғысының дайындығы жөнінде акт жасайды және ұңғыманы бұрғылауға кіріседі.
Бұрғылау үдерісін күрделендіретін (әдетте 50-400 м) тұрақсыз, жұмсақ, жарықшақты және кавернозды жыныс- тарды бұрғылаған соң, бұл горизонттарды жабады және оқшаулайды, ол үшін ұңғымаға винттелген болат құбырлардан тұратын айнала орнатылатын бағананы -- шеген бағананы түсіреді, ал оның құбырдан тыс кеңістігін цементтеп тастайды. Бірінші айнала орнатылатын шеген бағана кондуктор депаталады.
Кондукторды түсірген соң, әрдайым ұңғыманы жобалық тереңдікке дейін бұрғылау, жаңа күрделендіруші горизонттардан өтетіндіктен немесе дәл осы ұңғыманы пайдалануға жатпайтын өнімді қаттарды жабу қажет болған жағдайларда жүргізілмейді. Мұндай жағдайларда аралық деп аталатын екінші шеген бағананы түсіру жөне одан әрі оны цементтеу қажеттілігі туындайды. Одан әрі ұңғыма тереңдеген сайын оқшауландыруды қажет ететін горизонттар қайта кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда, екінші аралық бағана деп аталатын үшінші шеген бағананы түсіреді және цементтейді. Бұл жағдайда, мұның алдында түсірілген шеген бағана бірінші аралық бағана деп аталады. Күрделенген бұрғылау жағдайларында, мұндай аралық бағаналардың саны үшеу, тіпті төртеу болуы да мүмкін.
Ұңғыманы жобалық терендікке дейін бұрғылағаннан кейін пайдалану бағанасын түсіреді жөне цементтейді. Ол мұнай немесе газды ұңғыма забойынан сағасына дейін көтеру үшін немесе өнімді қатқа ондағы қысымды сақтау үшін, су (газ) айдау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұңғымалардың конструкциясы
Ұңғыма түбі жабдығы
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН ИГЕРУ ЖӘНЕ БҰРҒЫЛАУ
Мұнай және газ ұңғымаларын игеру
Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
Суды төмендету жұмысы
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтары
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
«Газ ұңғымаларының жұмыстары»
Пәндер