Дербес компьютердің құрамы



Кіріспе
1.Ақпараттың компьютерде бейнеленуі.
2.Бульдік алгебра және компьютердің логикалық сұлбасы.
3.Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері.
3.Процессордың ұйымдастыру архитектурасы.
4.Компьютер жадысын ұйымдастыру.
5.Адрестеу жүйесін ұйымдастыру.
6.Ақпаратты сақтаудың логикалық және физикалық негізі.
7.Дербес компьютердің құрамы.
8.Пайдаланылған әдебиеттер
Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрле-рін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.Компьютерлік техника - ақпараттарды өңдеуде қолданылатын амалдар ішіндегі ең маңыздысы. Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бульдік алгебра және компьютердің логикалық негізі
Электронды есептеуіш машиналары берілген программа бойынша есептеу амалдарын орындауға арналған құрылғы. Электрондық машина - дегеніміз ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін электрондық аспап. Бұл машиналардың электрондық деп аталатын себебі олар электрондық элементтерден құралған. Әрбір элемент ақпа¬ратты өңдеу немесе сақтаудың белгілі бір функциясын атқарады.
1.Бройдо В.Л. Персональные ЭВМ: Архитектура и программирование на Ассемблере.СПб.: ГИЭА, 1994 г.
2.Нортон П. Программно-аппаратная организация IBM PC. –Киев: 1997 г.
3.Гельман В.Я. Медицинская информатика. СПб. “Пи¬тер”. 2001 г.
4.Герасевич В. Компьютер для врача. СПб. 2002 г.
5.Симонович С. В. Информатика. Базовый курс. СПб. “Пи¬тер”. 2003
6.Глушаков С.В., Сурядный А.С. Персональный компьютер. М.Фолио. 2004 г.
7.Макарова Н.В. Информатика 3-издание. Москва 2006 г.
8.Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. 2004 ж.
9.Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. 2006 ж.
10.Лыскова В., Ракитина Е. Логика в информатике. Москва 2006 г.

Дербес компьютердің құрамы
Жоспар
Кіріспе
1.Ақпараттың компьютерде бейнеленуі.
2.Бульдік алгебра және компьютердің логикалық сұлбасы.
3.Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері.
3.Процессордың ұйымдастыру архитектурасы.
4.Компьютер жадысын ұйымдастыру.
5.Адрестеу жүйесін ұйымдастыру.
6.Ақпаратты сақтаудың логикалық және физикалық негізі.
7.Дербес компьютердің құрамы.
8.Пайдаланылған әдебиеттер
Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрле - рін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.Компьютерлік техника - ақпараттарды өңдеуде қолданылатын амалдар ішіндегі ең маңыздысы. Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бульдік алгебра және компьютердің логикалық негізі
Электронды есептеуіш машиналары берілген программа бойынша есептеу амалдарын орындауға арналған құрылғы. Электрондық машина - дегеніміз ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін электрондық аспап. Бұл машиналардың электрондық деп аталатын себебі олар электрондық элементтерден құралған. Әрбір элемент ақпа - ратты өңдеу немесе сақтаудың белгілі бір функциясын атқарады. Мұндай элементтер жиынтығы - нтегралдық схема болып табылады.Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т.б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент - ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. Логикалық элемент деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында.
Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
Компьютердің логикалық элементтері
Деректер мен командалар ұзындығы мен құрылымы әр түрлі екілік тізбектер түрінде беріледі. Компьютердің электрондық құрылғыларында екілік бірлік екілік нөлге қарағанда, кернеудің жоғары деңгейімен кодталады.Компьютердің логикалық элементі - элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз.Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады. Вентильдердегі 1 және 0 болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік және шығыстық сигналдарында кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сәйкес болады. Әдетте жоғарғы деңгей - ақиқат (1) мәніне, ал төменгі деңгей - жалған (0) мәніне сәйкес болады.Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісіболады. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді.Әрбір логикалық амал үшін ақиқат кестесі қолданылады. Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы. Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.Компьютердің негізгі бөліктерін құрайтын әртүрлі интегралдық микросхемалардың арғы физикалық түбірі-осы күрделі логикалық өрнектер болып табылады.
ЖӘНЕ элементі.ЖӘНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады.Белгіленуі: Х1ÙХ2, Х1&Х2, Х1xХ2, Х1 AND Х2, Х1 және Х2.ЖӘНЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мәндерінің конъюнкциясын жүзеге асырады. Құрылымдық схемаларда екі кірісі бар. Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, Х1 және Х2 конъюнкциясы ақиқат.Х1 немесе Х2 пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда Х1 және Х2 конъюнкциясы жалған болады.Техника жүзінде, конъюнкция конъюнктор деп аталатын құрылғысының көмегімен іске асырылады. Конъюнтордың қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің тізбектеліп қосылуы табылады.Бұл жағдайда қарапайым ақиқат пікірге кілттің тұйықталуы, ал ақиқат күрделі пікірге жанып тұрған электр шамы сәйкес келеді.Егер конъюктордың кірісінде 1 болса, шығуында 1 болады.Бұл физикалық тұрғыдан қосылғыштарды тізбектей жалғануы арқылы сипатталады.
НЕМЕСЕ элементі.Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 және Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу), ал операцияның нәтижесі - логикалық қосынды деп аталады.Белгіленуі: Х1ÚХ2, Х1\Х2, Х1+Х2, Х1 OR Х2, Х1 немесе Х2.НЕМЕСЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мәндерінің дизъюнкциясын жүзеге асырады. Құрылымдық схемаларда екі кірісі бар.Х1 немесе Х2 пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда, Х1 және Х2 дизъюнкциясы жалғанХ1 және Х2 пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, Х1 және Х2 дизъюнкциясы жалған.Техника жүзінде, дизъюнкция дизъюнктор деп аталатын құрылғының көмегімен іске асырылады. Дизъюнктор қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің параллель қосылуы болып табылады.Бұл жағдайда акиқат қарапайым пікірге кілттің тұйықталған күйі, ал күрделі ақиқат пікірге жанып тұрған электр шамы сәйкес келеді.Көрініп тұрғандай, бір тұйық кілт болғанның өзінде де, шам жанып тұрады.Дизъюнктордың шығысында 1 болады, егер ең болмағанда кірісінің біреуінде 1 болғанда.Бұл физикалық тұрғыдан қосылғыштардың параллель жалғануы арқылы сипатталады.
ЕМЕС элементі.Қарапайым Х айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы немесе инверсиядеп аталады.Белгіленуі: Х, ØХ, NOT Х, Х ЕМЕС.ЕМЕС схемасы терістеуді жүзеге асырады. Бұл схеманың Х кірісі мен 12РӨ' шығуының X = 12РӨ' арасындағы байланысты қатынасымен жазуға болады, мұндағы х емес немесе х инверсиясы деп оқылады.Бұл схеманың кірісінде 0 болса, шығуында 1 болады.Ал кірісінде 1 болғанда, шығуында 0 болады. Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу-ақиқат.Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу-жалған.Бұны физикалық тұрғыдан қалыпты тұйық реленің (серіппе астылық) көмегімен іске асырауға болады. Орамға реле ток берген кезде (кіріс сигналы 1-ге тең), реле жұмыс істей бастайды және байланысты ажыратады. Егер тізбекте ток болмаса, онда ол тұйықталады.Бұлардан басқа да логикалық алгебрада көптеген басқа да логикалық амалдар кездеседі.
Типтік логикалық қүрылғылар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады. .
Логикалық элементтерден триггер деп аталатын, кең таралған есептеуіш машина элементін құрастыруға болады. Ол екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Жадының қазіргі кездегі микросхемаларында миллиондаған триггерлер бар.Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады.Регистр енгізген ақпаратты есте ұстайды және оны қажетті уақытқа дейін сақтайды.
Сумматорлар(қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалық- логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.
Шифратор. Бұл құрылғы өзінің кірістерінің біреуінде сигналды шығысында сәйкесінше сигналдар теріміне түрлендіреді. Ол сигналды кодқа айналдырады да және оны машинаға ыңғайлы етеді. Дешифратор шифратордың әрекеттеріне кері амалдарды орындайды, яғни әрбір кіріс сигналдарының комбинациясына тек бір ғана шығу сызығын береді. Дешифратор амалдар кодтарының шифрын ашу үшін пайдаланылады.Бұл элементтер шала өткізгішті диодтармен, транзисторлармен құрылады.Бірақ соларды басқару үшін аргументтік мәндерді тағайындайтын тізбектер қажет.
Есептеу техникасының даму сатылары
Есептеу техникасының дамуын ЭЕМ-нің бес ұрпағына бөлуге болады, олар бір-бірінен элементтік базасымен, логикалық ұйымдасуымен, математикалық жабдықталуымен, адамның машинамен қарым-қатынасының ыңғайлылығымен ажыратылады. ЭЕМ ұрпақтарының алмасып отыруы, оның элементтік базасының дамуымен байланысты.
1-буын - электрондық шамдар негізінде болды.Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған шамдар орналасқан алып құрылғылар болды.
2- буын - жартылайөткізгіш диод пен транзисторлар негізінде болды .Оларда электр шамдарының орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты аз болды, онымен қатар амалдарды орындау жылдамдығы секундына он мыңдаған амалға жетті.
3- буын - интегралдық схемалар негізінде болды .Бұл машиналардың жады үлкен, амалдарды орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға жетті. Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына мүмкіндік туды.
4- буын - үлкен интегралдық схемалардан тұратын компьютерлер шыға бастады.ЭЕМ-дер 70- жылдардан бастап өндіріске енді. Оның жады мен көлемі бірінші буындағы машиналардың амалдарды орындау жылдамдығының ондағанымен пара-пар болды.
5-буын - аса үлкен интегралдық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсінуі қажет. Яғни, ЭЕМ Жасанды инттелект негізінде құрылуы қажет.
Электроника табыстарының нәтижесінде жасалынған техникалық ас - паптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалынады (Laptop немесе Note book). Қазіргі кезде ДК адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Соның ішінде медицинада кеңінен қолданылады. Мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу) , халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т.б.) Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.Түрлі физиологиялық қисықтарға (ЭЭГ, ЭКГ және т.б.) автоматты талдау жұмыстарын жүргізу.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.ДК - дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.
1.Жүйелік блок
2.Монитор
3.Перне тақтасы
4.Тышқан
Жүйелік блок
Компьютердің негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:
-процессор;
-жедел жад (RAM);
-тұрақты есте сақтау жады (ROM);
-қоректендіру блогы;
-енгізу-шығару порттары;
-ақпарат тасушылар.
Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.
Микропроцессор
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып та - былады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жыл - дамдығының көрсеткіші - мегагерц -МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр.
Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конс - трукциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жыл - дамдығы да өсе түседі.Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлар - дың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математи - калық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.
Жедел жад
Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM - мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.
Тұрғылықты диск
(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады
Иілгіш дисктерге диск жетегі
Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 - дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы - 1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегі А әрпі белгіленеді.
CD және DVD диск жетектері
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVDдисктер - ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.Дискілер бір рет жазылатын (CD - R және DVD - R) және қайталап жазылатын (CD - RW және DVD - RW) болады.
Бейнекарта
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. Тұрғылықты жері бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
Дыбыстық тақша
Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі.
Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар - ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер.
Порттар
Порттар - корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.
Монитор
Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі-түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді.(әдетте кинескоп немесе матрица диагоналы -9 - 42 дюйм(немесе 23-106см)болады.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды ғана көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын бе - ретін логикалық схемалар орналасқан.
Кең тараған адаптерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазір - гі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Пернетақта
Пернетақта - дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.Пернелік тақта стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгігі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:
- алфавиттік-цифрлік және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, бос орынның белгісі.;
- функционалдық пернелер: F1 - F12
- әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), Prіnt Screen және "*", "+", "-" тәрізді пернелер;
Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up, Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер.Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар теру режиміне көшеді.Бағыттауыш ( ) пернелер мен Home, End, Page Up, Page Down пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды.
Delete, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
ЭЕМ-нің құрылғылары,құрамы және қызметі
Есептеу жүйесі
Қалыптардың басқару элементтері
Мәліметтердің негізгі құрылымы
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы туралы ақпарат
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Ақпараттық технологиялар
Photoshop ортасында «Компьютер архитектурасы» пәнін оқыту әдістемесі
Пәндер