Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы



Кіріспе
1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны
3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
5. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
8. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
9. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
10. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
11. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Мазмұны

Кіріспе
1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны
3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер,
әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын
себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан
немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық
қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық
таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе
қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң
үстемдігі болмаса демократия жоқ, – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли,
Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп
қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.

1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар

Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе – Кеңес дәуірінде елімізде
марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде
қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны,
басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді,
дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу,
пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің
ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе – азаматтык қоғам деген алғашқы қауымдық
қоғамда да, құл иелену формациясында да, феодалдық формация да болған жоқ.
Себебі ол қоғамдарда азаматтық деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек
буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет – тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын,
теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның
алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы
бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық
мемлекет екі жақгы жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г.Гроцкий, Б.Спиноза, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро,
П.Гольбах, Т.Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық
– адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл,
парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған
нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет
қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын,
теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк – Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет
адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі
мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан
зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін,
ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін
қалыптастыру деп түсіндірді.
Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық
философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет
құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-
жақты жақсартуы.
Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған.
Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда
құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық
Маркстің ұғымында, – қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға
бағындырып, халықтың мүдде – мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда
ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып,
дүниежүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас
қалыптасты деуге толық болады.
Сонымен, құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі
мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен
құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші – адам, қалың бұқара.
Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық
саласын басқаруға қатыстыру қажет.
2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны

Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған
себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму
процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен
Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық
ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып,
қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз – азаматтық қоғам мазмұнының
сан қырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
- экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;
- адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
- заңды, демократиялық билік, ақпаратқа бостандық беру;
- заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
- таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін,
санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның құрылымы – Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына
сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы – адам. Адам қоғам құрылымының негізгі
элементі – діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек
ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары – азаматтық
қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады:
әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе – объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың
бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бұл жүйе
азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді:
бірінші тобы – қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ:
отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы – адамдардың
өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы – қоғамдық ұйымдардың,
таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.
Экономикалық жүйе – қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен
өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл
жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік,
кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және
қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе – мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде
ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың
даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек
заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.
Рухани-мәдени жүйесі – осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар
мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім,
ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе – осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар,
бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен
арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор
маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар
және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі – нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен
құқықтарының қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына
азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға
толық құқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-
мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен
байланыс жасауға құқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына
мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті
өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста
жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам – толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы
қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол
мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып,
өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік
жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының
Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші
бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары
былай деп жарияланған: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. (ҚР
Конституциясы. А. 1995. 4 б.)

3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық
проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде
құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық
елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес.
Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы,
саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық
ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде
қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында
объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне
сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның
толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен
өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық
мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде
болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету
үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік,
экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын
азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың
жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Азаматтық қоғам жайлы
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Құқықтық мемлекеттің пайда болуы
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғамның құрылымы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Пәндер