Халықаралық сауда туралы



І Кіріспе:
Халықаралық сауда

ІІ Негізгі бөлім
1) Дүниежүзілік сауданың құрылымы
2) Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі

ІІІ Қорытынды
Халықаралық экономикалық қарым.қатынастардағы рыноктық механизм
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай да бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
1. Экономикалық теория негіздері. 2 бөлім.
2.Әлем экономикасы. Сахариев Сембай Сахариевич,
Алматы «Дәнекер» 2003ж Сахариева Анель Сембаевна
3. Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.
4. Егемен Қазақстан
5. Исингарин Н. Проблемы интеграции в СНГ. Алматы, 1998.
6. Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Алматы, 2000.
7. Исингарин Н. 10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решения. Алматы, 2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Халықаралық сауда

Орындаған: ________________

Қабылдаған: ________________

Алматы 2007ж

Ж О С П А Р :

І Кіріспе:
Халықаралық сауда

ІІ Негізгі бөлім
1) Дүниежүзілік сауданың құрылымы
2) Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі

ІІІ Қорытынды
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастардағы рыноктық механизм

Кіріспе

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең
дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі
елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: қандай да бір ел
болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға
байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел
дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ.
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі
елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын
байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық
тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп
жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы
мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын
күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына
мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда да фритретерствоны (еркін сауда) немесе
протекционизмді (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап
алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі
кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатын ең алғаш А.Смитт өзінің
Салыстырмалы артықшылқтар теориясында анықтаған. Ол:
айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті
артықшылықтар табады- деп жазған.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда
жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың
жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың
дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі
капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық
революция;
3. дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді
қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы келісімнің шаралары арқылы
халықаралық сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден
бағасы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
нарықтың қалыптасуы;
7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар жаңа индустриалды
елдердің пайда болуы, тағы басқа да жағдайлар.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының
әркелкілігі байқала бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді
қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына
әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан
айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 13
тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне
жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық
сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары
машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде
бірінші орынға шықты. Сол кезеңдерде өз тауарларының бәсекелік
мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның жаңа индустриалды
елдері - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы
төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне
жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы
сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа
қазба байлықтар, инфрақұралым, байланыс құрал-жабдықтар тағы
басқа факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның
баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік
нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық
шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы
жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатында АҚШ пен
Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті
үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан
соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань,
Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға
(шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі
дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа
кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен жаңа
индустриалды елдер өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде
айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын
өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен
жабдықтардың үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес
1994 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына
мыналар кіреді:

Мемлекеттер Экспорт млрд. Дүниежүзілік
доллар саудадағы орны-%
1.АҚШ 512 12,3
2.Алмания 421 10,1
3.Жапония 397 9,5
4.Франция 236 5,7
5.Ұлыбритания 205 4,9
6.Италия 189 4,5
7.Канада 165 4,0
8.Гонконг 152 3,7
9.Голландия 148 3,6
10.Белгия 131 3,1
11.Қытай 121 2,9
12.Сингапур 96 2,3
13.Оңтүстік Корея 96 2,3
14.Тайвань 93 2,2
15.Испания 73 1,7

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді.
Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік
сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек
бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын
ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны үлкен үштік: АҚШ
- Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Дүниежүзілік сауданың құрылымы. Дүниежүзілік сауданың
қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-өңдеуші
өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды
тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар
экспорты жылына -500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы
технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен
жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты
ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие
қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен
жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін
өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг,
ақпаратты есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг- клиентке көрсетілетін иинженерлік
қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған
күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғарғы
нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг
материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын
тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.
Лизинг- машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге
арендаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық
деңгейде өнеркәсіп –банк монополияларының жалғасып кетуінің
жаңа нысаны.
Консалтинг- жобаларды дайындау және жүзеге асыру
кезіндегі кеңес беру қызметі.
Соңғы онжылдықта (1985-1996ж.ж.) өнеркәсібі дамыған
елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. әсіресе
электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел
қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық
өнімдері экспортының 25%-і тиеді.
Халықаралық сауда жедел дамып келе жатқан саланың бірі –
химиялық өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа
сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудасының қарқынды
дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі:
біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді
ұлғайтуды; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы
қалдықсыз, терең өңдеу процесін қолдану.
Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың
біршама азайғандығы байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі
дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің
жоғарылауымен байланысты.
Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, соңғы
онжылдықта (1985-1996ж.ж.) халықаралық сауда жыл сайын орта
есеппен 5,2%-ке өскен. Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта
бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы халықаралық сауданың өсуі 8,2%
болса, 1993 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі:
өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал,
дәл осы кезеңде азиялық жаңа индустриалды елдерде сыртқы
сауда қарқыны 10%-н асқан. 1994 жылы халықаралық сауданың
көлемі 9,5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу
тенденциясы тоқтаған.
Дүниежүзілік сауданың 90-шы жылдардың орта шенінде жедел
өсуі , АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының
қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр
Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының
жақсарғаны да әсер етті. Егер сауда саласындағы кедергілер
біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар нарығы жыл
сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ,
оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік.
Бұл орайда бірқатар проблемелар да көрсетер еді. Оның
негізгісі – мемлекетарлық экономикалық топтар, сауда-
экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік
тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктық есептеулерге
қарасақ бұл одақтардың шеңберіндегі 90-шы жылдары дүниежүзілік
сауданың 42%-ы жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтары мынадай
құрамда:
1. Еуропалық Одақ – Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия,
Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания,
Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2. еуропалық еркін сауда ассоциациясы – Исландия, Норвегия,
Швейцария, Лихтенштейн.
3. еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім АҚШ, Канада,
Мексика.
4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы – Австралия,
Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа
Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония,
Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.
5. Меркосур - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6. Оңтүстік Африкалық даму комитеті – Ангола, Ботсвана, Лесото,
Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания,
Зимбабве.
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ – Кот’д
Ивуар, Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы – Индия,
Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Мальдив, Бтан, Непал.
9. Анд факті – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.
Аталған Одақтастықтарды құруының негізінде саяси,
экономикалық, тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл
процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына
әсер етеді, екінші жағынан кез келген жабдық құрылымдарға тән
бірқатар кедергілер де болады.
Біртұтас әлемдік нарықтар жүйесін қалыптастыру бағытында
әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін
сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Сауда-экономикалық одақтастарына мүше елдер қайшылықты
жағдайларды ескере отырып, проблемелардың оңтайлы шешімін
іздестіру үстінде.
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі.
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на және басқа да көптеген
халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық
сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар
жасады.
Қазақстан экономикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы үшiн жауаптылық
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Қазақстанның экспорты мен импорты
Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
ДСҰ міндеттері
Пәндер