Абай Құнанбаевтың ғұмырнамасы



ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
2. БIЛIМГЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ
3. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ РЕАЛИСТ.АҚЫНЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КIРIСПЕ

Абай туралы жазу - кез келген ғалым ғана емес, исі қазақ атаулының көкейкесті мұраты. Өйткені ұлы ақын есімі өзінің өлең туралы айтқан нақыл лебізіндей бала боп туғаннан ақырғы рет көз жұмғанға дейінгі аралықта адам қиялын тербеп, ойын он саққа бөледі, қиналған сәттерде жол нұсқап, жабырқау жанға жұбаныш, үміткер көңілге сәуле әкеледі.
Рас, әлемге әйгілі суреткер Мұхтар Әуезов Абайдың жас шағында намыскер, атақ-даңқтан мақұрым қалғысы келмес өркеуде мінезін сыпайы ескерткенмен, ұлы Ақын еш уақытта қара басының қамын күйттемеген, халқы үшін зар төксе, сый, абырой алу үшін емес, биік адамзаттық парасат сезіммен, нәзік, ойшыл ізгі жаратылысына тән мұңшыл күймен шерленеді. Әрине, жұмыр басты пенде болған соң Абай орынды құрмет, ықыластан бас тартуға әдді жоқ. Бірақ асыра мақтау, жағыну, алдамшылық пен жалған көлгірсуге төзбеген. Тірісінде қапалыққа ұшыраған ақынның бүгінде әлемге әспеттелуі оның өзі үшін емес, біздің елдігімізді, ұлттық тірлігіміз бен интеллектуалдық өре-өрісімізді көрсету үшін қажет болғаны ғой. Әйтпесе Абай атамыздың бірталай шығармаларын кездейсоқ жазып, тастай бергені, отырған жұртқа тарата салғаны оның болашаққа өлең арқылы жетуді бірден бір мақсат санамауына кепіл. Лев Толстой аумақты үйелменімен дәм үстінде әдеттегідей тебірене отырып, "Егер Иисус Христос жерге қайтып келсе, жұрт одан қолтаңба алумен ғана бар. Сонымен қатар жақындағы шынардың сұңғақ бітім, алып саясын алыстан тез байқау басым екені белгілі. Абайдың әділетшіл, кінәшіл, адал да сезгір жүрегін осқылаған дөрекі жайлардың бірі осы мінезге күйінуден байқалатын. Абайдың даналығы сонда - Лев Толстой немесе одан да әріде Гераклит айтқандай, өмірдің өткіншілігі мен қас қағым сәттегі өзгерістерін бар жан тамырларымен сезінген. Абайдың ойшылдық пікірлерінің бәрі ағартушылық идеясымен тығыз байланысты. Ағартушы ақын осынша ойларын жастарға ақыл ретінде айтады. Ол өмірге жарқың көзбен қарап, жас уақытты мағнасыз бос өткізбей, өмірден керегін ала білуге шақырды. Осы ойларының бәрі Абайдың тек өлеңдерінде ғана емес, сонымен бірге қара сөзінде де қозғалатын жайлар.
Абай өз халқының өмірін терең танып, орыстың озық мәдениетін меңгеріп жетілген мәдениетті классик жазушы болды. Ол қазақ халқын орыс халкымен дос болуға, одан үйренуге үндеді. Абайдың еңбектерi құнды мұра болып мәдениет қорына қосылды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
1. Х.Ж. Сүйiншәлиев. Абайдың қара сөздерi. Алматы, 1956 ж.
2. Тәжiбаев Т. Жүрегiмнiң түбiне терең бойла // Абай тағылымы. Алматы: Жазушы, 1986 136 - б.
3. Б. Майтанов. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002 ж. 12 б
4. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1984. 15 –т. 164 – 165 – бб
5. Құнанбаев А. Екi томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1986. 1- т. 30-31 –бб.
6. Бөкейханов Ә. Абай (Ибраһим Құнанбаев) //Жұлдыз.1991. № 9.112 б
7. Янушкевич А. Күнделiктер мен хаттар. Алматы: Жалын, 1979. 80 –81 бб.
8. Гельвеций К.А. Сочинения в двух томах. М.: Мысль, 1973. Т.1.С 398
9. Бес ғасыр жырлайды. Алматы: Жазушы, 1984 1-т. 94 –б.
10. Кәкiтайұлы Ә. Абай өмiрбаянына қосымша деректер // Жұлдыз. 1993. № 6. 3-70 –бб.
11. Қабдолов З. Арна. Алматы: Жазушы, 1988. 9-б.
12. Абай Құнанбаев. Шығ. толық жинағы. 1945, 179 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

2. БIЛIМГЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ
3. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ РЕАЛИСТ-АҚЫНЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

КIРIСПЕ

Абай туралы жазу - кез келген ғалым ғана емес, исі қазақ атаулының
көкейкесті мұраты. Өйткені ұлы ақын есімі өзінің өлең туралы айтқан нақыл
лебізіндей бала боп туғаннан ақырғы рет көз жұмғанға дейінгі аралықта адам
қиялын тербеп, ойын он саққа бөледі, қиналған сәттерде жол нұсқап, жабырқау
жанға жұбаныш, үміткер көңілге сәуле әкеледі.
Рас, әлемге әйгілі суреткер Мұхтар Әуезов Абайдың жас шағында
намыскер, атақ-даңқтан мақұрым қалғысы келмес өркеуде мінезін сыпайы
ескерткенмен, ұлы Ақын еш уақытта қара басының қамын күйттемеген, халқы
үшін зар төксе, сый, абырой алу үшін емес, биік адамзаттық парасат
сезіммен, нәзік, ойшыл ізгі жаратылысына тән мұңшыл күймен шерленеді.
Әрине, жұмыр басты пенде болған соң Абай орынды құрмет, ықыластан бас
тартуға әдді жоқ. Бірақ асыра мақтау, жағыну, алдамшылық пен жалған
көлгірсуге төзбеген. Тірісінде қапалыққа ұшыраған ақынның бүгінде әлемге
әспеттелуі оның өзі үшін емес, біздің елдігімізді, ұлттық тірлігіміз бен
интеллектуалдық өре-өрісімізді көрсету үшін қажет болғаны ғой. Әйтпесе Абай
атамыздың бірталай шығармаларын кездейсоқ жазып, тастай бергені, отырған
жұртқа тарата салғаны оның болашаққа өлең арқылы жетуді бірден бір мақсат
санамауына кепіл. Лев Толстой аумақты үйелменімен дәм үстінде әдеттегідей
тебірене отырып, "Егер Иисус Христос жерге қайтып келсе, жұрт одан қолтаңба
алумен ғана бар. Сонымен қатар жақындағы шынардың сұңғақ бітім, алып саясын
алыстан тез байқау басым екені белгілі. Абайдың әділетшіл, кінәшіл, адал да
сезгір жүрегін осқылаған дөрекі жайлардың бірі осы мінезге күйінуден
байқалатын. Абайдың даналығы сонда - Лев Толстой немесе одан да әріде
Гераклит айтқандай, өмірдің өткіншілігі мен қас қағым сәттегі өзгерістерін
бар жан тамырларымен сезінген. Абайдың ойшылдық пікірлерінің бәрі
ағартушылық идеясымен тығыз байланысты. Ағартушы ақын осынша ойларын
жастарға ақыл ретінде айтады. Ол өмірге жарқың көзбен қарап, жас уақытты
мағнасыз бос өткізбей, өмірден керегін ала білуге шақырды. Осы ойларының
бәрі Абайдың тек өлеңдерінде ғана емес, сонымен бірге қара сөзінде де
қозғалатын жайлар.
Абай өз халқының өмірін терең танып, орыстың озық мәдениетін меңгеріп
жетілген мәдениетті классик жазушы болды. Ол қазақ халқын орыс халкымен дос
болуға, одан үйренуге үндеді. Абайдың еңбектерi құнды мұра болып
мәдениет қорына қосылды.

I. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Абай 1845 жылы, август айында қазіргі Семей облысы, Абай ауданында,
Шыңғыс тауы бауырында дүниеге келді.
Абайдың балалық шағы озбыр әкесінің қолында, өзімшіл қатал тәрбие
үстінде өтеді. Оның әкесі Құнанбай Өскенбаев халықты аяусыз қанап езген
жыртқыш, дәулетті феодал болған.
Абайдың сәбилік таза жүрегі осындай әкенің зұлымдық әрекетінен ерте-ақ
шошынды, тыным таппастан гүршіге соқты, бірақ, оның жүрегі көкірегін кере,
зор бой шыныға өсті.
Абайдың жас кезіндегі көңілін сергітіп, жүрегін жібіткен жылы пейіл
тек ардақты анасы Ұлжанның аналық махаббаты, көпті көрген әжесі Зеренің
жылы мейрімі болды. Қарт аналарының бұл қасиеттері жас Абайдың бойына да
дарыды.
Оқу жасына жеткеннен бастап Абай өз үйінде ауыл молдасынан оқыйды.
Бұдан басқа, ел шешендерінің әңгімелері, халықтың ертектері, келді-кетті
ақын, жыршы, ертекшілер сөзі де болашақ ақын үшін үлкен мектеп болады.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік, абайлағыш қабiлетімен әке көзіне де
ілігіп, оған үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады.
Мiне, осы себеппен, әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып әуел
Ғабдулжаппар молданың тәрбиесіне береді. Бұл молданың қарамағына екі жылдай
болып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін он жасар Абай, бір
басқыш жоғары дәрежедегі жабық оқу орны, мешіт жанындағы, діни медресеге
түседі. Осы медресе имамы Ахмет-ризаның қарауында үш жылдай болады. Бұл
медресе схоластикалық әдістегі, дін жолын қуған оқу орны болатын. Абай бұл
медресе оқуын да меңгеріп, үздік көзге түседі. Ислам дінінің ереже
заңдарын, иман шарттарын кезіндегі көп молдадан әрі терең, әрі көп біліп
алады.
Бірақ, талапты Абайды бұл сияқты мәнсіз, мағынасыз, құрғақ уағыздар,
өмірден аулақ сүрелер, иманшарттар қанағаттандырмайды. Бірбеткей дінуарлық
оқу да, оның жат сөздері де, жұртқа түсініксіз тілі де, құлақка жағымсыз
сарнаған үні де Абайды тез жалықтырады. Абай молдасына сыр бермей жүріп өз
бетiмен көп iзденеді. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және Азербайжан
халыктарының ұлы жазушылары- Новаи, Низами, Фирдоусилердің шығармаларымен
танысады. Бұлардың еңбектеріндегі адамгершілік идеясы өмірге жуықтық
мотивтер Абайға үлкен ой салады. Оны дәніктіріп ілгері іздене беруге
ұмтылдырады. Абай енді кездескен көрнекті ақындардың мәнді шығармаларына
үлкен назар салып, келісті сөздерін жадында сақтап жүреді. Ендігі жерде,
Абай медресе айналасындағы салтқа, жүрекке қонымсыз бірдағдылы оқуға, оның
құр кеуде тәубешіл халге, хазірет, имамдарына сын көзімен қарап, олардың ел
өміріне жанасымсыз жат орта екенін түсінеді.
Семейде болған 4-5 жыл ішінде Абай тек медресе ішін, діни қауымды
танып қойған жоқ. Абайдың көрімпаз көзi, сезімталдығы оған көп нәрсені
танытты. Ол қала халықтарының, оның мәдениетін, тұрмыстарын, күн
көрістерін, даладан өзгешелігін, тағы басқа жақтарын танып зер сала ойға
алады.
Ол орыс халқының басқа елден әлдеқайда озық жатқан, іргесі мығым ел
екенін көреді. Ұлы халықтың бойындағы игі қасиеттерді Абай өзіне тән
сезімталдықпен түсінiп, сол оқушы кезінiң өзінде-ақ, орыс халқына жақындай
түседі. Оны жете тануға құмартқан Абай діншілердің сөзіне ермей, өз бетімен
орыс халқына жақындасып кетеді. Ең алдымен тілiн үйренуге зер салады Одан
хабар алғасын араласып, тамыр-таныс көбейтіп, жақындасып алады. Сөйтіп
жүріп, жолдас орыс балаларымен бірге орыс мектебін де көреді. Ол орыс
мектебінің оқуы өзге, өмірге жақын дүниелік ғылым екенін танып, сол
мектепке кіріп оқуды аңсайды. Аздаран уақыт (үш айдай) қатысып сабақ алады.
Орыс мұғалімін жалдап, үйден де оқиды. Сөйтіп, орысша оқуға жансала
кірісіп, сол тілдің қыиындығына қарамастан, аз мерзімде-ақ біраз хабар
алады. Орыстың тілін, жазуын меңгеру арқылы Абай өзіне кең дүниенің есігін
ашып, мол қазынаға қолын жеткізгендей болады. Енді, ол қалалық кітапханадан
шықпай оқып, білім дүниесі сол кітапта екеніне көзі жетіп, соған бой
ұрады. Кiтапханаға жиі барып тұру арқылы ғалымдар тобымен танысып, олардың
көңілін аударады. Дала халқы, қазақ баласының кітап алуы, орысша оқуы ол
кезде көп кездеспейтін, тым сирек жардай. Сондықтан кейбір оқымыстылар,
орыс кәриялары, әртүрлі ойлы адамдары Абаймен тілдесіп, өздерінің, ақылын
айтып, шын мейір көрсетіп, ішіне тартып, баулай бастайды. Олар Абайдың
ұқыпты, зеректігін сезіп өз меншігіндегі кітаптарды да, кейін, тіпті сирек
кездесетiн шығармаларды түсініп оқуға жәрдемдеседі, әбден достасып кетеді.
Осылай, қала өмірін танып, жаңа дүниенің есігін тауып, ішіндегі нәрді тата
бастаған, он үш жастан асқан Абайды әкесі Қүнанбай оқудан айырып елге алып
келеді. Ел билеуге баулау мақсатымен оны ру арасы, ел іші дау-жанжал, айтыс-
тартысына қосады.
Амал не, Абай бұл қаталдыққа да төзеді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды
кейде әке ырқынша, кейде өз жүрегi қалауынша, ойы жеткенінше, әліне қарай
шешетін болды.
Енді, Абай өз еліне бұрынғыдай емес, саналы, ойлы жас болып қайтты.
Елдегі өмірді танырлық білім дәрежесі болды. Бұрын ел ішінде көп елемей,
құр тыңдап қоятын ұшқыр сөз, мақал-мәтел, өлең, жыр, ақындар айтысы енді
Абайдың назарын ерекше аударып, өзіне тартып кететін болды. Бұл сияқты
халықтық мол мұраны меңгеру Абай үшін ең керекті іс болып танылды. Абай
өнерпаздар жыйынына, Ұлжан анасының оларға деген сыйына, мейрлі
меймандостығына өте риза болып, басы-қасында жүрді. Абай да өнерлі
ақындарды өзіне тым жақын тартып, олардың шеберлік жетістіктерін меңгеруге
тырысты.

2. БIЛIМГЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ
Абай нәр алған қала мәдениетіне оралуды бойлай арман қылды. Ер жете
келе, өз бетімен қалаға қайта оралып, жиі келіп жүрді. Осы келу
сапарларында Абай көптеген өмір азығын алып қайтатын болды. Ол алып қайтқан
өмір азығы, барып оқыған кітаптары арқылы тапқан орыстың прогресшіл
мәдениет қазынасының құнды қорлары, классик жазушыларының шығармалары
болды.
Абай орыстың классикалық әдебиетін оқыған сайын көзі ашылып, өмірдің,
қоғамның сырларына түсіне бастайды. Бұрын Абай өмірдегі жақсылық пен
жамандық, дәулеттілік пен жоқшылық - бәрі құдай ісі деген молдаларының ғана
сөзін естіп келсе, енді Абай, өмір туралы, ондағы қоғамдық тенсіздік туралы
өзгеше ой, ақылға сыйымды, өмірге үйлесімді жаңа түсініктер табады. Сөйтіп,
орыс әдебиеті Абайдың дүниеге көзін ашып, көңілін сергітеді. Абайдың
ықылас, ынтасы сол уақыттағы озық ойларды, демократтық идеяны сарқа
меңгеруге ауады. Орыстың классикалық әдебиетіне, сол арқылы демократияшыл
сынына ден қояды.
Абайдың медреседен кейінгі оқу жолы, осындай өз бетімен іздену, үйрену
дәрежесінде болды. Алыстан араласқан Абай өзіне жаңа орта тың жол тапты. 17-
18 жасынан 28-29 жасқа дейінгі Абайдың өмірі осындай өз бетімен іздену, ел
өмірін зерттеу, халық даналығы мен орыс әдебиетін меңгеру жолында болады.
Бірақ бұл жылдары Абайдың өз басының билігі өз қолында болған жоқ. Көбіне-
ақ қатал әкенің өмірі астында болды. Орыс кітаптарын Абай әке көзіне түспей
оқуға тиіс болды. Қалаға баратын сапарлары да әке тапсырмаларымен
байланысты еді. Ел арасындағы айтыс-тартыс, Құнанбай тобының тiзесi батқан
ел, еңбекші жұртшылықтын наразлығы күн санап сүшейiп жатты. Абайды әкесi
осы күрестерге апарып, өзіне жәрдемші, орнын басар ұлық етуді ойлады.
Сол мақсатты көздеген әке оны оқудан айырды. Қалада орыс тілін
жетіктікпен меңгерген Абайды ел iшiнде түйінді шешу үшін де, қаладағы
ұлықтар алдында сөйлеу үшін де пайдаланбақ болды. Ержетіп, еркі өзіне
берген әкесі Абайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтану ғылымы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Пәндер