Жер қойнауы және оның байлықтары



І Кіріспе: Жер қойнауы және оның байлықтары.
ІІ Негізгі бөлім: Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану.
А) Қазбалы байлықтарды пайдалану
Б) Шикізаттарды, энергия қуатын пайдалану
В) Күн сәулесі энергиясын пайдалану
ІІІ Қорытынды
Жер қойнауын құқықтық қорғау
Пайдаланған әдебиет
Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
1. Ғ.Сағымбаев «Экология негіздері» Алматы, 1995ж.

Жоспар:
І Кіріспе: Жер қойнауы және оның байлықтары.
ІІ Негізгі бөлім: Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану.
А) Қазбалы байлықтарды пайдалану
Б) Шикізаттарды, энергия қуатын пайдалану
В) Күн сәулесі энергиясын пайдалану
ІІІ Қорытынды
Жер қойнауын құқықтық қорғау
Жер қойнауы және оның байлықтары.
Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың
үйі болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн
атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы
радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы
күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен
араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар қалқып жоғары қабатқа көтеріліп,
үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз
орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34
процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км.
шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия
крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы
қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80
км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық
минералды байлықтар сақталған қойма болып есептеледі.
Сонымен жер қойнауы деп оның сыртқы қабатын, мантияны және ядроны
қосып айту дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылыми әдебиеттерде жер қойнауы
деген түсініктеме тек жер қыртысын (литосфераны) жатқызу кең тарап,
үйреншікті бола бастады.
Жер шарының көлемі үлкен, радиусы 6370 км-ге жетеді. Ал адамдардың осы
күні пайдаланып жүрген тереңдігі 10 км-ге де жетпейді.
Жер қойнауындағы пайдалы кендер 3 топқа белінеді:
жанатын пайдалы кендер-көмір, шым тезек, мүұнай, газ,
жанғыш тақта тас т.б.
металдық пайдалы кендер- темір, қалайы, қорғасын,
мырыш, т.б. басқа метал алатын рудалар;
- Бейруда пайдалы қазындылар - тау мен химия шикі зат-тары (гипс, минералды
түздар, күкірт, аппатит т.б.), отқа төзімді материалдар (талық, кватцит,
отқа төзімді саз).
Адамдар ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып,
керегіне жаратып келеді. Пайдалы кендер қазу мөлшері жыл сайын осіп, қазір
125 миллиард тоннаға жетті немесе бір адамға есептегенде 25 тоннадан
келеді. Алғашын-да жер қойнауынан тек 4 металл: алтын, күміс, темір және
мыс алынатын болса, осы күндері 200-ден астам шикізат пен отын түрлері
қазылады.
Жер қойнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұрғылау скважиндері
жеткен тереңдік 5 км - ден аспайды. Коль түбегінде (Ресей) өте терең
скважина 12 км-ге жетіп, енді 15 км-ге дейін бүрғылау көзделіп отыр. Батыс
Қазақстан облысында бір мұнай бұрғылау скважинасы 8 км. тереңдікке жетті.
Жер қойнауын жан-жақты зерттеу және тереңірек қарау үшін кең көлемде
сейсмикалық, геофизикалық т.б. геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу
қажет.
Жерасты байлықтарын ашуға ғарыштық аппараттардың да пайдасы көп.
Дәстүрлі зерттеулер жүргізгенде әуелі жер қойнауының жарылған, сынған,
арасы ашылған жерлерінің геологиялық сипатын суретке түсіріп, мыңдаған км.
жол жүріп бірнеше жерді бақылап, көп кісінің жинаған мәліметтерін тек-
серіп, талдау жасап, қорытынды шығарады. Бұл өте ұзаққа созылып және
қымбатқа түседі. Ал ғарыштан түсірілген суреттер пайдалы кен көздерін тез
және аз шығынмен табуға көмектеседі. Салют кемелері Каспийдің шығыс
жағалауынан газ бен мұнайдың жаңадан 66 көзін тауып олардың 10 өте тереңде
екенін көрсетті.
Ғарыштан түсірілген суреттер арқылы жер қыртысының жас қабаттары
астында тұзды күмбездерді (купола) көруге болады. Олар мұнай мен газ
жиналатын жерлер. Жер қыртысының жарылған, бір - бірінен алыстаған тұстары
да көрінеді. Бұл да мұнай мен газ барына дәлел болады. Осындай зерттеулер
Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан жерлерінде жүргізілді...
Ғарыштық зерттеулер Антарктидада мұзы мен Сахара құрамы астында үлкен
жанар таулар барын, жер сілкіну ондағы жарықтар мен алшақтықтарға
байланысты болатыны белгілі болды. 1980 жылы Газли (Өзбекстан) маңында
болған жер сілкіну жер қыртысындағы жарықпен байланысты еді.
Орталық Ауғанстан мен Калифорниядағы сынап қазбалы кен алқаптары
жердің тектоникалық жарығы мен алшақты-ғыиа байланысты пайда болғанын
анықталды.
Ғарыштан қарағанда Кавказ, Памир, Тянь-Шань таулары бір тау жүйесі
екені белгілі болды.
Барланған және зерттеген пайдалы кендер қоры онша көп емес. Оның
үстіне табиғаттың тірі организмдері сияқты олар көбеймейді және
қайталанбайды. Сондықтан ерте ме элде кеш пе олардың қоры таусылары анық.
Міне, осыған байланысты жер қойнауын және оның байлықтарын ұқыпты
пайдалану, қазбалы кендердегі пайдалы заттарды қалдыққа жібермей, түгел
айырып алып іске жарату- басты міндет болып саналады.
Ғалымдардың есебі бойынша дүние жүзіндегі белгілі пайдалы кендер
қазіргі мөлшерде қазылатын және жұмсалатын болса олардың қорлары мына
жылдарда таусылады: вольфром мен қалайы - 2005, сынап - 2008, асбест -
2010, Мырыш - 2013, қорғасын - 2015, мұнай - 2018, кобальт - 2020, табиғи
газ бен мыс - 2030, молибден - 2035, никель - 2040, боксит - 2045, темір
-2055, марганец - 2090, фосфорит - 2ІОО, тас көмір мен калий тұзы - XX
ғасырда.
Өркениет елдер ішінде минералды шикізаты көп АҚШ. Бірақ, оларда
қалайы, алмаз, марганец, хром, никель, кобальт т.б. минералдар жоқтың қасы.
Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның қазбалы кен байлықтары өте жеткіліксіз.
Көптеген елдер өздерінің кендерін кейінге сақтап, қазіргі керегін шет
елдерден әсіресе дамушы мемлекеттерден арзан бағамен алғанды тәуір көреді.
Таяу және Орта Шығыс елдері Алжир, Венесуэла мұнайға, Габона -
марганецке, Ямайка - бокситке, Замбия мен Заир-мысқа бай. Дамушы елдердің
үлесіне жер жүзіндеғі мұнай қорының - 75, мыстың 50, қалайының - 90,
Қорғасынның 30, мырыштың - 25, боксит пен марғанецтың - 60, темір рудасы-
ның - 33, фосфориттың - 40, алмаздың - 25 проценті келетінін айтсақ дамыған
елдердің олардың байлықтарына қызығу себебін түсінуге болады.
Қазақ жері де қазбалы кендерге бай. Тас көмір мен қоңыр көмірдің жанғыш
тақта тастың 10 бассейні, 155 кені, 102 жерде белгілері бар. Жалпы көмір
қоры 170 миллиард тоннаға жуық оның ішінде 15 миллиардтан астам кокс
беретін көмірлер. Ең ірілері Қарағанды, Екібастүз, Обаған, Жыланшық, Теңіз-
Қорғалжын, Шу, Келжай, Жайық-Жем, бассейндері. Жанғыш тақ та қоры 4
миллиард тоннадан асатын Кендірлік бассейні Шы-ғыс Қазақстан облысында
орналасқан.
Мұнай және жанғыш газ кендері Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс
Қазакстан, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарында, Металды пайдалы
кендерден 60 тан астам химия-лық элементтер алынады. Олардың ішінде қоры
көптері темір, марганец, хромит, ванадий, титан рудалары.
Еліміз түсті, асыл және сирек кездесетін металға да бай. Олардың
ішінде түсті металдың - боксит, никель, кобальт, мыс, қорғасын, мырыш,
(соңғы екеуі полиметалға жатады), асыл металдан - алтын, күміс, сирек
кездесетін металдан қалайы, вольфром, молибден, тантал, ниобий, цирконий,
вис-мут, сурьма, сынап, мышьяк, кадмий, ғалий, индий, рений, талий, селен,
теллур т.б. бар.
Бейруда пайдалы қазындылардан - калий тұзы, барит, фосфорит, күкірт,
флюорит, натрий сульфаты, ас тұзы, асбест, каолин, вермукулит, отқа төзімді
саз, доломит, әктас, кварцит, саз құм. Құрылыс материалдарынан - цементтік
және керамикалық шикізаттар, дала шпаты, шыны жасайтын құмдар, гиис,
мәрмір, гранит, үлутас, минералды мақта шикізаттары (норфиний, туф,
базальт, габбро-диабаз, лейцит) қорлары бар.
Жаратылыстың бергені көп екен деп қолда барды шашып төгу, орынсыз
жүмсау, қазіргі керегін алып, қалғанын қалдық санау әрине дұрыс емес.
Шаруашылық байланыстарды сақтаймыз деген сылтаумен байлықты басқаға тегін
немесе ар-зан бағамен беріп жомарттық жасағаннан гөрі келешек ұрпақты, осы
байлықтың болашақ иелерін де ойлаған жөн. Елдің байлығы сол жұрттың мұрасы,
онымен басқаларды тойдырамыз деу ұрпақтың үлесін шашып-төгу деген сөз.
Қазақ елінің байлығын әдейі алуға келген келімсектерге өнімнің бір
бөлігін шет елдерге сатып, өздеріне жеңіл автомәшине, жақсы теледидар,
тоңазытқыштар т.б. жеке бастарына қажет заттар алуға рұқсат беру
Қазақстанның байлығын шашу, талан-таражға салу болып саналады. Ал сол
байлықтың шынайы қожалары далада қой бағып бәрінен де құрғалуда.
Жер қойнауы байлықтарын қорғау, ұтымды пайдалану бүгінгі кісілердің
қамын ойлаумен аяқталмайды, келешек ұрпақтың да туған елінің байлығында
үлесі бар екенін әрқашан да ұмытпау керек.

Жер қайнауы байлықтарын ұтымды пайдалану.
Өкінішке орай, адамдар осы күнге дейін қазбалы кендерді үтымды
пайдалану ездеріне де, қоршаған ортаға да тиімді екенін ескере бермейді.
Оның өрнына қазбалы кен құрамындағы бір-екі пайдалы затты алын, қалғандарын
қалдыққа жіберіп шашып-төгіп, айналаны ластап жатады. Бар пайдалы заттарды
айырып алуды үйренбей қазіргідей шаша берсе, ондай қоғамның тез арада баюы
екі талай.
Айтылғанның дұрыстығын дәлелдейтін мысалдар келтірейік. Жаңа салынған
электр станцияларда жағылған отынның тек 40- 42 % ғана электр энергиясын
шығаруға жұмсалады. Ал ертеде салынған электр станциялары бойынша бұл
көрсеткіш онан да төмен. Токты электр жүйесімен таратқанда энергия қуатының
тең жартысы жоғалады. Электр қуатымен жүретін поездар энергия қуатының 15-
20 процентін пайдаланса, көмір жағатын паровоздар мен тепловоздар тек 3-5
процентін пайдаланады. Сөйтіп жаққан отынның 80-90 проценті басқа шығын
болып, аспанды жылытуға, түтінді көбейтуге кетеді.
Металл кендерін қазып, өңдеп, болат қорытып, онан мәшине және басқа
жабдықтар жасағанша алынған металдың 25 проценті үгіндікке, жаңқаға,
өртеуге айналады. Ал егерде керекті жабдықтарды оның бөлшектерін қалыпқа
салып дайындаса (штамповка) мұндай көп қалдық болмас еді.
Академик Т.С. Хачатуровтың айтуынша дайын өнім салмағы жөнінде
жұмсалған шикізат пен материалдың 1-1,5 проценті мөлшерінде болатын
көрінеді. Қалғаны (98,5-99%) бос жыныс, сыпырынды, қалдық немесе шлак
аталып тау-тау болып үйіліп жатады.
Металды рудаларды, тас көмірді, мұнайды, газды, құрылыс материалдарын
қазғанда олардың біраз бөлеғі жерастында алынбай қалады. Мысалы, осы күнгі
әдіс бойыиша мүнайдың тек 35-40 проценті алынады, ал егер скважинаға су
толтырса 70-80 процентін алуға болады. Тек көмір мен металды руданың 20,
калий тұзының 50 проценті алынбай, жер астында қалып жатыр.
Біздегі қара және түсті металлургия, химия кәсіпорындары артта қалған
технологиямен жұмыс істеп, қазбалы кендердегі барлық пайдалы заттарды
айырып ала алмайды.
Өскемен мен Лениногор түсті металлургия, Жамбыл, Қара тау, Шымкент химня,
Рудный мен Теміртау қара металлургия, Қарағанды мен Екібастұз көмір
кәсіпорындарында тау-тау болып үйіліп жатқан қалдықтар қазбалы кендерді
ұтымды пайдалану жолдарын әлі игере алмай келе жатқанымыздың куәсі. Балқаш,
Жезқазған, Алға, Текелі т.б. қалалардагы жасанды таулар да соның белгісі.
Соколов-Сарбай кен орындарында қазылатын темір рудада 10-нан астам
пайдалы заттар бар. Олардың тек біреуін темірді алып қалған 9-ын қалдыққа
жібереді. Осындай жағдай Жезқазған тау-металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш,
Балқаш мыс, Қарағанды металлургия зауыттарында да бар. Бұл, әрине, табиғат
байлықтарының шашылып төгілуіне, қоршаған ортаға зиянды болуына, жер беті
мен ауаның ластауына әкеліп соқтырады.
Ғылым мен техника тезірек бұл тұғырықтан шығу жолдарын іздестіріп, қазбалы
кендерді ұтымды пайдалануға көмектесуге тиіс.
Запорожье (Украина) қаласында қалдықтарды пайдалану жөнінде қызғылықты
тәжірибе жасады.
Қаладағы барлық қалдықтардың (домна шлактары, қышқылдар, сілтілер,
темір қақтары, май қалдықтары барлығы 66 түрлі) түрлері мен мөлшерін біліп,
үлес салмағына сәйкес көлемде олардан сынама алып жабық ыдыста ұстаған.
Онда бейтараптық редакция жүріп, бір қалыпқа келген соң тексергенде,
бөлінген газ судағы газға ұқсап, бірақ көмір қышқыл газдары көптеу болған.
Сұйық қалдық теңіз суына ұқсаса қою қалдықтар сазды топыраққа ұқсас болған.
Осы қалдық суларда теңіз организмдері - балдыр мен моллюскі өмір сүріп, қою
қалдықта -арпа, қызылша, қияр өскен. Ыдыстағы ауаны теплицада
пайдаланғаннан кейін көмір қышкыл газы азайып, атмосферадағы ауамен бірдей
болған.
Зиянды қалдықтар химиялық реакция мен араласу нәтижесінде ауаға, суға
топыраққа зиянсыз қалыпқа түскен. Запорожье қаласындағы барлық қалдықтарды
осылай тазалап, зиянсыз ету үшін шамамен 100 миллион доллар тұратын
кәсіпорын салса, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Жер қоймасы және әр түрлі мемлекеттердегі қазба байлықтар тобы
Экологиялық бiлiм берудiң құқықтық тұрғыдан қажеттiлiгi туралы
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
Табиғат объектілеріне меншік құқығы талаптары
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар
Атырау экологиясы
Қазынашылықты ұйымдастыру және оның бюджеттің орындалуындағы рөлі
Экология факульттері ашылып, мамандар дайындалу үстінде
Пәндер