Ақан сері
Заманынан озып туған, талайлардан асып туған, жастайынан өнер қуған, шартарапқа өнеге шұғыласын шашқан, қиял есігін еркелеп ашқан, жалпақ даланы жыр мен сырға толтырған, ай маңдайлы, ақ дидарлы, ақ қанатты үрзадаларды, пәкизаттарды жүрек құштарымен, іңкәр көңілмен, шалқар сезіммен толқыта суреттеген, сұлу, сылқым һәм меңіреу, мылқау табиғатпен бірге оянып, бірге қалғып, бірде күлісіп, біресе бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы - ақпа ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әнші, майталман орындаушы Ақан сері Қорамсаұлы еді.
«Тау-тасты шабыт қылған ақиық» ел еркесі, сахараны ән мен күйге бөлеген өнер керуенінің ай мүйізді ақ серкесінің мінсіз тұлғасы, өнерпаздық келбет-болмысы турасында қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің жауһар нұсқаларының қажырлы жинаушысы Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «Ақан сері – заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деп шыншылдықпен сипаттаған.
Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл ішінде алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бірталайы сол Көкшетаудың маңайында туып-өскен. «Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі аяқты адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні зарлы Атығай, соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол күңіренген көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатыны – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тексереміз.
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы әкесі қарауылда – нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірінен немере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым жердегі. Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы.
Ақан сері Қорамсаұлы он үш жасқа келгенше Бұқарадан оқып келген Күнтуден діни білім алады. Сонан соң Уәли ахун хазіреттің медресесінен оқиды. Зеректік пен сергектікті, ұшқыр қабілет пен түйсік қуатын сүбесіне

Заманынан озып туған, талайлардан асып туған, жастайынан өнер қуған,
шартарапқа өнеге шұғыласын шашқан, қиял есігін еркелеп ашқан, жалпақ даланы
жыр мен сырға толтырған, ай маңдайлы, ақ дидарлы, ақ қанатты үрзадаларды,
пәкизаттарды жүрек құштарымен, іңкәр көңілмен, шалқар сезіммен толқыта
суреттеген, сұлу, сылқым һәм меңіреу, мылқау табиғатпен бірге оянып, бірге
қалғып, бірде күлісіп, біресе бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы
- ақпа ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әнші, майталман орындаушы Ақан сері
Қорамсаұлы еді.
Тау-тасты шабыт қылған ақиық ел еркесі, сахараны ән мен күйге
бөлеген өнер керуенінің ай мүйізді ақ серкесінің мінсіз тұлғасы, өнерпаздық
келбет-болмысы турасында қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің жауһар
нұсқаларының қажырлы жинаушысы Мәшһүр Жүсіп Көпеев: Ақан сері – заманының
сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған
тиегі деп шыншылдықпен сипаттаған.
Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген
Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған
Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл ішінде
алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бірталайы сол Көкшетаудың маңайында
туып-өскен. Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай, екі аяқты
адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні
зарлы Атығай, соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән
шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол
күңіренген көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде
адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатыны – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы,
тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа
жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін
тексереміз.
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы әкесі қарауылда –
нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы
Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз
қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірінен немере тілейді. Сол
тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл
туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы
Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым
жердегі. Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам
болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға
бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы.
Ақан сері Қорамсаұлы он үш жасқа келгенше Бұқарадан оқып келген
Күнтуден діни білім алады. Сонан соң Уәли ахун хазіреттің медресесінен
оқиды. Зеректік пен сергектікті, ұшқыр қабілет пен түйсік қуатын сүбесіне
құйып берген мәрт табиғат, жомарт жаратылыс Ақанды білім дариясынан емін-
еркін сусындатады. Ол араб, парсы, үнді, Орта азия халықтарының ертегі-
аңыздары негізінде жырланған қисса-хикаяларды жетік білген, терең түсінген.
Сондай-ақ Фирдоуси, Омар Хайям, Низами, Науаи, Әбу-л-Хасан Қисай, Абу Шакур
Балхи, Хафиз, Сағди, Физули, Руми сынды Шығыс жұлдыздарының інжу-маржан
шығармаларын және халық мұраларын төгілтіп жатқа айтқан.
Бірақ біраз ес кіре бастаған соң молданың балдыр батпағына зерек
Ақанның көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан молдасымен бір
шариғатқа таласып, маған қарсы келдің деп молдасы ұрған соң, шыбыққа
сүйенген шариғатыңды ұрайын дейді де, оқуымен қоштасып кете барады. Осыдан
былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталды.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың
қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан болады.
Әрі шешен, әрі тапқыр, әрі кесіп айтатын турашыл болған. Халықтың
жуан ортасында қаздай қалқып, қасына жыршы ақындарын, әншілерін,
күйшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып
тізіліп жүрген.
Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз
атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға
мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында – домбыра, аузында -
ән. Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әншіл. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы
күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін
қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қалың көздері: Ақанның әні-
ай! - деп күрсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың қарауыл Ақанға сері
деп лақап береді. Сөйтіп толқыта Ақан сері жырлаған, байтақ дала тыңдаған.
Кесте тіккен қырдағы, қызғалдақ қыздар сүйсінген. Құрт қайнатқан, бие
сауған, сырмақ тоқыған, тезек терген әйелдер де, жидек терген жеткіншектер
де, мал баққан, аңға шыққан, аран салған, шөп шапқан ерлер де сүйегі
балқып, жүрегі тоқып, қиялы шалқып құлай берілген.
Иә, халық мәдениетінің көрнекті қайраткері Ақан сері Біржан сал,
Орынбай, Арыстанбай, Шөже секілді сұңқарлардың сөзін ұйып тыңдап өссе,
Құлтума, Басығара баласы Қанапия, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Доскей, Естай,
Иман Жүсіп, Мәшһүр Жүсіп, Балуан Шолақ тәрізді өнер тарландарымен бірге
жүріп, туған елдің аспанында қаршығаша қалықтаған. Асылы, бұлар сегіз
қырлы, бір сырлы яки ақын, әнші, жыршы, ойыншы, күлдіргіш, сазгер, шешен,
батыр, саятшы, зергер, би, спортқа бейімі ала-бөтен үздік жаратылған
өнерпаздар. өнер саңлағы, ел ардағы Ақан серінің өмірі мен өнері туралы
Доскей Әлімбайұлы былай сыр шертеді:
- Ақанды әкесі орысша, қазақша оқытқан – дейді Доскей – араб, парсы
тіліне де бейімдеген. өзі зерек, саналы, білгір болған. Жастайынан өлең-
жырға, ән-күйге әуес, ынтық болып өскен. Өзі ажарлы, сөзі базарлы болды.
Дүниені көрсем, білсем, жүрсем деген құштарлығы, сұлулыққа іңкәрлігі артты.
Тон жақсысын кием деді, қыз жақсысын сүйем деді. Ат жақсысын, мылтықтың
түзуін жиды. Иттің құмайына қолы жетті. Сол уақытта қазақ еліне даңқы кең
тараған өнер перісі Біржанды іздеп келді. Ақан Біржанға жолығады, әңгімеге
молығады. ән тыңдау үшін келген Ақанның ниетін аңғарған Біржан асқақтата
шырқайды:
Алып келген базардан темір қақпан,
Қақпан деген ән шықты біздің жақтан.
Сыдырып қойған таспадай сыртың сұлу,
Айналайын анаңнан сені тапқан.
Сал Біржан Ләйлім, Айтпай және Топай көк әндерін айтады. Ақын
Біржан әнінің әуезіне елітіп, мөлдірлігіне сүйсініп, ақыл-ой дүниесіне
жойқын әсер ететіндігіне таң-тамаша қалады. Біржан өнеріне көңілі толған
Ақан сері:
Замандас, Біржан құрбым, ірі екенсің,
Жалғанда жаннатының гүлі екенсің.
Кісідей дәріс оқыған ақылың кәмал,
Ғылымның шалқарының бірі екенсің, -
деп ел еркесіне баға береді.
Жігіттің бағланы Біржан сал қолқа салған соң, Ақан оның Жалғыз арша
әнін шырқайды.
Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы Жұмат қожаның
қызы Бәтиманы алады. Онымен он жылға отасып тұрады. Бәтимадан бір ұл, екі
қызы болады. Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл шамасында Бәтима өледі. Бірақ
серілік соңында жүрген Ақан Бәтиманың өлімін елемейді. Серілікті бұрынғыдан
да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды.
Зілғараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай
деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген
итті алады. Қалың қарауылға аты шыққан Ақтоқты деген арумен көңіл қосады.
Тап сол кезде Ақанның қолына алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі.
Ақан сері ұлтымыздың өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіміздегі ең мәнді, ең
мағыналы, ең көркем салдық пен серіліктің салтанаты мен сауығын, аңшылық-
саяткерлік, құсбегілік өнердің ғажайып құпиясын таратып, өрбітіп айтқанда,
Құлагердей сәйгүліктің еренін, Қараторғайдай қыран құстың тегеурінді
беренін, Базаралыдай құмай тазының ұшқырын алақанына аялап, құрметтеп
ұстаған.
Жүйрік мініп жүйткіген жан аттың түр-түсіне өте-мөте мұқият зейін
бөлген. Ылғи да не сүліктей мөлдір қара, не шаңқан ақ боз. Немесе бірыңғай
құла түстілерді жинауға ұмтылған. Атақты оқымысты Әлкей Марғұланның жазуына
ден қойсақ, әйгілі сері қоңыр түнде ақ киім киіп, боз атқа қонса, күндіз
сұр түсті киініп, құлаға мінеді, күз айларында үстіне қара түсті киім іліп,
қарагер атқа отырады екен.
Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар,
Қолыма ұстанғаным тағы сұңқар,
Жастықтың арқасында қылдым сайран,
Өзім сал, өзім ақын, емеспін зар, -
- Жылқы жарықтық менің пырақ-қанатым, қыран құс саят-санатым, жеті
қазынаның бірі ит-қорған, көңіл-күйімнің қошын табатын серіліктегі серігім
– дейді Ақан сері.
Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан. Жабағы тай күнінде
Құлагер кез келген жерде, қарда, күртік үстінде өлген малдай серейіп
ұйықтай береді екен. Шөкетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде
тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагер дөненінде қарауыл ішінде алдына
қара салмайды, сол Құлагерді Ақан жүз сомға сатып алады. Бестісінде Құлагер
Шабан асында дара келеді.
Неше ықылым замандар мен дәуірлер өтсе де, тау мүжіліп, төбе болса да,
дария құрғап, шөлге айналса да ел ауызында, әдебиет, мәдениет әлемінде Ақан
сері есімімен егіз – қатар Құлагердей пырақтың тағдыры аңыздай айтылады.
Сан бәйгеде бас жүлдені бермеген, талай сәйгүліктерге дес бермеген, айдай
жарқырап, жұлдыздай ағып алдынан келген Құлагерді Ақан сері жас сәбиіндей,
үкінің балапанындай мәпелеген. Өзінің сырласының, қадірлісінің маңдайын,
көзін, қабағын, тұмсығын емірене иіскеп, төгілген жал мен құйрығын бипаздап
тарап, мейлінше ләззат алады екен. Ақан есір ән мен жырға шалқыған, сұңқар
шүйіп, аң қуған, сұлу сүйіп, қызық қуған сиқырлы суреттей кемел шағын
тебірене жырлайды. Құлагердің атақ-даңқы аспанға шарықтап, бүкіл қазақ
даласына Сарыарқаның саумал самалындай кең жайылады. Ел санасында мәңгі
күңгірт тартпайтын небір астар, жиындар, жәрмеңкелер ұйымдастырылған ғой.
Соның бірі – Алтай Аққошқар Сайдалының асында аламан бәйгеге қатынасқан екі
жүздей жүйріктердің ішінен Ақан серінің жел жетпес Құлагері жеке дара
суырылып озып келеді. Сол сәтте Ақмоланың алпауыты – Жүсіп мырзаның Ақдауыл
дейтін аты бәйгеге іліге алмаған соң, Ақан серімен өштесіп, кектеседі. Мол
дәулетіне, шексіз байлығына масайып, күш көрсетпекші болады. Өрі – қыры
бірдей, сайдың тасындай, от-жалындай маздаған ер мінезді, тумысы бөлек,
тұлғасы ерен науша жігіт Ақан да берілмеген деседі.
Бұдан былай шет елдерге Ақан мен Құлагердің аты бірге шығады. Ақанның
жүйрігі – Құлагер, Құлагердің иесі Ақан деседі жұрт. Ақан қолында Құлагер
арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып
жүреді.
Содан 1876 жылы Ереймен жерінде болған атышулы Керей Сағынайдың асында
үш жүз жиырма үш арғымақтың алдында екпіндеп заулап, өрттей лаулап келе
жатқан баспа-бас қызға бермес аяулы Құлагерді кекшіл, топас Жүсіптің
қолшоқпарлары қастандық жасап, айбалтамен қақ маңдайдан ұрып өлтіреді.
Сүйіктісінен оқыста айрылған, қанаты қайрылған, қабырғасы қайысқан
сұңқар үнді Ақан сері:
Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағың елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан, -
деп, ботадай боздап, көзінен қанды жас ағып, зар жылайды. Небір асыл
сезімге оранып бөленген асыл сөздерін аямай арнайды. Өлімі адамзатпен
бірдей болған Құлагердің басын ақ кебінге орып, топыраққа жасырады, қара
жерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz