Ауа ылғалдылығы туралы түсініктер



Негізгі бөлім:
Ауа ылғалдылығы туралы түсініктер
Ауа температурасы.
Пайдаланған әдебиеттер
Кез-келген газдың өзін қоршап тұрған қабырғаға қысым түсіретіні белгілі. Қысым молекулалардың кабырғаға соқтығысу күшімен анықталады, яғни қысым деп бірлік ауданға (S) перпендикулярлы бағытта түсетін күшті (Ғ) айтады: р=Ғ/S. Газдың қысымы оның молекулаларының жылдамдығымен анықталатындықтан, газдың көлемі өзгермей температурасы өссе қысымы да өседі.
Атмосфера газдар қоспасынан тұратындықтан оның кез-келген нүктесінде белгілі мөлшерде ауа қысымы болады. Ал бүкіл атмосфера қабаты жер бетіне және ондағы заттарға өзінің салмағымен қысым түсіреді. Сонымен атмосфера қысымы деп жер бетінен атмосфераның жоғарғы шекарасына дейінгі бірлік (1см2) ауданды ауа бағанының жерге салмағымен түсіретін қысымын айтады, яғни атмосфераның бірлік беткейге түсіретін қысым күші.
1) Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет.
2) Әбенбаева С. Табиғат та сұлулықтың кәусарбұлағы. Ұлт тағлымы. 2003 ж.
3) Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.
4) Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б.
5) Әлімбаев Т. Адам мен қоршаған орта. Қазақ тарихы 2003 ж. №3.
6) Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.
7) Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.

Жоспар

Негізгі бөлім:

Ауа ылғалдылығы туралы түсініктер

Ауа температурасы.

Пайдаланған әдебиеттер

Ауа ылғалдылығы туралы түсініктер

Атмосфера қысымы. Кез-келген газдың өзін қоршап тұрған қабырғаға қысым
түсіретіні белгілі. Қысым молекулалардың кабырғаға соқтығысу күшімен
анықталады, яғни қысым деп бірлік ауданға (S) перпендикулярлы бағытта
түсетін күшті (Ғ) айтады: р=ҒS. Газдың қысымы оның молекулаларының
жылдамдығымен анықталатындықтан, газдың көлемі өзгермей температурасы өссе
қысымы да өседі.

Атмосфера газдар қоспасынан тұратындықтан оның кез-келген нүктесінде
белгілі мөлшерде ауа қысымы болады. Ал бүкіл атмосфера қабаты жер бетіне
және ондағы заттарға өзінің салмағымен қысым түсіреді. Сонымен атмосфера
қысымы деп жер бетінен атмосфераның жоғарғы шекарасына дейінгі бірлік
(1см2) ауданды ауа бағанының жерге салмағымен түсіретін қысымын айтады,
яғни атмосфераның бірлік беткейге түсіретін қысым күші. Жер бетінен
биіктеген сайын ауа қысымы да азаяды. Кез келген ғимараттың іші мен
сыртында бір деңгейде ауа қысымы бірдей болады. Себебі ғимарат пен даланың
арасында әрқашанда ауа қатынасы болып тұрады.

СИ жүйесінде қысым паскальмен (Па) өлшенеді. Бір паскаль - 1м2 ауданға
түсетін 1 ньютон күш қысымына тең (1Па=1Нм2).
Метеорологияда бұрын ауа қысымының өлшем бірлігі ретінде
миллиметр сынап бағаны (мм. сн. бағ.), кейінірек миллибар
(мбар) қолданылған, ал қазіргі кезде гектопаскаль (гПа)
қолданылады. Бұл өлшем бірліктер бір-бірімен былайша
қатынаста:

. 1 гПа = 100 Па = 1 мбар;

1 гПа = 1 мбар = 0,75 мм. сн. бағ.;

1 мм. сн. бағ. = 1,33 гПа = 1,33 мбар.

Теңіз деңгейінде нормальді (стандартты) атмосфера қысымы 0°С
температурада 1013,25 гПа (760 мм.сн.бағ.) тең болады. Метеорологиялық
есептеулерде көбіне теңіз деңгейіндегі стандартты қысым 1000 гПа деп
алынады.

Ауа температурасы. Ауаның жылулық режимі температурамен сипатталады.
Атмосфераның әрбір иүктесінде ауа температурасы әртүрлі болады, кеңістік
және уакыт бойынша үздіксіз өзгеріп тұрады. Жер бетіне жақын ауа
температурасының өзгеру шегі өте үлкен; ең жоғарғы мәні - абсолюттік
максимумы 58 °С Ливия шөлінде, ал ең төменгі мәні - абсолюттік минимумы
минус 88 °С Антарктидадағы "Восток"
станциясында тіркелген.

Метеорологияда ауа, топырақ және су температурасы СИ жүйесі өлшем
бірлігімен, яғни Халықаралық температуралық шкала градусымен немесе Цельсия
(°С) шкаласымен өлшенеді. Ол шкаланың нөлі мұздың еру температурасына, ал
100 °С -судың қайнау температурасына сәйкес келеді. Цельсия шкаласымен
бірге Кельвиннің (К) абсолюттік температуралық шкаласы да кең қолданылады.
Ол шкаланың нолі молекулалар қозғалысының толық тоқтау температурасына,
яғни ең төменгі температураға сәйкес келеді. Ол температура Цельсия шкаласы
бойынша минус 273,15 °С-ға тең. Кельвин шкаласы бойынша температура тек
оңтаңбалы болады. Цельсия температурасынан Кельвин температурасына былайша
көшеді: Т = t + 273,15.

АҚШ, Англия және бұрынғы Британ империясының кейбір елдерінде әлі де
Фаренгейт (°Ғ) шкаласы қолданылады. Бұл шкаланың нөлі қар мен нашатыр
қоспасының температурасына тең, ал 100 °Ғ - адам денесінің қалыпты
температурасына тең. Цельсия шкаласының 0°С-сы Фаренгейтгің плюс 32 °Ғ-не,
ал 100 °С-сы - плюс 212 °Ғ-не сәйкес келеді. Фаренгейттен Цельсияға және
керісінше былайша көшуге болады:

t°С = (59) (t°Ғ - 32) және t°Ғ = (95) (t°С + 32)

яғни, 0 °Ғ шамамен минус 17,8 °С-га сәйкес келеді.

Ауа ылғалдылығы. Ауа құрамындағы су буының мөлшері ауа ылғалдылығының
сипаттамаларымен бағаланады: су буының парциальді қысымы, ылғалдылық
тапшылығы, абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық, сыбағалық ылғалдылық
(су буының салмақтық үлесі), қоспалық қатынас, шық нүктесі және қырау
нүктесі.

Метеорологияда кең қолданылатын су буының парциальді қысымы мен
салыстырмалы ылғалдылықты карастырайық. Су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стерилденген сүттің технологиясы
Астық түйірін кептіру
Қара бидай ұнының жетілуі
«өндіріс ғимаратарындағы микроклимат параметрлерін анықтау»
Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті
Топырақ түзілуі
Дәрілік зат формалары
Шаңнан тазарту жəне шаңды ұстау
Метеорология ғылымы
UPS ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Пәндер