Бірлестіктер экологиясы
Кіріспе
1. Бірлестіктер экологиясы
2. Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
3. Экожүйелердің энергетикасы
4. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен қөкөністерде (қарбыз, қауық картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда сан-эпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экологиялық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.
1. Г. С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева “Экология”, Алматы – Экономика. 2002ж.
2. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаева – “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”.
3. М.Н.Биғалиев – “Аралым – арым, Балқашым - бағым”.
4. А.Ж. Жақбасова, Г.Ә. Саинова, «Экология». Алматы 2003ж.
5. Журнал «Қазақстан экологиялық бюлетень». Алматы 2002ж.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1. Бірлестіктер экологиясы
2. Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
3. Экожүйелердің энергетикасы
4. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен
ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы
адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен
зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам
организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен қөкөністерде
(қарбыз, қауық картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп
болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың
шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен
көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда
сан-эпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экологиялық таза
өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.
Соңғы жылдары азық-түлік құрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы
көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың
мөлшері және құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек.
Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема
деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-
түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Мысалы,
организмде Жапонияда камдий көбейген жағдайда кең тараған итай-итай ауруы
болды. Оның негізгі белгілері - бүйрек қызметінің бұзылып, сүйектің
майысып, кейде қисайып кетуі де мүмкін. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда
3000 адам ауырғаны тіркелген.
Синэкология (грек тілінен аударғанда syn – бірге) — әр түрге жататын
өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының
ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған
ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт
ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп
шықты. Синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер
болып есептеледі.
Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер
немесе биоценоздар түзіледі.
Биоценоз (грек тілінен bios — өмір, koinos — жалпы ортақ) — қоршаған
ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен
микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877 жылы
неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами
алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан,
тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер
түзіледі.
Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың
белгілі бір бірлесті (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік — биотоц (грек
тілінен аударғанда topos —орын) деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір
сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты
биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп растыруға
болады.
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі
биологиялық жүйе — биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы
В.Н. Сукачев ұсынған.
В.Н. Сукачев (1880—1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген — жер
бетінің белгілі бір бөлігін-,Р табиғи жагдайлары біртекті (атмосфера, тау
жы-иьістары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизм-пер дүииесі,
тонырақ және гидрологиялық жагдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын
коміюненттердің өзара эсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энер-
гия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайпіылықты
біртұтастықиен сииаттала-тын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық.
Биогеоценоз ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. Тенсли
ұсынған Экожүйе ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз — зат, энергия және
ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген
өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша биогеоценоз ұғымының мазмұны
негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал
экожүйе ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге
құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің
кабинасы, ландшафт және бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы
алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста
болады. Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы
мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала.
Экожүйе - ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-
біріне әсер ететін тірі табиғатты негізгі функционалдық бірілігі.
Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат,
энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.
Биогеценоздык (экожүйенің) сызбанұсқасы
Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың
қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады.
Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метаболизмінің (зат алмасуы)
өнімдері туралы ақпарат алады. Тірі ағзалар да бір-бірімен, азық қорының
болуы, жыныстық әріптесіне, агрессия (қарсыласына белгі беру және т.б.
ақпарат береді. Табиғаттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен
шектеледі. Зат немесе құбылыстың ақпараттық бағалылығы ондағы
ақпараттың санына емес, кім немесе ненің бұл ақпаратты пайдалануына
байланысты.
Кейбір зерттеушілер тірі жүйелердің ұйымдасуын бағалау үшін ақпараттың
математикалық ілім әрпін қолдануға талпынған. Бірақ, академик В.А.
Энгельгарт атап көрсеткендей, ақпараттар ілімінің математикалық аспектілері
тіршілік құбылыстарының элементарлық негіздерін анализдеуге әлі де
болса сәйкес келмейді.
Экожүйелердің жіктелінуі. Экологиялық жүйелер функционалдық және
құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.
Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері
және сапасына негізделген.
Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типтер және ландшафттың
негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің
табиғи белгілері, ал су экожүйелері — геологиялық және физикалық белгілері
бойынша ерекшеленеді.
Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі
экожүйелерге бөледі:
1) құрлық экожүйелері — тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт,
шөл, тропиктер, тау;
2) тұщы су — ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ,
жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;
3) теңіз экожүйелері — теңіздер мен ашық мұхит.
Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
Тундра. Тундраның негізгі белгісі — орманның, болмауы. Өсімдіктер
дүниесі астық тұқымдастардан қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-
мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей.
Жұқа өсімдіктер жабыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді.
Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын, жер
беті және бұталы белдеуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3-4 аймен
шектеледі. Қолайсыз кезеңді омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында
өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция
(құстар, сүтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл бойғы санының күрт
ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көпжылдық циклдері мен
өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты
болады.
Топырақ-жабын қабатында тіршілік ететін сапрофагтардың арасында саны
бойынша өте ұсақ жұмыр құрттар — нематодалар, микроартроподалар — кол
лемболалар, кенелер — гамазидалар мен орибатидалар, ұсақ құрттар —
энхитреидалар, жауын құрттары мен қосқанаттылардың личинкалары басым.
Биомассасы бойынша бірінші орында жауын құрттары, негізінен бір ірі түр
Норденшельд эйзениясынан тұрады, оның ұзындығы 30 см-ге дейін жетеді. Әр
түрлі қосқанаттылардың (маса, шыбын) дернәсілдері өлген өсімдік
қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында, су түбінде тіршілік
етеді.
Көптеген тундраның гүлді өсімдіктері анемофилдт, яғни желмен
тозаңданады. Бірақ бунақденелілермен тозаңдадатында да бар.
Мысалы, түкті аралардың дене температурасы 400С, гомойотермді деуге
болады. Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер —
леммингтер мен дала тышқандары қоректенеді. Полеарктикалық
тундарының батыс секторында Норвегия лемингі мекендейді, ал одан ары қарай
шығыс леммингі мекендейді, ал одан әрі оны шығысқа қарай
сібір леммингі алмастырады.
Қыста леммингтер әр түрлі бұталардың (сүмбі тал, қайың) жапырақтарымен,
өркенімен қоректенеді, ал жазда жидектермен, қыналармен, саңырауқұлақтармен
қоректенеді. Жаз уақытында олар әрқайсысы 5-6 баладан 2-3, кейде 4 рет
көбейеді. Тундра зонасына Миддендорф тышқаны тән. Олар тундраның ең
оңтүстік аудандарында тіршілік етеді. Бұл туыстың басқа да түрлері —
солтүстік сібір, экономка тышқаны кездеседі. Барлық тышқандар бүкіл жыл
бойы белсенділікпен, қысқа арнап індерінде қорек қорын жинайды. Көбею
жылдамдығы өте жоғары, жылына 3—5 рет 6—10 баладан туады.
Таулы тундралардың Еуразияның солтүстік шығысында және Солтүстік
Американың солтүстік батысында қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына
жататын кемірушілер — суырлар мен сарышұнақтар кездеседі
Ұзынқұйрықты сарышұнақ. Беринг бұғазының екі жағында (жағалауларында)
таралған. Систематикалық жағынан суырлардың екі жақын түрі тіршілік етеді —
камчатка суыры және Американ ақбас суыры. Бұл аңдар ін қазып тіршілік
етеді. Қыста ұйқыға кетеді. Бір інде 20-30 аң жиналып қыстайды.
Еуразия мен Солтүстік Америка тундраларында Америкада
карибу деп аталатын солтүстік бұғысы кең таралған. Бұл бойының
биіктігі 1,4 м жететін, үлкен бұтантанған мүйізі бар бұғылар.
Ұрғашысында да мүйізі болады. Өсімдіктермен, қыналармен,
мүктермен қоректенеді.
Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой
кездеседі. Қазіргі уақытқа дейін мускусты қой қошқар тек Солтүстік
Американың солтүстік жағалаулары мен бірқатар полярлық
аралдарда соның ішінде Гренландияда сақталған.
Тундрада жасыл массамен құстар қоректонеді. Әр құр және тундра құры
жазғы қоңыр қауырсындарын қыста аққа ауыстырады. Жапырықтармен,
бүршіктермен, жидектермен қоректенеді.
Тундра құстарының көпшілігі жыл құстары. Қаз-тәрізділер негізінен
өсімдіктермен қоректенеді. Ақкулардан — тундрада кіші аққу немесе тундра
аққуы, қаздардан — ақмаңдайлы қаз және шиқылдаққаз, казаркалардан — қара
және канада казаркалары кездеседі.
Құстардың ішінде шүрілдектердің 2 түрі, татреңнің 3 түрі тіршілік
етеді. Олар бунақденелілермен және олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен,
моллюскалармен, құрттармен, ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Тундрада
шағала тұқымдасының кейбір өкілдері ұя салады, мысалы қызғылт шағала және
айыр құйрық шағала.
Зоофаг жануарларға топырақ жабын белдеуінде тіршілік ететін жыртқыш
нематодалар, өрмекшілер, ұсақ жыртқыш көпаяқтылар, құмырсқалар жатады.
Құмырсқалардың тек бірнеше түрі ғана кездеседі. Мысалы, поляр құмырсқасы.
Ақ үкі немесе полярлық үкі, қарсақ лемминітер мен дала тышқандарымен
қоректенеді.
Тундра қасқыры солтүстік бұғыларына шабуыл жасайды, кемірушілермен
қоректенеді.
Ірі сұңқар — лашын негізінен әр түрлі құстар шабуыл жасайды. Тундра
зонасының жартасты жағалауларында құстардың жиналған ұялары — құс базары
құрылады. Мұнтаз құстар, шағалар көп. Кейбір аудандарда
аралдардың құмды жағалауларында теңіз сүтқоректілері — морж және
гренландия түлені кездеседі.
Тайга. Бореалды қылқанжапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі
Циркумполярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу түрінде Евразия, Солтүстік
Америка арқылы өтеді. Евразиядағы қылқанжапырақты ормандардың енінің
максимумы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz