Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
2. Топырақ экологиясы
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Топырақтану-топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.

1. «Экология негіздері» Жатқанбаев Ж.Ж..
2. «Экология» Оспанова Г.С, Бозшатова. Г.Т.
3. «Экология» Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы Жақбасова А.,Саинова Г.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
2. Топырақ экологиясы
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Топырақтану-топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және
географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы,
тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы
деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты
өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ
нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей,
үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу
жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ
туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл
жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың
алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы
ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі,
эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылыгының азаюы, т.б. Осы
мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.
XIX ғасырдың орта ксзеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің
еңбектерінде топырақ туралы алгаіпқы түсініктер жазыла бастады. Олар
топырақтың жоғары қабатының құрамындағы органикалық және минералдық
қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің
тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сүраққа
берілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген
кезеңге дейін өріс алып келді.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған
құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен
қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы деп,
оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін
айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен
жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды.
1. Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары.
Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі
саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай
жағдай, әсіресе адамзаттың табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығын, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс
оқымыстысы академик В.И.Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы
қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға ноосфераға (ақыл-
еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғаны айқын.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша
адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз
етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның
0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін,
ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем
алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет.
Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті
көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті
0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар-ақ келеді. Дегенмен бұл
көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы Одақ
Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған
ортамызға өте үлкен нүқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың
нүсқауымен негізінен шикізат өндірумен шүғылданып келді, ал шикізат өндіру
- өндірістің ең ылас саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам
Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі қаймағын ғана алып, экологиялық
зиянды қоқыстарын калдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің
барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық
пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы
өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі
тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау
кезінде жерімізге көптеген-жарақаттар түсті. Оның үстіне олардың көбісін
ең арзан ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық
жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері
және оларды қазу кезінде кең байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар
мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі
тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бүған байыту фабрикаларынан
шығарылған қалдық-қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққан күл мен
шлактарды, мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл
қалдықтары, резиналар, шыны-әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс-
қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада
ыдыратып, минералдандыратын бірден-бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ.
Сондықтан олар бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл
қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі
жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне
сондықтан да адам өз қолымен табиғатқа енгізген зиян әрекеттерін өзі
қолымен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді
жерлерімізді басып жатқан қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына
келтіруі қажет. Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне
қарағанда өндіріс салдарынан бүлінген жер көлемі санитарлық зонаны
қоспағанда 200 мың гектардай.
Республикада мұндай қазба байлықтарды алған кезде таза бұзылған
жерлерден басқа әскери-өндірістік кешендерден бүлінген жерлер қаншама.
Олардың басым көпшілік жерлері ядерлық қару-жарақтарды сынау, ғарыш
кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып оның ішінде радиацияға
шалынып, ғарыш қоқыстарымен ыластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия
болып келгені мәлім. Кейінгі кездерде еліміздің қорғаныс мақсатына
бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асатыны анықталды. Бұл қорғаныс
мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және болашақта
да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап есептеу - келешектің ісі.
Қынжылатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядерлы-
стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында
табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайындалып осында сыналды,
ракеталы-ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның
барлығы 40 жыл бойы жүріп жатты. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом
бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа
аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да
қатты ыластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен
шектес жатқан Ресейдегі Капустин-яр полигондарының қазақ жеріне тигізген
экологиялық зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.
Біздің мәліметтер бойынша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген және
ыластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында
орын алған.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым жерлерде
жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі суландырылмағандығынан
қыстау мен мал суаратын жэне елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған
гектар жайылымдар тұяқ тесті алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы
айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі Қазақ ауылшаруашылығы
академиясының академигі А.Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн га,
ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан
асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да ауыр
техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен
ыластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де жатқызады. Шамамен олардың
көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, ыластанған
жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын
қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын
қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әр
түрлі болады.
Жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан кейін сайлы-
салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер
де жатады. Республикадағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру
жұмыстары жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей
Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай
Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс
алқабы ескеріледі. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны
Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.
Арал мәселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі үлкен өзендермен -
Амудария және Сырдариямен байланысты. Кезінде белгілі географ ғалым
А.И.Воейков (1908) шөл далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол
табиғаттың қатесін, оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан да
дұрысы оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге пайдалану тиімді
деп есептеген. Кеңес заманындағы белсенділері осы есепке сүйене отырып,
табиғат қатесін жөндеуге кірісті. Сонымен құдіреті күшті Кеңес Үкіметі
Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш т.б. егістерін
өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары салынып, екі өзен
сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайдаланылды. Сонымен 1960 жылға
дейінгі сақталып келген, өзендер құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-
теңдігі бұзыла бастады. Әрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін
емес, сондықтан тек бұл жайындағы қорытынды мәліметтерді келтірейік. Арал
деңгейі осы жылдар арасында 18-20 метрге төмендеді, теңіз жүздеген
шақырымға шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы
көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы судың күрт кемуінен теңіз
суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы 1литрдегі 8-11г тұз енді 30-35г-ға
жетті. Теңізде балық құрыды. Құрғаған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын
тұз бен шаңның зияны тек Қызылорда облысы, Қазақстан ғана емес, әлемнің
талай түкпірлеріне баратыны туралы деректер келіп түсуде. Сондықтан Арал
қасіретін тек жергілікті емес, дүние жүзілік қасірет деп түсіну керек.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, Ақтөбе,
Шымкент және Қарағанды облыстарының Арал бассейнімен шектескен аймақтары
үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал
апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың күшті
кезінде мүмкін болмады. Оның үстіне шегініп бара жатқан Аралды жуырда
келетін Сібір суымен толтырамыз деген үміт бар еді. Тек 1986 жылы орталық
көптен айтылып келе жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен
Қазақстанға бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін
бүкіл Арал аймағындағы халық Аралға араша, Арал тағдыры - адам тағдыры
деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бүл тілектің орындалу уақыты өтіп
кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа көптен ұшырағанды. Енді Аралды
бұрынғы қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Әңгіме - экологиялық
жағдайды әрі қарай ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта
сақтау жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам өміріне
тигізген зияны көптен бері айтылып келеді. Сырдария суы Аралға шамалы
жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық шаруашылығына, оның күріш тағы
басқа егістеріне, мұқтаждарына, негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ,
Дарияның суы бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп,
ондағы мақта тағы басқа егістіктерді химияландырудың әсерлерін өзімен
бірге ала келеді. Аралға жақындаған сайын Дария суына облыстың жоғарғы
аудандарындагы күріш, тағы басқа егістіктерді химияландыру әрекеттерінің
жемістері қосыла береді. Судың тұздылыгы артып, оның химиялық құрамы
нашарлап адамнан бастап бүкіл тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын
тигізуде.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий аймағындағы
апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен құрғақ жерлерді басып, өзінің
көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр. Осыған қарап, табиғатта тепе-
теңдік заңы жоқ деп қалай айтуға болады? Егер Аралға құятын суларды
ауыздықтап, егістік суаруға мол жұмсағандықтан, теңіз деңгейі төмендейді
десек, ал Каспий теңізі туралы болжам ақталмады. Бұрынғы Одағымыздың
көптеген ғалымдары Каспийге құятын Еділ, Жайық т.б. өзендердің суларын ауыл
шаруашылығына мол пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің де деңгейін
төмендетеді деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін мол сулы
терістік өзендерін (Печора, Солтүстік Двина) Еділге қарай бұру туралы
кезінде жобалар да жасалды.
1970 жылдың соңынан бастап теңіз деңгейінің төмендеуінің орнына,
керісінше, біртіндеп биіктей бастады. Сонымен 1978 жылдан бері қарай теңіз
деңгейі 2м астам биіктеді, ал оның көтерілуі тоқтар емес. Кейбір
ғалымдардың болжауынша, теңіздің биіктеуі XXI ғасырдың ортасына дейін
созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып оқиғаны немен түсіндіруге болады? Бүл
жайында әр түрлі көзқарастар бар.
Бұл жайында көңілге қонарлық мәліметті геология-минералогия ғылымының
докторы, Түркімен Ғылым академиясының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz